Менеджер сөздігі русско-английский и



бет16/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

Валоризация - 1) ұлттық валютаның бағамын өсіру бойынша мемлекеттік шаралардың жүйесі – қағаз ақшалардың (құн белгілері, айналымдағы толыққұнды ақшаларды ауыстыратын және өз құны болмайтын, яғни мемлекеттің өз шығындарын жабу үшін шығарған және металлға ауыстырылмайтын), бағалы қағаздардың (ақшалай және тауарлық құжаттар, оларға ортақ белгілеріне қарай топтастырылатын, әсіресе – оларда көрсетілген мүліктік құқықтарды өткізу кезінде ұсыну қажеттілігімен) немесе тауарлардың бағалары (мысалы, нарықтық ұсынысты қысқарту жолымен); 2) мемлекеттің қатысуымен тұрақтандыру мақсатында биржалардың, картельдердің тауарлардың немесе валютаның құндарын жасанды ұстап тұру.


Валюта айырбасының нарықтық бағамы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірігіп белгілеген тәртіпте анықталатын және Қазақстан қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасатын теңгенің шетелдік валютағы шаққан­дағы орташа өлшемді биржа бағамы; теңгенің шетелдік валютаға баға­мы. Ол бойынша Қазақстан қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісімен бірігіп белгілеген тәртіпте кросс-бағамды пайдалану арқылы есептеледі;

Валюта дилингі - табыс түсіру мақсатымен қандай да қаржы құралдарын (шетел валюталары, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары – деривативтерді) сату-сатып алумен айналысатын жеке және заңды тұлғаның әрекеті.

Валюталы опцион – келісімшарт. Кейбір уақыт ағымында көрсетілген баға бойынша шетелдік валютаның белгілі мөлшерін сатуға немесе сатып алуға қатысушының біріне берілетін құқық (бірақ міндеттеме емес).

Валюталық интервенция - шетел валютасын сату-сатып алу жолымен ұлттық валютаның бағамына ұлттық банктің тигізетін әсері. Валюталық саясаттың бір түрі. Валюталық интервенцияның айрықшалану белгілері – салыстырмалы үлкен масштабтар мен жүргізудің қысқа кезеңі. Валюталық интервенция үшін құралдардың көздері – ресми валюталық резервтер мен орталық банктер арасындағы своп келісімі бойынша несиелер.

Валюталық саясат - елдің халықаралық есеп айырысу сферасын реттеуге және оның ұлттық валютаны қолдауға бағытталған мемлекеттің сыртқыэкономикалық саясатының құрамдас бөлігі. Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығына жетуді және ішкіэкономикалық қызмет ауданында шараларды қарастыратын ішкі экономика ауданындағы шараларды енгізеді. Ішкі шаралар ақша массаларының айналымын реттеумен және дисконттық саясаттың жүргізілуімен және елге және елден қысқа мерзімді несиелердің қозғалысына байланысты.

Валюталық тәуекел валюта бағамдарының жағымсыз өзгеруі нәтижесінде шығындарға ұшырау тәуекелі. Ол валюталық нарықтардағы анықсыздық деңгейімен, қаржылық жоғалымдармен шартталған, сондықтан да инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде міндетті түрде есепке алынатын маңызды элемент болып табылады. Ұлттық валюта қатынасы бойынша шетелдік валюталар бағамының өзгеруіне байланысты валюталық жоғалтулар қауіпі.

Валюталық тепе-теңдік - валюталық бағамның негізі болып табылатын екі валютаның заңды түрде және үкімет аралық деңгейде орнықтырылатын арақатынасы; тепе-теңдіктен ауытқитын валюта бағамының негізі болып табылады. 1978 жылға дейін валютаның алтындық мазмұнымен анықталды. Ямайлық валюталық жүйенің енгізілуімен Халықаралық валюталық Қордың жарғысымен валюталық тепе-теңдікті ААҚ – арнайы қарыз алу құқығы негізінде белгілеуді қарастырады.

Валюталық тосқауыл - халықаралық құқықпен сәйкестендірілмейтін немесе оларды белгілі бір талаптарды орындауға итермелеу мақсатымен басқа елдермен қатынасы бойынша халықаралық бірлестікпен, мемлекетпен немесе мемлекеттер тобымен енгізілген қандай да бір елдің валюталық операцияларын жүргізуге қойған шектеулері немесе тыйым салуы. Соғысушы елдермен немесе терең саяси түсінбеушіліктері бар елдер тобымен енгізіледі. Бұл – мемлекетке қолданылатын экономикалық санкциялардың құрамдас бөлігі. Елдің валюталық тылын енгізу үшін қолданылатын құралдарға жататындар: оның шоттарын шетел банктерінде тоқтату, валюталық шектеулердің енгізілуі, не халықаралық есеп айырысуда оның валютасына тыйым салу, сондай-ақ несиелік блокаданы жатқызуға болады.

Валюталық түсім - тауарлар мен қызметтер экспорты нәтижесінде, сондай-ақ шетелдік несиелер түріндегі алынған шетел валюталары. Валюталық түсімдер пайдалану тәртібі ұлттық заңдармен анықталады және елде жүргізілетін валюталық саясатқа байланысты.

Валюталық шектеу - заңды және әкімшілік тәртіпте белгіленген валютамен, алтынмен және валюталық құндылықтармен операцияларды шектеуге бағытталған шаралардың жиынтығы. Валюталық саясаттың бір түрі. Валюталық щектеулер мемлекеттің валюталық заңдылықтарымен бекітіледі, ең бастысы ХВҚ арқылы халықаралық реттеудің объектісі ретінде қызмет етеді. Валюталық шектеулердің мақсаттары: төлем балансының тепе-теңдігіне жету және тауарлар мен қызметтер импортын ұстап тұру, капиталдар экспортын және шетел валютасындағы басқа да шығындарды төмендету есебінен ұлттық валютаның бағамын тұрақтандыру; мемлекеттік тапсырмаларды шешу үшін валюталық құндылықтарды концентрациялау. Валюталық шектеулердің негізгі нысандары: шетел валюталарын еркін сату мен сатып алуға тыйым салу; валюталық түсімдерді мемлекетке ресми бағам бойынша ұлттық валютаға айырбастауда міндетті өткізу; шетелге шығатын туристер мен импорттаушыларға шетел валютасын сатуды шектеу; тауарлар мен қызметтер экспорты мен импорты бойынша төлемдердің мерзімдерін реттеу; валюталық бағамдардың көптілігі; валюталық құнджылықтардың кіргізілуін шектеу; халықаралық несие-қаржылық операциялардың лицензиялануы, сыртқы қарыздың толығымен немесе біртіндеп тоқтатылуы.

Варрант - 1) тауар иесіне өзінің тауарын қоймаға өткізген кездегі беретін құжаты. 2) айналымға шыққанға дейін номиналы бойынша бағалы қағаздар пакетін сатып алу мүмкіндігін қарастыратын сертификат түрі. Варранттың ерекшелігі сертификатты алу мен бағалы қағаздарды сатып алу арасындағы мерзім айырмашылығы балып табылады. Варрант бағасы – берілген бағалы қағаздардың бағамдық құнының болжамынан шығатын деңгей. Баға немесе премия варрантты сатып лаған кезде бірден төленеді, ал бағалы қағаздарға төлем оларды алу кезінде жасалады. Бағалы қағаздарды сатып алудан бас тартуға болады, бірақ бұл кезде төлемшіге премия қайтарылмайды. Варранттың келесідей түрлері бар: мерзімсіз, валюталық, жазылымды, қауіпсіз.

Варрант–тауарлы – тәртіптік мінез демесі бар, екі бөлімнен тұратын (қоймалық куәлігі және кепілдік куәлігі) арнайы қоймалық куәлік. Қоймалау тауардың құқық иелігі басқа ұстауышыға мүмкін алып беріледі.

Вексель - ақшалай міндеттемелерді қамтитын коммерциялық құнды қағаз. Вексель жай (ordinary bill, note of hand, promissory note) және ауыстыру (bill of exchange, draft) болып бөлінуі мүмкін. Вексельді индоссамент арқылы берілуі мүмкін.

Венчурлы қаржыландыру - 1950 -60 жылдары Американың Нью-Йорк қаласында банк қызметкері Артур Роктың идеясының негізінде венчурлы қаржыландыру деген ұғым пайда пайда болды. Бұл қаржыландыру шағын инновациялық бизнесті қолдауға дамытуға арналған еді. Қазіргі күні ол жеке венчурлы кәсіпкерлікке айналды. Бұл кәсіпкерлік екі түрлі бизнестің қосындысы: бірі қаржы екіншісі инновациялық бизнес. Венчурлы бизнестің негізгі субъектілері мыналар: қаржы акцепторлары – венчурлы кампаниялар және жаңа бастаушы кәсіпкерлер; қаржы донарлары – жеке тұлғалар, бизнес-періштелер және маменданған қорлар; қаржы және ақпарат делдалдары. Венчур деген сөздің өзі риск яғни тәуекел деген мағынаны білдіреді. Бұл бір жағынан өте тәуекелге жақын , ал бір жағынан жоғары пайдалы кәсіпкерлік дегенді білдіреді. Венчурлы қаржыландыру ол ұзақ мерзімді жоғарғы тәекелді қаржыландыру яғни 5 -7 жылға дейін созылатын. Ол жаңа пайда болған шағын инновациялық кәсіпорынның акционерлік капиталын қалыптастыратын немесе бұрынан белгілі венчурлы компанияның капиталына айналатын қаржы құралы.

Венчурлық капитал - дегеніміз тәуекелге жақын бизнеспен айналысатын жоғары технолгиялы компанияларға берілетін қаражат. Венчурлы капиталдың қайнар көздері: биресми сектор; ресми сектор. Биресми сектор қатарына мынадай институттардың қаржылар жатады: кәсіпкердің жеке қаражаттары; достарының, туыстарының қаражаттары; гранттар; меценаттардың сыйлығы; спонсорлардың қаржысы; бизнес инкубаторлар қаржысы; бизнес періштелердің қаржысы. Ресми сектордың қаржысын мынадай институттар қалыптастырады: венчурлы капитал; ғылыми –техникалық зеріттеу саласындағы инновациялық шағын кәсіпорындарды қолдауға арналған қор қаржысы; инвестициялық қорлар қаржысы; қаржылық емес корпорациялар; өндірістік-қаржы топтарының қаржысы; бнктер.

Венчурлық қор – венчурлік инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға қуру арқылы немесе құрмай-ақ жеке және заңды тұлғалар капиталының шоғырлануын атайды. Венчурлік қорлар – венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасау мен коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. енчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.

Виоленттік күш стратегиясы - нарықта массалық өндіріспен айналысатын ірі фирмалар көптеген шағын фирмалармен салыстыранда біршама артықшылыққа ие. Мәселен ірі компаниялардың қаржы, еңбек, шикізат т.б ресурстық мүмкіншілігі зор болғандықтан олар масштабты иннновациялық проекттерді тиімді жүзеге асыра алады. Бұл компаниялар рынокта бәсеке күші мен инновациялық алдыңғы позицияға ие болғандықтан оларды виолент күш стратегиясын қолданушылар деп атайды. Виоленттер әдетте ірі көлемді, көптеген филиалдары мен бөлімшелері бар ассортименті кең және массалық өнім өндіруші болып келеді. Инновациялық өнімдері әдетте рыноктағы өнімнің модификация мен жақсарту қасиетімен ерекшеленіп, халыққа тиімді бағамен сатылатын массалық өнім қатарына жатады.

Виртуальді желі – ақпаратты электрондық ортада, серверлер және маршрутизаторлар (жол сілтеуші) арқылы жеткізуші қисынды (логикалық) желі. Ол қолданушыға бөлек желі ретінде беріледі.

Волатильділік – соңғы 12 ай ішінде бағалардың тәртібі туралы күнделікті деректер негізінде алынатын акция бағаларының төмен немесе жоғары қозғалуының тенденциясын көрсететін көрсеткіш. Неғұрлым жоғары өзгеріске түсетін акциялар төмен өзгерушілікке түсетін акцияларға қарағанда, бағада үлкен ауытқулар көрсету тенденциясына икемді. 20% мөлшеріндегі өзгерушілік соңғы 12 айдың ішінде осы кезеңде акцияның саудалық белсенділігін шамамен 20%-ға жоғары және төмен ауытқытқанын білдіреді.

Каталог: content -> files -> scipublications -> annotations
annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет