Дамира: Сайысымыздың соңғы кезеңі «Топ басшылар сайысы»
Алибек: Бұл кезең «Кім тапқыр» ойыны түрінде өтеді.Әр топ басшысына жасырылған сөзді қолданбай түсіндіру қажет. Ал 2-нші топ басшы жасырылған сөзді табу керек.
Алибек: Қорытынды сөзді Әділ – қазылар алқасына берейік.
Дамира: Сайысқа түскен екі топты ортаға шақырайық.Топтардың орындауында «Бағдаршам» әні.
Алибек: Жолда жүріп үйрендік,
Жамандықтан жирендік,
Енді қорықпай жүреміз.
Сары жанса күтеміз,
Тоқтауды да білеміз.
Қызыл жанса тоқтаймыз
Машинадан қорықпаймыз.
Жасыл жанса жүреміз,
Біз бәрін де білеміз!
Дамира: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көшеде, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен – кіші баршамызға.
Қорытынды:Оқушылардың қосымша дайындаған деректері мен салған суреттері көрсетіліп, кеш қорытындыланды.
«Ғасырдың өлім тұзақтары»
Тақырыбы: «Ғасырдың өлім тұзақтары» Түрі: ойтолқы
Дүние есігін ашқаннан ата – анасының жанында еркін өскен жас буын уақыт өте келе достарына тәуелді болып, олардың ыңғайына қарай бейімденеді. Бұл кезеңде олардың тұлғалық ерекшеліктері дами бастайды, қоғамдағы орнының белгілері қалыптасады. Осыған байланысты туындаған қиындықтар әлсіздік, жаттану және қарсы шығу секілді жағымсыз әрекеттерді тудырады.
Жас буын үшін ең қиын жағдайлардың бірі темекі, алкоголь, есірткі тәрізді кез келген зиянды заттарда қолдану. Бүгінде темекі, алкоголь, есірткі секілді зиянды заттарда қолдану әдеті бой алуда.
«Ғасырдың өлім тұзақтары» атты кітап адам баласын өлімнің тұзағына түсірген зиянды әдеттердің нәтижелері және оның алдын алу жолдарын ұсынады.
Темекі
Темекі туралы жалпы мағлұмат
Құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан шылым жасалады. Тұқымы өте майда болғандықтан, алдымен, көшеті өсіріліп, сосын егістік жерге отырғызылады.
Темекінің елі Америка болып табылады. Американы ашқаннан кейін темекі Еуропаға кең таралады. Темекі – жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алкалоидтер бар өсімдік. Темекінің ішінде ең көп мөлшерде никотин алколоиді болады.
Никотин сульфат тұздары ауылшаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Никотин улы зат болғандықтан медицинада қолданылмайды. және дәрі болып та саналмайды.
5 - 6 тамшы никотинді итке берген бойда ол бірден өліп қалады. Бір қорап темекінің құрамындағы никотинді адамға инемен шаншыса, адам өліп кетеді.
Темекінің зияндары
Мидың қатерлі ауруларының 99 пайызы, миға қан құйылу ауруының 85 пайызы, өкпенің қатерлі ісік ауруының 90 пайызы, тамақтың қатерлі ісік ауруының 99 пайызына темекі себеп болады.
Темекі тартатын адамдардың қызыл қан түйіршіктерінің 1/6 – ден 1/3 - ге дейін түсіп кетеді.
Темекі тартатын адамдардың денесіне 15 – 33 пайызға дейін аз оттегі кіреді. Бұл, ең алдымен, ми мен жүрек жұмысын нашарлатады.
Темекінің түтінінде зиянды заттардың 4000түрі бар. Темекі тартатын адамдар темекі тартпайтын адамдарға қарағанда 15 жасқа ерте қартаяды. Дүние жүзінде болған өрттің 70 пайызына темекі кінәлі. Темекінің салдарынан өмірімен қоштасқан адамдардың саны есірткі өліміне қарағанда 13 есе көп. Темекі қорғасын және полоний сияқты радиоактивтік заттар болғандықтан, ағзаның жасушаларын жояды.
Күніне бір қорап темекі тартатын адамдардың денесінде 20 жылда 7кг күйе мен қарамай жиналады.
Алкоголь
Ішімдікке құмарлық неліктен пайда болады?
Зерттеу барысында адамдардың көбінесе көңіл сергіту үшін ішетіндігі анықталған. Ішімдік сататын ойын – сауық орындарының көптігі де осыны дәлелдейді. Адамдар ойын – сауық орындарынан басқа жаңа жыл мерекесі, той – думан, туған күн көлемінде ішімдік қолданады. Ішімдік ішудің басты маңызы себептерінің бірі – көңіл күйді көтеру. Адамдар көбінесе көңіл – күйлері нашар болғанда, істері алға баспағанда, қиналғанда немесе әр түрлі жағымсыз жағдайларда ішімдік қолданады.
Бұның нәтижесінде ішімдік ешбір дертке ем болмай, жағдай одан әрі нашарлай түседі. Күнделікті өмірдің ауыртпалығы, үлкенді – кішілі проблемалар, шаршап-шалдығу, қаржының жетіспеуі күйзеліске әкеліп соғады. Осыған байланысты адамдардың көпшілігі қиындықтан құтылу үшін, ұмыту үшін ішімдік ішу жолын таңдайды.
Маскүнемдікке душар болған адамдар соңында ішімдік ішу қалауын баса алмайды.
Ішімдіктің денсаулыққа зияны
Жалпы ішімдік есірткі сияқты қауіпті деп саналмайды.
Кейбір елдердің әдет – ғұрыптарында ішімдік діни және қоғамдық іс – шаралардың маңызды бір бөлігіне айналған. Алайда, мына жағдайды есте сақтау қажет, ішімдік - қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі және ішімдік ішу есірткі қолдану сияқты зиянды.
Ішімдіктің жүрекке әсері
Ішімдік жүрек және тері тамырларын кеңейтеді. Жүректің соғуын нашарлатады, қан айналымын бұзады, тамырлардың қатаюына, қан қысымының артуына, сал ауруына және өлімге әкеліп соғады.
Ішімдіктің бауырға әсері
Бауыр жасушаларының майланып кетуіне, бауырдың қабынуына, бауырдың ісіп кетуіне себеп болады. Бауырдың негізгі қызметі организмді сырттан келген зиянды заттардан қорғау болып табылады.
Бауырдың ішімдіктің әсерінен тез әлсіреп, жұмыс істеу қызметін тоқтатады, сондықтан да адам ағзасы әр түрлі қатерлі ауруларға қарсы тұра алмайды.
Ішімдіктің бүйрекке әсері
Ішімдіктің қай түрін алсақ та, барлығы бүйрек қызметін бұзады, уақыт өте келе жұмыс істеуін тоқтатады.
Зәрдің көп бөлінуіне әсер ететін сыра бүйректі ластап, әлсіретеді. Ішімдік бүйректің қабынуына, зәр құрамының бұзылуына жол ашады.
Ішімдіктің асқазан мен ішекке әсері
Ішімдік асқазанның ішкі қабатын күйдіріп,
Гастрит және асқазан жарасы сияқты ауруларға жол ашады. Ас қорытылуының нашарлауына байланысты асқа деген тәбет болмайды. Ішек ауруына, қабынуына және қорыту жүйесінің бұзылуына себеп болады. Зиянды семіруге әкеледі.
Ішімдіктің миға әсері
Ішімдік ойлау және ойды сақтау қабілетін нашарлатады. Қызғаныш және ұмытшақтық сияқты жаман әдетке жол ашады. Адамның ерік жігерін әлсіретіп, ол не істеп қойғанын білмей қалады. Сонымен қатар, ішімдік ми қызметін әлсіретеді, жүргенде қиналып, қол аяғының тартылуына себеп болады.
Ішімдіктің жүйке жүйесіне әсері
Жүйке талшықтары нәзік болғандықтан, ішімдік оларды тез әлсіретеді. Ішімдіктің әсерінен адамның қол – аяғы дірілдеп, сал ауруынан бастап өлімге дейін апаруы мүмкін.
Толқу, уайым, қорқыныш, ашу және қызғаныш, рухани әлсіреу, бұлардың барлығы ішімдіктің әсері болып табылады.
Алкогольдің адам ағзасына әсері
Спиртті ішімдік адам ағзасына қабылданған соң аш ішек арқылы қанға араласады. Қанға араласқан алкоголь мөлшері бойынша мидың жұмыс істеу қызметі төмендейді.
Спиртті ішімдік пайдаланған адамның қанына араласқан алкоголь мөлшері:
● пайдаланған уақыт мерзіміне;
● дене бітімі, жынысы және метаболизміне;
● асқазандағы тағам түріне және мөлшеріне қарай өзгереді.
Алкоголь қанға араласқан соң ешқандай тағам немесе сусын оның әсерін азайта алмайды.
Кейде жеміс қанты алкогольдің қаннан сыртқа атылуын жеделдетеді және осылайша оның әсерінің мерзімі қысқартады.
Ересек адамның метаболизмі сағатына 8, 5 г алкогольді сіңдіріп денеден шығара алады. Тек бұл көрсеткіш адамның
дене бітіміне, жынысына, бүйрегінің жұмыс істеу қабілетіне және генетикалық ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады.
Алкогольге психикалық тәуелді маскүнемдер спиртті ішімдік пайдаланбаған күндері сабырсыз және байбалам салумен болады.
Физикалық тәуелділік шамадан тыс ішетіндерде болады.
Денесі алкогольге үйреніп қалғандықтан ішімдікті тоқтатқанда, ыңғайсыздықтар туындайды. Бұл аурулар, әлсіздік, ұйқы, терлеу, дірілдеу, ұрыну, тәбет қашуы асқынған жағдайларда елес туғызады.
Аурудың соңы дене және ақыл – естің бұзылуына жол ашумен немесе ерте келген ажал өліммен бітеді.
Тәуелдіктің дәрі – дәрмегі жоқ. Тек сырқат ем қабылдай алады, осылайша аурудың асқынуына тосқауыл қойылады.
Маманның бақылауында қажетті ем қабылдаған тәуелді адам жазылып кете алады.
Есірткі туралы жалпы мағлұмат
Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағыналы береді.
Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.
Есірткі және стимулятор дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.
Адамның әрекеттерінде, ой – сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатыны мыналар:
апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини, LSD және хлорлы эфир.
Есірткі қолданудың себептері
Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.
Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.
Ойын – сауық орындары: Дискотека және басқа да ойын – сауық орындары.
Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.
Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай.
Жастардың қауіп – қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін – өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымның есірткіге бейімділігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туындаған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, менмендікке итермелеуі негізгі себептер болып табылады.
Есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы немесе достар арқылы пайда болады.
Нашақорлардың негізгі белгілері
Есірткі қолданатын адамдарды мынадай белгілерден анықтауға болады:
Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;
Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің болуы;
Көктамырдың үстінде немесе айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
Солғын, ұйқылы – ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді;
Есірткіден алыстатылған немесе қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;
Көз қарашықтарының үлкеюі;
Адамның бос жерге қарап отыруы;
Нашақорлардың жаргон тілін білуі;
Кісінің белгілі уақытта басқа жерге кетіп қалуы.
Адамның негізгі мұқтаждықтарының басқа нәрселерге көп ақша жұмсай бастауы;
Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады.
Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды.
Есірткінің әсерлері
Физикалық әсері
Ми және орталық жүйке жүйесі: Темекіден бастап барлық есірткі түрлері ми мен орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян тигізеді. Сондықтан миға тәуелді ақыл – ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе – теңдік ұстай алмай, қалыпты мінез - құлық пен әрекеттерден айырылады.
Сау ми дұрыс ақыл – ойдың ең үлкен дұшпаны есірткі болып
табылады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұмытшақтық, барлық психикалық аурулар.
Ас қорыту жүйесі: Жүректің айнуы, құсу, іш ауру, қаталау,
Іш өту, асқазан және ішектердің ауруы, қанау және асқазан жаралары, мерез т. б
Бауыр және бүйрек: Майлану, бауырдың қабынуы, бүйректің әлсізденуі, қан мен зәрдің көбеюі, бауыр мен бүйректің тығындалуы, өте ауыр бүйрек аурулары.
Көз: Жарық және алыс жерді көрмеу, қылилық, түнде көрмеу, көз қарашығының үлкеюі немесе кішіреюі, т. б
Тыныс алу жүйесі: тыныстың тарылуы, жөтел, тұншығу, жүректің қысылуы, тыныс ағзаларының сал болуы.
Қан ағзалары: Қан адам өмірінің ең маңызды ағзаларының бірі бола тұра есірткіден өте көп зиян шегеді.
Бұл « қырсықтан» қалай құтылуға болады?
Есірткіден қорғауға ең үлкен жауапкершілік жанұяға түседі. Жанұя қоғамның негізі болып табылады.
Балалар әр түрлі проблемаларын алдымен ата – анасына айта алуы керек. Бақыт пен сүйіспеншілікті өз жанұяларынан іздеу керек.
Жаман достардан алыс болулары керек. Мұндай адамдарды әрекеттерінен, сөздерінен тануға болады.
Бос уақытты ең жақсы түрде ( кітап оқу, мәдени және басқа да пайдалы істермен айналысу) өткізу керек.
Есірткі қолдану туралы тек ескерту жасау мен оның зияндарын айту жеткілікті емес. Тіпті бұлардың өзі кері әсер беруі мүмкін. Әсерлі шара балалар мен жастарды « Есірткіге қарсымыз!» дейтін дәрежеге жеткізуі керек. Бұл үшін өздеріне деген сенімдерінің арттырылуы, қиындықтарды жеңе білулері және өздерін өмірге дайындау жөнінде оларға көмек көрсету керек. Есірткі қолданатындығын көрсететін белгілерді байқап көріп, кешікпей шаралар қабылдау өте маңызды. Бұл міндеттердің орындалуына мектеп дәрігері, мұғалімдер мектеп пен жанұяның бірігіп атсалысуы көп пайдасы тиеді.
Адамның есірткі қолданатындығы қаншалықты ерте байқалса, бұл аурудан айығу соншалықты жоғары. Сондықтан тәуелді адамның ата – анасы және өзі дәрігерге барулары керек. Емдейтін дәрігер құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс істейді және тәуелді адамға ешқашан жаза берілмей, емделуі үшін барлық жағдай жасалынады.
Тақырыбы: «Ас -адамның арқауы»
Мақсаты: 1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету. 2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ас түрлері
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін біздер «Ас – адамның арқауы» жайында ойтолқы өткізгелі отырмыз.
І. Қызығушылықты ояту.
Ас дастарханға қалай келеді?
Оқушылардың пікірін тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Нан туралы ақыл – кеңестер.
Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.
«Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан»
«Ас жүрген жер – береке»
«Дастархан дәмі – киелі»
І бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
9. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10. Дастарханнан аттауға болмайды.
11. Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
Мұғалім: ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлерді айту
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады . Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды. Күнделікті отбасының тамақтануында ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады. Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады. Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады. Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылаты су жылы болуы керек.
Нан туралы тақпақтар
1-оқушы:
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
2-оқушы
Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» деп қарғанар
Нан ардақты адал ас
Кәрі – жас одан аттамас.
3-оқушы
Нанға үлкен жүрекпен қараңдар
Нанды өмір деп санаңдар
Нан болмаса
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
4-оқушы
Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарқаннан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ей, балалар, балалар
Болмаңдар сірә нанға зар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
Мұғалім: Жұмбақтар жасыру
Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан) Беттескен қос табақ
Ортасында бас табақ
Көзбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)
Мақал-мәтелдер:
1. Қырман басы – береке
Көп жүрген жер – мереке.
2.Егін ексең – тыңға.
Шықтым дей бер шыңға.
Қоныс көркі – там.
Дастархан көркі – нан.
Нан – тамақтың атасы.
Ынтымақ – көптің батасы.
Тістем наның қадірін
Тарыққанда білерсің.
VІ бөлім. «Ас ішу тәртібі»
1. Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар.
Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.
5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,
6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады.
Қорытынды:
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , – демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.
«Бәрін білгім келеді!»
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді!» (сынып сағаты)
Білімділік мақсаты: Оқушылардың еңбекке баулу пәнінен алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сынып сағаты
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу, математика.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, еңбек құралдары.
Барысы:
I. Кіріспе
II. Әділқазылар алқасын сайлау
III. Топтармен таныстыру
IV. «Ойлан тап»
V. «Кім епті»
VI. «Кім шапшаң»
VII. «Талаптыға нұр жауар»
VIII. «Кім білгір»
IX. «Кім тапқыр»
X. «Жас шебер»
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Бәрін білгім келеді!» тақырыбында сынып сағатын өткізгелі отырмыз. Топтармен таныстырып өтейін.
I Өнер тобы
II Талант тобы
Енді осы топтардың әділ бағасын беретін «Әділқазылар алқасымен» таныстырып өтейін.
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастау қиын - деп.
1. Сайысымыздың бірінші бөлімін Таныстырудан бастайық. (әр топ өздерін таныстырады.)
Өнер тобы «Өнерлі өрге жүзер»
Талант тобы «Талаптан да білім мен өнер үйрен»
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап?»
Еңбекке баулу пәнінен жинақталған сұрақтарға жауап беру.
Өнер тобы
1. Көктікен гүлін дайындау реті.
2. Қағаз қандай материал?
3. Құрақ дегеніміз не?
4. Тамбурлы тігістің Отаны қай мемлекеттер?
5. Бөлшектерді біріктірудің неше тәсілі бар?
6. Құрамақтарды неден құрастыруға болады?
7. Мозаика дегеніміз не?
Талант тобы
1. Тігіс түрлерін ата?
2. Симметрия дегеніміз не?
3. Шидің пайдалануға дейінгі тазалығы
4. Әшекейлі бет орамалдарды ата?
5. Емен ағашы неше жылдай өседі?
6. Электр тізбегінің шартты белгілерін ата?
7. Киіз үй бөліктерін ата?
3. Келесі бөлімде «Кім епті»
«Лего» бөлшектерінен ойыншықтар құрастыру. Әр топтан 2 оқушы шығады.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
4. Сайысымыздың келесі бөлімі «Кім шапшаң» (жұмбақтар шешу)
1. Аппақ дала, қойлары қара. (қағаз бен әріптер)
2. Мұрнында байлауы бар,
Адамның айдауы бар. (ине)
3. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап)
4. Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады. (ай)
5. Суықта солмайды,
Аязда тоңбайды. (жасанды гүл)
6. Кетер ұшып күзде -
Күдеріңді үзбе
Көктем шыға Қайта,
Қауышады бізде. (құстар)
7. Бетіңді тырыстырады,
Арқаңды құрыстырады.
Ыңғайына көне берсең,
Досыңмен де ұрыстырады. (ашу)
8. Дүниеде бір қудың бар беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. (оқу, білім)
5. Келесі бөлімде. «Талаптыға нұр жауар»
Табиғи материал дән тұқымнан құрамақ жасайды.
6. Сайысымыздың келесі бөлімінде. «Кім білгір»
Мақал - мәтел айту.
7. «Кім тапқыр»
Интерактивті тақтадан суреттерді жартылай жасыру заттың не екенін табу.
8. Келесі бөлімде. «Жас шебер»
Топ басшылары шарды үрлеп бет пішінін салып әсемдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |