Менеджер сөздігі русско-английский и



бет15/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

Әділеттік теориясы - адамдар өздеріне көрсетілген марапатпен жұмсалған күш-жігер арасындағы қатынасты субъективті анықтайды да осындай жұмыс атқарған адамдарға көрсетілген марапатпен салыстырады. Егер салыстыру дисбаланс әділетсіздікті көрсетсе психологиялық жағынан қысымшылық көргенін біледі.


Әкімшілік қадағалау – басқару аясында қолданылып жүрген нормалар мен тәртіптердің сақталуы мен орындалуына әрдайым жүргізілетін бақылаудан тұратын мемлекеттік бақылаудың ерекше бір түрі.

Әлеуметті экономикалық талдау - әлеуметтік және экономикалық процесстерінің өзара байланысын, олардың бір-біріне және шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелеріне әсерін зерттейді.

Әлеуметтік болжау - әлеуметтік сферада болжамды әзірлеу, оның даму перспективасын анықтау. Ол жоспарлау, бағдарламалау, жобалаумен тығыз байланысты.

Әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы - жеке тұтынушының да, жалпы қоғамның да қажеттілігін қанағаттандыруды ескере отырып, фирманың мақсатына жетуі.

Әуежарнама – ұшақ, тықұшақ көмегімен жарнама үндеулерді көрсетуі және таратылуы. 250 - 300 метр биіктен ірі форматтық жарнама ұрандары 3-5 киллометр аралығында оқылады.

Әлеуметтік жоспарлау - мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастырушылық және экономикалық саясат функцияларын жүзеге асыру әдісі, ол жоспарды әзірлеу тәртібі, оның орындалуына бақылау жасау және жүзеге асыруды ұйымдастыру элементтерін қосады. Осы жоспар көмегімен мемлекет өндіріс, материалды игіліктерді алмастыру, бөлу үрдістерін басқарады.

Әлеуметтік қауырттылық – түрлі формада көрініс табатын әлеуметтік өзара іс-қимыл субъектілерінің (индивидтердің, ұйымдардың, институттардың және т.б.) қажеттіліктері мен мүдделерінің, құндылықтары мен бағдарларының, нормалары мен әдеттерінің келіспеушілігі салдарынан туындайтын қоғамдық құбылыс.

Әлеуметтік қоржын - компанияның қызметкерлеріне ұсынатын әлеуметтік жеңілдіктер жиыны; ол тамақтану, оқу, медициналық қызмет, транспорт шығындарын төлеуді және т.б. қамтиды.

Әлеуметтік төлемдер - бұл еңбек туралы заңда қарастырылған және әртүрлі қажеттіліктерге көмекақы түріндегі қосымша табыстар болып табылатын кәсіпорын жұмыскерлеріне төленетін төлемдер.

Әлеуметтік трансферттер - қандай да бір баламасыз бір жақты сипатта берілетін әлеуметтік төлемдер, натуралды тауарлар, қызметтер немесе ақшалай жарналар.

Әлеуметті-жауапкершілікті инвестициялар – инвестицияның әлеуметті және экологиялық әсерлерін дәстүрлі қаржылық талдау шегінде есептелетін инвестициялық шешімдерді қабылдау үрдісі. Мұндай инвестициялау негізінде белгілі бір әлеуметтік және экологиялық критерияларды қанағаттандыратын компанияларды инвестициялау үшін жарамды объектілер ретінде бөліп көрсету мен оқып-үйрену жатыр. Әлеуметтік критерийлер өндірістегі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайларының жақсаруын көрсетеді, ал экологиялық критерийлер қоршаған орта туралы қорғауды көрсетеді. Қазіргі кезде үлкен мәнге адамдық инвестициялар ие – білім, ақпараттар алуға, іскерлікті жоғарлатуға, денсаулықты сақтауға және адамның еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындар.

Әлемдік бәсекелесу қабілеттілігі - бәсекелестерінің экономикалық артықшылықтары бар халықаралық бизнесте табысты бәсекелесе алуға тұрақты қабілеттіліктер мен бәсекелестік артықшылықтарды әлемдегі үздік жүйелі қамтамасыздандыру.

Әлеуметтік фактор - халық санының өзгеру тенденциялары, кәрілік немесе жастық тенденциялары, өмір сүру стилі, өмір деңгейі, жан ұяның көлемі, білім беру деңгейінің өзгеру тенденциялары, қылмыс деңгейі, көрші объектілермен және олардың иелерімен қарым-қатынас жатады.


Б



«Барлаушы» сатып алушы - маркетингтік зерттеудің тәсілі, қызмет көрсетудің сапасын анықтау үшін жасырын жіберілген маман-тұтынушы (тапсырыс беруші, тұтынушы тағы басқа).

Баға белгілеу - (франц. Coter – сөзбе-сөз аударғанда нөмірлеу, белгілеу) биржада бағалы қағаздар, шетел валюталарының бағамдары (акциялар, облигациялар) мен тауарлардың бағаларын белгілеу; биржада бағалы қағаздар мен тауарлардың айналысы; бағалы қағаздардың, шетел валюталарының, тауарлардың биржалық бағамдары туралы ресми жариялану. Баға белгілеу тауарлы, қор және валюталық биржалардың арнайы органдарымен жүргізіледі және биржалық бюллетендерде жарияланады. Шетел валютасын котировкілеудің негізгі екі әдісі бар: тікелей және жанама. Неғұрлым кең тараған түрі тікелей баға белгілеу, шетелдік валютаның бірлігі ұлттық валютада көрсетіледі. Жанама котировкілеуді жиі Ұлыбританияда қолданылады, ұлттық валютаның бірлігі шетелдік валютаға теңестіріледі. Котировкілеудің келесідей түрлерін анықтайды: акцияларға баға белгілеу; қорытынды баға белгілеу; бағамдарды котировкілеу; облигацияларға баға белгілеу; толық баға белгілеу; қатаң котировкілеу; биржалық баға белгілеу; ресми баға белгілеу; тауарлық котировкілеу; валюталық котировкілеу.

Баға белгілеу коэффициенті – акцияның нарықтық бағасының баланстық (кітаптық) құнына қатынасын білдіреді. Бұл көрсеткіштің мәні бірден жоғары болса, онда ол акцияға деген қызығушылықты өсіреді.

Баға маркетингі - міндеттердің тұжырымдалған стратегиясын қамтамасыз ету мақсатымен өнімнің бағасын басқаруды сипаттайды.

Баға масштабы - ақшалай бірліктегі тауарлардың құнын көрсететін, өлшейтін құрал және тәсіл. Шамамен айтқанда, бұл ақшалай және тауарлы массалар арасындағы қатынас, яғни орташа алғандағы тауар бірлігіне келетін ақша бірлігінің саны. Бағалар масштабы ақша реформаларын жасау кезінде, деноминациялауды жүргізу кезінде беріледі және базалық кезең негізінде есептеледі. Бағалар масштабының өзгеруі инфляция қарқының өзгеруіне байланысты жүреді. Инфляция қарқыны жоғары болса, соғұрлым еңбек ақыны жоғары индексациялау керек және ақша шығарылу керек.

Бағадан тыс бәсеке - неғұрлым жоғары сапалы тауар ұсынуға негізделген, дәл мерзімінде өте сенімді қызмет көрсететін, өнімділігі неғұрлым жоғары бәсеке.

Бағалау күні - бұл бағалау орындалатын кездегі сәт. Кәсіпорынның құндылығы уақыт бойынша өзгереді және бұл өзгерулер қысқа уақыт ішінде де маңызды болуы мүмкін. Осыған байланысты басынан бастап бағалаудың күнін белгілеп қою керек. Ол кәсіпорынның сату күні, тексеру күні, мүліктік кешенді бөлумен байланысты сот арқылы шешу күні және т.б. жағдайлар болуы мүмкін.

Бағалау мақсаты – кәсіпорынның нарықтық құнын есеп айырысуымен негіздеу. Кәсіпорындарды бағалау белгілі бір нақты міндеттің орындалуына бағынады. Бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кейін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.

Бағалау объектісін қайта өндіру құны - бағалауды жүргізу мерзімінде жүзеге асатын, бағалау объектісіне ұқсас объектіні құруды ұқсас материалды және технологияларды қолдана отырып, бағалау объектісінің тозуын есепке алғандағы нарықтық бағадағы шығындардың сомасы.

Бағалы қағаздар – 1) акция, борыштық бағалы қағаз, туынды бағалы қағаз және Қазақстан Республикасы заңына сәйкес бағалы қағаз ретінде танылған мүліктік құқықтың басқадай объектілері; 2) бағалы қағазды иеленуші мен оны шығарушы арасындағы, әлде екі жақтағы займ қатынасын немесе екеуінің де белгілі бір үйлесуін білдіретін қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысандағы (акция, облигация, варрант және т.б.) қаржы құралдары.

Бағалы қағаздар портфелі – жеке тұлғамен немесе компаниямен бағалы қағаздарды иелік ету. Онда облигациялар, жай акциялар, артылығы бар акциялар және басқа да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Теориялық жағынан портфель бір түрдегі қағаздардан тұруы мүмкін, соныменен қатар өзінің құрылымын бір қағаздың басқасына ауыстырылуымен өзгертуі мүмкін. бірақта әрбір бағалы қағаз жеке алғанда ондай нәтижелікке жете алмайды. Тек қана портфелду қалыптастыру үрдісінде берілген мінездемелермен жаңа инвестициялық сапаға жету мүмкін. осылай, бағалы қағаздардың портфелі инвесторға минималды тәуекелділік кезінде талап етілетін тұрақты табысты қамтамасыз етілетін құрал болып табылады. Портфелдік инвестийияны жүргізу мүмкіндігі нарықтың жетілгендігі туралы айтады, және бұл біздің көзқарасымыз бойынша жеткілікті шындық.

Бағалы қағаздарды конверсиялау – (лат. conversio — айналдыру) бір компаниямен шығарылған бір типтегі акциялар немесе облигацияларды басқа типтегі бағаоы қағаздарға айырбастау. Облигациялар мен артықшылығы бар акцияларды шығару туралы келісімде конверсиялау құқығы жиі қолданылады, ол осы бағалы қағаздарды ұстаушыларға көбінесе белгілі бір бағаммен жай акцияларға немесе басқа да бағалы қағаздарға ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздардың бағамдық (нарықтық) құны – бағалы қағаздарды сату және сатып алу бағасы. Бағалы қағаздардың бағамдарының өзгеру нәтижесінде қор биржасында бағамдық айырмашылық пайда болады. Бұл екінші ретті қор нарығындағы акциялардың бағасын белгілеу нәтижесіндегі баға. Нарықтық құн белгілі бір уақыттағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті бейнелейді.

Бағалы қағаздар өтемділігі - құнды қағаздардың тез және шығынсыз ақшаға айналуы, яғни белгілі бағада әрқашан сатып алушылардың табылуы.

Бағам айырмашылығы (жағымды, жағымсыз) – шетелдік валютада жүзеге асырылатын операциялар бойынша пайда болатын айырма­шылық.

Бағамды белгілеу – 1) халықаралық валюталық нарықтарда: валюталарды сату немесе сатып алу деңгейлерін нарық жағдайларының өзгеруімен сәйкестендіру жолыменен әртүрлі валюталар бағамын күнделікті белгілеу; 2) алтын нарығында: нарық конъюнктурасына байланысты алтынмен операцияларды жүзеге асыратын бес лондондық сауда үйлерімен алтын бағасын күнделікті ері ретті тіркеу ( 10 сағат 30 минутта және 15 сағатта); 3) бағалы қағаздар нарығында және сырғымалы пайыздық ставкалы несиелерде: «пайыздық кезең» басталар алдында пайыздық ставканы белгілеу.

Бағамдық тәуекел - валюталардың нарықтағы ауытқуы салдарынан туындайтын қауіп. Бақылаудың ішкі механизмі-мемлекеттік қаржыға тән, яғни бекітілген процедуралар мен нормаларға сәйкес операцияларды өңдеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік органдардың, қаржы қызметін басқарудың жалпы жүйесінің ішкі құрамдас бөлігі. Бұған мыналар жатады: 1) құжаттар деңгейінде бақылау, дұрыс ірі нақты құжатты реттеу; 2) пайдалануды бақылау- тек өкілетті тұлғаларға ғана ақпараттар мен есептіліктерді пайдалануға рұқсат беру; 3) жүйені жалпы функционалды бақылау - құжаттарды өңдеудің бекітілген нормалары.

Бағаны либерализациялау - тауар өндірушілер арасындағы бәсекенің сонымен бірге тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың әсерінен нарық экономикасы заңдылығындағы бағаның ерікті құрылуы.

Бағдарланған шешім - математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбір қадам мен қимылдың белгілі бір сәйкестігін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.

Бағдарлық карта – үлкен номенклатуралы өнім шығаратын жеке және ұсақ сериялы өндірісте қолданылады. Оның мәні негізгі операциялардың орындалу кезектілігін анықтаудан және оларды цехтарда құрал-жабдықтардың нақты топтарына бекітуден тұрады. Бағдарлық картаны құру технологиялық процесті жасаумен аяқталады.

Бажсыз сауда дүкені - тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режим. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне Қазақстан Республикасына әкелінуге және Қазақстан Республикасынан әкетілуге тыйым салынған, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымнан алынған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.

Бажы төленбеген жеткізулер (DDU) - Инкотермстің осы шартына сәйкес сатушы тауарды сатып алушы көрсеткен орынға жеткізіп, бірақ тауарды елге кіргізу үшін импорттық бажды сатып алушы өзі төлеуі қажет.

Бажы төленген жеткізулер (DDP) - Инкотермстің осы шартына сәйкес сатушы тауарды сатып алушы көрсеткен орынға жеткізіп, тауарды елге кіргізу үшін импорттық бажды төлеуі қажет. Инкотермс шарттарының ішінде DDP сатушының міндеттемелері ең көп шарт, яғни тауарды сатып алушыға жеткізу шығындарының барлығы сатушының мойнында.

Базалық инновациялар – бұл инновациялар пайда болуымен жаңа өнеркәсіп салалары қалыптасады, тіпті жаңа мамандықтардың тууына әсер етеді, сондай ақ адамзат үшін бұрын соңды болмаған жаңалықтар пайда болуына ықпал етеді. Мысалы, персоналды компьютерлер пайда болуы адамзат даму жолында жаңа компьютерленген заман қалыптасуына себеп болды. Негізінде базалық инновациялардың көп бөлігі экономиканың ұзын толқындарының депрессия фазасында пайда болады да бір технологиялық кезеңнің негізі базасы болады.

Базистік бюджет - жылдың басында қалыптасқан бюджет. Факт бойынша берілгендерді базистік бюджетпен салыстырмалы талдау арқылы бастапқы жоспардан ауытқу мөлшерлерін анықтауға болады. Ағымды бюджетті базистік бюджетпен салыстыру арқылы ауытқулардың қандай бөлігі бастапқы болжанған шарттардан ағымды шарттарының өзгерісі тудырғанын көрстетеді.

Байланыс ережелері – тәуелсіз, әр түрлі сипаттағы құрылғылар арасында немесе қолданушы мен құрылғылар арасында өзара әрекеттесуді, байланысуды жүзеге асыратын ережелердің бірігуі.

Бақылау - бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі. Бақылау бұл қолда не барын және де не болуы керектігін ұдайы салыстыру. Бақылаудың үш түрі болады: алдын-ала бақылау, ағымдағы бақылау, қорытынды бақылау. Сонымен қатар белгілі бір нәтижелерге жету үшін шешімдердің орындалуын қамтамасыз ететін басқару функциясы. Мемлекеттік органдар заңдардың орындалуын, өкімдердің, бардарламалардың, меншіктің пайдаланылуын бақылайды.

Бақылау қатесі – портфелдің жиынтық табыстылығы мен сәйкестендірілген эталондық көрсеткіштер параметрлері арасындағы айырмашылық.

Бақылау пакеті - теория жүзінде – корпорацияның 50 %- дан астам дауыс беретін акцияларын иелену; тәжірибеде – егер қалған акциялар дауыс беруге белсенді қатыспайтын ұсақ иеленушілердің арасында кең тараса, бір тұлғаға немесе топқа тиесілі акциялардың аз үлесі арқылы іс жүзінде корпорацияға бақылау орнатуға мүмкін болады.

Бақылау парағы - құжаттағы тақырып және қарар шешімі көрсетілген жеке тіркеу талоны. Қажетті мәлімет құжаттың тікелей бетіне жазылмай, бөлек парақшада жазылады.

Баламалы қаржылық нарықтар – биржалық және биржадан тыс нарықтармен салыстырғанда неғұрлым тәуекелді болып табылады. Биржалық нарықтар немесе қор биржалары- бұрын шығарылған бағалы қағаздармен операцияларды ұйымдастыру үшін орталықтандырылған ұйымды көрсетеді. Биржадан тыс нарық – бұл белгілі бір бағалы қағаздарды, соның ішінде жаңа бағалы қағаздарды публикалық шығаруды бірінші ретті орналастыру кезінде сатушылар мен сатып алушыларды байланыстыратын телекоммуникацияның кең тармақталған торабы. Баламалы қаржылық нарықтар не жаңа ұйымдастырылған және тез өсіп келе жатқан компаниялармен, не компанияны сатып алу бойынша басқарушы қызметкерлердің операциялары үшін, не «жанұялық» компаниялармен қолданылады.

Баланстандыру (пропорционалды) қағидасы - өндіріс факторлары экономикалық баланстандырылған болса, онда меншік объектісінің құны максималды болады немесе сақталады. Меншік объектілерінің құны төрт элементтердің баланстандырылуына тәуелді: рентаға, еңбекке (еңбек ақы), капиталға (инвестиция, салым), басқару координациясына (менеджментіне). Ең жоғарғы табысты қамтамасыз ететін әрбір меншік объектісі үшін теоретикалық тепе-теңдік нүктесі бар.

Банк - халықтың, кәсіпорындардың және фирмалардың уақытша бос ақшаларын тартумен айналысатын, ақшамен және бағалы қағаздармен басқа да операциялардың түрлерін жүргізетін және үкіметке, азаматтарға және бір-біріне қаржылық қызметтер көрсететін қаржылық ұйым, бөлімше. Ақшалар, басқа тауарлар сияқты, қаржылық деп аталатын нарықта сатылады және сатып алынады. Қаржы нарығындағы негізгі сатушылар болып тұтынушылар саналады, негізгі сатып алушылар – фирмалар. Банктер бұл жағдайда делдал болып табылады. Бірақ бұл банктік істі қалыптастырудың жеткізу нүктесі ғана. Банктік операциялар қарызға алынған қаражаттардың көмегімен іске асырылады, ол банктің өзіндік капиталын бірнеше есеге артық. Экономикалық дамыған елдерде өзіндік және қарызға алынған капитал арасындағы қатынас 1:10, 1:100-ге дейінгі деңгейде болады. Банктік қызметтің негізгі қағидасы: салымшылардың ақшаларын сақтау және олардың үлкен бөлігін басқа тұлғаларға қарызға беру арқылы кіріс алу. Банктер ақшалар мен бағалы қағаздарды шығарады, сақтайды, несиеге береді, сатады және сатып алады, айырбастайды, төлемдер жасау мен есеп айырысу бойынша қызметтер көрсетеді.

Банкроттық - өзінің төлем міндеттемелерін орындауға дәрменсіз, бірнеше несие алған борышқор. Ол жеке немесе заңды тұлға бола алады. Банкротқа ұшырау (дәрменсіздік) – борышқордың несие берушілердің талаптарын толық дәрежеде орындауға немесе міндетті төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемесін жүзеге асыруға сот тарапынан дәрменсіз деп танылуы немесе жариялануы.

Банктік үйлер - жергілікті басқару билігін несиелнедірумен, инжинирингпен, бағалы металдармен сауда операцияларымен, сенімді қорларды басқарумен, биржалық алып-сатарлықпен, құрылтайшылық қызметпен айналысатын жеке банктік бөлімшелерді көрсетеді.

Бартерлік мәміле – екі тауардың баспа бас айырбасына негізделген мәміле. Бартер тауар айырбасының ең алғашқы, әрі ең қарапайым формасы. Бүгінгі таңда бартерлік мәмілелер – бұл қарама қарсы сауданың бір түрі. Қазіргі бартерлік мәмілелерде валюталық-қаржылық есеп-айырысу механизмі қолданылмайды, және құндылығы тең тауарлар мен қызметтердің тікелей айырбасы.

Барынша көп қолайлы жағдай жасау – халықаралық шарттарда (негізінен сауда шарттарында) қолданылатын қағида, бұл қағида бойынша уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы кез-келген үшінші мемлекетке, оның жеке және заңды тұлғаларына беріп отырған немесе келешекте беретін артықшыларды, пұрсатталықытармен жеңілдіктерді (импорттық-экспорттық шектеулерді алып тастау немесе азайту, кеден тәртіптемесін жұмсарту, т.с.с.) екінші мемлекетке, оның жеке және заңды тұлғарына беруге міндеттенеді.

Бас атқарушы директор - корпорацияның лауазымдық қызметкері, ұйымды басқару үшін негізгі жауапкершілікті мойнына жүктейді, директорлар кеңесіне тікелей есеп береді. Бас атқарушы директор корпорацияны басқару жөніндегі міндеттемелерді атқаруға көмектесу үшін менеджерлерді тағайындайды. Бас атқарушы директор егер де ол осы екі міндеттемені қатар атқарар болса, Президент деп те аталады.

Басқаратын (басқарушы) жүйе - басқарудың белгілі бір мақсатын іске асыру үшін өндіріске әсер ететін элементтердің жиынтығы. Басқаратын жүйе - басқару органдарының жиынтығы немесе басқару субъектісі. Бұл екі қағидаға байланысты құрылады: 1) иерархиялық 2) кері байланыс қағидасы.

Басқару cинергизмі - сатып алушы-компания, көбінесе қаржы бақылауының жаңа жүйесін ендіру, бюджетті орындауға деген менеджерлердің жауапкершілігін көтеру, қажетсіз шығындарды қысқарту, құрылымды синергизмсіз компанияның сатушыға қарағанда сатып алушыға құнды болып табылатын екінші кезектегі бизнесін сату арқасында сатып алынған өндірісті тиімді басқару орын алады. Басқару синергизмінде шығындарды төмендету мүмкіндігі, компанияның сату көлемін ұлғаюына сирек септігін тигізеді.

Басқару әдістері - басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету құралдары. Оларға экономикалық, әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік әдістер жатады.

Басқару жүйесі - адамдар, басқару звеноларының біріккен қызметін, олардың арпасындағы байланыстарды, соныменен қатар басқару үрдісінің тәжірибеде өткізуге көмектесетін әдістерді үйлестіру үшін қажетті басқару әдістері мен құралдарының жиынтығы; басқарылатын объектіге (жекелеген жұмысшылар, жұмысшылар тобы, ұйымның бөлімшесі және т.с.с.) әсер ету мақсатымен менеджерлердің қабылдайтын әрекеттері. Басқару жүйесіне кіретіндер: менеджменттің мақсаты, қағидалары мен әдістері; кәсіпорындардың қызметтерінің негізгі көрсеткіштері; өнімдер мен қызметтердің сапасының жоғарылауы; өндірісте қолданылатын ресурстарды үнемдеу; жоспарлау; ұйымдастыру құрылымы, есеп және бақылау; қызметкерлердің жұмысын ынталандыру; менеджмент жүйесін ресурстық, ақпараттық, құқықтық және ұйымды-технологиялық қамтамасыз ету; фирма қызметінің ішкі және сыртқы ортасы, қызметкерлерді басқару; басқару шешімдерін қабылдау және өткізу.

Басқару қағидалары - басшы қызметкерлерінің басқару функцияларын іске асырудың негізі болатын идеялары, заңдылықтары.

Басқару құрылымы - ұйымдардың мақсаттарына ең тиімді жолмен жетуге жағдай жасайтын басқару дәрежелері мен функционалдық облыстардың арасындағы логикалық байланыс формуласы.

Басқару қызметкерлерінің біліктілігі - кәсіпорын құны көп жағдайда басқару қызметкерлерінің біліктілігіне тәуелді болады. Бұл сарапшы-бағалаушының, бағалау мультипликаторын таңдауы кезінде, не капитализация коэффициентін іріктеуі кезінде ескеріледі, немесе кәсіпорынның жалпы есептік құнына арнайы түзету (жеңілдік немесе сыйақы) жасалады.

Басқару мәртебесі – қажетті талдау және бағалаумен дәйекті шешімдерді қабылдау және жүзеге асырумен қамтамасыз ететін техникалық, информациялық және интеллектуалды потенциалдың жиынтығын, байланыс пен коммуникация, құрылымдардың барлық кешенін қамтиды.

Басқару процессі - басқару функцияларын жүзеге асыру. Басқару функцияларына жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау жатады.

Басқару психологиясы - еңбек ету процесі барысында адамның психологиялық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін зерттейтін, басқаруды ұйымдастыруда психология заңдарын мақсатты түрде қолдануға мүмкіндік беретін психология саласы. Басқару психологиясының қағидалары мен әдістері адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын, қабілеттерін, темпераментін, мінез-құлқын ескере отырып, кадрларды таңдау және орналастыру, еңбек ұжымын қалыптастыру кезінде қолданылады.

Басқару стилі - қойылған мақсаттарға жету үшін қоластындағыларды басқару әдістері. Басқару стилі бойынша басқарушылар авторитарлық, демократиялық және либералды болып бөлінеді. Авторитарлық басқарушы - өз қалауын орындатуға жеткілікті билігі бар басшы. Қажет болған жағдайда ол билікті ешқандай бөгетсіз қолдана алады. Демократиялық басқарушы - өзінің бұйрығын күштеу арқылы жүктемейтін басшы, қоластындағы қызметкерлеріне өздері-өздерін мотивациялайтындай жағдай жасайды. Либералды басқарушы - өз қызметкерлеріне жұмыс міндеттерін таңдауда және бақылауда еркіндік беретін басшы.

Басқару шешімдерінің кешігу заңы - Бұл заңның мәнін ашқан профессор К. Кубаев, ол келесідей: материалдық процесстердің ретсіздігімен (энтропия) «өмірге» келетін ақпарат басқару функциясымен өзгертіліп, толықтырылғаннан кейін қайтадан материалдық сфераға белгілі бір уақыттан кейін, кешігіп «келеді».

Басқару шешімі – ұйымның нақты жағдайдағы мәселесін шешуге бағытталған басқарушы мен ұжым қызметінің нәтижесі. Ол нақты немесе жоспарлы кезеңде қабылдануы қажет шараларды анықтайды.

Басқару шығындары - банктердің қызмет көрсетуіне немесе коммерциялық іс-әрекетіне байланыссыз барлық шығындар, яғни кадрлар бөлімін, заң бөлімін, еңбекті ұйымдастыру мен еңбек ақы төлеу бөлімдерін қамтамасыз ету, өндірістік емес мазмұндағы ғимараттарды жарықтандыру және жылумен қамтамасыз ету, іс-сапар, байланыс қызметтері, салықтар мен пайыздар.

Басқарудағы құжаттар түрінің табелі - нақты бір негізделген тәртіппен қандайда болмасын көрсеткіштердің тізбектеліп жазылған құжаты. Басқарудағы шешім қабылдауға байланысты құрастырылатын құжаттар жинағы. Бұл құжаттарда нақты бір басқару құрылымында қалыптасатын барлық құжаттардың сипаты, заңдылық деңгейі және құжаттандыру кезегі көрсетіледі.

Басқарудың автоматтандырылған жүйесі – күрделі объектіні басқаруды қамтамасыз ететін экономикалық-математикалық әдістердің, техникалық құралдар мен ұйымдастыру кешендерінің берілген мақсатқа сәйкес жиынтығы немесе құрал-жабдықтардың жұмысын бақылауға және олардың жұмысын ЭЕМ көмегімен бақылауға мүмкіндік беретін өндіріс технологияларының құрамы.

Басқарудың жоғары деңгейі – ол үш басқарушыны тікелей бақылайды: орта деңгейді басқарушы /өндіріс/; орта деңгейдегі басқарушы /бухгалтерия/; орта деңгейдегі басқарушы /маркетинг/.

Басқарудың интеграциялық жүйелері - басқарудың интеграциялық жүйелерін байланыстырушы коммуникация мен басқару шешімдерін қабылдау процессі.

Басқарудың классикалық мектебі (1920-1950жж.) – басқару функцияларын анықтаған басқару басқару принциптерін дамытушы басқару мектептерінің бірі, ұйымды жаппай басқаруға жүйелі көзқараспен қараған.

Басқарудың құқықтық актісі – өкілетті орган (лауазымды адам) тиісті белгіленген рәсіммен шығаратын мемлекеттік-биліктік сипаты бар, басқару қатынастарын реттейтін немесе нақты басқару ісін шешетін заңға тәуелді заңдық акт.

Басқарудың матрицалық құрылымы - бас компанияның шетелдік филиалдардағы үш түрлі өлшеммен матрица тұлғасында басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, ол шетелдік филиалдың әрбір менеджері бас компанияда жоқ дегенде үш басшыға ие болатын басқарудың бейресми түрде ұйымдастырылуын қарастырады - өндіріс бойынша, аймақты басқару жүйесі бойынша, функционалды бөлім жүйесі бойынша.

Басқарудың партисипативті стилі - басшы аса маңызды мәселердің жан-жақты талқылануын қамтамасыз ете отырып, топтық процестің үйлестірушісі болатын басқару стилі. Басшы өз шешіміне басқаларды мойынсұндыруға ұмтылмайды және бүкіл топ қолдайтын шешімдерді қабылдап, жүзеге асыруға дайын.

Басқарудың сызықты құрылымы – барлық өндірістік және басқарушылық бөлімшелердің басында басшы тұрады. Ол өзінің астындағы жұмысшыларға және басты басқарушылық және өз қолында барлық басқару қызметтерін жинау сияқты бүкіл өклеттіктермен иемденеді.

Басқарудың сызықты-функционалды құрылымы – бірінші басшы нақты сұрақтарды жасағанда және соған сәйкес шешімдер, бағдарламалар, жоспарлар жасағанда арнайы басқару аппарат көмектеседі, ал ол өз негізінде функционалды бөлімшелерден тұрады.

Басқарушылық қызмет кезеңдері – басқарушылық шешімдердің дайындалуының, қабылдануының және орындалуының, ұйымдастырушылық шаралардың жүргізілуінің басқарушылық қызметтің мүдделері мен мақсаттары талап ететін белгілі бір тізбектілікпен қолданылуы.

Басқарушылық қызмет әдістері – басқарушылық жағдайды талдау мен бағалаудың амалдары мен тәсілдері, құқықтық және ұйымдастырушылық нысандарды қолдану, басқарылатын қоғамдық процестерде адамдардың санасы мен мінез-құлқына ықпал ету.

Басқарушылық қызмет нысандары – басқарушылық мақсаттар мен функцияларды қалыптастыру мен жүзеге асыру және оларды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың тәжірибелік белсенділігінің көрінуі.

Басқарушылық талдау - бұл өндірістің ресурстары (қорлары) мен нәтижелерін талдау. Талдау барысында кәсіпорынның қызметін басқару және бақылау бойынша ақпарат дайындау үшін рнесурстардың, оларды пайдаланудың тиімділігін, өндіріске жұмсалатын шығындарды анықтайды.

Басқарылатын жүйе - басқару объектісі немесе халықшаруашылығының жоғары деңгейімен төменгі деңгейлері арасындағы учаскелер тізбегі. Бұл екі қағидаға байланысты құрылады: 1) иерархиялық; 2) функционалдық.

Басорама - автобустың төбесінде орналасқан жарық жүргізілген жарнамалық панель.

Баспа құрылғысы – компьютерден өңделген ақпаратты мәтіндік, графикалық және т.б. түрде қағазға немесе басқа да материалдық ортаға басып, бейнелеп шығаруға арналған құрылғы.

Бастапқы маржа - брокердің арнайы шотында (қамтамасыз етудің бір нысаны ретінде) орналасуы керек қаражат. Осы төленген кейін ғана инвестор фьючерстік міндеттемелер бойынша мәмілеге көше алады.

Баяндаушы жазба құжаты - құрастырушының ұсынысымен түйіндемесі көрсетілген мекеме жетекшісіне арналған құжат. Баяндаушы құжат лауазымдық тұлғаны жеке қалауымен не болмаса жетекшінің нұсқауымен жазылады. Мазмұндық негізіне сәйкес олар бірнеше түрге бөлінеді: жеке қалаумен жазылатын, ақпараттық және есептемелік. Баяндаушы жазба құжаты ішкі жұмыс бабындағы және сыртқа жоғарғы басқарушы мекемеге жіберілетін болады. Оларды ресімдеу тәртібі мәтіндік ерекшелігіне сәйкес толтырылады. Сыртқы баяндамаға қажетті деректемелер: мекеменің атауы, құжат түрінің атауы, датасы, индексі, құрастырылған орны, қабылдаушының адресі, мәтірге тақырыбша, мәтін, жетекшінің қолтаңбасы, орындаушының аты-жөні, телефон нөмірі. Сыртқа жіберілетін баяндама құжаты мекеменің бланкісінде толтырылады. Ішкі баяндама құжатына: құрылымдық бөлімнің атауы, құжат түрі, датасы, арналуы, мәтінге тақырыбша, мәтін, құрастырушының қолтаңбасы.

Бәсеке қағидасы - жал шарты немесе мүлікті сатып алу не сату мәмілелерін жасайтын жалгер мен жал берушілер, сатушылар мен сатып алушылар арасында, жылжымайтын мүлік нарықтарында бәсеке пайда болады. Әрбір объекті бәсекеде болады. Пайда бәсекені туғызады, ал артық пайда күйреген бәсекені ынталандыру тенденциясы бар. Бәсекенің болмауы монополиялық жағдайды туғызады.

Бәсеке - ұқсас тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру, неғұрлым жоғары пайда алу үшін болатын бақталастық.

Бәсекеге қабілеттілігі - кәсіпорын немесе өнімнің басқа ұқсас мекемелермен салыстырғанда белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі; ол баска объектілермен сол нарықта бәсекелестік күресте төзу мүмкіндігімен анықталады.

Бәсекелестік артықшылық - бәсекелестердің алдында басымдық беретін кәсіпорын немесе өнімде бар әлде бір ерекше құндылық.

Бәсекелесу - өнім өндірушілер арасындағы мүдделерін қанағаттандыруда және тұтынушыларға өз өнімдерін, қызметтерін ұсынудағы бақталастық. «Бәсекелес» сөздің жалпы мағынасында экономика, саясат, өнер сияқты көптеген қызмет салаларында қолданады. Әдетте, бәсекеге өзара жекелеген адамдар, топтар, сонымене қатар фирмалар мен компаниялар түсіп отырады. Бәсеке бір салада жүргізіліп отырғанына қарамастан, бәсекелестердің әрекет етуі әр-түрлі сипатта болуы мүмкін.

Бәсекелі бенчмаркинг - бенгмаркетингтің бұл типі берілген фирма ішінде процесстерді, өнімді, қызметтерді салыстыруға негізделген. Бұл жағдайда ақпараттарды айырбастауды ұйымдастыруға болады, бірақ едәуір айырмашылық бомауы мүмкін.

Бейнелеп көрсету – ақпараттың мағынасын көзге көрсету арқылы беру немесе мәліметтер мен нәтижелі ақпаратты кескіндер, суреттер, диаграммалар және кеңістіктегі қозғалыстар және т.б. мультимедиялық жабдықтар арқылы бейнелеп көрсету.

Бейресми ұйымдар - адамдардың өздерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырып, мүдделерін жүзеге асыру үшін ұйымдарға бірігуі. Бейресми ұйымдар ресми ұйымдардың құрамында болуы мүмкін.

Бенчмаркетинг- қосымша бәсекелестік мүмкіншіліктерді іздестіруге бағытталған басқарудың құралы.

Бенчмаркинг деген ағылшын сөзінің орыс немесе қазақ тіліне тікелеу аудармасы жоқ, бірақ ол тұрақты бір объекттің көрсеткіші, мысалы жер бетінің теңіз деңгейінің биіктігін көрсететін бағанадағы көрсеткіш Ал экономикалық ілімдерде Бенчмаркинг дегеніміз ең күшті үлгі болатын конкурент компанияларды іздестіру олардың қызметін зеріттеу, үйрену нәтижесінде жаңа инновациялық өнім ойлап табу қызметтерінің жиынтығы. Бенчмаркинг ең алғаш рет 1972 жылы АҚШ – тың Стратегиялық зеріттеулер институтында пайдаланылды. Қазіргі күнгі бенчмаркинг әдісі түрленіп көптеген салаларда пайдаланылады . Бенчмаркинг эволюциясы: реинжиниринг немесе өнімді ретроспективті талдау; бәсекелестік қабілеттілікті арттырушы бенчмаркинг; стратегиялық бенчмаркинг; глобальды бенчмаркинг. Бенчмаркинг әдісін үш деңгейде енгізуге болады. Микродеңгейде – кез келген кәсіпорынның конкуренттік позициясын күшейту үшін пайдаланады; Мезодеңгейде белгілі бір саланың бәсекелеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен; Макродеңгейде - мемлекеттің отандық кәсіпкерлердің бәсекеле қабілеттілігін арттыру саясатына әсер ету.

Бересі - есептелген және мерзімінде төленбеген салықгар және бюджетке төленетін баска да міндетті телемдер сомасы. Салық органдарының өкімі бойынша даусыз тәртіппен ендіріп алынады.

Бизнес - инкубатор - қайта құрылған шағын кәсіпорындарға жан-жақты ұйымдық, кеңестік, қаржылық және мүліктік қолдауларды іске асыратын мамандандырылған бөлімшелер. Жай кезде бизнес-инкубаторлар бірнеше мың шаршы метр ауданды бір ғимаратта орналастырады, онда қайта құрылған шағын кәсіпорындарға қалыпты төлемге офис, қойма, кейде өндірістік цех және т.с.с. құруға үй-жайлар беріледі. Байланыстың, көшірмелер, компьютерлік және басқа да қызметтердің біртұтас жүйесі фирманың ортақ шығындарын төмендетеді. Бизнес-инкубаторда жоғары квалификациялық мамандар – менеджерлер, маркетологтар, заңгерлер, бухгалтерлер жұмыс істейді, олар жиі кішігірім төлемге бастаушы кәсіпкерлерге қажетті қызметтерді көрсетеді. Бизнес -инкубаторларды құрудың негізгі қолдаушылары аймақтық үкімет болып табылады, оларды аймақтың әлеуметті-экономикалық дамуы мен жұмыспен қамтудың кеңеюі, жергілікті экономиканың диверсификациялануы және басқалары қиналтады. Әрине, кез-келген кәсіпкерге бизнес-инкубаторға кіруге мүмкіндік болмайды. Ең алдымен бизнес-инкубаторлардың қызметтері мен көмегі олардың басқарушылары, жергілікті үкімет пен демеушілердің бағасы бойынша қызметтері аймақтың қайта жаңғыруы мен дамуына әрекет ете алатын, нарыққа жаңа тауарлар мен қызметтерді ұсынатын, техникалық жаңалықтар енгізетін, потенциалдық инвесторлар үшін қызығушылық тудыратын кәсіпкерлерге көрсетіледі.

Бизнес – пайда табу мақсатымен ұйымдастырылған экономикалық қызмет. Оның өмір сүруінің басты нысаны мен мақсаты тауар өндіріп, қызмет көрсететін өзінің меншік иелеріне: корпорацияларға, серіктестіктерге, жеке кәсіпкерлерге пайда түсіру.

Бизнес - жоспар – фирманың қайда ұмтылатынын, алдына қойған мақсаттарына қалай қол жеткізетінін және оларға қол жеткізгеннен кейін қалай көрінетінін сипаттайтын анық, нақты құрастырылған және дайындалған құжат. Сондай-ақ бұл - әлеуетті инвесторлардың өздеріне қатысуға ұсыныс жасалатын жобамен танысудың жалпы қабылданған әрі тиімді нысаны.

Бизнес-жоспарлау - ұйымның белгілі бір кезеңге, көбінесе үш, бес немесе он жылға арналған жоспарын жасау. Бизнес-жоспарлау ұйымдарда коммерциялық шараларды әзірлеу,ұйымның қызметі кезінде пайда болатын мәселелер,тосқауылдарды талдау мен оларды шешу әдістерін анықтау мақсатымен жасалады. Жаңа ұйым үшін бизнес-жоспарлау капиталды жұмылдыруға немесе несие алуға жәрдемдесетін маңызды қадам болып табылады.

Бизнесмен, пайдакер - пайда немесе басқадай табыс әкелетін, экономикалық қызметтің кезз-келген түрімен айналысатын адам.

Билік ету - қазіргі жағдайларда субъектіге объектіге қатынасы бойынша заң шеңберінде басқа субъектіге беруге, терең бейтараптандыру, қайта құру және жоюға дейінгі кез-келген тілегіндегі бейнеде қолдануға мүмкіндік және құқық беретін меншік объектісі мен субъектісі арасындағы байланыстарды өткізудің ең жоғарғы, неғұрлым толық мүмкінділігі бар тәсілі. Билік ету құқығына ие болған субъект меншік иесінің негізгі құқықтарын өткізуге мүмкіндігі бар: меншік объектісінің қолданылу жолдарын белгілеу, меншік объектісіне қатынасы бойынша мәмәлелерді жасау құқығы. Нақты алғанда меншік иесі меншік объектісіне билік ету құқығына нақты мүмкіндігі мен құқығы болғаннан кейін ғана осындай болады. Сондықтан иеленуші шын мәнінде меншік иесі болады, егер де ол меншік иесі-билік етуші болса.

Билік және жауапкершілік қағидалары – басқарушының жауапкершілігі мен өзінің билігінің байланыстылығын тұжырымдайтын қағида. Керек етілетін байланыс екі фактордың тепе–теңдігінен құралады.

Биржалық диллерлердің Еуропалық Ассоциациясы - бұл биржалық үйлердің, инвестициялық банктердің, венчурлық қорлардың және кәсіби кеңесшілердің ассоциациясы. Оның мақсаты өсуші комапнияларды қолдап европалық құнды қағаздар рыногын дамыту. Бұл ұйымның инициативасымен Брюссель қаласында автоматтарндырылған котировка жүйесі ЕASDAQ қалыптасқан. Биржалық диллерлердің Еуопалық Ассоциацияциясының автоматтарндырылған котировка жүйесі - бұл жас енді ғана қалыптасып, өсіп келе жатқан венчурлы компанияларға арналған қор биржасы. Оның қызмет атқару қағидалары, тәрәптері және құрылымы Америка құрама штаттарнындағы NASDAQ венчурлы қорлар биржасына ұқсайды. ЕASDAQ қызметі бүкіл Европаны қамтиды, ал оның мүшелері Европа Одағының түрлі елдері. Европадан тыс мемлекеттерде бұл биржаға қатыса алаады. ЕASDAQ – дәстүрлі қор биржасына ұқсамайды, оның сауда алаңы жоқ, оның орнына электронды сауда жүйесі пайдаланылады. Бұл жердесатылатын кейбір акциялар NASDAQ биржасында да котировкаға ілігеді. ЕASDAQ – дің штаб-квартирасы Брюссель қаласында. Саудасының басталу мерзімі – 1996 жылдың қараша айы.

Бихевиоризм - экономикалық жүйедегі адамдардың немесе адам топтарының мінез-құлқын бақылау және эксперимент жасау әдісімен зерттейтін ғылыми бағыт. Бихевиористік ілім мәселе бойынша қабылданатын шешімге ықпал ететін экономикалық қызметтің, әдістердің, көзқарастарын және күтулердің психологиялық алғышарттарына талдау жасайды.

Болашақ пайданы дисконттау - инвестицияның балама нұсқаларын қарастыруда қолданылатын әдіс. Ол ақша қаражаттарының ағымдағы құнын есепке алып, жоспарланатын пайданы бағалауға мүмкіндік береді. Дисконттау операциясы, болашақта күтілетін пайданы өзінің ағымдық құнындағы баламасына келтіруге негізделген, яғни ағымдық уақыттағы пайыз қойылымын көрсететін коэффициент арқылы болашақтағы пайда соммасы азаяды.

Болашақ экономикалық тиім (тиімділік) - компанияға ақшалай қаржылардың және оның эквиваленттерінің келіп түсуіне тікелей, не жанама жағдай жасау мүмкіндігі. Мұндай потенциал компанияның негізгі қызметінің бір бөлігін құра отырып, өндірімді болуы мүмкін.

Бондтық қойма – баж салығын төлемей–ақ импорттық тауарларды сақтауға болатын, белгілі бір кеденге жататын қойма. Бондтық қоймадан тауарларды еліне жіберу кезінде баж салығын төлейді. Бондтық қоймада импорт тауарлардың сақтау мерзімі белгілі уақытпен қайыру. Сақтау мерзімі аяқталғанда тауарлар мемлекет табысына кіреді.

Бонустық жеңілдіктер - белгілі бір көлемде қайта сатып алғаны үшін тұрақты сатып алушылардың сатып алатын тауарларының бағасын 7-10 %-ға дейін сыйақылық төмендету.

Борттық белес – жүктердің бір қайықтан екінші қайыққа тиеу. Әдетте, чартерлерде жүк иесінің хұкығы бойынша порт қоймаларына кірмей-ақ тікелей лихтерларға тағайындалу туралы айтылады. Лихтерлар бортық асу кезінде кеме бортына жүкті қандай жылдамдықпен берсе, сондай жылдамдықпен жүкті алу және беру тиіс.

Борышқор – төлем қабілетсіздігі мен дәрменсіздігінің салдарынан банкротқа ұшырау процедурасын қолдануға немесе заңмен бекітілген тәртіпте соттан тыс процедуралар арқылы таратылуға тап болған заңды тұлға.

Борышқорды жоюдың (таратудың) соттан тыс процедуралары - төрелік сот қызметіне жүгінбестен, борышқор – кәсіпорынның өз қызметін әрі қарай жалғастыру немесе ерікті түрде тарату мәселелері бойынша берушілермен келіссөз жүргізу мүмкіндігі.

Борыштық бағалы қағаз бойынша сыйақы – шығарылу шартында купон төлемі қарастырылатын борыштық бағалы қағаздардың атаулы құны мен сатып алынған құны (купонды есептемегенде) немесе алғашқы орналастырылу құны (купонды есептемегенде) арасындағы айырма­шылық.

Борыштық бағалы қағаздар – займ қатынасын айғақтайтын қаржы құралы. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттік бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасы заңына сәйкес борыштық бағалы қағаздар ретінде танылған өзге де бағалы қағаздар жатады.

Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт – борыштық бағалы қағаздардың алғашқы орналастырылу құны (купонды есептемегенде) немесе сатып алынған құны (купонды есептемегенде) мен атаулы құны арасындағы айырмашылық.

Борыштық бағалы қағаздар бойынша купон– борыштық бағалы қағаздардың шығарылған шартына сәйкес эмитенттің борыштық бағалы қағаздардың атаулы құнынан жоғары төлейтін (төлемге жатқызылатын) сомасы.

Босалқыларды басқару - бұл өнімді үзіліссіз өндіруді қамтамасыз ету үшін қосалқыларды сатып алуды жоспарлау. Мұнда жоспарланған кезеңнің басындағы және соңындағы қосалқылардың деңгейін, сондай-ақ кәсіпорынның материалдарды қаншалықты етуін есепкеру қажет.

Бөлшек сауда - ақырғы тұтынушының өз игілігіне пайдалануы үшін бір-бірлеп немесе шағын мөлшерде сатып алуы.

Бөлшек сауда аудиті - бұл бөлшек сауда орындарында зерттелетін тауар тобы бойынша ассортимент, баға, дистрибъюция, жарнамалық ақпараттың деңгейін талдайтын зерттеудің әдісі.

Бөлшектеу – ақпарат бірлігінің құрылымына қолданылатын амалдың бірі. Ол ақпарат бірліктерін құрылымдары бойынша сәйкес келмейтін бөлімдерге бөлу әрекеті

Бракераж – белгіленген келісім-шарттардың немесе стандарттардың шарттары бойынша тауардың сапалылығы, оның қорабы мен хаттауына сәйкес келуін тексеру. Бракераж арнайы мемлекеттік ұйымдастырулармен немесе бракерлармен орындалады.

Бренд–менеджмент – ең басты және маңызды кәсіпорынның функциясы – сауда маркасын басқару. Кәсіпорынның бас функцияны жоғарғы және орта звенолардың менеджерлері (фирманың президенті, вице–президенті, маркетингтің бастығы және т.б.) жасайды. Бұл жетекшілер бір немесе бірнеше кәсіпорынның сауда маркаларынның тағдырын шешеді.

Бренд архитектурасы – брендтің әр түрлі бөлімдерінің арасындағы байланысты түбегейлі сипаттайтын компанияның құрылымы. Оның ішінде басты брендтің, екінші деңгейлі брендтің және тауарлардың (қызметтердің) арасында байланыс анық белгіленеді.

Бренд-менеджер – бір нақты сауда маркасына маркетингтік бағдарламасын еңгізетін және зерттеумен немесе бір марканың астындағы біраз мөлшерлік тауарларымен айналысатын қызметкер.

Брендинг - фирманың стилін және оның элементтерін құрастырумен бәсекелестерден өзгеше фирманың бірегей имиджін қалыптастыратын маркетингтік коммуникациялық жүйенің саласы.

Брендке қарай жұмсақтылығы - пайдаланушының брендке қарай тиянақты ұнамды қатынасы. Жұмсақтылықтың келесі түрлері айырады: 1) сатыпалушы – дегустатор (марканы тесттелеуі, татып көру келісімі, танысуы және марканы білеуі); 2) қанағаттанған сатыпалушы (марканы жақсы көретің және оның пайдаланудан қанағаттандыруны айырылатын тұтынушы); 3) сатыпалушы – насихатшы (марканың артықшылықтарды қорғаушы; өнімде толық сенушілікті білдіруі).

Брендтердің тарихы – есте сақталатын адамдардың қамқорлықтары, эмоциялары бар үлгілері, сонымен қатар болашақтын мүмкіншілігін көрсететін тарих. Брендтердің тарихы брендтің концепциясын кеңейтеді және тереңдетеді. Брендтердің тарихы – мақтаныш тұтатын, қызметкерлерді шабыттандыру және брендтің деңгейінде жұмыс істеуге көрсетіп өнеркәсәптің активі болады.

Брендтін ярлыгы- өнімнің атын атап жүретін қысқа есте сақтау фразасы. Брендті позициялау және жеңілдету үшін арналған.

Брендтің «денсаулығы» – брендтің нарықты жағдайы бойынша бағаланатын параметрлердің дәрежесі.

Брендтің абыройы – қоғамды ақпарат жолмен және пайдаланушылармен брендті тестілейтін, тұтынушылармен психологиялық брендті қабылдауын қалыптастырады. Бұл түсінікке айрықша жеке брендтің белгілері (мысалы, рақымды, мейірімді, қызық және қайратты) кіреді. Брендтің абырой тұжырымы ұстаным бренд тұжырымымен тығыс байланысты. Бренд абыройының айрықша пайдаланушылармен брендтің қабылдауын негізделетін болса, соңғысы, өз ұжымының брендтің ерекшеліктерін қалыптастыруын ұйғарады.

Брендтің аты – брендтің ауызшылық элементі, оның атауы. Брендтің ең маңызды атрибуттың бірі. Марканың атау процессін екі негізгі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – мақсаты аудиторияға берілетін жіберуіні анықтайтын процессі. Екінші кезең – коммерциялық атауы формасына жіберуінің аударымы.

Брендтің аудитті – нақты бір брендтің жан- жақты анығырақ зерттеуі. Брендтің аудитінің негізгі мақсатты – қандай қазіргі брендтің жағдайы нарықта және қандай тұтынушылардың пайдаланушылықтарды қанағаттандыруы брендтердің қабілеттілігі.

Брендтің бейнесі – тауар марканың қасиет өнімінің қабылдауы. Тауар және фирма туралы марканың құрастырушы немесе иесі пайдаланушыдан ойындарды жиынтығы талап ұйымдастыруы брендтің бейнесіне кіреді.

Брендтің болашағы – брендтің дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары, құндылығы – мақсаттары. Брендтің болашағы компанияның пайда болу мағынасымен байланысты және қандай ағымда даму етеді.

Брендтің имиджі – пайдаланушылармен қабылдау объектісі. Тұтынушыларда тауарға немесе қызметке ерекше ассоциациялардың жиынтығы және тұтынушының сезінушілікке сезімі және көз қарасы бар болуы.

Брендтің кеңеюі – басты брендпен байланысты емес тауар және қызмет көрсетуін кеңейтеді. Берілген брендтің атынан тауардың әр түрлі шығарылымын тауар ассортиментінің кеңеюі деп аталады. Сол брендтің атынан шығарылатын жаңа тауарлар брендтің кеңеюі делінеді. Жиі брендтің жетістік кеңеюінің Virgin мысал ретінде келтіреді.

Брендтің қатынасы - пайдаланушыдан пайдаланушыға өнім сапасы тұралы өзге немесе басқа техникалық амалмен және таңба жүйесін пайдаланып мәлімет беру. Сауда марканың тұтынушыға әсер ететің брендтің қатынасы жүйесінің элеметтері: кейіпкер немесе жарнама бейнесі, марканың беті, тұтынушының моделі, орындалатын элеметтері, нышаны, стилі және брендтің мифі. Қатынасының формалары: жарнаманың хабарландыруы, PR – акциялары, өтім және рәсім ынталандыратын ағымдары.

Брендтің құңдылығы – пайдаланушы маркамен байланыстыратын функционалдық, жекелік және әлеуметтік құңдылығының жиынтығы. Бұл капитал марканың қайнары, қажеті ұжымға. Брендтің құңдылығының құрамы: брендтің атағы, сапасы, брендке жұмсақтылығы, бақталас артылығы.

Брендтің мақсаты – брендті өндірушілердіңің қалай қабылдайтындығының мағынасының бар болуы. Брендтің мақсатына кіреді: тауарды теңестіру қабілетті (бір тауарды басқа тауардан айыру); сатышуға тұтынушының ілтипатты қатыстыру, олардың тауарға, фирмаға қатынасы өзгеру және құру мүмкіндік беруі; жабдықтаушыға нарықты сегменттеу рұқсат беруі; корпоративтік имиджін қорғау көмектесуі.

Брендтің міндеттемесі – берілген брендпен байланысты, белгілі пайданы және құңдылықты компания беруді жалғастыруы туралы, айқын және жасырын компания мен пайдаланушының арасында келісім.

Брендтің өзектілігі – марканың қажетті және талапты болудың қасиеті, пайдаланушының мүдде және сауал брендтің сәйкес дәрежесі. Брендтің ұсынуы маңызды және қажетті болса, оның орыны жетістігі болады.

Брендтің салмағы – брендтің өз тауарлық дәрежеге шен ықпал етуі. Брендтің әсер етуі тұтынушылардың пайдаланушылықтарды қанағаттандыру, брендке жұмсақтылығы, уәде және уәдені растауы арқылы іске асырылады.

Брендтің стратегиясы – маркетинг саясат ұжымның шегінде ұзақ мерзімді жоспар брендті пайдалануы. Брендтің стратегиясын таңдап алғанда, ұжым өз мақсат нарығын анықтайды. Қазіргі брендингтің саласында екі түрі стратегиялары айырады: Branded House (компания - бренд) және House of Brands (брендтерлердің компаниясы).

Брендтің тереңділігі – пайдаланушының берілген маркаға жұмсақтылығының дәрежесі. Жұмсақтылығы іске асырады, егер тұтынушы бірнеше шарттарды орындалады: 1) осы брендке қатынасы болу керек; 2) өнімді қайтадан сатып алу мүддесі болу керек; 3) бәсекелес әрекетерге сезімділіксіз пайдаланушы болу керек; 4) эмоциялық сезімдері рационалдық сезімнен жоғары болу керек.

Брендтің уәдесі – пайдаланушыларға брендтің атынан берілген уәдесінің пайдасы және артылықшылығы. Брендтің уәдесі фирма тұтынушыға, мысалы, жарнамада беріледі. Белгілі сапасы дәрежесімен және белгілі өнімнің қасиеттер мен уәдесі байланысты. Өкінішке орай, фирманың уәдесі шындықпен сирек түйісіледі.

Брендтің ұқсастыруы – негізгі сипаттамаларды, брендтің құндылықтарды беру және білдіру концепциясы. Брендтің ұқсастыруы келесі кезеңдер бойынша іске асырады: 1) брендтің физикалық сипаттамалары; 2) өнім жарнаманың, тұтынушылардың әсерінен ықпал ететің брендтің персонификация қалыптасуы; 3) брендтің мәдениеті; 4) брендтің және пайдаланушының қарым – қатынасы; 5) пайдаланушының имиджінің бейнесі; 5) өзін туралы ойы (пайдаланушы туралы).

Брендтің ұстанымы – брендтің бәсекелестік артықшылықтарын анықтауы және мақсатты нарыққа оның арнауы нақты қалыптасуы, брендтің ұқсас бәсекелестерін қатынас бойынша брендтің орны анықтама процессі. Брендтің ұстанымы үш сұрақтарға жауап береді: немен ұжым айналысады, қандай оның артықшылықтары және немен тауардың немесе қызметтің айырмашылығы.

Брендтің үлесі - барлық сатылымдарға тауарлық дәрежеде берілген қатынасы бойынша брендтің сатудың нарықты үлесі. Әдетте, жалпы сатып алудан қаржы және пайыз білдіруімен өлшенеді.

Букинг- нот – желілік қатынаста теңіз тасымалдау жүктерді келісім-шарттың түрі. Балтика және халықаралық теңіз кеңестің кепілдеме бойынша букинг нотқа келесі тасымалдаудың негізгі шарттары кіреді: тасымалдаушының, жүк иесінің, қайықтың аттары, жүктің саны және түрі, жүктің орналасуы, жіберу және жағайындау пунктері, фрахтың мөлшесі және коносаментің түрі. Букинг - нот бірақ жіберуіне және үлкен жүк партиясына қорытынды жасайды. Букинг – нот екі жақ келісім-шарт түрінде рәсімделеді.

Букинг бет – кемеге жүктеуге тиісті болатын, жүк туралы мәліметтер бар құжат. Букинг бетте жүктің хаттау, оның салмағы және көлемі, орауының түрі және жүктің орналысуы қайықта нұсқаулар әдетте болады.

Бұйрық - мекеменің күнделікті негізгі мәселелерін (әкімшілік, жеке құрамға қатысты т.с.с) шешу үшін жетекшісінің ықпалымен шығатын құқытық акті. Бұл құжат өзінің заңдылық күшіне қол қойылып, тіркелегннен кейін кіреді.

«Бұқалар» - биржалық ойыншыларды (маклерлер) белгілейтін, бағалы қағаздар мен валюталар бағамының өсуін құрайтын және жасанды ұстап тұратын, немесе бағалардың өсуін күтуде тауарларды, бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алатын инвесторлардың жаргондық айтылуы. «Бұқалар» лақап аты мұндай ойыншылардың бағаны жоғары «мүйізге» көтеруге ұмтылуын бейнелейді.

Бірегей қаржылық есеп беру - бір басқару тобына кіретін компаниялар бойынша мәліметтері біріктірілген қаржылық есеп беру. Ішкі шаруашылық операциялар, оның ішінде қалдықтар, табыстар мен зияндар бірегей қаржылық есеп беруге жатқызылмайды.

Бірлескен ақпараттық желі – Халықаралық Ғылыми және Техникалық Ақпарат Орталығының күшімен құрылған халықаралық виртуальді желі. Онда қоғамдағы әр салаларға қажетті жан-жақты ақпарат көздері беріліп, кеңес беру қызметтері көрсетіледі

Бірлескен брендинг - бір немесе үш тәуелсіз жаңа тауарға және қызметке жәрдем беруге әрекет бірлестіретің әр түрлі компанияларға жататын екі немесе үш тәуелсіз қайратты брендтерлері. Бірлескен брендинг брендтің ықпал ететің саланы кеңеюге, брендтің абыройы жақсарту, масштаб өндірудің нәтижесіні қамтамасыз ету және жаңа технологияларды рационалдық астам пайдалану рұқсат береді.

Бірлескен кәсіпорын - бірлесіп басқарудың және шаруашылық есеп негізінде екі немесе одан да көп елдердің арасында өнеркәсіпте, саудада, ғылыми-техникалық және қызмет көрсету сфераларында құрылатын кәсіпорын.

Бірлескен қаржыландыру - дамушы елдерді халықаралық несиелеудің нысаны, оның барысында бірнеше мемлекет немесе жеке мекемелер бірігіп, ірі, әсіресе инфрақұрылым саласындағы жобаларды несиелеу мақсатында бірлесіп жұмыс жасайды.

Бірлестік бренді – компанияның шығарылатын өнім қасиетінің тепе – теңдігінің белгісі. Тауардың өндірушіні немесе тауардың жабдықтаушыны ол анық және нақты белгілейді. Бұл сатып алушыларға қажетті ақпаратты ұсынады. Белгілі құндылықтардың құрамын пайдаланушыға табыс етуге бірлестік брендтің негізгі функцияға жатпайды. Оның міндеті – ақпарат және бүкіл сенім арту.

Бірлестік(Инкорпорация) - АҚШ-та, нәтижесінде компания корпорация атынан шығуға рұқсат беретін штаттың мемлекеттік органының шешімін алатын процес (үрдіс). Корпорацияның тағайындалуы компанияның ресми атауынан «инкорпорейтед» (Incorporated), «инк.» (Inc.) сөздерімен немесе басқа тәсілмен көрініс табуы қажет.

Бірыңғайланған (унификацияланған) құжаттар жүйесі – ереже және арнайы талаптар бойынша құрастырылған, нақты бір саланы басқаруға қатысты қажетті ақпараты бар, бірыңғайланған (унификацияланған) құжаттама жүйесі. Құжаттарды бірығайлау (унификациялау) ұйымдардағы, мекемедегі, өндіріс саласындағы мекемелердің атқаратын жұмыс барысында артық құжаттардың айналымда болмауын, осыған сәйкес олардың санын қысқарту, оларға материалдық және уақыт шығынын болдыртпауды қадағалау, дайындауды және өңдеуді жеңілдету, автоматтық жүйеде ақпараттық байланыстың және сәйкестігі болуы үшін жүргізіледі.

Бірігу - екі компанияның қосылуы, бұл жағдайда екі компания да өз қызметін тоқтатып, жаңа компания пайда болады. Немесе біреуі өз қызметін жалғастырып, ал екіншісі тоқтатады. Қызметі тоқтаған компанияның акциялары жаңа немесе компанияның сақталған акцияларын иеленеді.

Бэк-тестинг – инвестордың қолданатын үлгілерінің адекваттылығын тексеру іс-жосығы. Жағымсыз әсерлерді қысқарту үшін қажет. Оның мәні келесіде, институционалды инвестор сәйкестендірілген үлгілерді қолдану кезінде алынған көрсеткіштерді бағалы қағаздар қоржынын басқарудың тиімділігінің нақты көрсеткіштерімен ауқын-ауқын салыстыру керектігінде. Егер де салыстырмалы көрсеткіштер бір-біріне жақын келсе, онда қолданылып отырған үлгі дұрыс. Егер де керісінше болса, онда үлгінің сапасы туралы немесе тестілеу әдісін қолданудың дұрыстылығы туралы сұрақтар туады, ол сәйкестендірілген түзетулер енгізуді қажет ететін.

Бюджет – мемлекеттік билік органдарының функцияларын қамтамасыз ету үшін қажет ақша қаражаттарының құралу және жұмсалу нысаны.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыз қаражатының және қаржы жылының басындағы бюджет қаражаты бос қалдықтарының бюджетке түсетін түсімдерінің негізгі борыш сомасын шегергендегі көлемі.

Бюджетаралық қатынастар – бюджет үдерісіндегі жоғары және төмен тұрған бюджеттердің арасындағы қатынастар; бюджет саясаты аясындағы мемлекеттік билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасында қалыптасатын қатынастар.

Бюджеттік жіктеу - барлық деңгейдегі бюджеттердің табыстары мен шығыстарын, сонымен қатар бюджет жүйесінің барлық деңгейіндегі бюджеттік көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсатында осы бюджеттердің тапшылығын қаржыландыру көздерін біртұтас топтастыру.

Бюджеттік рәсім – мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, оның атқарылуын бақылау және бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөніндегі құқықтық нормалармен белгіленген қызметі.

Бюрократия - айырықша функциялар мен жеңілдіктер берілген, халықтан бөлек және оның үстінен қарайтын, ерекше аппараттың көмегімен жүзеге асырылатын қоғамды басқару жүйесі.
В



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет