Жүргізуші: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш.
Түседі естеріңе қызықты кеш.
Сағыныш бойды билеп келгендерге,
Мектептің есіктері ашық әр кез.
Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн.
Қосыңыз әр қайсыңыз жақсы бір үн.
Сырласып отырайық, ән салайық,
Мауқымыз басылғанша осы бір күн –
Деп, құрметті қонақтар, 11 сынып оқушыларының «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға» атты пікірлесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарын ортадағы белгіленген орындарына жайғасуларын өтінеміз.
1.«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» деп ұстаздар атынан Шанықұл ағайды ортаға шақырамыз.
«Баланың бас ұстазы – ата-анасы» демекші ата-аналардың атынан Рысбике апайды қошеметтеп ортаға шақырамыз.
«Кешегі шәкірт – бүгінгі жас маман» деп осы, қазір жұмыс істеп жүрген осы мектеп түлектерінің атынан Гүлнұр апайды ортаға шақырамыз.
«Бала – біздің болашағымыз» деп, енді ортаға мектеп бітіруші түлектерді ду қол шапалақтап қарсы алайық.
— Ал құрметті қонақтар, кешімізді ара қарай әнмен жалғастырайық. Сіздерге арнап Айзада Жұмадінованың орындауында саздық сәлем, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Әрбір түлектің асқар арманы, алдыға қойған мақсаты бар. «Мен кім болам?» деп ойланып,мақсат қойып жүрген шәкірттердің ой-арманын бейнелейтін «мамандықтар» мәселен мыналар:
Жүргізуші: Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз — тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады.Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш-жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді.
Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!(Шанықұл ағай өмірбаян)
Жүргізуші: Ұстаздар оқушыға басын иген,
Кей кезде тіпті оған кішірейген.
«Сыйға – сый, сыраға — бал» деген сөздің
Болмаса ережесін бұза білген.
Өйткені, ұстаз – ана, ұстаз – дана.
Мамандық ол ерекше, жеке-дара – пікірлесу кешіміздің алғашқы сұрағын ұстаздар атынан келіп отырған Шанқұл ағайға қойсақ.
Сұрақ: