Менеджер сөздігі русско-английский и


Құжаттардың құндылығын сараптау



бет14/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

Құжаттардың құндылығын сараптау


Экспертная комиссия

Expertise committee

Сараптаушы комиссия


Экспертная система

Expert system

Сараптау жүйесі

Экспертный совет

Advisory council

Эксперттік кеңес

Эксплерентная (пионерская) стратегия

Pioneer strategy

Эксплеренттер стратегиясы

Экспорт

Export

Экспорт

Экспортный маркетинг

Export marketing

Экспорттық маркетинг


Экспресс анализ

Express analysis

Экспресс талдау

Экстремизм

Extremism

Экстремизм

Электронный магазин

Electronic shop

Электронды дүкен

Электронная почта

Electronic mail

Электрондық пошта

Электронная цифровая подпись налогоплательщика

Electronic digital Signature of taxpayer

Салық төлеушінің электронды-цифрлы қолтаңбасы

Электронное издание

Electronic edition

Электрондық басылым

Электронные банковские операции

Electronic banking

Электрондық банктік амалдар

Электронный бизнес

Electron business

Электрондық бизнес

Электронный документ

Electronic document

Электрондық құжат

Электронный документ налогоплательщика

Electronic document of taxpayer

Салық төлеушінің электрондық құжаты

Эмбарго

Embargo

Эмбарго

Энергетическое хозяйство

Energy economy

Энергетикалық шаруашылық

Эталонный показатель

Benchmark

Эталонды көрсеткіш

Этап обеспечении ликвидности венчурных компании

Stage of liquidity support of venture company

Компанияның өтімділігін қамтамасыз ету кезеңі

Этика международного бизнеса

Ethics of international business

Халықаралық бизнес этикасы

Этикетка

Label

Этикетка

Этноцентрическая ориентация международных компаний

Ethnocentrically orientation of international company

Халықаралық компаниялардың этноцентрлі бағыттары


Эффект края

Primacy effect

Қыр әсері

Эффективность

Effectiveness

Тиімділік

Эффективность производства

Effectiveness of production

Өндіріс тиімділігі

Ю

Юридическая сила документа

Judicial power of documents

Құжаттың заңдылық күші


Юридическое лицо

Legal entity

Заңды тұлға

Я

Ярлык бренда

Brand’s label

Брендтің ярлыгы

Ярмарка

Fair

Жәрмеңке


ҚАЗАҚША

МЕНЕДЖЕР

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ
2 БӨЛІМ

казахский

ТОЛКОВЫЙ словарь

менеджера
ЧАСТЬ 2

А
Абоненттік жүйе – ақпараттық желіде ақпаратты жеткізіп беретін немесе оны тұтынатын жүйе және ол қолданушы мен ақпараттық желіні өзара байланыстырады. Оның арнайы және әмбебап түрлері болады.

Абсолютті жойылу коэффициенті – кәсіпорынның өтімділігінің ең қатаң көрсеткіші және қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерін дер кезде өтеу мүмкіншілігін көрсетеді.

Абсолютті өтімділік коэффициенті - ағымдағы міндеттерге компанияның ең өтімді активтерінің (ақша қаражаттары мен өтімді бағалы қағаздар) қатынасы ретінде есептеледі. Жақын арада кәсіпорынның қысқа мерзімді қарызының қай бөлігін өтей алатындығын көрсетеді. Бұл коэффициенттің нормативтік мәні 0,2-ден 0,5-ке дейінгі аралықта болады.

Автократия – бір тұлғаның шексіз, бақылаусыз толық билікке ие бола басқару нысаны (империя, шексіз монархия және т.б.).

Автоматтандыру – бұл өнім өндіру, қызмет көрсету, қуатты, материалдарды, ақпараттарды жіберу және пайдалану процестерінде адамдарды жұмыстардан толық немесе жартылай босатуға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды, экономикалық-математикалық әдістерді және басқару жүйелерін пайдалану.

Автоматты тұрақтандырғыштар – үкімет тарапынан ешқандай әсер етпей, экономиканының циклдық ауытқу амплитудасын кемітетін экономикалық тәуелділік. Мысалы, прогрессивтік табыс салығы қор жинауды ынталандыра отырып, жиынтық сұраныстағы сыртқы өзгерісті ұлғайтататын мультипликатор деңгейін төмендетеді.

Агент - тауарды меншіктену құқығын сатып алмайтын сатушы мен сатып алушы арасындағы сауда келіссөз жүргізетін жеке немесе заңды тұлға.

Агенттік - 1) кәсіпорынның ісін белгілі бір аймақта жүргізуші немесе тапсырмаларын орындаушы өкілдігі; 2) белгілі бір мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік міндетті орындаушы мекеме.

Агенттік келісім – сенімхат бойынша принципал атынан операцияны жүзеге асыратын, принципал атынан және оның мүддесіне белгілі бір міндетті орындау туралы жеке және заңды тұлғамен келісім-шартқа отыру түрі.

Агенттік операция - принципал атынан және шоты үшін басқа тарапқа қарамастан бір жақтың тапсырмасы бойынша ескертілген территорияда тауарды сату және сатып алу мен байланысты заңды және нақты әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Ағымдағы активтер - өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар, шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер.

Ағымдағы ақпарат – объектінің қызметін ағымдағы уақыт мезетінде бейнелейтін, өңделмеген, бастапқы ақпарат.

Ағымдағы бақылау - ағымдағы бақылау жұмыс процессі жүріп жатқан кезде жүргізіледі. Бұл бақылаудың нысанасы ретінде бағынушы қызметкерлер қарастырылады. Бағынушылардың жұмысын әрдайым тексеріп отыру жұмысты одан әрі тереңірек зерттеп жетілдіру үшін пайда болып отыратын мәселелер мен ұсыныстарға талдау жасап отырып, белгіленген жоспарлар мен ережелерден ауытқу мүмкіндігін толығымен жоюға болады.

Ағымдағы өтеу коэффициенті – барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті – қысқа мерзімді өтімділікті өлшеу құралы, ағымдағы активтерді ағымдағы міндеттемелерге бөлу арқылы есептеледі.

Ағымдағы пассивтердің айналымдылық коэффициенті - кәсіпорынның ағымдағы пассивтерінің қандай да бір кезеңдегі орташа шамасының қызмет көрсету, жұмыстарды атқару және өнімді өткізуден түсетін түсіміне қатынасы.

Ағымдағы табыстар – салықтық түсімдер, ресми алынған трансферттерден, жерді, материалдық емес активтерді, мемлекеттік тауар запастарын, негізгі қорларды сатудан түскен түсімдерден басқа қайтарымсыз түсімдер немесе мемлекеттік емес көздерден алынған күрделі трансферттер.

Ағымдағы шығындар - күрделі трансферттер және жерді, материалдық емес активтерді, мемлекеттік стратегиялық және төтенше запастарды немесе әскери емес мақсатта ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды алуға кеткен шығындар. Ағымдағы шығындар әдетте, бюджеттің ағымдағы шотында немесе жеке бөлімінде көрсетіледі яғни ағымдағы шығындардың дербес бюджеті. Демек ағымдағы бюджет ретінде қарастырылады.

Ағымдық қор - өндірісті екі кезекті материалдар жеткізулердің аралығында қажетті материалдық ресурстармен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында қалыптасады. Кейбір кәсіпорындарда дайындаушы және сақтандыру өндірістік қорлары жоспарланады.

Ағымдық шығындар бұл кәсіпорынның барлық шығындарының ішінде елеулі үлес алатын, өнімдерді өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындар. Олар өнімді өндіру процесінде негізгі қорларды, шикізатты, материалдарды, жинақтаушы бұйымдарды, отын мен энергияны, еңбекті және басқа да шығындарды пайдаланумен байланысты шығындардан тұрады.

Адам - басты экономикалық ресурс, себебі адамдар экономиканың негізгі құралы, не еңбек, жұмыс күші. Адам – экономиканың мақсатын көрсетеді, өйткені экономика адам өмірін қамтамасыз ету үшін әрекет етеді. Адам экономиканың бөлігі ретінде және оған қатысушы. Бір жағынан, бұл тікелей заттарды, өнімдерді, игіліктерді, қызметтерді жасауға қатысатын адам-өндіруші. Басқа жағынан қарасақ, ол өндірушілермен алынған, шығарылған барлық заттарды қолданушы, пайдаланушы адам-тұтынушы. Сондай-ақ, адам экономикада тағы да бір рөлді атқарады. Ол басқарушы қызметін атқара отырып, өндірушілер мен тұтынушылар әрекеттерін үйлестіруге, сәйкестендіруге ұмтылады. Әйгілі шартталу дәрежесімен басқаруды ақпараттарды өндіру, басқарушылық шешімдерді жасаушыретінде мінездеуге болады және осыған орай басқарушыларды да өндірушілерге жатқызамыз. Бірақта, бұл экономикалық қызметті өндірістік қызметпен теңестірмей, ерекше қызмет ретінде қарастыру керек.

Адам ресурстары - «еңбек ресурстары» және «персоналға» қарағанда кең ұғым, адамдардың (ұйым қызметкерлерінің) білімі, мамандығы және кәсіптік біліктілігі ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік-мәдени сипаттамалары мен тұлғалық-психологиялық қасиеттерін қамтиды.

Адамдық қатынастар мектебі (1930-1950 жж.) – фирма мен оның жұмыскерлерінің мақсаттарын келістірудің маңыздылығын атап көрсететін, коммерциялық кәсіпорындарда «адамдық қарым-қатынастарды» зерттеумен айналысатын және жұмысшылар мен фирма мақсатын сәйкестендіретін мектептің бірі.

Адвалорлық баж – салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелетiн баж. Мысалы, кедендік құннан 20%. Адвалорлық баждар көбіне бір тауар тобына кіретін, бірақ сапалық сипатамасы әртүрлі тауарларға қолданылады.

Аддитивті модель - мұнда факторлар алгебралық суммалар түрінде көрінеді. Бұған мысал ретінде белгілі тауар балансы моделін көрсетуге болады: Ж=Ақ+Тк-Сқ-Шт; Ж-жүзеге асыру, Ақ-алғашқы кезеңге арналған қорлар, Тк-тауарлардың келуі, Сқ-соңғы кезеңге арналған қорлар, Шт-әртүрлі шығып қалған тауарлар.

Адрестік қабылдаушы – 1) жіберілген құжатты қабылдаушы тұлға; 2) құжатты қабылдаушы жақтың атауы және пошталық мәліметі көрсетілген құжат деректемесі. Құжаттар ұйымдарға, оның құрылымдық бөліміне не болмаса нақты лауазым иесіне арналып жіберіледі. Құжатта төрт адрестік қабылдаушыдан артық болмауы керек. Пошталық адрес байланыс жүйесінің талаптарына сәйкес толтырылады.

Ажио - көрсетеді: 1) ұлттық валютада ақша қаражаттарымен көрінетін алтынның нарықтық бағасының көтерілуі жағына ауытқуы; 2) алтын бағасына үстеме; 3) ақша белгілерінің, векселдер мен бағалы қағаздардың нарықтық құндарының олардың нақты құнымен салыстырғанда көтерілуі; 4) несиелік банктік пайыздық ставканың депозиттік пайыздық ставкадан жоғарылауы есебінен айырмашылық; 5) «ажио» термині сонымен қатар бір фирманың басқа фирмаға ақша аударғаны үшін банктің немесе басқа да қаржылық бөлімшелердің алатын төлемі, комиссия дегенді білдіреді, мысалы, тиындарды банкноттарға немесе бір валютаны басқа валютаға ауыстыруға. Ажио банк билеттерінде, тиындарда, қағаз ақшаларда, құнды қағаздарда белгіленген нақты құнына, номиналына пайызбен аударылады.

Аида - (ағылшын тілінен аударғанда- көңіл, қызығушылық, қалау, іс-әрекет) 1986 ж. Э.Левис ұсынған жарнамалық хабарламаның ең көп танымал түрі.

Аймақтау - бұл құқықтық құрал, яғни территорияның ауданын және әр түрлі жер телімдерінде құрылыстар тығыздығын шектейді. Кейбір нарықтарда бұл бағаның аймақтау нормаларымен рұқсат етілген құрылыстардың максималды тығыздығы негізінде қайта құруға алып келеді.

Айналым активі - есептік (қаржылық) жыл ішінде бір реттен кем емес айналатын және ағымдағы айналымға қатысушы есеп-айырысу қаражаттары, ақша қаражаттары және кәсіпорындар мен ұйымдардың мүліктерінң өзге құндылықтары.

Айналымды бағалы қағаз - бағалы қағаздардың басқа түріне айырбастала алатын кез келген бағалы қағаз. Мысалы, айналымды облигациялар бекітілген бағам бойынша дәл осы корпорацияның акцияларына айырбастала алады. Бұл жағдайда айырбас бағамы айналым коэффициенті деп аталады.

Айналымдық сақина – жүйелер тобындағы белгілерді тізбекті түрде беруді қамтамасыздандыратын сақина түріндегі арна.

Айналымнан тыс активтер – шаруашылық қаражаттарының айналымнан алынған кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаттары. Айналымнан тыс активтерге материалдық, материалдық емес және қаржылық сипаттағы активтер, яғни ұзақ мерзімге (1 жылдан жоғары) пайдалануға дайындалған немесе алынған, сатуға арналған тауар түрінде пайдаланылмайтын активтер.

Айнымалы шығындар - өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей шығындар; шикізат пен негізгі материалдар, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.

Айырбас бағамы – шетел валютасына бейімделген сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Айырбастау бағамының түрлері: өзгермелі – валютаны еркін сатып алу-сату нарығы жағдайындағы, нарықтық ауытқұлардың нәтижесінде белгіленеді; Қазақстан Республикасында 1999 ж. 4 сәуірден бастап, еркін өзгермелі бағам енгізілді, номиналдық – екі валютаның құндарының қатынасы ретінде есептелетін бағам; тіркелген - айырбас бағамы мемлекет тарапынан қатаң түрде белгіленген айырбастау қатынасы; нақты – валюталардың тауарлы қатынасын көрсететін айырбастау бағамы, яғни әр түрлі валютада бейнеленген бір ғана тауардың бағасының қатынасы.

Аксикреакция – тұлғаның және ұйымның жаңа құндылықтарды ойлап табуы, жасауы, дамытуы немесе бастапқыларын қайта құру, қайта қарастыру регенерациялық шаралар жүргізу жүйесі.

Акт – 1)заңдылық мағынасы бар және бекітілген тәртіппен (заңдылық, құқықтық) құжаттың біріктелген атауы; 2) бірнеше тұлғалармен расталған фактілерді дәлелдеуші ресми құжат. Акті тексеріс жүргізгенде, инвентарлық тексерісте, тауарлық-мүліктік құндылықтарды тапсырғанда, лауазыдық жұмыс орынды ауыстырғанда, жаңа заттарды, жабдықтарды тексергенде т.с.с. себептерге байланысты толтырылады.

Актив айналымдылығының коэффициенті – белгілі бір кезең бойынша таза сату көлемінің осы кезеңдегі ағымдағы активтердің орташа құнына қатынасы.

Активтерді басқару – фирманың өзіндік және тартылған қаражаттарын (минималды тәуекелділікпен) пайдалы орналастыру бойынша іс-әрекеті. Олардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: ағымдағы активтерді басқару, айнымалы капиталды басқару өтімділік капиталының өндіріс факторына айналуы және тіркелген активтерді басқару (негізгі капиталмен) жаңа жабдыққа қажеттілікті бөлу мен оларды алу тиімділігі.

Активтердің айналымдылығы - коэффицент, активтердің (кезеңдегі айналым санын көрсетеді) айналым жылдамдығын көрсетеді, ол өнімді өткізуден түскен түсімнің жалпы активтердің орта шамасына қатынасы арқылы анықталады.

Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.

Активтердің пайдалылығы - компанияның барлық мүліктерін тиімді қолдануды сипаттайтын көрсеткіш. Активтердің айналымдығы активтердің орта жылдық мөлшеріне таза пайданы бөлу арқылы есептеледі.

Активті операция - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операциялар.

Акционер – корпорацияның бір акциясына болса да ие тұлға, оның мыналарға құқығы бар:

  • корпорация таратылған жағдайда оның мүлкінің үлесі өзіне қатысты акциялардың санына пропорционал болып келеді;

  • әрбір акцияға дивиденд алу, егер де оны корпорация акция бойынша төлейтін дивидентті болса;

  • акционерлер жиналысында өзіне тиесілі акциялармен дауыс беру құқығы;

  • әдетте, корпорацияның шығаратын жаңа акцияларын нарықтық орта бағадан төмен бағамен сатып алуға деген артықшылықты құқық, егер де корпорацияның жарғысында немесе шығару шарттарында басқадай нәрселер көрсетілмесе.

Акционерлер тізілімі - компаниядағы барлық акционерлердің аты-жөні, мекен-жайы және оларға тиесілі акция көлемі көрсетілген тізім. Реестрді жабу күніне дейін реестрге тіркелген акциялар ғана акционерлер жиналысында дауыс бере алады.

Акционерлік капитал - компанияның соммарлық активтері мен соммарлық міндеттемелерінің арасындағы таза актив түрлерінде айырмашылық, яғни барлық талаптарды орындағаннан кейін компанияның (акционерлердің немесе әріптес-жолдарстардың) иелерінің үлесі болып табылады, бұл үлес оған қатысты акциялардың сыныбы мен санына пропорционал болып келеді. Акционерлік капитал төленген капиталдан (paid-in capital) және үлестірілмеген кірістен (retained earnings) тұрады.

Акционерлік капиталды өсіру – компания жұмысшыларының арасында бөлінетін немесе нарықтық бағамынан төмен баға бойынша сатылатын акционерлік компанияның жаңа акцияларын шығаруы.

Акционерлік қоғам - корпоративтік кәсіпорындардың қызмет етуінің ұйымды-құқықтық нысандарының бірі. Келесідей белгілермен мінезделеді: 1) акция түрінде көрінетін бірдей үлестердің анықталған санына бөлінген қоғамның жарғылық капиталы; 2) қоғам салықтарын төлеу үшін қожайынның келісімісіз пайдалана алмайтын, өзіне тиесілі акциялардың құнын алып тастағандағы акция иелерінің мүлкі; 3) акционерлердің жалпы жиналысына қатысқанда жай акция (яғни дауыс беру құқығын кепілдендіретін) иелерінің әрқайсысы дауыс беру кезінде акциялардың жалпы құнындағы ондағы жай акциялардың үлесіне пропорционалды дауыс санына ие болады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылады. Акционерлік қоғамның заңды бекітілген жарғысы, қоғамға кірушілердің (акционерлердің) жалпы жиналысы сайлаған іс-жүргізуші органы-басқармасы болады.

Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқықтарды күәландыратын бағалы қағаз. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады. Акциялардың түрлері және санаттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Акцияларды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтер төлеуді жүзеге асырмайды. Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен акционерлік қоғамның мүддесін бұзған акционерден акцияларды сот шешімі бойынша сатып алу мүмкіндігі көзделуі мүмкін.

Акция индексі – акцияның нарықтық бағасының номиналды бағасынан ауытқуын көрсететін орташа көрсеткіш. Неғұрлым әйгілі биржалық индекс Нью-Йорктің қор биржасындағы Dow Jones индексі болып табылады. Тәжірибеде жинақ индекс қолданылады, ол эмитенттер бойынша дифференциалданған жай орташа арифметикалық топтық индекстер ретінде есептеледі. Топтық индекс белгілі бір бағалы қағаздың нарықтық бағасының номиналдыдан ауытқуы есебінен орташа арифметикалық өлшем ретінде бағаланады.

Акция пакетін сатып алу әдісі - келісімді бағалар бойынша акцияларды сатып алу арқылы туынды компания ретінде корпоративтік топқа енгізу, компанияны бақылауға қол жеткізу әдісі.

Акцияларды консолидациялау (ауыстыру) - акциялардың белгілі бір көлемін – 1,5,100 – компанияның басқа жаңа (бір) 1 акцияға айырбасталуы. Бұл акциялардың жалпы көлемінің нарықтық құнын өзгертпейді.

Акцияны сатып алу құқығы - бұл ереже акционерлерге ерекше жағдайдарда компаниядан акцияларды сатып алуды талап ету құқығын береді.

Ақпарат - бұл ғылыми зерттеулер, жобалар нәтижелерін жиі өндірісте қолдану формасындағы көрсетілетін зияткерлік өнім, білім, сонымен қатар ақпараттарды оларды әртүрлі жеткізуде бейнелейтін құралдармен, ақпараттық арналармен, байланыс құралдарымен, теледидар, радио, әдебиет, басылымдармен қолданылатын адамдардың тұтынатын ақпараттары.

Ақпарат санының бірлігі – мәні бірлік шамаға тең болатын ақпарат шамасы және ол құжаттағы ақпараттың құрылымдық түрдегі өлшем бірлігін көрсетеді.

Ақпаратпен жабдықтау, ақпаратпен қамтамасыз ету – ақпарат массивтері мен құжаттар жүйесі түрінде қалыптасқан ақпаратты жіктеу және шартты белгілеу жүйелерінің бірігуі.

Ақпаратты өңдеу бойынша қызмет көрсету – ақпараттар жиынын алуды, қорытындылауды және жүйелеуді жүзеге асыру әрі пайдаланушыларға өңделген ақпараттардың нәтижелерін беру бойынша қызмет көрсету.

Ақпаратты шартты белгілеу – ақпарат көлемінің жадыда аз орын алуы үшін немесе мағынасының құпиялығын сақтау үшін қолданылатын амал.

Ақпараттық демеушілік – күрделі объектілерді басқару шешімдерін дайындап, оны жүзеге асыратын қолданушыларға арналған ақпаратпен жабдықтау үрдісі.

Ақпараттық желі – мәліметтерді өңдеуге, сақтауға және өткізіп беруге арналған желі. Ол абоненттік және әкімшілік жүйелерден тұрады.

Ақпараттық жүйе – обьектiнi басқаруға қажеттi ақпаратты есептеу техникасы мен байланыс жабдықтары арқылы жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесi.

Ақпараттық инфрақұрылым – мемлекеттің ақпарат кеңістігін қалыптастырып, оның даму қамтамасыздығын ұйымдастыру құрылымының жүйесі. Ол қолданушылардың ақпараттық қорға енуін қамтамасыз етеді.

Ақпараттық консалтинг – ақпараттық технология саласындағы кеңес беруге, сараптама жасауға қатысты қызмет түрлері.


Ақпараттық меморандум – реципиент, оның қаржылық мүмкінділігі, шығаратын өнімі, нарықтағы тәртібінің стратегиялары және басқа да деректер туралы толық мағлұматтар қарастырылған құжат, форма. Ақпараттық меморандум инвестициялық ұсынысты толықтырады және рецепиентпен дайындалады. Арнайы формалары ЮНИДО-ның халықаралық ақпараттық тораптарының орталықтарына инвестициялық жобалар бойынша мағлұматтарды енгізу үшін әрекет етеді.

Ақпараттық менеджмент – мекемеге қатысты және ондан тысқары ортада барлық ақпарат түрлерін қолдану арқылы мекеме қызметін басқару.

Ақпараттық процесс - бұл процестің нәтижесі тапсырылған өндірістік бағдарламаларды орындау үшін цехтардың, өндірістік учаскелердің, бригадалардың және тікелей жұмысшылардың арасындағы жұмыстарды айқын ұйымдастыруды, келістіруді, олардың әрекеттерін нормативті тәртіпке келтіруді қамтамасыз ететін шешімдерді жасау болып табылады. Бұл шешім басқарудың мәні болуы арқылы қойылған мақсатқа жету үшін адамдардың ұйымдастырылған ұжымына ықпал етеді.

Ақпараттық сөре – нақты қолданушылар тобының арнайы бағытта пайдалануы үшін немесе нақты есепті шешу мақсатында, оңтайлы қалыптасқан ақпаратты сақтау орны.

Ақпараттық сұраныс – ақпаратқа тұтынушылықты білдіретін мәтін немесе қажетті ақпарат туралы хабарламаны автоматтандырылған жүйеге ендіру.

Ақпараттық технология – компьютерлік жабдықтар арқылы мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау, өткізіп беру және пайдалану амалдарын жасауда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің бірігуі.

Ақпараттық үлгі – үлгіленетін объектінің немесе құбылыстың ақпараттық жайлары бейнеленген үлгі. Ақпараттық үлгі мәліметтер қоймасының құрылымын, ондағы элементтердің өзара байланысы мен оларға қолданылатын амалдарды сипаттайды.

Ақпараттық-анықтама жүйесі – ақпараттық-іздестіру жүйесінің дербес бөлігі және оны пайдалану үшін ақпарат жинақталып, дайындалады.

Ақпараттық-анықтама құжаттары - хаттар, түсініктеме жазбалары актілер, мәліметтер, телеграммалар, телефонограммалар т.с. Бұл құжаттар ақпаратты бір қабылдаушыдан екінші ақпаратты қабылдаушыға арналған. Өкім құжаттары мен салыстырғанда бұл құжаттар шешім қабылдауға негізделмеген, олар осы шешімді қабылдауға ықпал етуші құжаттар болып саналады.

Ақпараттық-байланыс технологиялары – ақпаратты өңдеу және өткізіп беру технологияларының бірігуі. Оған ақпараттық желі мен мәліметтер қоймасымен жұмыс жасау, сандық түрдегі теледидар, электронды пошта және т.б. жатады.

Ақпараттық-іздестіру жүйесі – қолданушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында берілген қағида бойынша қажетті құжаттарды іздестіру жұмысын атқару жүйесі.

Ақша қаражаттарының ағымын дисконттау - бұл уақыт ішіндегі ақша құны теориясын пайдалануға негізделген, әрбір болашақ мерзіміне ақша қаражаттарының ағымын, ағымдағы құнын анықтау мен барлық ағымдағы құндарының жиынтығы негізінде анықталады.

Ақша нарығы – қысқа мерзімді депозиттік және қарыздық операциялар жүзеге асырылатын қаржы нарығының құрамдас бөлігі немесе ақшалай қаражаттарды сатып алу-сату нарығы. Ақша нарығының құрылымына қолма-қол ақшалар нарығы мен қолма-қолсыз ақшалар нарығы кіреді. Қолма қол ақшалар нарығының төлем құралдарына банкота мен монета жатады. Қолма-қолсыз ақша нарығы қолма-қолсыз есеп айрысу формаларының түрлеріне қарай чектер нарығына, вексельдер нарығына, төлем карточкаларының нарығына және т.с.с. бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы ақша нарығының қатысушыларына төлем жүйесінің қатысушылары соның ішінде: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, екінші деңгейдегі банктер және олардың филиалдары, Жинақтаушы зейнетақы қорлары, Қазынашылық, Қазпошта Акционерлік қоғамы, Қазақстан қор биржасы, Орталық депозитарий, брокерлік фирмалары және т.б. жатады.

Ақшалай ағымдарды дисконттау әдісі – бұл әдістің негізінде приоритеттегі қатарларды қалыптастыру үшін жобаларды бағалау жүзеге асырылады. Әдіс тиімділілік көрсеткіштерін анықтау кезінде қолданылады. Бұл барлық болжалынған болашақ ақша ағымдарын дисконттау жолымен баға бару жүргізілген кездегі стандартты әдіс, яғни оларды талап етілген капитал, тәуекел, инфляция табыстылығын көрсететін дисконттау коэффициентіне көбейту. Бұл коэффициент нақты топтар есебіне адекватты тікелей әсерін тигізеді және бизнес-жоспарларды құру мен жоба тиімділігін бағалау кезіндеқолданылады.

Ақшалық ағым – операциялық (қаржылық) қызмет процесінде ақша қаражаттарының түсімі мен шығынын салыстыру нәтижесінде алынған ақша қаражаттарының жетіспеушілік (артықшылық) сомасын көрсетеді. Ақшалай түсімдердің ағымын есептеудің қысқартылған вариантында экономикалық пайдалар кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері туралы есебінде көрініс табады және салық сомасына төмендетілген пайда мен амортизациялық аударымдардың қосындысынан тұрады, соныменен бірге бірқатар шоттарды өзгертуге түзетулер қажет болады (дебиторлық қарыз, кредиторлық қарыз, негізгі құралдар, қорлар).

Алгоритм (бұйрықтар қатары) – шектеулі адымдар арқылы қандайда бір мақсатқа жету үшін жүзеге асырылып отыратын нақты тізбектелген амалдарды орындаудың дәлме-дәл жазбасы.

Алғашқы орналастыру – биржалық операцияларға бақылау жасап отырған үкіметтік органдармен проспектіні визалағаннан кейін компанияның бірінші шығарған акцияларын биржада сатуы. Жаңа шығарылған бағалы қағаздар сатылатын нарық бірінші ретті нарық болып табылады. Орналастырудың тікелей түрі эмитентпен тікелей іске асырылады және бірнеше иеленушілердің арасында болады. Аукционда орналастыру мемлекеттік облигациялар үшін қолданылады. Делдалдар арқылы орналастыру облигациялардың үлкен санын шығару кезінде іске асырылады, инвестициялық клмпания немесе банк түрінде серіктестерді тартпаған жағдайда орналастыру өте қиын.

Алдын-ала бақылау - бақылаудың бірінші түрі, өндірісті бастамас бұрын жүргізіледі. Алдын ала бақылауды жүргізу құралы ретінде белгіленген ережелер, процедуралар мен іс-әрекеттер тізбегі қолданылып қарастырылады. Ал ережелер мен іс-әрекеттер тізбегі жоспардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалынады.

Алдын-ала сұраныстағы тауарлар - тұтынушы сатып алу кезінде оларды сапасына, бағасына, қолайлылық деңгейіне, сыртқы рәсімделуіне және басқа да түрлі қасиеттеріне қарай салыстырып таңдап алынатын тұтыну тауарлары. Мысалы, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, теледидар, жиһаз, киім және тағы басқа.

Алтын акция- құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын “алтын акцияны” енгізу мүмкін. “Алтын акция” иесінің акционерлердің жалпы жиналысының директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. “Алтын акция” күәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуі тиіс.

Алтын жағалылар - кәсіпкерлік қабілетке ие жоғары маманданған ғалымдар мен мамандар. Олар ғылыми-техникалық ақпаратқа ие, сонымен қатар инновациялық идеяның авторлары және ғылымды бизнеспен үлестіру қабілеттері басқалардан жоғары. Алтын жағалылар көбінше ірі корпорацияларда, жоғарғы оқу орындарында және консультациялық компанияларда жалданып жұмыс істейді. Кейбіреулері өз инновациялық идеяларын өз кәсіпкерлік қабілеттерімен тиімді байланыстырып, инновациялық инфрақұрылымдар көмегімен жеке бизнестерін ұйымдастырады.

Алып-сатарлық инвестициялық құралдар – жоғары деңгейлі тәуекелмен байланысты қаржылық қаражаттар. Көбінесе олар жоқ немесе жеткіліксіз жобалар, күмәнды табыстар, тұрақсыз нарықтық бағалар негізінде шығарылады. Орташадан жоғары тәуекелмен байланысты бұл қаражаттар бойынша күтілетін табыстылық нормасы сондай-ақ жоғары болады. Алып-сатарлық қаражаттар дың басты түрлері опциондар, тауарлық және қаржылық фъючерстік келісім-шарттар және нақты заттық активтер түрінде көрсетіледі.

Амалдар жүйесі – компьютерлік қорларды (ішкі бағдарламалар мен құрылғылық жабдықтарды, мәліметтер қорын) ұйымдастырып және басқарып отыратын бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі бөлігі.

Американдық депозитарлық қолхат - шетелдік компанияның акциялары депонирленген немесе АҚШ-тың банк мекемесінің бақылауында екендігіне кепілдік беретін куәлік. Американдық инвесторларға АҚШ-тың құнды қағаздар және биржа жөніндегі Комиссиясында тіркеуден өтпеген шетелдік құнды қағаздарды сатып алуға мүмкіндік беру үшін ұсынылады.

Американдық маркетингтік ассоцияциясы - өз мүшелерінің қызығушылығын қорғау мен насихаттау қызметін жүргізетін АҚШ-тың ең танымал ғалымдары, зерттеушілері мен маркетинг саласындағы консультанттар ассоцияциясы.

Амортизация – бұл кәсіпорынның өзінің операциялық қызметіне пайдаланылатын негізігі капиталдың физикалық және моральдық тозуының компенсациясын қамтамасыз ететін мақсатта ақша қаражаттарының аударымы.

Аналитикалық коэффициенттер жүйесі – әр-түрлі қолданушы топтарға (менеджерлер, акционерлер, талдаушылар, инвесторлер, несие берушілер) қажет қаржылық жағдайды талдаудың негізгі элементі.

Андеррайтинг – 1) жалпы қамсыздандыру; оның қамсыздандырылуының көзқарасындағы тәуекелдік бағасы; қамсыздандыру үшін тарифтер мен жағдайларды анықтау; андеррайтер - экономикалық біртұтастық негізінде қамтамасыздандыруға тәуекел тудыратын (немесе оны итеріп тастайды) өкілетті тұлға және маман; 2) несие беру немесе беруден бас тарту мақсатында қарыз алушының қаржылық жағдайы және кепілдікке беретін жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтерді жинау, тексеру және жөндеу.

Андеррайтшы – арнайы сыйақыға және келісілген шарттар негізінде нарықта акциялар немесе облигацияларды орналастыратынын эмитентке кепілдендіретін тұлға немесе компания. Мұндай ұйым біреу немесе бірнеше болуы мүмкін. Бұл жағдайда андеррайтерлердің консорциумы немесе эмиссиялық синдикат туралы айтады. Андеррайтердің таңдауы инвестор ретінде кімді тартатынын жоспарлауға байланысты.

Анкета - тестілеу барысында, не болмаса қандайда бір мәлімет алуға пайдаланатын сұрақтар тізбегі. Құжат мәтінін сұрақ-жауап ретінде ұсынудың реттелген түрі. Бұл құжат сонымен қатар жұмыскерді жұмысқа алған кезде толтырылады. Анкетада толытырылған құжат жеке тұлғаның басқа ресми құжаттарана сәйкес болуы тиісті. Анкетада көрсетілген мәліметтер кадр қызметінің жұмыскерімен тексеріледі және мекеменің мөрі, лауазымды тұлғаның қолтаңбасы арқылы бекітіледі. Жұмыскердің жеке ісіне (құжатнамасына) тіркеледі.

Анри Файоль (1841-1925 жж.) - өндірісті басқарудың қалыпты ұйымын құрған басқарудың классикалық мектебінің өкілі, француз инженері, («Әкімшілік доктринасы») басқарудың 14 принципін жасаған.

«Антигринмайл» қағидасы - (корпорацияның жарғысындағы «корпорациялық арбауға» қарсы ережесі) – кейбір компаниялар «гринмайлдың» алдын-алу үшін өз акцияларын компанияға рыноктық бағадан әлдеқайда жоғары сататын «корпорациялық арбаушыдан» сатып алуға тыйым салатын өзгерістерді жарғыға және корпорацияның ішкі ережелеріне енгізді. Техникалық тұрғысынан «гринмайлге қарсы» ереже күштеп жұтылудай қорғау бола алмайды, алайда мамандардың айтуынша, басқа да шаралардың жиынтығымен бірге компанияны жұтуға әкелетін әрекеттерге, яғни акциялардың ірі пакетінің шоғырлануына қарсы тұрады.

Антидемпингтік баж – ішкі және сыртқы сатулар арасындағы бағалар айырмашылығы көлемінде орнатылған уақытша баж. Оны қолданудың басты мақсаты – шетелдік тауардардың нарықтық бағадан төмен бағамен сатылуы нәтижесінде жосықсыз бәсекеден зардап шеккен ұлттық тауар өндірушелерді қорғау. Антидемпингтік бажды қолдануға енгізу үшін зардап шеккен жақтың шағымы негізінде арнайы антидемпингтік тергеу жүргізіледі.

Антрепренер - инновациялық жобаны басқарушы фигура. Ол өз немесе басқалардың инновациялық идеясын өндіріске енгізуге талпынатын энергиясы мол менеджер. Оған мынадай тұлғалық қасиеттер тән: интуицияның дамыған түрі, инициативтілік, тәуекелден қашпау, бюракратиялық кедергілерді жеңу т.б. Антрепренер инновациялық қызмет атқарушы компанияның сыртқы ортасына байланысты мәселелерді шешуге бейімделген. Ол сыртқы инновациялық ортадағы субъектермен қарым қатынасқа түсу, конфликтерді шешу, жаңа өнімді тұтынушылармен ақпарат алмасу және инновацияны рынокқа енгізу тиімділігін арттыру қызметтерін атқарады.

Анықтама – 1) бір оқиғаны, фактіні сипаттаушы және растаушы құжат; 2) өмірбаян, не болмаса қызметтік сипаттағы фактілерді дәлелдеуші құжат. Анықтама мәтіндік не болмаса таблицалық негізде, мәліметтердің барлығы біріктірілген түрде көрсетіледі. Анықтама екі түрге бөлініп, қызметтік сипаттағы және мүдделі мекемелердің азаматтардың сұранысы бойынша заңдылық мәліметтерді дәлелдеу үшін беріледі. Анықтама түрлері: жалақы мөлшері, лауазымдық қызмет бабына қатысты, тұрғылықты мекен-жайы мәліметі, әлеуметтік жағдай туралы т.с.

Анықтамалық бағалар - арнайы баспаларда (бағалық анықтамаларда, каталогтарда), газеттер мен журналдарда, ақпараттық бюллетеньдерде жарияланатын бағаларды білдіреді.

Апатты тәуекел аймағы – белгілі бір жоба немесе келісімді жүзеге асыруға салынған барлық құралдарды жоғалтулар сипатталынады. Фирманың аз мөлшерде болса да қаржылық тұрақсыздығы оның банкротқа ұшырауына әкеледі.

Аралас құрылым – бір ғана машина жасау кәсіпорынында технологиялық және заттық қағидалар бойынша ұйымдастырылған негізгі цехтардың шоғырлануымен ерекшеленеді. өндірістік құрылымның аралас түрі келесі артықшылықтарды иеленеді: цех ішіндегі тасымалдардың көлемінің азаюын, өнім дайындаудың өндірістік циклінің ұзақтығының қысқаруын, еңбек жағдайының жақсаруын, құрал-жабдықтардың жүктемелерінің жоғарғы деңгейін, еңбек өнімділігінің өсімін, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз етеді.

Аралықты холдингтер - ірі кәсіпорындар аралықты холдингтер деп аталатын компаниялар. Бұл жекелеген қоғамдар немесе белгілі бір тапсырмаларды орындайтын компания, компания құрылымындағы бөлімшелер, мысалға алатын болсақ, бұл бөлімшелер патенттік және лицензиялық холдинг, қызмет көрсету жөніндегі холдинг, инвестициялық қызметпен айналысатын холдинг және т.б. Осы сияқты аралықты холдингтер бар күшін, қаражатын, ақыл-ой қуатын кәсіпорынның өзіннің мүддесіне осы факторлардың барынша тиімді пайдалану үшін нақты міндеттерге, қатал шектелген міндеттерге жұмсайды.

Арбитраж - 1) эксперт-соттың рөлін атқаратын тәуелсіз арбиторларға келіспеуші жақтардың жолдауымен келіспеушіліктерді шешу тәсілі. Арбиторлар не келіспеушілердің өздерімен сайланады, не заңмен белгіленген тәртіпте анықталады, не өзара келісілімділікпен сайланады; 2) биржалық арбитраж – неғұрлым төмен баға бойынша тауарларды, валюталарды, бағалы қағаздарды бір уақытта сатып алып, оларды неғұрлым жоғары бағаға сату негізінде пайда табу үшін әртүрлі нарықтарды әрекет ететін бағалық айырмашылықтарды қолдану. Биржалық арбитраж тауарлы, валюталық және қор арбитраждарынан тұрады. Биржалық арбитраж нарықтарда бағалық айырмашылықтарды теңестіруге, бағалық тепе-теңдіктің құрылуына, кассалық және мерзімдік бағалардың арасындағы, соныменен қатар әртүрлі уақытта жеткізілдерге тез арадағы бағалар арасындағы қатынастарды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Арифметикалық инвестициялау – белгілі бір уақыт аралығында пайда мөлшерін жеткілікті тиянақты есептеу жолымен инвестор үшін алып-сатарлық тәуекелді төмендетуге арналған статистикалық талдау. Мұндай талдаудың мақсаты жылына 20-35% мөлшерінде пайданы алу сенімінде акцияларға қаражаттарды салыстырмалы қысқа мерзімге салу болып табылады. Оны басқарушылардың өздерімен және жою кезінде кәсіпорын акцияларының бақылау пакетін сатып алу кезінде жиі қолданады.

Арна сиымдылығы – арнаның ақпарат ағынын, сигналдарды өткізіп беру мүмкіндігі. Ол арна арқылы өтетін сигналдар көлеміне сәйкес шама.

Арнайы жеңілдіктер- өндірушілер мен сатушылардың сатып алушылармен жақсы қарым-қатынасты сақтау мақсатында тұтынушылар мүддесіне ұсынылған 5%-дық жеңілдіктер.

Арнайы салық режимі – жекелеген салық төлеушілердің категориясына белгіленетін, оңайлатылған есептеу тәртібінің қолданылуын ұйғаратын және жекелеген салық түрлерінің төлемін әрі жер учаскелерін пайдаланудың төлемін, сондай-ақ, ол бойынша салықтық есеп берудің ұсынылуын қарастыратын бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібі.

Артық шығындау (ысыраптау) - бұл ресурстарды жоспарланған көлемнен артық (асыра) жұмсау (шығындау).

Артықшылығы бар акциялар - жай акционерлерге қарағанда дивидендтерді үлестіру және компанияны таратқанда активтерді бөлу кезінде артықшылығы бар компания акциялары. Артықшылығы бар акция иеленушілері әдетте, иеленушілердің құқы мен мүдделеріне қатысты корпорация жарғысына өзгерістер енгізуді талқылаған жағдайдан басқа кезде акционерлер жиналысында дауыс бере алмайды.
Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауы тиіс.

Артықшылықты акциялар бойынша дивиденд - артықшылықты акциялардың иелері әдеттегі акциялар бойынша дивидендтерді үлестіргенге дейін төлейтін тіркелген табыс.

АСЕАН (Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы) - интеграциялы топтар, оған кіретін елдер Бруней, Индонезия, Лаос, Малайзия, Мьянма, Филиппин, Сингапур, Тайланд, Вьетнам.

Аспаптық шаруашылық - негізгі өндірісті жоғары сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Аспаптық шаруашылықтың негізгі тапсырмалары: барлық цехтар мен жұмыс орындарын жоғары сапалы құралдармен үздіксіз қамтамасыз ету; құралдардың дұрыс пайдаланылуын бақылау және оның шығындарын қысқарту; құралдарды дайындау, сатып алу, сақтау, жөндеу және қалпына келтіру шығындарын қысқарту.

Ассессмент - қатысушылар тобын іскерлік ойын, тесттер, өзін-өзі презентациялау, жазбаша жұмыстар және т.б. белгілі бір психологиялық сынақтардан өткізуден тұратын қызметкерлерді аттестациялау, бағалау әдісі. Әдетте орта және жоғарғы буын басшыларын ішкі бағалау үшін қолданылады. Ең нақты және тиімді болып саналады.

Ассортимент диверсификациясы - бөлшек саудагердің тауар ассортиментін толық немесе жартылай өзгертуі.

Ассоциация - әрдайым коммерциялық емес ұйым (ережеге сәйкес, пайда табу мақсатын көздемейді) болып табылатын, заңды тұлғалардың ерікті бірігуінің бір түрі. Коммерциялық ұйымдар олардың кәсіпкерлік қызметтерін үйлестіру, ортақ мүліктік мүдделерін қорғау мен беру үшін ассоциацияларға бірігеді. Қоғамдық және басқа коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық өмір-сүру жағдайларына жетуге бағытталған әлеуметтік, мәдени, жағымды, ғылыми және басқа да мақсаттарға жету үшін ассоциацияларға біріге алады.

Атқарушы билік – заңнамалардың негізінде қоғам істерін мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын және атқару-өкім ету сипаты бар мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктерді іске асыратын атқарушы билік органдарының жүйесінен көрініс тапқан мемлекеттік биліктің тармағы.

Атқарушы билік органы – бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы - өкім етуші қызметті жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бөлігі.

Атқарымдық жеңілдіктер- тауарды сату мен қоймалау және тағы басқа қызметтерді атқаратын, тауарды жылжыту жүйесіне кіретін ұйымдарға арналған бағалық 5-7%-ға дейінгі жеңілдіктер.

Ауданның бір бөлігінің сыбағалы шығындық әдісі дегеніміз – ұқсас обьектілерге құрылыс жұмысының нормативтік шығынын әзірлеу негізінде құрылымдық шығыны туралы ақпарат алу (1 шаршы метр ауданына немесе 1 куб метр). Бағаланатын ғимараттың құнын нормативтік сыбағалы шығынды жалпы ауданға және жалпы көлемге көбейтіп аламыз.

Аудиторлық талдау - бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын эксперттік диагностикасы. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен қаржылық тұрақтылығын болжау және бағалау мақсатында аудиторлар мен аудиторлық фирмалар жүргізеді.

Аукцион – сатып алушылар арасында бағалар бәсекелестігі негізінде ұйымдастырылған арнайы сауда орны. Аукциондық сауданың басты ерекшелігі – саудалау барысында сатылатын тауарлар сатып алушылардың көз алдында болуы міндет. Аукциондық сауданың негізгі түрлері: ағылшын аукционы – бастапқы төмен баға сатып алушылардың өзара бәсекесі нәтижесінде біртіндеп жоғарылатылады, ең жоғары баға ұсынған сатып алушы тауарды сатып алады; голландық аукцион – бастапқы жоғарғы бағаның төмендеуіне негізделген саудалау. Әлемдік тәжірибиеде көбіне аукциондарда сатылатын тауарлар: бағалы терілер, гүлдер, жеміс-жидектер т.б.

Аукциондық баға – 1) тауарлық аукционда сатылған тауар бағасы. Аукционда өнер шығармалары, зергерлік бұйымдар, тері, жоғары сұранысқа ие ерекше тауарлар сатылады. Аукциондық бағаның нарықтық бағадан едәуір айырмашылықтары болуы мүмкін, себебі ол сатып алушы үшін ерекше мәңгі бар тауарлардың бірегей және сирек қасиеттері мен сипаттарын көрсетеді және көбінесе аукционшының шеберлігіне байланысты; 2) бағалы қағаздар аукционында сатып алынған немесе сатылған акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздардың бағасы; 3) валюталық аукционда ұлттық валютаға сатылған шетелдік валютасының бағасы.

Аутсорсинг - өзіндік ресурстар және өз персоналымен орындалатын дәстүрлі жұмыстарға өз күшін шоғырландыру үшін басқа тарап ұйымдарына белгілі бір функциялармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ішінара немесе толық тапсыру. Ресми түрде: басқа тарап мердігеріне кейбір бизнес-функциялар немесе компания бизнес-процесінің кейбір бөліктерін тапсыру.

Ауысымдылық коэффициенті- бұл құрал-жабдықтардың іс жүзінде жұмыс істеген (орындаған) уақытының қондырылған (орнатылған) құрал-жабдықтардың санына қатынасы.

Ауытқу - іс жүзіндегі және алдын-ала бекітілген нормативтік (мөлшерлік немесе сметалық мәліметтердің арасындағы) арифметикалық айырмашылық.

Ашық жүйе - сыртқы ортамен, материалдық, ақпараттық тасқындармен алмаса алатын жүйелер. Ашық жүйелердің ерекшелігі реттелгендікке ұмтылуында. Фирма, компаниялар ашық жүйелерге жатады.

Ә
Әдейі тоқырауға отыру – жеке немесе басқа да тұлғалардың қызығушылығынан борышқордың меншігінің иесі немесе заңды борышқор-тұлғаның органдарымен іске асырылатын борышқорды әдейі дәрменсіздікке жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет