Менеджер сөздігі русско-английский и



бет17/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29


Г




Гербілі бланк - Қазақстан Республикасының гербісі көрсетілген мемлекеттік мекемелерде қолданыста болатын құжат бланкісі. Гербілі бланкі құжаттың бірінші бетін ресімдеуге арналған, басқа беттері стандартты қағазға толтырылады. Гербілі бланк типографиялық әдіспен дайындалады және тіркеуді қадағалау үшін басылым данасы қойылады.

Грант – мемлекетке, мемлекет үкіметіне, сондай-ақ, қызметі қайырымдылық және халықаралық сипатқа сай әрі Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың тұжырымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбедегі шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорларға, Қазақстан Республи­касына, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, заңды және жеке тұлғаларға, сонымен бірге, шетелдіктер мен Қазақстан Республикасы азаматтығын алмаған тұлғаларға әрі белгілі бір мақсаттарына (міндеттеріне) қол жеткізуі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметіне өтеусіз негізде берілетін мүлік. Жеке ғалымдарды, шығармашылық топтарды және болашағы зор ғылыми-техникалық проекттерді жүзеге асыруға дайын тұлғаларды, материалды және қаржылық қолдауға және ынталандыруға арналған мемлекеттік ұйымдардың, арнайы қорлардың және жеке корпорациялардың бөлген қаржылары. Грантқа ие болған ғалымдар немесе топтар белгі бір уақыт аралықтарында қаржы бөлген ұйымға ресурстарының пайдаланылуы туралы есеп беріп тұруы тиіс.

График - жұмыстың жоспары ңақты белгіленген мерзімі бойынша орындалуы көрсетілген мәтіндік құжат. Бұл мәтіндік - графикалық (сызба) құжат мекеменің ішкі ережелік құжаттарының талабына сәйкес толтырылады. Міндетті түрде толтырылатын деректемелер: құжат түрінің атауы (график) мәтінге тақырыпша, мәтін, қолтаңба.

Гриф - іскерлік корреспонденцияның аса маңыздылығын көрсететін, не болмаса айырықша жеткізуді талап ететін белгі (құпия, жедел, жеке, мәліметті таратуға болмайды т.с.). Бұл белгі жабық ақпараттың өзіндік деңгейіне сәйкес толтырылады. Гриф белгісін қою кезінде міндетті түрде келесі талаптар қадағаланады: құжаттың данасының нөмірі, грифтің қолданыста болатын мерзімі және оны қолданыстан алу кезеңінің қажеттілігі көрсетіледі.

Ғ
Ғаламдық ақпараттық сервер – географиялық үлкен аймақтарды (бірнеше мемлекеттерді) қамтитын желіде қолданылатын, яғни үлкен көлемді мәліметтер қоймасынан қолданушының кез-келген сөзге сұранысы арқылы қажетті ақпаратты тауып беретін бағдарлама. Ол тұтынушы деп аталатын басқа бағдарламаларға нақты қызмет түрлерін көрсетеді. Бағдарлама-сервер мен бағдарлама-тұтынушы арасынды қызмет көрсету түрлері тек бір ғана компьютерде немесе бірнеше компьютерлер арасында да атқарылады. Мысалы электрондық пошта – бағдарлама-тұтынушы болса, ол компьютерде орналасқан пошта жәшігімен бағдарлама-сервер арқылы байланысады.

Ғаламдық желі – географиялық үлкен аймақтардағы (бірнеше мемлекеттердегі) компьютерлерді, жергілікті желілерді қамтитын желі. Оған мысалы Интернет желісін айтуға болады

Ғаламдық фирма - бүкіл әлемді бір бүтін нарық ретінде қарастыратын және басқалармен салыстырғанда бәсекелестік артықшылығы бар фирма.

Ғылыми басқару мектебі (1885-1920жж.) – тапсырмалар мен міндеттерді орындау үшін ең қолайлы жұмыскерлерді іріктеу және үйретудің ең жақсы әдістерін анықтау үшін; міндеттемелерді тиімді орындау үшін жұмыскерлерді ресурстармен қамтамасыз ету үшін; материалдық ынталандыруларды жүйелі де дұрыс қолдану; жоспарлау және ұйымдастырушылық жұмыстарды өндірістіктен бөліп қарау үшін ғылыми талдауды ұсынатын басқару мектептерінің бірі.

Д
"Дәл уақытында" жүйесі - материалды-техникалық қорларды басқару жүйесі. Бұл жүйеде өнім, жинақтаушы бұйымдар және материалдар талап етілген көлемде, уақытта ғана келіп түседі. Жүйенің негізгі мақсаты - капитал және сақтау шығындарын қысқарту болып табылады.

«Дәл мерзімде» логистикалық жүйе – дайын өнім өндіріс үшін материалдарды, жартылай фабрикаттарды, оның компоненттерін қажет көлімде, қажет орынға және дәл мерзімінде жеткізу. «Дәл мерзімде» логистикалық жүйесі негізгі қасиеттерімен сипатталады: 1) жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің, материалдық ресурстардың минималды қорлармен; 2) қорларды толықтыру және дайын өнімді үлкен емес көлемімен өндіру; 3) логистикалық сервиспен және дайын өнімнің жоғарғы сапасымен.

Дағдарыс жолы - бұл операциялардың ең ұзақ жүйелі тізбегі. Дағдарыс жолының ұзындығы жобаны орындау жұмыстарының ұзақтығын анықтайды.

Дағдарысқа қарсы бағдарлама – кәсіпорынды дағдарыстан шығаруға мүмкіншілік беретін шаралар жүйесі (дағдарысты кейінге қалдыру, дағдарыстан құтылу, дағдарыстың алдын алу, дағдарыс зардабын азайту және т.б), кәсіпорынды дағдарыс жағдайынан шығаруда бағытталған басқару шешімдерінің кешені.

Дағдарысқы қарсы менеджмент – нақты борышқор кәсіпорынға қатысты дағдарысқа қарсы процедураларды жүзеге асырудың түрлері мен әдістерінің жиынтығы немесе ұйымның дағдарысын алдын-алу шеберлігі.

Дағдарысты тәуекел аймағы – есепті пайда мөлшерінен жоғары, бірақ жалпы пайда мөлшерінен аспайтын мүмкін болатын жоғалтулар.

Дағдарыстық көлем - бұл алдағы уақытта кәсіпорынға зиян алып келетін өндірістің көлемінен төмен болатын өндірілген өнімнің көлемі.

Дайын өнім- одан әрі өңдеу, қайта өңдеу үшін емес, түпкілікті тұтыну мақсатымен сатып алынған бұйым немесе тауар.

Даму институттары – мемлекеттің инновациялық саласын дамытуға, инновациялық бизнестегі кәсіпкерлердің белсенділігін арттыруға арналған ұйымдар жиынтығы. Осы институттар арқылы мемлекет бәсекеге қабілетті инновациялық, жоғары технологиялық өнім өндіруге бағытталған проекттерге қатысып отырады. Қазақстан Республикасында 2003 жылы « 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» қабылданғын. Осы бағдарлама негізінде даму институттары күшейтіліп толықтырылған, тоқтай кетсек: Қазақстан даму банкі, Қазақстан инвестициялық қоры, Ұлттық инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандырудың мемлекеттік корпорациясы және Маркетингтік –аналитикалық зерттеу орталығы. Бұл институттар ғылыми-техникалық жобалардың экономикалық тиімділігін анықтап, салалардың кешенді талдауын жасап инвестициялық саясатты жүргізіп отырады.

Дауыс бермейтін акциялар - директорларды сайлаумен қоса, шешім қабылдағанда дауыс беру құқығын бермейтін акционерлік қоғамның акциялары, кейде оларды акционерлік қоғамның жұтылуы үшін, ал кейде басқарма фирма капиталын «тоғыту» («сұйылту») мақсатында шығарады. Артықшылығы бар акциялар, әдетте, дауыс бермейтін акция болып табылады.

Дәрменсіз борышқорды ерікті түрде тарату – дәрменсіз борышқорды берген өтінішіне негізделе отырып, сот берушілердің бақылауымен тарату.

Дебиторлық қарыздар - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген. Тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері.

Декларант - тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға не тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан декларациялайтын, білдіретін және ұсынатын кеден брокері.

Декларациялау - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтерді мәлімдеу.

Делдал - өндірушінің өнімін көтере сатып алып, тұтынушыларға сататын немесе өнімді сатушылар мен сатып алушылардың келісім-шарт жасауына жәрдемдесетін заңды және жеке тұлғалар.

Демаркетинг - тауар шектен тыс сұранымға ие болғанда және сұраныс өндіріс қуатынан асып түскенде қолданылатын маркетинг түрі.

Демеуқаржы – жергілікті басқару органдарына, заңды және жеке тұлғаларға, басқа мемелекетке мемелекеттік бюджеттің қаражаттары негізінде мемелекетпен ұсынылатын, көбіне ақшалай түрдегі жәрдемақы. Ол ағымдағы шығындарды жабу үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде төменгі бюджеттерді теңестіру мақсатында берілетін бюджеттік қаражат ретінде көрініс табады..

Демеушілік көмек – осы көмек түрін көрсеткен тұлға жөнінде ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде берілетін мүлік.

Демократия – азшылықтың көпшілікке бағыну қағидасын ресми түрде жариялайтын, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарының теңдігін мойындайтын биліктің, қоғамды саяси ұйымдастырудың нысаны. Оған парламентаризмнің болуы, яғни заң шығарушы және атқарушы биліктердің бөлінуі тән.

Демпинг - тауарды сыртқы нарықта ішкі нарықтағы қалыпты бағадан төмен бағамен сату.

Демпингіге қарсы қолданылатын баж- халықаралық немесе ішкі нарықта қалыпты бағадан төмен бағамен экспортталатын тауарларға салынатын қосымша импорттық баж.

Департамент - 1)жоғарғы әкімшілік органдарының аппарат бөлімі; 2) ұйымда басқару бөлімшелері; 3) бірқатар елдердегі (Франция және т.б.) негізгі әкімшілік-аумақтық бірлік; жоғарғы әкімшілік мекемедегі (министрліктер және т.б.) бөлім; 4) ведомствоның атауы.

Депонент - (латын тілінен Deponentus – қалдыру) 1) ақшаларын немесе бағалы қағаздарды несиелік бөлімшелерге сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға; 2) есептелінген жалақысын уақытында ала алмаған жұмысшылар мен қызметшілер; 3) атқару құжаттары мен сот органдарыныі шешімдері бойынша қызметкерлердің жалақысынан өз пайдасына ақша ұстап қалынған адамдар мен жеке ұйымдар.

Деректеме - құжатты ресімдеуге арналған элементтер. Құжаттандырудағы мемлекеттік стандартта 28 деректемелер бекітілген. Олар: Мемелекеттік герб, ұйымның сауда-саттық белгісі, эмблемасы, ұйымның атауы, мекеме тураыл анықтама мәліметі, құжат түрінің атауы, құжатты тіркеу нөмірі, тіркеу нөмірі және датаға сілтеме, құжатты құрастыру орны, құжатқа шектеу грифі, қабылдаушы туралы адрестік мәлімет, құжатты бекіту грифі, қарар, мәтінге қысқаша тақырыпша, бақылау белгісі, мәтін, тіркелуі туралы белгі, қолтаңба, құжатқа келісім грифі, құжатқа келісім визасы, мөр, көшірмені растау мәліметі, орындаушы туралы мәлімет және оның телефоны, құжаттың орындалуы туралы мәлімет және оны (іске) құжатнамаға тіркеуге жіберу, мекемеге кірген құжаттың тіркелуі туралы мәлімет.

Деректендіру - келісімдердің ең бір қиындау бөлігі, назар аударудағы шоғырландырылуы, жүрек жұтқандық, тез аңғару, тапқырлық, табандылық және сонымен қатар пікір білдіруде байсалдылық пен нақтылықты талап етеді.

Дефолт (міндеттемені орындамау) - борышкердің мерзімінде пайызды төлеуге немесе негізгі қарызын өтеуге немесе өзінің облигациялар, кепілдемелер, жал туралы келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігі.

Диагностикалық талдау - экономикалық процестердің негізгі әдеттегі белгілерінің орташа жүрісінің бұзылуын көрсетеді. Мысалы, жалпы өнімнің өсу шапшаңдығы тауарлы өнімнің өсу шапшаңдығынан асып түссе, онда ол - аяқталмаған өндірістің қалдықтарының өсуіне дәлел.

Диверсификация - 1) кәсіпорынның өндіретін өнімдерінің санын арттыратын тауарлық стратегия түрі; 2) жаңа нарықты жаулау және қосымша пайда табу мақсатында бір-бірімен байланыссыз екі немесе одан да көп өндіріс түрін бір уақытта дамыту. Диверсификацияәр түрлі өндіріс салаларына жататын әр түрлі эмитенттердің бағалы қағаздары арасында инвестицияны бөлу, тәуекелді төмендету немесе табысты жоғарлату мақсатында әртүрлі инвестициялық құралдарды қолдану. Диверсификация жүйелі емес тәуекелді төмендетеді және бір қаржылық инструменттің табыстылығын екінші бір қаржылық иструменттің жоғарғы табыстылығымен толтыруға бағытталған. инвестиция қоржынына әралуан инвестициялық құралдардың енгізілуінен тұрады, инвесторларға осы құралдардың шектелген жинағын қолданған жағдаймен салыстырғанда өзін төмен тәуекелділікке түсіруге немесе үлкен табыс алуға мүмкіндік береді. Диверсификацияның кездейсоқ және мақсатты бағытталған түрлері болады. Кездейсоқ диверсификация инвестициялық құралдардың үстіртін таңдалуы кезінде орын алады. Мақсатты бағытталған диверсификация – мақсатқа жету үшін құралдарды таңдау үрдісі, сол үшін инвестициялық қоржынд қалыптастырылады.

Дивиденд – акция бойынша төленетін табыс; қор компаниясының басқарушысы оларды сатып алу барысындағы пай бойынша табысты қоспағанда үлестік инвестициялық қордың пайы бойынша төленетін табыс; заңды тұлғаның өз құрылтайшылары мен қатысушыларына бөлетін таза табыстың бөлігі; заңды тұлға таратылғанда мүлікті бөлуден алынатын табыс, сондай-ақ, резидент болып табылатын заңды тұлғаның өз құрылтайшылары мен қатысушыларына бөлетін әрі әрбір құрылтайшы мен қатысушының үлесін сақтай отырып, жарғылық капиталды арттыруға бағытталатын мүліктен өзге жарғылық капиталға салым ақша ретінде енгізілетін мүлікті қоспағанда құрылтайшылар мен қатысушылардың заңды тұлғадағы өз үлестерін өндіріп алудағы табысы; әрбір құрылтайшы мен қатысушының үлесін сақтай отырып, таза табысты бөлу барысында резидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталын арттыруға бағытталған табыс дивидентке жатпайды. Дивиденд - салық төлегеннен кейін акционерлер арасында таратылатын акционерлік қоғамның пайдасының бөлігі және де артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер мен облигациялар бойынша пайыздар. Әдетте, дивиденд ақшамен төленеді, бірақ акциямен немесе тауармен төленуі де мүмкін.

Дивиденд көлемінің әрдайым өсу саясаты - мұндай саясат кезіндегі дивидендтердің өсуі, эдетте, келешек кезеңде олардың мөлшеріне қатаң белгіленген пайызбен өсім ретінде жасалады. Берілген саясаттың артықшылығы фирма акциясының жоғарғы нарықтық құнын қамтамасыз ету және қосымша эмиссия кезінде әлеуетті инвесторларда жағымды оң имиджді құру болып табылады.

Дивидендтерді максимизациялау теориясы – бұл теорияға сәйкес, дивидендттік саясаттың тиімділігі иелерді ағымдағы және келешектегі табыстары бойынша салықтық төлемдерді минимизациялау критерийімен анықталады. Мұндай дивидендттік саясат иелердің жиынтық табыстың ең жоғары салықтың қорғауын қамтамасыз ету қажет (дивидендтерден де, акция бағамының өсімімен де).

Дивидендтердің артықшылағы теориясы – авторлар М.Гордон және Д.Линтнер ағымдағы табыстың әр бірлігі (дивидендтер формасында төленген) өзінің «тәуекелден тазартылуына» сәйкес, оған тән тәуекелмен байланысты келешекке қалдырылған табыстан әрқашан қымбаттырақ тұрады. Бұл теориядан шығатын қорытынды: дивидендтік төлемдерді максимизациялау пайданы капитализациялауға қарағанда қалаулырақ.

Дивидендтердің сигналды теориясы – берілген теорияға сәйкес, жоғары дивидендтерді төлеу фирма өрлеуде екендігі және келешек кезеңде пайданың едәуір өсуі туралы «дабылданды». Сондықтан, дивидендтер жоғары болған сайын, келешектегі сәттілікке мүмкіндіктер көбірек болады.

Дивидендтердің тәуелсіздік теориясы – авторлар Ф.Модильяни және М.Миллер дивидендттік саясатты таңдау фирманың рыноктық құнына, акция бағасына ешқандай әсер етпейді деп тұжырымдады. Олардың бағамы нақты акционерлердің уақытша қанағаттануына емес, сұраныс пен ұсынысқа байланысты.

Дивидендті дисконттау үлгісі - акцияны ағымдағы құны болашақтағы дивиденд ағымының дисконтталған құнына тең деген тұжырымға құрылған қарапайым акцияларды бағалау үлгісі, әрбір дивидендтің болашақтағы төлемін бағалау мүмкін болмағандықтан, дивидендті дисконттау үлгісі мұны жеңілдетеді. Оңайлатылған үлгі шеңберінде акцияның ағымдағы құны жуық арадағы дивиденд сомасын минималды қажетті табыс пен дивидендті өсу қарқынына бөлу арқылы анықталады.

Дивидендтік саясатты сәйкестендіру теориясы – бұл теорияға сәйкес фирма акционерлердің көпшілігінің күткен мүдделері - ағымдағы табысты алу болса, дивидендтік саясат алынған пайданы басымды түрде ағымдағы тұтынуға өндірістік мақсаттарға бағыттауды кездейді.

Дивидендтік төлемдердің тұрақты көлемі саясаты - бұл саясат ұзақ уақыт бойы олардың өзгермейтін сомасын төлеуді ұйғарады (инфляцияның жоғарғы қарқындары кезінде дивидендтік төлемдердің сомасы инфляция индексіне түзетіледі). Мұндағы артықшылық әр түрлі жағдайларға байланыссыз оның сенімділігі мен қор рыногындағы акци котировкасының тұрақтылығы болып табылады.

Дивидендтік төлемнің қалдықтық саясаты - бұл саясат дивидендтерді төлеу қоры фирманың инвестициялық мүмкіндіктерін толық шамада жүргізуді қамтамасыз ететін меншіктік қаржылық ресурстарды құраудағы қажеттілік пайда есебінен қанағаттандырылғаннан кейін құрылатынын көздейді.

Дивидендтің тұрақты көлемі саясаты - бұл саясат пайда сомасына қатынасы бойынша дивидендтік төлемдердің ұзақ мерзімді нормативтік коэффициентін (немесе пайданы тұтынылатын және капитализацияланатын бөлікке бөлу нормативін) белгілеуді қарастырады.

Дивиденттік саясат - пайданы қолдану саласындағы компанияның саясаты. Ол компанияның мақсатына байланысты директорлар кеңесімен қалыптасады, және пайданың қандай бөлігі акционерлерге дивиденд түрінде төленетінін, ал қандай бөлігі бөлінбеген пайда түрінде қалып, қайта инвестицияланатынын анықтайды.

Дивизионды ұйымдық құрылым - белгілі нарыққа қызмет көрсететін және орталықтан басқарылатын ұйымдастырушы бөлімдердің бірігуін қарастырады.

Дизажио - (итал. Disagio - қиындық) 1) бағалы қағаздың номиналы мен оның төмендеген нарықтық бағамының арасындағы пайыздық айырмашылық; 2) бағалы қағаздардың биржалық бағамының оның номиналымен салыстырғанда төмендеуі; 3) қолма-қол және мерзімді нарықтардағы бағалы қағаздардың бағамдары арасындағы кері айырмашылық; 4)бағалы қағаздардың ұлттық биржадағы бағамымен салыстырғанда шетелдік биржаларда бағамының төмендеуі. Керісінше түсінігі – ажио.

Дилерді марапаттаудағы бағалық жеңілдіктер- өткізу және жарнама бағдарламаларына қатысқаны үшін сатушыларды 4-5 %-ға дейінгі ынталандыру әдісі.

Директор жауапкершілігі - көптеген компаниялар жарғыға директорлардың жеке қаржылық жауапкершілігін шектейтін өзгерістер енгізді.

Директорлар кеңесі - заң бойынша әр корпорация болуы қажет және акционерлер сайлайтын корпорацияның басқарушы органы. Директорлар кеңесіне барлық акционерлер өкілдері, менеджерлер, қызметкерлер және сыртқы инвесторлар қатысады. Кеңеске корпорация атынан қызмет ететін лауазымды тұлғалар мен агенттерді сайлау мен тағайындау, дивидендтерді жариялау және компанияның басқа маңызды қызметтерін орындау өкілеттігі берілген. Директорлар кеңесі күн сайынғы корпорацияны басқаруға қатыспайды.

Директорлар кеңесінің төрағасы - жиналыстарға төрағалық ететін және корпорацияның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылатын директорлар кеңесінің мүшесі. Төраға фирмада іс жүзіндегі атқарушы билікті иеленуі де, иеленбеуі де мүмкін. Бас атқарушы ретінде бас атқарушы директор да болуы мүмкін.

Дисконт - (англ. discount), жеңілдік, айырмашылық. Бұл түсінік банктік және биржалық тәжірибеде, валюталық және тауарлық нарықтарда қолданылады. Мысалы, вексельді есепке алғанда банк клиентінен дисконт алады, ол вексельдің сомасы мен оны төлеу мерзімін есепке алумен вексель иесіне төленетін сома арасындағы айырмашылықты жылдық пайызда белгілеуді көрсетеді. қор биржалары операцияларында бағалы қағаздардың номиналы мен оның биржалық бағамынң арасындағы айырмашылықты көрсетеді. тауарлық нарықтарда дисконт – нарықтық жағдайды есепке ала отырып, келісімнің не стандарттың шарттарына сапасы сәйкес келмеуі салдарынан тауар бағасын төмендету. Мерзімді валюталық мәмілелер бойынша валюталарға баға белгілеу кезінде дисконт – қолма-қол мәмілелер бойынша валюта бағамынан оның төмендеуіне тенденция кезінде берілетін жеңілдік.

Дисконттау – ақшаның болашақ құнын оның ағымдағы келтірілген құнына келтіру (түзету) процесі. Дисконттауға қарама-қарсы процесс, нақты айтқанда болашақ құнды анықтау алғашқы инвестицияланған құнға күрделі пайыздарды аудару болып табылады. Дисконт мөлшері пайданың ең төменгі мөлшері болуы керек, егер де ол пайданың ең төменгі мөлшерінен төмен болса, онда кәсіпкер инвестицияны өзі үшін пайдасыз деп есептейтін еді.

Дисконттау коэфффициенті – уақыты бойынша салыстырмалы шамаларға әртүрлі жылдардағы экономикалық көрсеткіштерді келтіру үшін қолданылатын коэффициент.

Дисконттау ставкасы – бұл инвесторлардың ұқсас мағынадағы және тәуекелділік дәрежедегі инвестициядан алатын пайыз нормасы. Бұл инвестордың талап ететін инвестициясының табыстылылық деңгейі. Бұл инвестиция табыстылығының минималды деңгейі (қайтарымдылықтың минималды коэффициенті). Дисконттау ставкасы орташа пайда нормасы ретінде анықталады, соған сәйкес болашақ табыстың ағымдағы құны төмен болады және мүлік обьектісі бір-бірімен ұқсас болып, бір элементі сәйкес келмесе, онда оның бағасы мен сол элементтің нарықтағы құнына сәйкес айырым түзету өлшемінің қажеттілігін көрсетеді.

Диспетчерлік бөлім – кәсіпорындағы өндіріс қадамының оперативті реттелуін жүзеге асырады. Ол жұмыс кестесіндегі ақауларды жоюды ұйымдастырады; өндірістік қуатты енгізудің бірқалыптылығына қол жеткізеді, сонымен қатар цехтар мен өндірістік аумақтардағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы кәсіпорын басшылығына баяндайды.

Дистрибьютор - нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың белгілі салдарынан пайда болатын бағаға қарай өндірушіден алған тауарларын өткізу нарығында іске асыратын, тауарды келісімді бағамен (базардікінен төменірек) сататын делдал ұйым.

Дисфункционалды жанжал - жұмыспен қанағаттану деңгейін төмендететін, топтар арасындағы қатынасты бәсеңдететін, ұйым қызметінің тиімділігін төмендететін жанжал.

Диффузия - инновациялық өнімнің нарықта тұтынушылар мен өндірушілер арасында түрлі коммуникациялық арналар арқылы таратылу процессі. Диффузия процессі мемлекет ішінде ұлттық өндірушілер мен тұтынушылар арасында және мемлекеттер арасында технология трансферті, түрлі лицензиялық келісімдер арқылы жүзеге асып отырады. Диффузия процессінің жүру жылдамдығы неғұрлым тез болса, келесі инновациялық өнімде соғұрлым тезірек пайда болады.

Доу-Джонс индексі - Доу-Джонс фирмасымен публикацияланатын, АҚШ биржаларында ресурстардың қозғалыстарын бағалауға мүмкіндік беретін акция бағамының өзгеру көрсеткіші. Доу-Джонс индексі іскерлік белсенділік пен нарықтық конъюктураның деңгейін мінездейтін жалпылама көрсеткіштер ретінде орын алады. «Уолл-стрит джорналдың» бұрыңғы шеф-редакторы Х.Доудың атымен аталған, бұл индексті 1897 жылы құрған. Ең алғашқы рет 12 әртүрлі акциялардың бағамдарын қосу жолымен және алынған дәрежені 12-ге бөлумен анықталған. Қазіргі кезде Доу-Джонс индексі акция бағамдарының 3 индексін қосумен анықталады: 30 ірі корпорациялардың, 20 темір жолдың және 15 коммуналдық компаниялардың. Неғұрлым маңыздысы өнеркәсіптік индекс.

Дубликат (екінші түпнұсқа) – алғашқы құжаттың немесе басқа да тікелей көзге көрінетін ақпаратты тасығыш бастапқы материалдық ортаның түп нұсқасының дәлме-дәл екінші рет қайта жасалған және заңды түрдегі күші бар тек жалғыз данасының түрі

Дюрация – қарыз қаржылық құралдарды өтеуге дейінгі орташа өлшенген мерзімі. Ол қаржылық құрал бағасының табыстылыққа тәуелді туынды функциясы болып табылады. Облигация бағасының өзгеру көрсеткіші өтеу мерзімінің жақындауына қарай оның табыстылығының өзгеруіне тәуелдігі. Бұл көрсеткіште пайыздық ставканың өзгеруіне жауап ретінде облигация бағасының өзгеруіне алып келетін мінездемелер біріктіріледі. Модификацияланған дюрация – қарыздық қаржылық құралдардың оны өтеуге дейінгі табыстылыққа салыстырмалы өзгеруінің бағалық сезімталдылығының көрсеткіші.

Е
Esomar ассоциациясы - 1948 жылы құрылған, бүгінгі күні 100 елден 4000 мүшесі бар нарық және қоғамның пікірін зерттейтін Еуропалық қоғам.

Esomar кодексі – 1) әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер жүргізетін халықаралық қоғам; 2) қоғам пікірін және нарықты зерттеуге негізделген Еуропалық қоғам.

Евровалюталар - шетел банктерінде депозитқа жатқан немесе басқа елдердің нарықтарында несие түрінде беріліп жатқан, айналысқа түсіп жатқан ұлттық ақша бірліктері.

Екінші деңгейлі бренд – негізгі брендке қарағанда брендтік иерархияда төменірек деңгейде орналасатын түрі. Оның атағы жақсы, бірақ сатып алушыда басқа тандау болмаған кезде ғана, сатып алынады. Олар онша атақты емес, бірақ оларды әр тауар өнеркәсібінде және қызмет көрсету өнеркәсібінде сатып алуға болады. Екінші деңгейлі бренд түзеу тарату арнасы арқасында нарықта бар.

Каталог: content -> files -> scipublications -> annotations
annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет