Би: Татар, өзбек билері орындалады.
Ән: «Ақ көгершін» хормен.
Көрініс: «Бар елге қымбат туыстық» (пьеса)
Ән: Қыздардың орындауында: татарша ән
Би: Ұлдардың орындауында: « жорға» биі
Жан:
Алыптар бас қосса,
Халықтар достасса,
Жеңіске жетеді.
Жерде де ғарышта!
Бәрі:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Бейбітшілік ұранымыз,
Достық, бірлік жыр-әніміз
Таңғажайып Ұлы Отанда
Тату-тәтті тұрамыз біз.
Аман-сау болса аналар,
Бақытты барлық балалар.
Ән хормен: «Әрқашан күн сөнбесін»(жалаушылар желбіреп, шарлар ұшырылады) ІІІ. Ой толғау. І топ: «Отан» туралы 5 жолды өлең. ІІ топ: «Бейбітшілік» туралы сурет салу. ІІІ топ: «Достық» туралы шығарма жазу
Сынып сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік Қазақстан менің болашағым!»
Мақсаты: - еліміздің басты заңын тереңірек білу;
-елжандылыққа тәрбиелей отырып,өз елінің нағыз азаматтарын қалыптастыру, еліміздің болашағына өскелең ұрпақтың жауапты екендігін жастайынан саналарына сіңіре отырып,Ата заңын сыйлауға,қадірлеуге,білуге,сақталуына өз үлестерін қосуға талпыну.
Міндеті: -Отанымыз туралы білімдерін кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу,өз ойын ортаға салу.
Күтілетін нәтиже:- Сабақта оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін кеңірек ашады,
-өз көзқарастарын еркін білдіреді.
-Өз Отанының тағдырына өздері болашақта жауапты екенін саналарына сіңіріреді.
-Ата заңның баптарын өз жас ерекшеліктеріне сай біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |