Тақырыбы: «Нақыл сөздер»
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың би-шешендерінің нақыл сөздерімен, халық ішінде айтылатын нақыл сөздермен, мақал-мәтелдермен таныстыра отырып, олардың мағынасын ашу, олардың тәрбиелік мәнін түсіндіру, дұрыс мәдениетті сөйлеуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қазақтың би-шешендері, Мақал-мәтелдер.
1. Ұйымдастыру жұмыстары.
2. Гимн « Менің Қазақстаным »
3. Қызығушылықты ояту.
а) Қандай мақал-мәтелдерді білесің ?
ә) Қандай нақыл сөздерді білесің ?
б) Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні қандай?
4. Мәтінді тану.
Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты:
сонда Төле би былай деген екен:
- Бата - басқа , қына - тасқа, ақыл – жасқа, не қалайсың балам ?-депті.
Сонда Жетес бала:
- О, қасиетті, баба! – Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады.
Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет
айтсаңыз соған ризамын,- депті.
- Онда қолыңды жай, балам,-деп Төле би:
- Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзегің талса өзен бойын жағала.
Басыңа іс түссе көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!-
аумин, деп бата беріпті.
Қаз дауысты Қазыбек бидің батасы:
Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып-Ашқан қаріптің,
Жел жағына жота бол!
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйініп қас сыйлар,
Асу бермес дана бол!
- Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады.
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма,
Өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
5. Ой толғау. Мақал-мәтел, бата, өсиетті сөздер айтқызудан сайыс.
а) Армансыз адам алысқа бармас.
ә) Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар.
б) Болар адам он бесінде бас болар,
Болмас адам қырық бесінде жас болар.
в) Қарағайға қарап тал өсер,
Құрбысына қарап бала өсер.
г) Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.
6. Пікір-талас.
Тақырыбы: «Ата салтым – асыл мұрам»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Көрнекілігі: үлестірме материалдар, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім
1. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
« Тілдің көркі – сөз» тобы,
«Салтым - байлығым» тобы,
«Төрт түлігім - ырысым» тобы
2. Мұғалімнің алғы сөзі
- Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттың біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз – дегендей бүгінгі «Ата салтым – асыл қазынам», атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер деп, ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім
1)Әр топ өздеріне берілген тапсырманы көрсетеді.
Сонау ата – бабамыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп екен, балалар. Солардың ішінде бірінші қазақ тілімізді өткір тілден шыққан небір даналық сөздер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, атадан балаға қалған аңыз – әңгімелер.
1. 1 топ
Тілім барда, қазағым бар, халқым бар
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.
Мәнерлеп оқу
1) Малика: «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
2) Дидар: «Туған тілім»
Бабалардың жалғастырар арманын,
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім.
Дәстүрімді бүгініммен жалғадым, - дегендей, адам өмірге келгеннен бастап, өмірден озғанша жасалатын әдет – ғұрып, салт – дәстүрлер
2 . 2 топ
Слайд көрсетіледі.
1.Шілдехана (көрімдік беру, сүйінші)
Байғазы мен көрімдік туралы түсінік беру
Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жанды дүниеге беріледі.
2. Бесікке салу (көрініс көрсетіледі)
3. Қырқынан шығару(ит көйлек тастау)
4. Тұсау кесу, шаш алу
5. Сүндет той
6. Тілашар той
7. Ұлттық ойындар
3. 3 топ
Төрт түлік мал туралы, олардан алынатын өнім, төлдері туралы айтылады.
2)Топтық жұмыс
1 топ: Мақал – мәтелдер айту.
2 топ: 1.Мақал – мәтелдер айту
2. Жеті ата туралы айту
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата
3. көрініс көрсетіледі.
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Рәсімін жасайық
Ән: «Аталар, әжелер»
3 топ: Төрт түлік туралы не білеміз?
Тыйым сөздер, пірлері, төлдері, пайдасы мен алынатын өнімдер туралы әңгімеленеді.
3) Ой қозғау
1 топ: Сызбаны толтыру тіл
2 топ: Салт - дәстүр
3 топ: төрт түлік
ІІІ. Қорытындылау
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп, - дей отырып, салт – дәстүрімізді біліп, құрметтеп, қадірлейік дегім келеді. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.
Тақырыбы: Ата салтым – асыл мұрам
Мақсаты: Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік
қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын
түсіндіру, мақал-мәтелдерін үйрету.
Имандылық,инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыу.
Көрнекілік: Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз.
Барысы:
«Дұшпанға қатал,
Досқа адал-халық»
Кіріспе:
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет-адал, білімді, еңбек сүйгіші ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт- дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлері жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп- білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отырған мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүр бар.Салт- дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсен, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз,
Халық педаогикасының тұрмыстық ережесі болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Білімсізден жаман жоқ,
Туған соң адам боп.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп-дегендей қазақтың салт-дәстүрлерін бірнеше топқа
бөліп қарауға болады.
Отбасы дәстүрлері
Отау көтеру Еңбек дәстүрі
Қазақтың салт-дәстүрлері Тәрбие дәстүр
Ислам тағылымы Қаза ғұрыптары Наурыз дәстүрі
Отау көтеру дәстүрлері: Қыз көші,беташар,шаңырақ көтеру.
Тәрбие дәстүрлері: Бесікке салу, алтыбақан.
Отбасы,тұрмыс дәстүрлері: Дастарханға бата,бәйге, отпен аластау.
Еңбек дәстүрі: Аңшылық,Сонар.
Ислам тағылымы: Құрбан шалу
Қаза ғұрыптары: Дұға оқу,жоқтау.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлері ырымдар жасайды.
1 оқушы: Шілдехана: — Сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түркірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден серпаланып өзінің шілде терін тығаруы тиіс.
2 оқушы: Қырқынан шығару:- Бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнпғы алынатын, бесікке салу рәсімі орындалатын.40 күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімде қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс.Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3 оқушы: Есімін атау: (ат қою) – Бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі.Қазақ аттарының көптігі басқа хлықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою « көз тимесін» , « тіл тимесін» деген ойымен қойылады. Ат тандалғаннан кейін баланың құшағына 3 қайтара айтылады.
4 оқушы: Бесікке салу:Бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шомылады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «Ит көйлегі» беріледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойнына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны « тыштырма» деп атайды. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой қиясына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балаларда жаттап алу керек.
5 оқушы: Тұсау кесер:— Бір жасқа толып еркін жүре бастаған бол бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтедіБөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізіледі.
Тұсау кесер жырлары айтылады:
Қаз, қаз балам, қаз балам
Қадамынды бас,балам…..
Әнекей, ақ бесік
Әлдейіме бақ бесік.
Шүмегінді салайын .
Сылдырмағын тоғайын
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей ,
Балдақтарың күмістей ,
Жабдығыңмен сыйлысын ,
Жатса бөпенжайлысын .
Көсем сенен өседі .Жайлы болсын төсегі.
6 оқушы: Баланы атқа мінгізу салты— Баланың буыны бекіп,4-6 жасқа келгенде ат үстіне өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қыйыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер- тұрмандарын сыйлап ( жандорба, тоқым, жүген, ноқта) атқа мінгізіп той жасайды.
Қорытынды:Мұғалім: « Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс- әрекетпен тәрбиелеген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қлғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт- бағдарды белгілеп, қоныс- суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, он бес- жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған.
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз,бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру-әке міндеті болып есептелген. « Қыз өссе-елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі,киіне білуі оның ішкі мәдениетімен,тәрбиелік деңгеймен байланысты.
Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы басынан төзімділікке,әдептілікке,сыпайлыққа тәрбиелеген.
Қазақ халқының салт дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да,салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр ,әдет-ғұрыппен өте тығыз байланысты.
Тақырыбы: «Ана тілім – айбыным!»
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер.
Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Қазақстан Республикасының - әнұраны орындалады.
Жүректен жүрекке шеңбері. Тілек айту.
Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4-бабында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.
Мұғалім сөзі:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.
Тақпақтар
Сүйесің өз тіліңді,
Боласың білімді.
Өз тілің үйретер,
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді.
Ана тілім, қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Қазақ тілім туын биік ұстаған
Қазақ ттілім кең далама ұқсаған
Қазақ тілім мәртебелі еңселі
Құрметтеп отыр , бүгін ел сені.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өшемін
Өшсе тілі мен де бірге өшемін.
Ана тілім - тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
VI. Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер
1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)
Қорытындылау.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!
«Мақал, мәтел сайысы»
Мақсаты: Оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет,бейнелеу өнері Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Жүргізуші: - Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.
Ш.Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
М.Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.»
Б.Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.» М. Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Н. Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»
Ал енді сайысымызды бастайық.
Қазақ тілі – туын биік ұстаған,
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.
Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,
Құрметтеп отыр бүгін ел сені!
Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр адамның мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес асыл мұра. Тілді қастерлеу, ізгілік пен мәдениеттіліктің белгісі.22 қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы үлкен бірлік пен береке күні – Тілдер мерекесі күні тойлануда.Егеменді еліміздің Тәуелсіздігінің Туы желбіреп, тұғыры бекігеніне де биыл 20 жыл.«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп заңғар жазушымыз М.Әуезов айтқандай, Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен» мемлекеттік мекемесіндегі «Тіл және мәдениет» атты мерекелік іс – шараға қош келдіңіздер!
Сайыс 6 кезеңнен тұрды:
1 - кезең. « Өзге емес өзім айтам өз жайымды» бөлімінде өздерің таныстыру.
2 – кезең. «Мақалды жалғастыр» .Тіл туралы мақал – мәтелдің басы айтылады, сайысқа қатысушылар жалғасын айтады.
3 –кезең.Тапқырлар сайысы. Тапқырлық, ой үндестігі
4- кезең « Ойлан да, ойна». Тірек сөздер түрінде берілген сурет бойынша мақал ойлап шығару
5-кезең.Оқушы түйіні. Жырау шешендігіндегі негізгі ой
Негізгі бөлім:1 - кезең. « Өзге емес өзім айтам өз жайымды» бөлімінде өздерің таныстыру.
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына
Әр топ өз командасының аты, ұраны, төсбелгісімен таныстырып өтеді
І топ. «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз, Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ. «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз, Жетуге соған тырысамыз!
ІІІ топ. «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап, Өмірде біз келеміз жарқылдап
2 – кезең. Н.Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»
«Мақалды жалғастыр» . Тіл туралы мақал – мәтелдің басы айтылады, сайысқа қатысушылар жалғасын айтады.
1.Тіл тас жарады,Тас жармаса, бас жарады.
2. Адам көңілден азады, тілден жазады.
3.Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.
4.Адам көңілінен азады, Тілінен жазады.
5.Айтпас жерде тілің тарт.
6.Ана тілі – бәріміздің анамыз, Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
7.Ана тілің алпыс тілге татиды.
8.Ақынның тілі қылыштан өткір.
9.Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
10.Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
11.Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
12.Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар.
13.Ауызда жиек жоқ, Тілде тиек жоқ.
14.Әдеп басы – тіл.
15.Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
16.Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
17.Бал тамған тілден у да тамар.
18.Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.
19.Басқа пәле – тілден.
20. Кісі қызыл тілден өледі, Түлкі қызыл жүннен өледі.
3 –кезең. Тапқырлар сайысы. Тапқырлық - ой үндестігі
Шарты : Мақалдардың жартысын сызба арқылы дұрыс құрастыру.
Отан - оттан да ыстық.
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
Опасызда Отан жоқ.Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе өзің жеткенің. Отансыздың оты жанбайды.Отанды сүю – отбасынан басталады.Отан - елдiн анасы,Ел - ердiн анасы. Отан -ерге тиген үлес.
4-кезең.Ойлан да ойна. Суретке қарап мақал-мәтел құрастыру (гүл, ту, балық суреттерін таратып беру)
Ер – еліңде, гүл – жеріңде.
Туған жерге туың тік.
Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.
5-кезең.Оқушы түйіні. Жырау шешендігіндегі негізгі ой.
Қазыбек бидің Бұқарға берген жауабы.
Бір дегеніңіз –бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідеріден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніңіз- төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніңіз-білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.
Алты дегеіңіз-аймағын билей алмаған хан жаман.
Жеті дегеніңіз- жетем деген мақсатына жете алмаған хан жаман.
Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз-толғаныңыз,
Он дегеніңіз-о дүниеге жеткеніңіз.
Оқушылырдың жауабы
1-топ Өзімше ой түйгенім:
1-дегенім-..........................................................
2-дегенім- ..........................................................
3-дегенім-............................................................
2-топ: Өзімше ой түйгенім:
4-дегенім-..............................................................
5-дегенім-...............................................................
6-дегенім-..............................................................
3-топ : Өзімше ой түйгенім:
7-дегенім-...........................................................
8-дегенім-.............................................................
9-дегенім-............................................................
10-дегенім-...........................................................
6-кезең. Қорытынды. (толғаныс)
Бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма? Сайыс қалай өтті? Мемлекеттік тілді үйренуде мақал-мәтелдерді білу не үшін қажет?
«Тілдің мерейі –елдің мерейі»
Тақырыбы: Тілдің мерейі- елдің мерейі
Мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Көрнекілігі: плакаттар «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!», «Қазақ тілі- ұлт тілі»
Барысы: Ұйымдастыру
1 бөлім. Көрініс
1-оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,
Тіл туралы заңым енді күніне
Қуан халқым!күніне енді тіл заңы,
«Сүйінші!»- деп ақын ұлың жырласын.
2-оқушы: Сәлем достым !
1-оқушы: Сәлем! Қалың қалай?
2-оқушы : Жақсы! Достым бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?
Достарыңызбен бөлісу: |