«Мен өз елімнің патриотымын!» Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Мақсаты



бет8/9
Дата18.02.2018
өлшемі1,56 Mb.
#37915
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2 -жүргізуші :

-мынау суретте не көрсетілген? (12 слайд)



Балалар: елтаңба

-Елтаңбада не орналасқан? және нені білдіреді?

Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?



Балалар: Астана қаласы.

-Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  авторлары кім? (:  Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.)



1 -жүргізуші : -балалар, сонымен қатар үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп, қандай өлең орындалады. (Әнұран) (13 слайд)

 -Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,  әнін жазған  Шәмші Қалдаяқов)

Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республикасы туралы  кім тақпақ біледі?

( балалар, Қазақстан туралы тақпақтарын айтады)



2 -жүргізуші :  Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.

1 -жүргізуші : қазір маған әр сыныптан бір-бір оқушыдан шығады. (14 слайд)

Шарты былай.Бірінші бала мысалы астана десе, екінші бала осы сөздің ең соңғы әріпінен қазақстан республикасына байланысты қала, ауыл,облыстың атын атап шығу керек.



1 -жүргізуші :Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге, өз ойымызды ортаға салуға үйрендік.Қане сол есімізге түсірген сәттерімізді қорытынылап тастайық. (15 слайд)

2 -жүргізуші:

-ҚР қандай рәміздері бар?

-салтанатты мерекелерінде не орындалады?

- Н.Н туған күні қашан?

-бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай болды?

Тамаша балалар, олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялап, Қазақстан Республикасы жайлы әдемі бейнематериалды тамашалайық.

 

«Менің мамандығым –дәрігер» сынып сағатына есеп


Оқушылардың медицина мамандығы және мамандық әлемі мен оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында 5 АВ сыныптарында «Менің мамандығым –дәрігер» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Бұл кешке өз ойымен бөлісіп,тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға қонаққа 5А сынып оқушысы Мусрепов Мараттың анасы - Ақмола облыстық балалар ауруханасының педиатр дәрігері - Ахмеджанова Сара Темиртасқызы шақырылды. Сонымен қатар алдарыңыздағы ақ халатты оқушылар - болашақ дәрегерлер.
Жалпы әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Біз олардың қаншасы туралы білеміз?деген сұраққа оқушылар ата-анасының мамандардықтарын айтып өтті: ол мұғалім, инженер , бухгалтер, заңген, дәрігер.
Оқушылар мамандық дегеніміз не дегенде, жауаптары: -мамандық деген жұмыс атқару... әрбір адамның болашақтағы кәсібі, --мамандық арқылы тұрысымызға қажетті қаражат табамыз деп жатты. Яғни мамандық дегеніміз- адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.
Өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. Соның ішінде ең күрделі жауапты мамандықтардың бірі – дәрігер мамандығы екен. Олай болса сөз кезегі ортамыздағы қонағымызға берілді.
Бұл жерде Сара Темиртасқызы оқушылыраға дәрігер өміріне 18 жасынан бастап қадам басып , бүгінгі күнге дейін осы іспен айналысатынын айтты. Алдына балалар қандай сырқатпен түсетінін, және қандай диагноздар жиі кездесетініне тоқталды. Маңыздысы баламен тығыз қатынаста болатындықтан педиатр дәрігердің бойында балаларға деген махаббат, мейірімділік, шыдамдылық сияқты қасиеттер болуы тиіс біледі. Жақсы дәрігер ең бастысы жауапты дұрыс шешім қабылдай білу керек деп есептейді. Ол үшін маман иесі өздігінен жан-жақты үздіксіз білім алып отыруы дұрыс дейді. Дайындаған презентациясында щұғыл жәрдем көрсету жолдарына ерекше тоқталып өтті. Яғни қасыңызда науқасболса, қандай көмек керек екенін білу жеткіліксіз, оны көрсете білулеріңіз керек. Алғашқы көмекпен адамның өмірін де сақтап қалуға болады екен.Ең бастысы сескеніп қалмау. Науқастың қаншалықты хәлі нашар , қозғалыс жағдайын анықтау. Жақын арада үлкен адам болса шақыру, болмаған жағдайда келесі әрекеттерді орындау қажет:
• Науқасқа және өзіңізге қауапсіздікті қамтамасыз ету;
• Шұғыл жәрдем шақыру;
• Науқастың өмірлік белгілерін тексеру (тыс алуын, жүрек қағысын,естен таныбауын, көзінін қарасын т.б.);
Сара Темиртасқызы оқушыларда жиі кездесетін жағдайларға яғни,қол аяқ сынғанда, ашық жарақат болса,көп мөлшерде қан аққанда және қандай іс-әрекеттер жасаған дұрыс екеніне ерекше тоқталды. Сонымен бірге осы жаста көп кездесетіндіктен улану үрдісімен суық тию, оның белгілерімен алдын алу жолдарын айтып өтті.
Айтылғандардың барлығын оқушылар мұқият тыңдап, қазіргі кезде қандай дәрігер мамандығы аз,неліктен осы мамандықты таңдадыңыз, улану кезінде қандай сумен асқазан шайылады, егер тамаққа балық сүйегі тұрып қалса не істеу керек деген сияқты әртүрлі сұрақтар қойып отырды.
Осы кездесуде оқушылармен «Сиқырлы сандық» ойыны өткізілді. Онда оқушы сандықтан қарамай қолына түскен затты алып, оны сипаттап, қолданыста көрсетіп берді. Балалардың медициналық құрал жабдықтардың көбін біліп қана қоймай, күнделікті қиындықсыз орынадай алатындарын көрсетті.
Және іс-шараның басында оқушылар әртүрлі геомертиялық фигуралар таңдаған болатын. Соңында фигуралар арқылы адам бойындағы болашақ мамандыққа қатысты қасиеттермен қабілеттер туралы шағын мәлімет алды.
Бірінші байлық – денсаулық ..деніміз сау болсын..
Сонымен бірге ине мен пышақты өмірлеріне серік етем деген ақ халатты оқушыларға - болашақта алтын қолды дәрігер болыңыздар деп бүгінгі отырысмызыды аяқтаймыз.
Рахмет!

Сынып сағаты

Тақырыбы: « Темекінің адам ағзасына зияндығы»

Мақсаты: Оқушыларда темекінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Міндеттері: Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір - бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; жұптық, топтық жұмыстар негізде диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы сөйлеу қабілетін дамыту, шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Бейнеролик: «Темекінің адам ағзаларына тигізетін әсері», Мақалалар: «Темекі қайдан шықты», «Темекінің зияны», «Темекі мен күрес шаралары»,.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу;

2. «Менің тренингтік есімім» тренингі:

Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. Мысалы, Әдемі - Әсия, Айбарлы – Азат, т.б.

3. Топқа бөліну тренингі: Оқушылар тақтада жапсырылған стикерлерді таңдау арқылы үш топқа бөлінеді:

1 топ –«Зерттеушілер» тобы,

2 топ - «Суретшілер» тобы,

3 топ - «Ақындар» тобы.

Жоспары:

1. Ой қозғау: «Зиянды заттар» ассоциация арқылы жаңа тақырыпты айқындау:

2. « Темекі - денсаулық дұшпаны» деп аталады, демек, темекінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы болмақ.

Мұғалім:


Бір данышпан темекі туралы сұрағанда « мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:

Біріншіден, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.

Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.

Үшіншісі, шылымқор жан мәңгі жас болып өтеді.

Мұны дәлелдеп берсеңіз дегенде:

... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса, үй иесі ояу екен деп ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте өледі. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.

Осы жағдаятты талдауға байланысты сендерге мынадай ой тастаймын: «Темекі - денсаулық дұшпаны!» (Оқушылар 3 жақты дебат құрады.

«Келісемін», «Келіспеймін», «Ерекше пікір». Әрбір топ постерге өз ойларын жазады, өз пікірлерін дәлелдейді, топтар өз орындарын ауыстырып, 3 рөлде де пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі).

3. 3 топқа тапсырмалар беріледі. «Зерттеушілер» тобына темекінің зияны туралы ақпарат дайындайды. ( Оларға компьютер арқылы ресурстар беріледі). «Суретшілер» тобы темекінің адам өміріне зияны туралы ес картасын құрады, «Ақындар» тобы темекінің зияны туралы бір шумақ өлең жолдарын өреді. Тапсырмаларды орындап болған соң, әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды. Әрбір топ бірін - бірі тыңдап болған соң «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы өз пікірлерін айтады.

4. Видеоролик көрсетіледі.

5. Электронды почта: « Темекіден хат»

1 - топқа: Сәлем досым! Мен сымбатты да әдемімін. Иісім қандай жағымды! Менің әсерімнен рақаттанасың. Менің досым бол, кел, кел!

2 - топқа: Сәлем досым! Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш - жігерің артады, көңіл - күйің көтеріледі. Мен сені ешуақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол.

3 - топқа: Сәлем досым! Мені шегіп рақаттан. Көңіл - күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел, менімен дос бол. Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың, жеңілдейсің.

(Әрбір топ кері хат жазады).

6. Мақал – мәтелдердің жалғасын табайық:

1. Денсаулық -(зор байлық)

2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)

3. Жан ауырса тән азады,

(Қайғы басса - жан азады.)

4. Дені саудың (жаны сау.)

5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)

6. Ауруын жасырған (өледі.)

7. Шынықсаң (шымыр боларсың)

8. Дені сау адам -(дәулетті адам)

9. Ішің ауырса, аузыңды тый,

(Көзің ауырса, қолыңды тый.)

10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)

11. Азған денеге (ауру үйір)

7. Кері байланыс: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, үндеу қабылдайды.

Ән «Өміріңе немқұрайлы қарама»

8. Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Темекі - денсаулықтың дұшпаны» атты бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер!

9. Оқушыларды мадақтау, алғыс айту.

«Темекі қайдан шықты?»

“ Темекі ”деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, “ tobacco ” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1959 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай – ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Жан Никоның құрметіне өсімдік латынша

“ Nicotiuna ” деген атты иеленді, ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид

“ Никотин ” деп аталды.

Темекінің зияны. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі тартудан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді еген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе, жоғары. Бір түйір темекі тарқан адам 0, 4 - 3, 5мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.

Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660мың тонна темекі майы, 550мың тоннадай иісті газ шығады.

Салмағы 1мг темекіде 10 - 15мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді, оны сорғанда ауыз қуысында 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.



Темекінің әсері. Темекі тарту неғұрлым кен тараған зиянды әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің құрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйқысы келеді.) Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа зиянды әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет. Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады

Табиғат ғажайыптары

Мақсаты: табиғатты туралы ой,ынта туғызу,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Міндеттері: 1.Табиғат туралы сөз қозғау. 2.Табиғатты, жерді қалай қорғау туралы айту. Түрі:сайыс сабақ Әдісі:түсіндіру, жазғызу, тақтаға шығару. Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, сызбалар, сөзжұмбақ, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Кіріспе бөлім. Оқушылармен сәлемдесу, дұрыс отырғызып, сабаққа назарларын аудару. Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру. Оқушыларды үш топқа бөлу: І топ: жер. ІІ топ: су. ІІІ топ: күн. Топтың ұраны ретінде әр топтың атына байланысты: «Жерден-нәр», «Судан-күш», «Күннен нұр» деп жазылған ұран таратылады.
Бағалаушы шарттын түсіндіру. Үш топқа арналған әр тапсырманың дұрыс жауабын қадағалайтын әділқазыларды сайлап алу.
ІІ.Негізгі бөлім.Мұғалімнің кіріспе сөзі.-Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезде күттірмейтін киелі де күрделі міндеттердің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын ұқыпты пайдалану болып отыр. Жаңа сабақ: «Табиғаттың ғажайыптары». «Тәрбие бесіктен басталады» дегендей,болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп,тәрбиелеуді отбасы,ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегі мен аң-құсын аялау-көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың борышы. Бүгінгі сабағымызда табиғат туралы білімдерімізді ортаға саламыз. Ол сайыс арқылы жүзеге асады.
1) Экранда көрсетілген слайдтарға байланысты «Отан», «Туған жер, «жан-жануарлар», «Құстар», «Гүлдер» туралы мақал-мәтелдер айту.
2) «Табиғат менің көзіммен» тақырыбы бойынша ой толғаныс.
3) Тапсырма: берілген мақалдардың мағынасын түсіндір: 1топ – «Табиғатқа құрметпен қара» 2топ – «Сыйға – сый» 3топ - «Не ексең, соны орасың»
4) Келесі тапсырма сөзжұмбақ шешу. Адасқан әріптерді орнына қою арқылы құс атауларын табу

Қ А Б К І Д К


Л Р Ү Р Т Е І
Ы Ғ Қ А Е Г Л
Ш А И З Л К І
Қ О Қ К Е Е К
5) Әр топ туған жерге байланысты таратылған тірек сөздерден қанатты сөз жасап ,тақтаға іледі: І топ : Туған жерді сую –парыз, ІІ топ: Сүю үшін білу-парыз, ІІІ топ : Табиғатты ұғу –парыз.
Сергіту сәті : «Тілек музыкамен»
6) Әр топ өзі таңдап алған тақырыпқа « 5 жол өлең» құрастырады.
1топ – «Табиғат»
2топ – «Достық»
3топ – «Күз»

Ойын: балалармен есте сақтау қабілеттерін анықтау мақсатымен ойын өткізу.


Оқушыларға 32 сөз оқылады, сол сөздерді қағазға жазады. Қай топ көп сөзді жазып үлгереді, сол топ жеңеді.
« Аю, терек, раушан, қарға, түлкі, шағала, кесе, қасқыр, қасық, роза, қарағай, тарелка, емен, орман, маймыл, қайың, үйрек, ағаш, қаз, шырша, жолбарыс, ожау, арыстан, қарлығаш, қоян, аққу, бүркіт, күркетауық, тауық, қалақ, керік, стақан».
ІІІ.Қорытынды кезең. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша , «Табиғат біздің қолымызда» атты тақырыпта ойын ұйымдастыру. Ойынның мақсаты: қоршаған ортаны гүлдендіру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу, экологиялық зардаптарды болдырмау.
Барысы: Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Нәтижесінде гүл отырғызу.
1. «Жер» тобы ыдысқа топырақ салады.
2. «Күн» тобы гүлдің бір бөлігін топыраққа отырғызады.
3. «Су» тобы гүлге су құяды.
Сабақ соңында бәрі хормен «Атамекен» әнін орындайды.


Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Жол белгілері және оның мақсаттары»

Мақсаты: Оқушаларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

Көрнектілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, жол белгілері, оқушылар салған суреттер т.б.

Алибек: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Біздің қаламызда, еліміздің барлық қала, ауылдарына – бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Осы мақсатта 6 ә сыныбының «Жол белгілері және оның мақсаттары» атты тәрбие сағатығымызды ашық деп жарниялаймыз.



Дамира:

Біз тұратын қаланы

Байқар болсаң егерде

Оны әбден болады

Әліппемен теңеуге

Көшелері көлбеген

Құпия әр бұрышы

Ойлап көрсек – ол деген

Сабақтың ең дұрысы

Құтты боп әр қадамың,

Күлсін десең әр күнің,

Әліппесін қаланың

Ә дегеннен біліп ал!

Алибек: Біздің тәрбие сағатымыз екі топтың арасында сайыс түрінде өтеді.

Дамира: Ендеше сол топтарды ортаға шақырайқ

1. «Бағдаршам» тобы. Топ басшысы - Дильшат

2. «Жол сақшылары» тобы. Топ басшысы – Шыңғыс

Алибек: Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады

1 – кезең. «Жол ережелері»

2 – кезең. «Жол белгілері»

3 – кезең. «Көше көмекшілері»

4 – кезең. «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар»

5 – кезең. «Топ басшылар сайысы»



Дамира: Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Алибек: 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері, басымдылық белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері,

қосымша ақпараттық белгілер.

Дамира: Әділ қазылармен таныстыру.

Алибек: Сонымен I кезеңді бастайық. «Жол ережелері»

Дамира: Бұл кезең «Жалғасын тап» деген ойын түрінде өтеді. Қазір мен бірнеше жол ережелерін бастап оқимын, соңын Алибек аяқтайды. Сендер бұл ережелерді мұқият тыңдаңдар.Оқып болған соң, жалғасы екі топқа таратылады. Мен қайтадан жол ережесін бастап оқығанда сендер жалғасын тауып жалғастырыңдар.

1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

2.Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

3. Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек.Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді.

5. Транспорттың артына жабысуға болмайды,құлап, апатқа ұшырауын мүмкін.

6. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр.

7. Көшеде тоқтап тұрған көліктің қасынан абайлап өт, көлік есігін ашып қалуы мүмкін.

8. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол!Асықпа! тек тратуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

Алибек: Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

Дамира: Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Алибек: Сайсымыздың II-кезеңі «Жол белгілері» Бұл кезеңде әр топ өздерінің дайындаған жол белгілері бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

Дамира: Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

Алибек: Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

Дамира: Сайысымыздың келесі III-кезеңі«Көше көмекшілері» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа үй тапсырмасы берілген. Әр топ өздерінің дайындаған жұмысын көрсетеді.

Ортаға «Бағдаршам» тобы шақырылады! Ортаға «Жол сақшылары» тобы шақырылады!



Дамира: Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

Алибек: Сайысымыздың келесі кезеңі «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар» деп аталады.

Дамира: Бұл кезеңде әр топ көше оқиғаларына байланысты көрініс көрсетеді.

Ортаға «Бағдаршам» тобы шақырылады!

Ортаға «Жол сақшылары» тобы шақырылады!

Алибек: Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.


Каталог: uploads -> doc -> 0d80
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d80 -> Сабақтың тақырыбы: «Еуразия материгінің зерттелуі.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет