Капиталдың шекті құны - фирмамен қосымша тартылатын капиталдың әр жаңа бірлігінің сомасына капитал құнының орташа өлшенген өсімін сипаттайтын көрсеткіш. Капиталдың шекті құнын жүзеге асыру үшін қосымша капиталды қажет ететін бөлек операциялар мен жобалар бойынша пайданың күтілетін нормасымен салыстыру керек. Сонымен қатар, пайданың күтілетін нормасы капиталдың шекті бағасынан жоғары болу қажет.
Капитализация – акционерлік компаниямен шығарылған бағалы қағаздардың капиталға айналған жалпы сомасы. Оған облигациялар, жазбаша қарыздық міндеттемелер, жай және артықшылықтары бар акциялар, резервтік капитал кіреді. Облигациялар мен жазбаша қарыздық міндеттемелер эмитент компанияның кітабына олардың номиналы бойынша енгізіледі. Жай және артықшылығы бар акциялар номиналы бойынша немесе жарияланған құны бойынша жазылады. Дарияланған құн компания директорымен қабылданған туынды дәрежесі немесе шығарылған кезінде бағалы қағаздарды сатудан компанияның алған сомасын көрсетеді.
Капитализация ставкасы - таза операция табысының мүлік құнына қатынасы арқылы анықталады. Капитализация ставкасы пайда нормасына тең. Объект құны немесе табыс уақыт өтуімен байланысты өзгермейді. Уақытылы алынатын табыс қаражаттарға салынған пайданы көрсетеді. Бастапқыда салынатын қаражаттардың толық қайтарылуы, реверсия мезетінде болады.
Капитализация ставкасы пайда нормасынан көп - объект құны немесе табыс, иелік ету мерзімі кезінде төмендейді. Яғни, бастапқыда салынатын қаражаттардың толық қайтарылуы, реверсия мезетінде мүмкін болмай қалады. Реверсия мезетіне дейін, белгіленген бастапқыда қаражаттар салымының үлесі уақытылы табыс түсімдерімен бірге қайтарылуы қажет.
Картель - бір салада жұмыс істейтін фирмалардың бірігуі, олар компанияның коммерциялық қызметінің түрлі салаларына қатысты өзара келісімдерге барады – баға туралы, өткізу нарықтары туралы, өндіріс пен өткізудің көлемдері туралы, өнімнің түрлері туралы, патенттерді, жұмыс күштерін жалдау шарттарын айырбастау және т.б туралы келісімдер. Картелдің өзіндік сипаты – олардың біртекті нарықтарда қалыптасуы, жаппай өндіріске және стандартталған тауарларды өткізузе бағытталуы.
Кәдімгі қызмет - компанияның өз бизнесінің құрылымдық бөлігі ретінде жүзеге асыратын кез келген қызметі, сондай-ақ оның жалғасы болып табылатын және оған қатысы жағынан жанама немесе оның өзінен келіп шығатын қызмет.
Кәсіпкерлік тәуекел - нарық жағдайындағы нақты бизнеспен байланысты тәуекел. Өндіріс саласында дайын өнімге сұраныс пен бағаның тұрақсыз болуы кәсіпкерлік тәуекелді тудырады, ал шикізат, энергия сонымен қатар қалыпты массаларды қамтамасыз ете алмау ықтималдығы, пайданың мөлшері мен динамикасының тұрақсыздығы өндірістік тәуекелге алып келеді. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекелді жатқызуға болады.
Кәсіпорын балансының өтімділігі - міндеттерді өтеу мерзіміне сәйкес ақша түріндегі айналым мерзіміндегі кәсіпорынның активтері мен міндеттемелерін жабу дәрежесі ретінде анықталады. Кәсіпорын өтімділігі термині иемденушінің шешімі бойынша активтердің тез сатылу мүмкіндігімен байланысты. Сонымен бірге жасалатын жеңілдік мөлшерін анықтау маңызды болып табылады.
Кәсіпорын туралы деректер - меншік құқының куәландыратын құжаттар туралы, кәсіпорын қатысушыларының құрамы, олардың жарғылық капиталдағы үлесі, жер учаскесін, ғимараттар мен құрылысты қолдану туралы ақпаратты, оған қоса кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және техникалық сипаттамасы, ғимараттар мен құрылыстардың құнын бағалау үшін қажетті негізгі көрсеткіштер жатады.
Кәсіпорын үшін операциялық тұтқаның орташа мәні - жалпы сату құрылымында кәсіпорынның барлық сұрыптамалық позициясына жиынтық шығындар бойынша есептелген операциялық тұтқаның мәні.
Кәсіпорындарды реформалау - кәсіпорын қызметінің басқаруды жақсартуға, өндірістің тиімділігін және шығарылатын өнімнің, еңбек өнімділігін бәсекелестікке төзімділігін жоғарылатуға, өнімнің шығынын төмендетуге, қызметтің қаржылық-экономикалық нәтижелерін жақсартуға жағдай жасайтын ұстанымдарының өзгеруі болып табылады.
Кәсіпорынды бағалау үшін маңызды ақпарат : бағаланатын үлес мөлшері (акциялардың бақылаушы және бақылаушы емес пакеті), акционерлердің дауыс беретін құқықтары, активтердің өтімділігі, меншік құқығын шеттейтін шарттар, кәсіпорын меншігі немесе басқаруымен байланысты арнайы биіктер мен жеңілдіктер болып табылады.
Кәсіпорынды диагностикалық тексеру - кәсіпорынның даму болашағын және мәселелерін анықтау мақсатында жүргізілетін қаржы-шаруашылық қызметті тексеру.
Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру - кәсіпорында дағдарыс тудыратын себептерді қаржылық тепе-теңдікті орнықтыру арқылы жою шараларын қамтиды.
Кәсіпорынды қаржылық талдау - кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның пайдасы мен шығыны, активтері мен пассивтерінің құрылымының өзгерісі, дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысудағы өзгерістер, өтімділік, тұрақтылық туралы объективті сипаттама беретін шешуші параметрлер мен коэффициенттерді зерттеу.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдалануын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы – нарықта неғұрлым жағымдылылық режимін анықтау үшін шығарылған өнімдер, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстарды, соныменен қатар нарықтағы сәйкестендірілген сегмент «жұтып қоюы» мүмкін өнім (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) көлемін анықтауды есепке алумен өндірістік қуаттылыққа ие болу негізінде есептеледі. Кәсіпорынның бар қуаттылығына есептелген өндірістік бағдарлама сәйкес келетін өнім (тауарлар, жұмыстар, қызметер) түрі нарығының қажеттілігі көлемімен салыстырылады және бұрын шығарылған өніммен бірге нарықта өткізілуі мүмкін өнімдер көлемінің қажетті және жеткілікті өсімі анықталады. өнімдер көлеміндегі нарық қажеттілігінен кәсіпорынның қажетті өндірістік потенциалы анықталады.
Кәсіпорының интеграция түрлері – бастапқыда қалыптасқан иерархиялық құрылымдарды ыдырату шаруашылық жүргізудің нарықтық қағидаларына негізделетін ассоциациялық қызмет формалары мен кәсіпорындарды басқарудың интеграциялық құрылымдары ролінің артуына әкеледі.
Квалификация - ( лат. quails – қандай, қандай сападағы және facio – жасау) 1) заттың, құбылыстың қандай да бір категорияға, топқа жатқызу кезіндегі заттың мінездемесі; 2) қандай да бір еңбектің түріне кәсіптік дайындалу деңгейі мен дәрежесі, мамандығы, кәсібі, қандай да бір жұмысты орындау үшін қажетті жұмысшының біоімі, мүмкіндігі және тәжірибесінің болуы. Мамандықты, кәсіпті алу үшін оқу курсын өту керек болады. Адам өзінің мүддесіне, мүмкіндіктері мен жағдайларына сәйкес қандай оқу орнында және қандай мамандықтыта оқу керектігін таңдайды, одан кейін кәсіби қызметінің жүрісінде ол өзінің шеберлігін жоғарлатады. Жұмысшылардың квалификациясы олардың тарификациясында бейнеленеді, ол оның белгілібір жұмыс шеңберін орындауға жарамды екендігін куәландырады. Жұмысшының квалификациясының көрсеткіштеріне разрядпен қатар, категориясы (мысалы. 1-ші, 2-ші, 3-ші категориялы заңгерлер) немесе ғылыми дәрежесі мен атағы бар екендігін куәландыратын диплом. Жұмысшының класификациясы мамандарды дайындау және білім беру жүйесімен қатар, спалы білім алу қажеттілігін түсінуден де байланысты. Жұмысшының квалификациясы жұмысын жоғплту нәтижесінде де төмендеуі мүмкін.
Квота – өндірістің, өткізудің, экспорттың, импроттың кейбір түрлеріне көлемдік шектеу.
Кеден қоймасы - тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режим. Тауарларды кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырудың шарттары: 1. Кеден қоймасының кедендік режиміне, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін. 2. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиіс. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзімін тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлға белгілейді, бірақ ол тауарлар кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспауы керек. Сақтау, тұтыну және сату үшін шектеулі жарамдылық мерзімі бар тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуі және аталған мерзімдер аяқталғанға дейінгі күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей кеден қоймасынан әкетілуі тиіс. Кеден қоймалары және олардың түрлері. Кеден қоймасының кедендік режиміне сәйкес тауарларды сақтау үшін арнайы белгіленген және жайластырылған үй-жай немесе орын кеден қоймасы болып танылады. Кеден қоймасы тауарларға қатысты өкілеттіктерді иеленген тұлғаның пайдалануы үшін қолжетімді ашық түрде және қойма иесінің немесе қойма иесі айқындаған жекелеген тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі кеден қоймасы оның иесінің өтініші бойынша лицензияға тиісті өзгерістер енгізіле отырып, ашық түрдегі кеден қоймасы болып қайта құрылуы мүмкін. Кеден органдары құрған кеден қоймалары ашық түрдегі қоймалар болып табылады.
Кеден саясаты - Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
Кеден терминалы - Қазақстан Республикасы кеден органының қызмет аймағындағы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік ресімдеу және (немесе) кедендік операциялар жасауға арнап арнайы жайластырылған, техникамен жарақтандырылған және жабдықталған орын.
Кедендік алымдар - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері.
Кедендік алып жүру - Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруі.
Кедендік әкімшілік жүргізу - Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы.
Кедендік баж - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі. Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.
Кедендік бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.
Кедендік бақылаудағы тауарлар - кедендік бақылау жүзеге асырылатын тауарлар. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады. Тауарлар шығарылғанға дейін кеден органдары тауарлардың атауының, шыққан жерінің, саны мен құнының жүктің кедендік декларациясында және кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін анықтау үшін қажетті операциялар жүргізеді. Егер кеден органдарына тауарлардың олар туралы мәліметтерге сәйкестігін анықтау үшін қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік бермейтін бір тауар легінде түрі мен атауы әртүрлі тауарлар ұсынылса және мұндай тауарларға қатысты оларды жеке орап-түю орындарына бөлу жүргізілмесе, тауарлардың орамаларына таңбалау жасалмаса және тауарлардың ілеспе құжаттарында орап-түю және таңбалау туралы мәліметтер жазылмаса, мұндай тауарларды кедендік тексеріп қарау мерзімі қажет болған жағдайда, кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен тауарлар легін жекелеген тауарларға бөлу үшін қажетті уақытқа ұзартылады.
Кедендік декларация - тауарлар мен көлік құралдары туралы декларант мәлімдеген мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық түрде растайтын құжат.
Кедендік инфрақұрылым - кеден органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған үйлер мен ғимараттар.
Кедендік операциялар - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдары да, тұлғалар да Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жасайтын жекелеген іс-әрекеттер.
Кедендік рәсімдер - Қазақстан Республикасының кеден органдары мен кеден ісі саласындағы тұлғалардың кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кедендік Кодексте белгіленген нормалардың жиынтығы.
Кедендік ресімдеу - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты адамдар және Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы.
Кедендік тариф - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тізбесі.
Кедендік іс – Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
Кезектен тыс жиналыс - акционерлердің жылдық жиналыстарының аралығында өткізілетін акционерлердің жиналысы. Сирек түрде шақырылады және кейінге қалдыруға болмайтын, акционерлердің қолдауын қажет ететін мәселелерді қарастыруға арналады. Кезектен тыс жиналысты Директорлар кеңесі немесе акциялардың ірі пакеттерін ұстаушылардың талаптары бойынша шақырылады.
Кезең аралық есеп беру – бір жылдан кем кезеңдерге (ай немесе тоқсан сайын) дайындалатын қаржылық есеп беру.
Келісім-шарт - бұл жалдаушы (кәсіпорынның әкімшілігі) мен белгілі бір уақытқа, кейде ұзақ емес уақытқа жалданушы арасындағы құрылатын, ең алдымен мерзімі біткеннен кейін тоқтатылуы мүмкін, не екі жақтың келісімімен жалғастырылуы мүмікнін мінездейтін келісім-шарт. Контрактінің ерекшілігі келісім құрған жақтардың әрқайсысының сақтауы керек шарттары анық ескерілетіндігінде. Міндеттемелер бұзылған кезде нұсқан алушы жақ міндеттемелерін орындамаушы үшін тиімсіз шарттарда контрактіні бұзуға құқығы бар.
Кеңесші бенчмаркинг - бенгмаркетингтің бұл типі фирманы бірдей саладағы емес, бірақ кейбір процесстері фирмадағы процесстерге ұқсас келетін әлемдік класстың фирмаларымен салыстыруды ұйғырады. Мұндай фирмаларды дұрыс анықтау өте қиын, бірақ олардың ақпаратпен бөлісу (тіпті жаңа технологиялардағы еңгізулермен де) ықтымалдағы өте үлкен.
Кеңсе - мемлекеттік мекемелер, ғылыми-зерттеу, жоғарғы оқу орынында құжаттармен жұмыс атқаратын құрылымдық бөлім. Оның құрамына құжаттарды қабылдап, өңдеу, есепке алу, тіркеу, құжаттардың орынлдалуын қадағалайтын, құжатты құрастырып жіберу жұмыстарын атқаратын бөлім, топ кіреді.
Кеңістікті ұйым - өндірісті жекелеген процестерге ұтымды бөлшектеу және оларды жекелеген өндіріс үзбелеріне бекіту. Сонымен қатар - бұл олардың өзара байланысын және кәсіпорын аумағындағы орналасуын анықтау.
Кепілдеме - 1) қарыз алушының өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайында қарызын үшінші жақтың өтеуге сөз беруі; 2) коммерциялық және банктік тәжірибеде – банк-кепіліштің клиенті төлемдерін уақытында жасай алмаған жағдайда, бұл төлемдерді өз есебінен жасауға міндеттемені өзіне алуға өз клиентіне берілетін кепілдеме. Кепілдемелік кедісім-шарттардың екі нысаны қолданылады: келтірілген нұсқанның орнын толтыру туралы міндеттеме және кепілдіме. Бірінше жағдайда кепілдемеші өзіне екінші міндеттемелерді алады және қарыз алушы несие бойынша міндеттемелерін орындамаған кеде ғана іске қосылады; екінші жағдайда кепілдемеші несие бойынша тікелей жауапты болып табылады. Сонымен қатар олардың арасындағы айырмашылық кепілдеме жағдайында, соттың шешімі бойынша іске асырылатын жазбаша құжат қажет болады, ал міндеттеме бойынша келтірілген нұсқанның орнын толтыру үшін ондай құжат талап етілмейді, өйткені мөрмен расталған ол құжаттың өзі келтірілген нұсқанның орнын толтыруын кепілдендіреді. Кепілдемелер қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген, шектелген жіне шектелмеген болуы мүмкін; 3) бұйымның сатылған уақытынан белгілі бір уақыт аралығында ақауы бар бұйымды ауыстыруға немесе ақысыз жөндеуді іске асыратынына өндірушінің жазбаша міндеттемесі; 4) тәуекелді қабылдау куәлігі ретінде қайта сақтандырушының немесе сақтандыру компаниясының жазатын құжаты; 5) сатушының тауардың ақауына, оның материалдық жетіспеушіліктеріне, сондай-ақ тауар үшінші тұлғаның меншігі болып табылмайтындығына және қарыздық міндеттемелерден бос екендігіне жауап беретін заңды белгіленген міндеттемесі.
Кепілдік қағаз - қарыз алушының өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлкін (жер, құрылыс) кепілдікке қойғанын куәландыратын заңды құжат. Несие берушіге беріледі (қарызға ақша берген тұлғаға) және қарыз алушы толығымен есеп айырысып біткенше несие берушінің қолында болады. Қарызын уақытында өтей алмаған жағдайда несие беруші кепілдікке салынған мүлікті сату құқығына ие болады, ол меншікке иелік етеді.
Кернинг – екі әріптің ара қашықтығын біртегіс ету мақсатында олардың арасындағы интервалды өзгерту.
Кері байланыс қағидасы - алынған ақпаратқа ақпарат алушының реакциясы. Мысалы, басшы бағыныштыларына тапсырма беріп оның орындалу барысы туралы мәлімет ала алады.
Классификациялық индекс - белгілі мерзімге дейін берілетін цифрлік, әріптік, не болмаса аралас белгі. Классификациялық бөліну схемасы бойынша беріліп, жүйелі, не болмаса басқа кәртішкелерге қойылады, сонымен қатар күрделі және көптеген сұрақтарды реттеу үшін құжат және іске (құжатнамаларға) қойылады.
Клиринг - (англ. clearing – тазалау),төлем балансының шарттарынан шыға отырып, өзара есепке алу жолымен іске асырылатын бір-біріне сатылған тауарлар, бағалы қағаздар мен көрсетілген қызметтерге компаниялар, кәсіпорындар, елдер арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі. Елдер арасындағы клирингтік есеп айырысу алғашқы рет тек сыртқы сауда операцияларында ғана қолданылған, тек кейіннен ғана бұл есеп айырысулар басқа да халықаралық төлемдердің түрлеріне таралған. Клирингтік есеп айырысулар арнайы клирингтік келісімдердің негізінде жүзеге асырылады, оған келесідей міндетті элементтер кіреді: әр жақтың барлық төлемдері мен түсімдері есепке алынатын клирингтік шоттардың жүйесі,; клиринг көлемі; клиринг валютасы;валюта бағамының өзгеруі кезінде клирингтік шоттағы белгілі бір кезеңдегі ақшалай түсімдер мен шығындардың арасындағы айырмашылық – сальдоны қайта есептеудің сәйкестендірілген тәртібі; клиринг бойынша техникалық несиенің көлемі; клиринг бойынша сальдоны ағымда теңестіру; сальдоны түпкілікті теңестіру. Клирингтік келісім айнымалы және айналымсыз сальдоны қарастырады. Клирингтік валюталық келісімдер халықаралық саудада ұлттық валютасының еркін айналымдылығы жоқ елдерде қолданылады. Клирингтік келісімдер негізінде жасалатын есептер екіжақты және көпжақты болуы мүмкін. сальдоны есептеу кезіндегі қалыптасқан өтеу тәсілдері бойынша клирингтік келісімдер үш түрге бөлінеді: еркін конверсиялы клиринг; конверсияға құқығы жоқ клиринг; шектелген конверсиямен клиринг. Сыртқы саудалық қатынастарда халықаралық валюталық клиринг қолданылады. Халықаралық валюталық клиринг жүйесі үкімет аралық келісім негізінде өткізіледі. Елдің ішінде өзара есептеуді жүргізу үшін банктік клиринг қолданылады.
Клубтық инвестиция – венчурлық институттың бір құрылымы. Ерекшелігі - ол қор түрінде емес, венчурлық капитал иегерлерінің ресми тіркелмеген бірлестігі арқылы қызмет етіп, инновациялық проекттерді жүзеге асырады. Инвестициялардың бұл түрін басқарушы жеке келісімдер арқылы қызмет атқарып, қаржыларын тек дамыған, қызыметі тұрақты компанияларға салады. Бұл құрылымды кейде «мәңгі жасыл қор» деп те атайды. Өйткені ол өз қаржысын инновациялық бизнесте тәжербиесі мол компанияларға бағыттайды және түскен пайда мен дивиденттерін таратпай, оны келесі тиімді проектілерге реинвестициялайды.
Коммерциялану - мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға қайта құрылуын көрсетеді, ондағы жалғыз акционер мемлекет болып табылады. Ондай қоғамдар министрліктердің бақылауынан алынып тасталады және жалпы әрекеттегі заңды актілердің іс-әрекеттеріне түседі. Коммерцияландыру қоғамдық құқық негізінде қызмет ететін мемлекеттік кәсіпорын мәртебесінің бәсекелестік нарықтың тигізетін әсеріненмемлекеттің енгізген жасанды тосқауылдардың бірқатарын бір уақытта алып тастау мен мүлікті пайдалану ауданында шектеулерді сақтау кезінде жеке мәртебе құқығына өзгеруін көрсетеді.
Коммерциялық құжаттар - шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және орау парақтары, сондай-ақ тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар.
Коммерциялық тәуекел – кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процессінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономикалық тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәселестердің әрекеті.
Коммерциялық тиімділік - жобаның қатысушылар үшін қаржылық салдарын анықтайды. Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігі қаржылық шығындар мен қажет табыс нормасының қатынасымен анықталады. Жобаның әр түрлі орындалу кезеңдерінде нақты ақша ағымы мен сальдосын анықтау арқылы табылады.
Коммутанттар стратегиясы - коммутантт стратегия белгілі бір масштабта ғана жұмыс атқаратын, белгілі бір тұтынушылар үшін стратегиясын өзгертуге мүмкіндігі бар шағын компанияларға тән. Олардың девизі «Тек сіздің ғана мәселеңізді шешкенім үшін көбірек төлейсіз», мысалы «МакДональдс». Коммутанттар әдетте виленттер мен патиент компаниялардвн бос рыноктарды қамтиды. Бұл компаниялар инновациялық салада пиоерлік позицияға шыға бермейді, көбінше виоленттер мен патиеннетдің инновациялық өнімдерін иммитациялау мен модификациялап рынокқа шығарумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |