Менеджер сөздігі русско-английский и



бет29/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Ұйымдық құрылым - әртүрлі деңгейдегі өндірістік үйымдарда, сонымен қатар сол үйымның формаларының құрамын және байланысын анықтайды.

Ұйымдық модуль – белгілі бір мақсатты бағыттағы бағдарламалық тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін және өзара байланысты негізгі процедуралардың жиынтығы. Ұйымдық модульдар мақсатты тапсырманы орындау үшін қажетті типтік әрекеттер тізімін құрайды. Әрбір тәжірибелік жағдайда шараларды қамтамасыз ететін нақты жинағы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ типтік ұйымдық модулде қандай да бір тапсырманы кешенді орындауға барлық мүмкін болатын бағыттар көрсетілген.

Ұйымдық шешім - лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндеттерді орындау үшін таңдай білу қабілеттіліктерінің болуы. Оның мақсаты ұйымның алдында мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім деп қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.

Ұйымның миссиясы – ұйымның миссиясында сол ұйымның қалай және қай уақытта, не істеу керектігін көрсететін нақты тапсырмаларға негізделмеуі керек. Ол ұйым ішінде немесе одан тыс болып жатқан процестер мен құбылыстарға ұйымның қатысын, ұйым қызметінің негізгі бағыттарын көрсетеді.

Ұйымның сыртқы ортасы – ұйымның сыртқы ортасы екі қатысты өзіңдік тәуелсіз кіші жүйелер жиынтығы: макроорта және тікелей орта. Макроорта ұйымдардың орналасу ортасының жалпы жағдайын жасайды, көп жағдайда ол жеке алған ұйымға қатысты спецификалық мінезде болмайды.

Ұлттандыру - кәсіпорындарды және экономиканың толық саласын жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру.

Ұлттық ақпараттық инфрақұрылым – елдің ақпаратқа байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдайының сипаттамасының жиынтығын тұрғызу және дамыту әдістемесі. Онда бұхаралық ақпарат құралдары, ғылым, қызмет көрсету түрлері және т.б. қамтылады

Ұлттық инновациялық жүйе - ХХ ғасырдың 90 жылдары швед ғалыми Б. Лундвал қалыптастырған «ұлттық инновациялық жүйе» теоретикалық концепциясы дүниежүзіліне танымал болды. Казір барлық дамыған елдер өздерінің ұлттық инновациялық жүйесінің моделіне ие. Ұлттық иновациялық жүйе дегеніміз инновациялық саладағы мемлекеттік институттар мен жеке сектордың тығыз байланысы. Ол байланыс мемлекет экономикасын инновациялық, бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы өсуге әкелуі тиіс. Ұлттық иновациялық жүенің негізгі мақсаты инновациялық қызметті дамыту механизмдерін жетілдіру. Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтері мыналар: ғылыми потенциал; инновациялық кәсіпкерлік; инновациялық инфрақұрылым, қаржы және ақпараттық инфрақұрылымдар.



Ұлттық инновациялық қор - Қазақстан Республикасыны Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционері болып әрекет ететін, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады. Ұлттық инновациялық қор ұлттық даму институты болып табылады. Бұл қордың негізгі мақсаты елдегі инновациялық белсенділікті арттыру, соның ішінде жоғары технологиялқ және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу. Ұлттық иновациялық қордың міндеттері: инновациялардың құрылуын және енгізілуін қаржыландыруды жүзеге асыратын иновациялық қорлар мен инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу; инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз қатысу және қаржылық лизинг арқылы инновациялар құруды және енгізуді қаржыландыру; инновациялық инфрақұрылымды дамыту; сыртқы нарықтарға отандық инновациялрды жылжыту; инновациялық технологиялармен алмасу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Ұсыныс - белгілі бір баға бойынша нарықта сату үшін өз тауарларын ұсынатын сатушының (өндірушінің) тілегі мен мүмкіндігін мінездейді. Мұндай анықтама ұсынысты суреттейді және оның мәнін сапалық жағынан бейнелейді. Сандық жағынан ұсыныс оның деңгейін, көлемін мінездейді.

Ұсыныс бағалары – бұл өнімнің тікелей өндірушілер, немесе олардың сауда делдалдарының бағасы. Олар прайс парақтарда, фирмалық және көрме каталогтарында шығарылады. Ұсыныс бағасы, ереже бойынша жеткізудің шартына (партия көлемі, комплектация, жеткізу шарты және т.б.) және төлемге (алдын ала төлеу, сол уақытта төлеу несиесі) байланысты дифференциалданады.

Ұтыс – салық төлеушінің конкурстарда, жарыстарда (олимпиада), фестивальдарда, лотерея бойынша, салым ақша және борыштық бағалы қағаздар бойынша ұтыс ойындарды қоса алғанда ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және ақшалай табыстың кез келген түрі.
Ү
Үй тесті - маркетингтік зерттеудің тәсілі, бір топ тұтынушылар зерттелетін тауарды үйде пайдалана отырып арнайы сауалнаманы толтырады.

Үйлесімсіз тәуекелдер – жалпы рискологиялық жағдайдағы жекелеген тәуекелдер белгілерінің сәйкессіздігі мен қарама-қайшылығы және тәуекелдер алаңындағы үйлесімнің жоқтығы.

Үйіппен – жүкті тарасыз тасымалдау түрімен мінезделетін транспорттық термин. Көбінесе салмақты жүктерді (көмір, құм, кен және т.б.) үйіппен тасымалдайды. Бидай тарасыз тасымалдау кезінде «шашумен» деп термин қойылады.

Үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үлгі - суреттелетін құбылыстың негізгі пернелерін бейнелейтін абстрактылы бейне. Үлгі қаншалықты сәйкес объектіні қайта құратын болса, соншалықты зерттелетін объектіге нақты сәйкес келетін екінші ретті қасиеттерден ауытқи отырып объектіні де ұдайы қалыптастырады. Сондықтан да үлгі толығымен объектіге адекватты емес және абстракцияланған және ойдағы процедураларды қолдануды анықтайды. Сол уақытта қоғам, табиғи әлем сияқты объектілер қиындылығы, қызме етуі әртүрлі типтегі өзара байланысты факторлардың көп санына байланысты болуы үлгілеуді ғылыми зерттеудің қажетті әдісіне айналдырады. Үлгілер экономикада 18 ғасырдан бастап қолданылады. Экономидағы үлгілеу ерекше мәнге 20 ғасырдың 2-ші жартысында ие болды, ол кезде математика экономикалық ғылымның қажетті элементі болды және қиын экономикалық-математикалық есептерді шығару мүмкіндігі бар ЭЕМ-ры жасалды. Экономикада үлгілеуді көптеген экономистер қолданды: Дж. Нейман, Дж.Кейнс, Р.Фриш, П.Самуэльсон, В.Леонтьев және басқалары.

Үлес салмағы – бұл әр бір өндірістік көрсеткіштің жалпы көрсеткіштер құрамындағы пайыздық салмағын білдіреді

Үлесті кепілдікке салым – салымы бойынша қарыз алушы ставка алған кездегі жобаны қаржыландыру техникасы. Осы кезде қарыз алушы несие берушіге немесе инвесторға инвестициялау объектісінің мүмкінді болатын сатылымынан түскен табыстың үштен бір бөлігін беруге келісім жасайды. Мұндай салым ұзақ амортизациялық шкалаға негізделген төлемдерді қарастырады, және қарыз 10 жылды мерзім өткенге дейін төленуі қажет. Ол бойынша пайыздық ставка жай келілдік салымға қарағанда төмен болады. Ол мінезді ерекшелікке ие, оған сәйкес қарық алушы меншікті сату немесе басқа біреуге беру кезінде қарыз берушіге немесе инвесторға қарызды қамтамасыз ететін меншіктің жоғары құнынан үлесін төлеуі керек.

Үлестік салым - компанияның капитал үлесіне шектелген меншік құқығын береді. Үлестік салым құнды қағазға иелік ету немесе белгілі бір мүлікке меншік титулы нысанында болуы мүмкін.

Үлестіру (бөлу) - бұл өндіріс процессін (үдерісін) жаңарту, өндіріс қосалқылардың орнын толтыру (қайта қалпына келтіру) үшін алғышарттар жасау.

Үнемдеу - бұл ұтымды пайдалану (жұмсау) арқылы жұмсалынған (пайдаланылған) ресурстар көлемінің төмендеу жағына қарай өзгерісі.

Үстеме пайда салығы - салысытырмалы түрде жақсырақ табиғи жағдайдағы қызметтен немесе өндірілген өнімді рыноктың салыстырмалы түрде жақсырақ жағдайында өткізуден алынған қосымша пайда үшін төлем. Жер қойнауынан пайдаланушы пайыздың жиырма пайыздан асатын ішкі нормасын алған салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысының сомасы үстеме пайдаға салығы салу объектісі болып табылады.

Үстеме шығындар - жекелеген буйымдарды өндірумен немесе жұмыс турлерін орындаумен тікелей байланысты емес, өнімнің бүкіл шығарылуына немесе кызметтердің бүкіл көрсетілуіне жаткызылатын, негізгі шығындарға косымша шығындар. Үстеме шығындарға: үй-мереттерді, ғимараттарды жене жабдықты ұстауға, пайдалануға және ағымдағы жөндеуге жумсалатын шығындар, әлеуметтік сактандыруға, баска да міндетті төлемдерге және әкімшілік бас-қарушылық қызметкерлерге, т.б. аударымдар жатады. Үстеме шығындар өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.
Ф
Факсимиле – 1) техникалық жабдықтар арқылы қолтаңба тұпнұсқаның көшірмесін пайдалану; 2) құжаттардағы қолтаңбаны бірнеше рет пайдалануға арналған клише.

Факторинг - (англ. factoring) — клиенттің айнымалы капиталын несиелеумен сәйкестендірілетін сауда-комиссиондық операциялардың түрлілігі, шағын және орта фирмаларға коммерциялық банктермен, олардың фактор-компанияларымен көрсетілетін қаржылық қызметтердің түрі. Факторингтің мағынасы – шотты бөлшектеп төлеу (70-80%-ға дейін) жолымен қарыздарды қайтарып алуға құқықты қайта сату. Факторингті іске асыру кезінде клиент өзінің борышкерден қарызды алу құқығын фактор-фирмаға береді. Факторинг бойынша қызметті төлем жасау жалпы соманың 1,5%-ын құрайды және авнсқа алынған сомаға несиенің нарықтық ставкасын қосудан тұрады. Факторинг ХҮІ –ХҮІІ ғасырларда саудалық делдалдардың операциясы ретінде пайда болды, кейін несиелендіру нысанына ие болды.

Факторлар - бұл шаруашылық қызметте қандай да бір өзгерістерді және ауытқуларды тудыратын себептер, сондай-ақ осы себептердің пайда болуына ықпал жасайтын жағдайлар.

Факторлық талдау - жалпылаушы көрсеткіштің өзгеруіне себеп болған (әсер еткен) көрсеткіштерді зерттеуді білдіреді. Бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қортынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде, ол – кері болуы мүмкін.

Физикалық тозу – элементтің бастапқы қасиеттерінің жоғалуына байланысты мүліктің құнының азаюы. Физикалық тозу оны пайдалану уақытының өтуі бойынша немесе табиғи фактордың әсер етуінен объектінің физикалық қасиеттері өзгеруін көрсетеді. Физикалық тозу эксперттік және құндық әдістермен есептеледі.

Фирманың көпұлттық моделі – көпұлттық фирмалар әртүрлі мемлекеттердің фирмалары активтерінің бірігуі мен қайта құрылған компания акцияларын шығару арқылы қалыптасады.

Фирманың маркетингтік ортасы - фирма маркетинг қызметін басқаруға, мақсатты клиенттермен байланысып және оны жалғастырып, ынтымақтастықты нығайтуға әсерін тигізетін фирмадан тыс активті субъектілер және күштер.

Франко-борт (FOB) – инкотермстің осы шартына сәйкес жүкті теңіз кемесіне дейін тасымалдау және оны кемеге тиеу шығындары сатушының мойнында болады, яғни жүк теңіз кемесіне тиелген кезде сатушы өз міндеттерін орындаған болып есептелінеді, ал жүк болса енді сатып алушының қарамағына өтіп, оны тасымалдау, сақтандыру және т.б. шығындарын ол өз мойнына алады.

Франко-зауыт немесе зауыттан жіберу (EXW) - инкотермстің осы шартына сәйкес тауар сатып алушыға сатушының территориясында беріледі. Мысалы, тауар өндірушінің қоймасынан сатылады. Бұл шарт бойынша сатушының міндеттері минимальды, яғни тауарды тасымалдау, сақтандыру, тауарды кедендік шекарадан өткізу және т.б. шығындар сатып алушының міндетіне кіреді.

Франко-тасымалдаушы (FCA) - инкотермстің осы шартына сәйкес сатушы тауарды экспортқа шығару шығындарын өтеп, оны сатып алушымен алдын ала келісілген жерде тасымалдаушыға жеткізіп беруі қажет. Тасымалдаушы – бұл тасымалдау келісім-шарты бойынша тауарды сатып алушыға белгілі бір транспорт түрімен жеткізуші тұлға. FCA жүкті кез келген транспорт түрімен тасымалдау кезінде қолданылады.

Франчайзинг- 1) ірі кәсіпорынның өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге/ қызмет көрсетуге лицензиясын белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта франчейзерлерге беруі; 2) кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын (лицензиясын) шектеулі сауда кәсіпорнына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі; 3) ноу-хау, технология, белгіленген сауда белгісі келісілген нарыққа дейінгі қолданылған басқа бір фирманы тапсыруды, екі компания арасындағы болжамды ұзақ мерзімді келісім.

Франчейзер- басты фирманың атынан әрекет жасаушы, оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен мен заңды тұлғалар франчайзилермен келісім-шарт жасайды.

Франшиза – 1) сауда таңбасын, сауда атауын не авторлық құқықты меншіктенушінің - франчайзордың басқа фирмаға-франчайзиге- осы құқық үшін төлемге қатысты келісілген шарттар орындалған жағдайда пайдалануға рұқсат беруі немесе жеке не заңды тұлғаға берілетін бизнесті басқару құқығы; 2) сақтандыру төлемі таратылатын шығынның шекті минималды көлемі. Франшизамен сақтандыру шарты тәуекелді сақтандырылушы өзі сақтауды және сақтандырушыға табыстауды да қарастырады.

Фундаменталды зерттеулер – инновациялық үрдістің бірінші кезеңінде атқарылатын инновациялық идеяның теория жүзінде зеріттелуі. Дүниежүзілік тәжірбие бойынша әдетте фундаменталды зеріттеулер жоғарғы оқу орындарында, ғылми-зеріттеу институттарныда және ірі корпорациялардың ғылыми-техникалық және эксперементалды бөлімдернді жүзеге асырылады. Инновациялық үрдісте фундаменталды зеріттеу өте маңызды кезең болып табылады, өйткені инновациялық идеяның әрі қарай дамуы фундаменталды зеріттеуге тікелей байланысты. Егер идея теория жүзінде белгілі бір оң тиімділік әкелетін болса онда инновациялық үрдісті әрі қарай қолданбалы зеріттеулер жалғастырады.

Функционалды-құндық әдіс - кез келген өнімнің атқаратын пайдалы қызметін толық зеріттеу арқасында оны өндіруге кететін шығынды азайта отырып осы қызметтерді сапалы түрде жаңарту әдісі . Ең бірінші рет– функционалды-құндық әдіс 1947 жылы «Дженерал Электрик» компаниясында пайдаланылған. Функционалды-құндық әдісі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық; ақпарттық; аналитикалық; зерттеу және ізденіс; ұсыну; енгізу және жүзеге асыру .

Фьючерс – тауарлық және қор биржасындағы мерзімді мәміле түрі: олардың нақты мерзімімен болашақ келісім-шарттарды сату-сатып алу шарттары. Мұндай мәміле келісім-шартта белгіленген баға бойынша мәміле құрылғаннан кейін белгілі бір мерзімнен кейін тауар немесе акцияның ақшалай сомасын төлеуді көрсетеді. Мәмілені орындағанға дейін сатып алушы кішігірім кепілдемелік соманы төлеп қояды. Фъючерстік мәміленің мақсаты - өтімділік мерзіміне пайда болатын акция бағасындағы немесе бағамындағы айырмашылықтарды алу. Мұндай мәміленің нәтижесі – мәмілені құрағна күн мен орындаған күніндегі келісім-шарттың бағасы арасындағы айырмашылықтарды алу. Жеңілген жақ айырмашылықты кері (офсеттік) мәміле құру жолымен төлейді, яғни нақты биржалық баға бойынша ұқсас тауар партиясын сату немесе сатып алу мәмілелері. Ұтқан жақта осындай офсеттік мәміле құрады және сол арқылы өз ұтысын алады. Фъючерстік келісім-шарт тіркелгеннен кейін сатушы мен сатып алушы котрагент болуын тоқтатады және болашақта биржаның есептік палатасымен ғана істері болады. Егер де фъючерстік келісім-шарт оның мерзімі өткенге дейін офсеттік келісім құру жолымен өткізілмесе,онда сатушы қандай да бір тауарды жеткізу керек, ал сатып алушы ол тауарды қабылдау керек. Фъючерстік мәмілелер нақты тауарларды сату сатып алу үшін ғана құрылмайды, соныменен бірге мәмілені құрған күндегі және оны орындаған күндегі баға айырмашылығы есебінен алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін және хеджирлеу – мүмкін болатын бағалар мен валюталық бағамдар өзгерісінен сақтандыру үшін құрылады.
Х
Халықаралық компаниялардың шетелдік филиалы:

ассоциацияланған компаниялар тұлғасындағы - акциялардың бақылаушы пакетіне әсерін тигізе алмайтын, кем дегенде бас компания 10% қатыса алатын ТНК жүйесіне енетін қабылдаушы елдердегі кәсіпорындар. Бұл кәсіпорын бақыланбайды, тек бас компаниянвң ықпалында болады.);

бөлім тұлғасында - толығымен (100%) бас компанияға тәуелді және заңды тұлға ретінде әрекет ете алмайтын, жеке бюджеті бар дербес компания болып табылмайтын қабылдаушы елде тіркелген кәсіпорын;

еншілес компания тұлғасында - жеке балансы бар дербес фирма ретінде ( яғни заңды тұлға болып табылады) тіркелетін, бірақ оның қызметіне акцияладың бақылаушы пакетіне ие немесе еншілес компанияның барлық капиталына ие бас компания бақылау жүргізетін және осы кәсіпорынның қызметкерлерін тағайындайтын ТНК жүйесіне енетін кәсіпорын);



Халық меншігіне айналдырылған тауар - кеден бақылауынан өткен және осы елдің экономикалық аумағында еркін сату үшін рұқсат етілген импорттық тауар.

Халық тұтынатын тауарлар - отбасылық және үй шаруашылығында қолданылатын немесе жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін сатып алынатын тауарлар. Бұл тауарларды сатып алу коммерциялық мақсатта сатып алумен байланысты емес.

Халықаралық (әлем) бренді – халықаралық нарықтағы брендтің ұстанымы. Әлем брендтке қойылатын талапттары: 1) марка өз өнімнен әрқашанда артықшылық болу және өнімнің қасиетін жақсарту керек; 2) бәсекелес қабілеттілігі болу үшін, жаңалықтарды ең төмен бағамен енгізу керек; 3) әлемді өнімді болуы; 4) әлем өнімнен әлем маркасына немесе барлық елдер үшін біртұтас белгісіне өтуі.

Халықаралық бизнес этикасы - жұмысы түрлі елдер мен континенттердің жағдайларымен байланысты халықаралық менеджерге мүмкіндік беретін танымдық талаптар мен дағдыларды, әдептің жалпы адамдық сипатын зерттейтін ғылым, ол ішкі ұлттық және халықаралық кекілжіңдерден қашуға мүмкіндік туғызады.

Халықаралық компаниялардың геоцентрикалық ұйымдары - белгілі бір елдің мүдделері басқа елдің мүддесінен жоғары қойылмауға және шетелдік филиалдардың басшылықтарының құрамына түрлі ұлт өкілдері кіруге міндетті стратегия.

Халықаралық компаниялардың сыртқы экономикалық байланыстарының Департаменті - компанияның кәсіпкерлік қызметінің барлық шетелдік филиалдары бойынша жалпы принциптерінің таралуы, өндіріс пен өткізу көлемін, тауар номенклатурасын, бағыттарын келістіру сияқты қызметке ие бөліктер.

Халықаралық компаниялардың этноцентрлі бағыттары - бас компанияның шетелдік филиалдарының қызметін басқарудағы стратегиялық бағыттары, бас компаниядан филиалдардың басшыларын іссапарларға жіберу,олар арқылы бас компанияның менеджмент үлгісі және оның қызметі тәжірибелерімен алмасу.

Халықаралық компанияның полицентрлі бағыттары - басты компания кең көлемде қабылдаушы елдің жағдайларының ерекшеліктерін ескеретін және оның қызмет жағдайларына сол елдің қызметкерлерін, соның ішінде басқарушы қызметтердегілерді де кеңінен пайдалана отырып бейімделетін стратегияның бағыттары.

Халықаралық қаржы бизнесі - ұлттық қаржы нарықтарында және дүниежүзілік аймақтық нарықтарда табыс табу, байлықты көбейту мақсатымен қаржы активтерін сату және сатып алу бойынша (резиденттер мен резиденттер емес) жұмыс атқаратын субъектілер қызметі.

Халықаралық маркетинг – шетелдердегі тұтынушылардың тауарлар мен қызметтерге сұранысын қанағаттандыруға арнайы жергілікті компаниялардың маркетингтік іс - әрекеті. Ол сыртқы ортаны зерттеумен, халықаралық нарыққа шығудың мақсатқа сәйкестігін, мақсатты нарықтарды таңдау мен жаңа нарыққа шығу тәсілін, маркетинг жоспарын құрастыру, халықалалық нарықта жұмысты ұйымдастыру кезінде ақпаратты дұрыс пайдалану, бәсекелестік артықшылықты зерттеу және тағы басқаларды қамтиды.

Халықаралық маркетинг стратегиясы - өз өнімін әр түрлі нарық ерекшеліктерін ескере отырып жылжытудың тауар, өткізу, баға және жарнамалық бағдарламасының маркетингтік жоспарын әзірлеу.

Халықаралық менеджмент - сыртқы экономикалық байланыстардың барлық тұлғасында шетелдерде ұжымдық қызмет ету жағдайларындағы кәсіпорынның оңтайлы басшылық етуінің теориясы мен тәжірибесі.

Халықаралық нарықтағы өткізу стратегиясы - халықаралық нарықта өнімді әр ел нарығы үшін бейімдеу мен түрлендіру және франчайзинг және тағы басқа өткізу жүйелерін тұрғызу көмегімен сату көлемін көбейту арқылы кәсіпорынның тауарлық және өнімді жылжытудың өз жүйесін қалыптастыру жоспары. Мысалы, Coca-cola, Mc Donalds.

Халықаралық өндіріс диверсификациясы - бір халықаралық компания жүйесіндегі түрлі қабылдаушы елдерде әр алуан өнімнің шығарылуы. бір –бірімен байланысы жоқ өндіріс түрлерінің бір уақытта даму, өнімдер ассортиментінің кеңеюі, бір өндіріс, концерн және т.с.с. көлемінде өндірілген өнімдердің көбею)

Халықаралық өндірістің вертикалды интеграциясы - әр елдерден өндірістік процесстерді бір технологиялық тізбекке біріктіру: шикізат өндіру – бір елде, оның өңделуі мен жартылай өнімдерін шығару – басқа елде, дайын өнімдерді жинақтау – тағы бір үшінші елде т.

Халықаралық сауда – саттық (тендер) - саттық (тендер) – конкурстық негізде мердігерлік тапсырыстың орындаушысы немесе жеткізушісі таңдалып, келісімшартқа сай кім қалайлырақ шарттарды орындай алатыны анықталып мердігерлікті беру және тапсырыстарды орналастыру, тауар сату әдістерін қолдау.

Халықаралық сауда палатасы - бүкіләлемдік көлемдегі үкіметтен тыс әрекет ететін жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыру. Капиталдың және инвестициялардың еркін айналуы, сауданы ынталандыру жолымен әлемде кәсіпкерліктің дамуына үлес қосу мақсатында 1919 жылы құрылған. Ауыспалы экономикасы бар дамушы елдер мен мемлекеттердің, дамыған елдердің компаниялары мен кәсіпорындарын біріктіреді.

Халықаралық стратегиялық әріптестік (альянстар) - түрлі мақсаттарда әрекет ететін халықаралық компаниялардың фирма аралық келісімдері. Көбіне бұл компаниялардың ғылыми потенциалының бірігуі, өзара жою қауіпінсіз бөлімімен өндірістік кооперациялар.

Харизма – адамның жеке басының ерекше қасиеттері. Грек тілінен аудармасы “ерекше дарындылық” дегенді білдіреді. Харизматикалық басшы бағынушыларды тарта білу қасиетіне ие; бағынушылар арасында беделді, көбінесе көшбасшы. Харизмалық әсер ету эталондық биліктің негізін құрайды.

Хат - әр түрлі мәтіндік негізде біріктірілген, мекеме аралық байланысты орнататын құжаттар. Олар бірнеше мәселеге байлансты болғандықтан, атауы соған негізделіп құрастырлады: ақпараттық, кепілдік, жарнамалық, арбитраждық, дәлелдеуші, ескерту-хаты, өтініш-хат т.с.с.

Хат алмасу құпиясы - барлық пошталық жіберілімдердің түрлерінің, телефон арқылы байланыстың ашуға, танысуға корреспонденциялық мәліметтің мазмұнын жарялауға заңдылық құқық негізінде қорғалуын қамтитын тыйым.

Хаттама - мәжілістің, жиналыстың коллегиялық органдарының қабылданатын шешімнің жүргізілуін және оның қабылдануын жазуға негізделген құжат.

Хаттың адресі - жіберілген хаттағы көрсетілген ұйымның, не болмаса тұлғаның атауы және пошталық адресі. Хаттағы адреске келесі деректемелер кіреді: байланыс мекемесінің индекісі, пошталық адресі, телефондар нөмірі, телекс, факс, электрондық пошта адресі және WWW тағы басқа мәліметтер.

Хеджирлеу – Бұл валюта биржаларында валюта бағамдарының қолайсыз өзгерулерінен сақтану мақсатында жүргізілетін операциялар. Мұндай операциялар жүргізілу ерекшеліктеріне байланысты сатып алу хеджерлеуі және сату хеджерлеуі болып бөлінеді. Бірінші әдіс фьючерлік келісім шартты сатып алуға байланысты сатып алушыны болашақтағы бағамның жоғарылауынан сақтандырады. Ал екінші әдіс фьючерлік келісім шартты сатуға байланысты болашақта мүмкін болатын валюта бағамының төмендеуінен сақтандырады.

Хедхантинг – белгiлi бiр қызмет түрi бойынша бiлiктi мамандарды аңдып жүріп, iздеп табу. Ағылшын тілінен аудармасы “бастарды аңду” дегенді білдіреді. Хедхантингтiк агенттiлiктер фирманың тапсырысы бойынша оған қажеттi маманды тіпті басқа фирмалардан да iздеп табумен айналысады.

Хол-тест - белгілі бір тауарды немесе тауардың элементтерін (орамы,белгісі,жарнамасы т.б) тесттен өткізіп,одан кейін сол тауарға қатысты сауалнамаға жауап беретін 100-400 адамға дейін қатысатын маркетингтік зерттеудің тәсілі.

Холдинг - барлық қаражаттарын өзге компаниялардың капитал үлесін сатып алуға бағыттайтын корпорация немесе компания болып табылады, сондай-ақ ол өнеркәсіптік немесе қаржылық топтардың құрамына кіретін корпорациялардың басқарушы буыны болып табылады. Холдингтік компаниялар әдетте төмендегідей функция атқарады:

  • бірыңғай саясат жүргізу;

  • ірі корпорациялардың мүдделерін сақтауға бақылау жасау;

  • диверсификацияны жылдамдату;

  • қорларды шоғырландыру.

Холдингтік компания - бір немесе одан көп компнаияларды басқару және бақылау пакетін иелену үшін құрылған корпорация. Холдингтік компания бір немесе әр түрлі бизнес салаларындағы көптеген корпорацияларға иелік етуі мүмкін.
Ц
Цех - өндірістік құрылымға енетін күрделі жүйе. Оның құрамына қосалқы жүйе ретінде өндірістік учаскелер енеді. Цехта күрделі өзара байланыстар пайда болады: ол күрделі құрылыммен, дамыған ішкі және сыртқы өзарабайланыстармен сипатталады. Цех ірі кәсіпорындардың негізгі құрылымдық бірлігі болып табылады.

Циклдік қор - белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір жиілікпен өндіру немесе тауарларды шеттен әкелу салдарында түзілетін қор. Сериялық қормен салыстырғанда, циклдік қордың қалыптасу себебі - тұрақсыз толу, яғни сериялық қорда шектеуші сандық аспект болып табылса, циклдік қорда уақыт аспектісі болады.
Ш
Шағын инновациялық бизнес - инновациялық саладағы маңызды қозғаушы күштердің бірі. Шағын инновациялық бизнес кәзіргі күні бүкіл дамыған мемлекеттірдің экономикасының өсуіне қомақты сома әкеліп отыр, өйткені бизнестің бұл түрі көптеген артықшылықтармен ерекшелінеді. Шағын инновациялық компаниялар тәуекелге өте жақын сондықтан оларды венчурлы компаниялар деп те атайды. Шағын иновациялық бизнеске мынадай ерекше қасиеттер тән: шағын инновациялық бизнес кез келкген сала бойынша зерттеу жұмыстарын жасауға лайықты; ірі компаниялардың инновациялық проеттерді игеруге қаржлық мүмшіліктері көп болса да күрделі басқару пирамидасының кедергілерінен инновациялық процесс өте баяу жылжиды; шағын инновацитялық компаниялардың басқару құрылымы күрделі болмауы себебінен олар рынок өзгерістеріне тез икемделіп, бейімделе алады; инновациялық процесс тезірек жылжиды; шағын инновациялық жоғарғы технологиялық компанияның өмір циклін белгілі бір кезеңдерге бөледі. Өйткені осы кезеңдерге байланысты венчурлы қаржыландырудың сомасы, уақыты анықталуы тиіс классикалық түрде шағын инновациялық компанияның өмір циклі мынадай кезеңдерден тұрады: 1-инвестиция салынғанға дейінгі; 2 -инвестициялық; 3- постинвестициялық кезең деп бөледі. Инвестиция салынғанға дейінгі кезеңде мынадай қызметтер атқарылады: проект идеясының пайда болуы; потенциалды инвестрлерді іздестіру; алғашқы бизнес-жоспарды әзірлеу. Инвестициалық кезеңде мынадай қызметтер атқарылады: инвестицияның бастапқы сомасын алу өнім моделін және маркетинг бағдарламасын жасау; өнімді рынокқа шығару және инвестиция бойынша пайданы бөлу. Постинвестициялық кезең инвестициялық қаржыландыру мерзімінің аяқталуы енді инновациялық компания мен инвестор әрі қарай бизнестің дамуы бойынша шешім қабылдайды.

Шаруашылық механизм - қоғамдағы шаруашылық өмірдің құрылысын баяндауда қолданылатын ұғым; шаруашылық міндеттілік, оны жүзеге асыратын құрылымдар шаруашылық ету көздері және оны іс-жүзінде асыратындар және олардың әр-түрлі өзара қатынастары.

Шектеулі іскери тәжірибе - нарықты бөлу, баға орнату, экспорт елдердің дискриминациялық жағдайларды пайдалану жөніндегі жеткізушілер мен сатып алушылар арасындағы келісім. Бәсекелесе алуға мүмкіндігі бар тауарларды өткізу және өндіруге қатысты шектеулерді сауда әріптесінің қабылдауы кезіндегі тауарды жеткізуді келістіру, «жүктемесімен» жеткізу және т.б.

Шетелдегі жұмыстан кейінгі маманның реинтеграциясы - шет елдегі ұзақ жұмыстан кейін маманның бағыттары мен көзқарастары жүйесінің, мінез-құлық бейнесінің, психикасының өзгеруі мынадай түрде байқалады: басты компанияның пәлсапасы ол үшін бөтен, ал шетелде алған білімі мен дағдылары ( шет тілін, қатынас тәсілдерін, ақыл-ой потенциалын қосқанда) қажетсіз болып табылады.

Шоғырланған маркетинг - маркетингтік күш жігерді бір немесе бірнеше шағын нарықтың үлкен үлесіне жұмылдыру.

Шумпетер И. Инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясынан басталады. 1920 жылдары австриялық ғалым И.Шумпетер өзінің «Экономикалық өсу теориясы» еңбегінде экономикалық теория ғылымдырында алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру. яғни факторлар комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді. И. Шумпетер жаңа комбинациялардың бес түрін көрсетті: 1.жаңа өнімді қалыптастыру; 2.жаңа технология пайдалану; 3. өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану; 4. сатудың жаңа рыноктарына шығу; 5. ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнаркөзерін пайдалану.

Шығарылмаған акциялар - акция түрінде шығарылмаған бекітілген жарғылық капиталдың бөлігі. Олар компанияның балансында шығарылған және төленбеген акциялармен қатар көрініс табады. Шығарылмаған акциялар дивиденд әкеле алмайды және дауыс бермейді. Оны компанияның шығарған, бірақ төленбеген жеке акцияларымен шатастыруға болмайды.

Шығынсыздық нүктесі (рентабельділік шегі) – бұл кәсіпорынның шығындары болмайтын, бірақ әлі пайдасы да болмаған кездегі өткізуден түсетін түсімі, яғни айнымалы шығындарды өтегеннен кейін өткізуден нәтиже тұрақты шығындарды жабуға толығымен жететін, және пайда нөлге тең болатын нүкте. Егер де ұсынылатын өнімдерге (тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге) сұраныс шығымсыздықты қамтамасыз ететін өнім көлеміне қарағанда төмен болатын болса, онда оның өндірісі өзін ақтамайды.

Шығындар – бағаланатын ұқсас меншік объектісін құру үшін қажет болатын шығын мөлшері. Бұл шығындар сатып алушы төлеуге дайын сомадан айырмашылығы болмауы мүмкін.

Шығындар нормасы - бұл өндірістің жоспарланған жағдайында бекітілген сапамен өнім бірлігін өндіруде пайдаланылатын материалды ресурстар элементтерінің экономикалық және технологиялық ең жоғарғы мүмкін жоспарлы саны. Дәлелділік талаптарын қанағаттандыру үшін шығындар нормасы бірыңғай әдістемелік негізде өнімнің бекітілген номенклатурасы және жұмыс түрлері бойынша жасалуы, норманы енгізу кезеңінде ҒТП жетістіктерін ескеруі; өнім сапасы және әлеуметтік нормативтер бойынша талаптарды сақтаумен ресурстарды үнемдеу бойынша ішкі қорлады жоғарғы дәрежеде жұмылдыруға мүмкіндік беруі қажет.

Шығындар орталығы - өндіріс шығындарын т-мендетуді мөлшерлеу және оған тапсырма беру мүмкіндігі, сондай-ақ әрбір орталық бойынша шығындардың іс жүзіндегі көлемі туралы есеп ақпаратын алу.

Шығындарды бақылау стратегиясы – өз шығынын бәсекелес шығынымен салыстырғанда төмендетуге негізделеді. Шығындарды өндірістің жоғарғы тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей міндетті түрде бақылау. Төмен шығындарда фирма бәсекелестерге қарағанда, бағалары төмен болса да, пайданың жоғары деңгейін ұстауға ұмтылады.

Шығындық әдіспен бағалау – бұл бағаланатын обьектінің қайта қалпына келтіру құны есебі кезіндегі ағымдағы құнын және бағалау күніне сәйкес функционалды, физикалық және техникалық жағдайын анықтау.

Шығыс құжаты - мекемеде дайындалып басқа мекемелерге, лауазымды тұлғаларға орындалуға және басқа мақсатпен мекемден жіберілетін құжат. Шығыс құжатының ресімделу бойынша келесі мәліметтер толтырылады: құжатты дайындаған құрылымдық бөлімнің атауы, шығыс нөмірі, құжаттың датасы «қол қойылған, бекітілген, жіберілген мәліметтердің) құжатты қабылдаушы жақтың адресі (ұйымның атауы), орындаушы туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, телефоны). Шығыс құжатын ұйымдастыруда бірнеше кезең: құрастыруға нұсқау, жобасын дайындау, мәтінімен мүдделі тұлғалармен келісім алу, құжатты түзету, дұрыс ресімдеуді қадағалау, көбейту (қажетті жағдайда), қораптау және жіберу, құжаттың бір данасын іске (құжатнамаға)тіркеу істері атқарылады.
І
Ізгілік көмек – Қазақстан Республикасына халықтың тұрмысы мен тіршілігін жақсартуға, сондай-ақ, әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға әрі оларды жоюға шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, жабдық, құрал-сайман, техника, медициналық құралдар мен медикаменттер және өзге де бұйымдар түрінде өтеусіз негізде беретін мүлікті Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілетті органдар арқылы үлестіреді.

Іргелі талдау – қаржылық нарық жағдайын оқып-үйрену үшін және бағалы қағаздар құнының өзгеру динамикасын болжау үшін қолданылады. Оның негізінде макроэкономикалық деңгейде ЖІӨ көлеміне, сату көлемі мен бірқатар салалар мен кәсіпорындардың үлкен санының табыстарының деңгейіне болжам іске асырылады. Мұндай талдау нақты кәсіпорындардың, салалардың немесе толығымен қор биржасының акцияларының күтілген табыстылығына неғұрлым негізделген баға беруге мүмкіндік береді. Мұндай талдаудың түпкі мақсаты бағалы қағаздардың табыстылығының ағымдағы динамикасын, нарықтық құнын бағалауда, соныменен қатар кәсіпорын даму тиімділігіне және болашақта акция бағамының өзгеруіне қор биржасы параметрлерінің әсер етуін анықтауда.

Іс (құжатнама) номенклатурасы - мекеменің іс жүргізудегі қоданыста болатын іс (құжатнама) атауының жүйеленген тізбегі, не болмаса құжат атауларының сақтау мерзімі көрсетілген, арнайы тәртіпке негізделіп ресімделген жүйеленген тізбе. Істер (құжанама) номенклатурасы жанжақты мақсатта қолданыста болатын құжат. Орындалған құжаттарды арнайы папкаға тіркеу барысында топтастыру және үйлестіру үшін классификациялық схема, істердің (құжатнаманың) бекітілген атауы, әр құжаттың сақтау мерзімін көрсету, құжаттарға пайдалануына қатысты ақпараттық-іздестіру жүйесін қалыптастыру ретінде құрастырылады.

Іс жүргізу (басқаруды құжатпен қамту) - кеңселік істерді атқару, мекемедегі құжаттармен жұмысты ұйымдастыру және құжаттандырудағы жұмыстың саласы. «Іс жүргізу» және «Басқаруды құжатпен қамту» құжатпен жұмысты ұйымдастырудағы бір ұғымды қамтиды. Осы ұғымның аясының кеңейуі автоматтық әдіспен құжатты құрастыру, өңдеу редакциялау, ресімдеу, мәтіндік құжаттарды жіберу процесі компьютерлік бағдарламаға бейімделуі арқылы құжаттық жұмысты жаңа кезеңдегі ұйымдастырыуға байланысты қалыптасқан.

Іс жүргізу (басқаруды құжатпен қамту) қызметі - атқаратын міндеті бойынша мекемедегі құжаттық жұмысты ұйымдастыратын қызмет (хатшылық бөлім, кеңсе, істерді басқару, жалпы бөлім, мекемедегі басқаруды құжатпен қамту бөлімі).

Іскер періштелер дегеніміз - артық ақшалай қаражаттарын тәуекелі жоғары, жаңа венчурлы, инновациялық жобаларға салатын жеке тұлғалар. Әдетте олар экономикасы жоғары дамыған мемлекеттерде, және инновациялық саласы белсенді дамушы салаларда қызмет етеді. Кей кездерде бизнес періштелер бір регион, бір мемлекет, тіпті мемлекет аралық деңгейде бірігіп бейресми ассоциациялар қалыптастырады оны бизнес періштелер жігі деп те атайды.

Іскерлік бедел – бұл әрекет етуші кәсіпорынның құнының бөлігі, ол жақсы атпен, іскерлік байланыстармен, фирмалық атаудың танымалдығымен, фирмалық маркамен анықталады.

Іскерлік ойындар - еліктіру, үлгілеу әдісі. Берілген ережелер бойынша адамдар тобының немесе адамның және ЭЕМ ойындар жолымен әртүрлі жағдайларда басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жасау кезінде қолданылатын нақты экономикалық жағдайлардың қысқартылған түрде ұдайы өндірілуі. Экономика – теориялық қана емес, соныменен қатар, сандар мен есептерді кең қолданатын бәсекелі заттармен ісі бар тірі тәжірибеге сүйенетін қолданбалы да экономика. Сондықтан да экономикалық білімдер әлемі, экономикалық шындылықтарды игеру, экономикалық ой-пікірлерді қалыптастыру нақты экономикалық процестерде теориялық қортындылардың бейнеленуін қажет етеді. Осы кезде ерекше мәнге тәжірибелік жағдайлардың ойындық ұдайы өндірілуі ие болады. Іскерлік ойындар экономикада тәжірибелік үйренудің, экономикалық тәртіптің мөлшерлерін танудың, экономикалық шешімдерді қабылдау процестерін игерудің әдісі мен құралы ретінде қолданылады. Бұл басқаруды үйрету әдісі, оның негізінде басқару – білімге қарағанда, бұл көбінесе тәртіп, мүмкіндіктер мен тәжірибелер екендігі туралы идея жатыр. Іскерлік ойында қабылданған ережелерді есепке ала отырып, әрбір қатысушы өмірдегі адамдардың тәртібіне сәйкес келетін әрекеттерді орындайды. Іскерлік ойындарды жүргізу техникасы мен ұйымдастыру ерекшеліктерінің арқасында оларда келесідей қызметтердің типтері бірігеді, дамымалы оқыту, зерттеу жұмыстары, тәжірибелік тапсырмаларды шешу. Іскерлік ойындарға қатысушылар қандай да бір жағдайға сәйкес келетін құрылғыларды, білімдерді, ойларды игеріп шығады.

Іскерлік хат - екі жақтың арасында: заңдылық, не болмаса жеке тұлғаның, арақашықтық байланысында ақпаратты жеткізетін құжаттар түрі. Іскерлік хаттар көптеген мәселеге байланысты құрастырылады. Осыған байланысты олардың түрлері бірнеше топқа бөлінеді (сұраныс, ескерту, шақыру, шағым, өзгерту, белгілеу, дәлелдеу, мәлімдеме беру, түсіндіру, ұсыну, өтіну, талаптану т.с.с.).

Істен шығу коэффициенті - бұл істен шыққан негізгі қорлардың жыл басындағы қолда бар негізгі қорларға қатынасы.

Істерді (құжатнамаларды) ретке келтіру - орындалған құжаттарды істің (құжатнаманың) номенклатурасына сәйкестендіріп топтастыру және құжаттарды істегі (құжатнамадағы) ішкі қалыптасу реті бойынша жүйелендіру.

Істі (құжатнаманы) ресімдеу - бекітілген ережелер бойынша істі (құжатнаманы) сақтауға дайындау. Жыл аяқталуы бойынша мекемедегі құжаттар іске (құжатнамаға)тіркеліп ресімделеді.Құжаттардың құндылығы бойынша сақтау мерзімі қарастырылып, істі (құжатнаманы) ресімдейді. Істі (құжатнаманы) ресімдеу екі түрде жүргізіледі. Уақытша сақтайтын құжаттардың көп мерзімді сақтайтын ісі (құжанамасы). Істі (құжатнаманы ресімдеу келесі жұмыс барысын қамтиды: істі (құжатнаманы) тігу (мұқабаландыру), парақтарын нөмірлеу, растау жазбасын көрсету, қажетті жағдайда ішкі тезімдемесін құрастыру, істің (құжатнаманың) сыртқы бетін толтыру. Ресімделген іс (құжатнама) 250 беттен артық болмауы тиісті.

Ішкі ереже - корпорацияның қызметін басқару үшін заңға сәйкес қабылдануы қажет ережелер. әдетте мұны директорлар кеңесі қабылдайды және үрдістік мәселелерді реттейді, мысалы акционерлер жиналысын өткізу ережесін, дауыс беру ережелерін және т.б реттейді.

Ішкі жеңілдіктер - өндіруші, сатушы кәсіпорындарының өз жұмысшыларына арналған тауар бағасының арнайы төмендетілуі.

Ішкі кедендік транзит - кедендік бақылаудағы тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша, сондай-ақ осы тарауда белгіленген шарттар сақталған жағдайда, шет мемлекеттің аумағы арқылы өткізілетін кездегі кедендік рәсім. Ішкі кедендік транзит кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін тасымалдаушының және (немесе) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның жауапкершілігімен өткізіледі. Тауарларды бірдейлендіру құралдарын, тасымалдаушылар мен жөнелтушілердің пломбаларын пайдалана отырып, ішкі транзит рәсімі бойынша темір жол көлігімен өткізуге жол беріледі.

Ішкі қаржыландыру - есептелген шығындардың нақты төлемі мен ақша қаражаттары түсімдері арасындағы уақытша кешіктіруді қолдану арқылы компания операцияларын қаржыландыру.

Ішкі құжат - мекемедегі қажеттілікке байланысты, заңдылық негізде, мекеменің ережелік талаптарына сәйкес, барлық лауазымды тұлғалардың қатысуымен құрастырылып, ішкі қолданыста пайдаланатын құжаттар (бұйрық, шешім, жұмыс бабындағы ережелер, лауазымдық ережелер т.с.с.). Ішкі құжаттар мекемедегі арнайы ережелерге сәйкес және құжаттар альбомының негізінде құрастырылып, ресімделеді. Ішкі құжаттарды құрастыру бірнеше кезеңнен тұрады: құжатты құрастыруға нұсқау алу, не болмаса жеке қатыстылық бойынша (инициативалық), құжаттың жобасын дайындау, жоба мәтініне мүдделі лауазым тұлғаларымен келісім алу, оның нәтижесіне сәйкес түзетулерді енгізу, дұрыс ресімделуін тексеру, қол қою, және бекіту, көбейті және орындауға үйлестіру, тіркеу.

Ішкі пайда нормасы – бұл ақша қаражат ағымының нәтижесінен (оң және теріс) алынатын инвестордың салым қаражаттарынан түскен әр жылғы пайда нормасы.

Ішкі резервтер (босалқылар) - бұл нақты бір кәсіпорынның мүмкіндіктері, стап айтқанда, негізгі өндірістік қорларды мтериалдық ресурстарды және еңбек өнімділігін пайдалануды жақсарту.

Ішінара тепе-теңдікті талдау – елдің барлық басқа нарықтардағы баға, өндіріс көлемі және жұмыспен қамтылу деңгейі өзгеріссіз қалуы ықтимал болғанда нақты нарықтағы тепе-теңдік өндіріс көлемін немесе жұмыспен қамтылу деңгейін зерттеу.
Э
Экономика салалары - адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын біртекті өнімді немесе қызметті өндіретін кәсіпорындардың, бөлімшелердің, ұйымдардың жиынтығы. Экономиканың барлық салалары екі үлкен топтамаға біріккен: тауарлар өндіретін салалар және қызметтер көрсететін салалар. Тауарларды (материалдық игіліктерді) өндіретін салаларға өнеркісіп, орман шаруашылығы, құрылыс және материалдық өндіріс сферасының басқа да қызмет ету түрлері жатады. Қызмет көрсететін салаларға халықтың қоғамдық және жеке қажеттіліктеріне қызмет ететін және мемлекеттік басқаратын салалар жатады (үй-тұрмыстық шаруашылық, банктік қызмет және зейнеткерлік қамтамасыз ету, ғылыми қызмет, халықтық білім беру, дәрігерлік қызмет көрсету, шығармашылық және басқалары).

Экономикадағы дағдарыс - экономикалық дамудың бұзылуы, экономиканың жекелеген жүйеліктеріндегі тепе-теңдіктің бұзылуы, әлеуметті-экономикалық қарама-қайшылықтардың шиеленісуін көрсететін экономикалық жүйелердің біртіндеп бұзылуы. Дағдарыстарды келесідей түрлерде қарастырады, яғни ұдайы өндірудің циклдік дағдарыстары, қаржылық, несие-ақшалық, биржалық, құрылымдық, демографиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктік, аграрлық, экологиялық және басқа да дағдарыстар.

Экономикадағы уақыт - экономикалық оқиғалардың қайталанбайтын тізбектілігін тәртіпке келтіруді көрсетеді, осындай тізбектіліктің экономикалық қызмет пен танымда қабылдау және көрсету тәсілі. Экономикалық теорияда экономиканың мерзімділік аспектілерінің жеткілікті толық көрініс табуы - өте қиын, көбінесе шешілмейтін тапсырма. Осыған қарамастан, ғылыми әдебиеттерде, экономикадағы өтіп жатқан процестердің әртүрлі типтеріне сәйкес келетін немесе экономикалық қызметті мінездейтін уақыт категорияларының толық спектрі айрықшаланған. Объективті уақыт – нақты экономикалық процестердің жүру уақыты. Ережеге сәйкес, объективті уақыт жай астрономиялық немесе күнтізбектік шкала ретінде түсіндіріледі, кез-келген оқиға немесе процес тіркелетін. Кез-келген уақыт осы шкаладан өз орнын алады, яғни күні белгіленген. Кез-келген уақыт аралығы оның көмегімен өлшенеді (мысалы, күнмен немесе жылмен). Қызмет ету уақыты немесе субъективті уақыт. Адамның экономикалық қызметінде уақыт қосымша қызметке ие болады: ол оқиғаны нақты уақытқа салыстырғанда тұрақтандырады. Уақыт оларды субъект үшін сапалы екі категорияға бөледі: өткен уақыттағы оқиғалар, яғни болашақ әрекеттердің объективті алғышарты ретінде және болашақ оқиғалар – білмейтін, бірақ жіберілетін нұсқалар және сондықтан да күтілетін, жобаланған, содан кейін нақты уақыттағы – субъектінің өзімен жасалатын. Субъективті уақыт қозғалмалы, «уақыт жебесі» алға қарай ұмтылады: нақты уақыт әрдайым ауысып отырады, барлық жаңа оқиғалар алдағыдан арттағыға көшеді, күтімдегі болашақтағы оқиға және соған байланысты құндылықтар әрдайым жаңарып отырады. Субъективті уақытпен басқа да жағдайларда соқтығысамыз, бос уақыттың бағасын бағалау кезінде немесе іскерлік және болжамдық есептеулерде экономикалық параметрлерді дисконттау кезінде. Логикалық уақыт – бұл экономикалық үлгілерде қалыптасқан уақыт.

Экономикалық заңдар - экономикалық үрдістерге қатысатын адамдарды қоса лағанда, экономикалық жүйенің элементтері, бөліктері арасындағы өзара байланыстар мен өзара әрекеттердің бастапқы көріністерін мінездейді. Көбінесе жалпыға ортақ заңдардың саны қарастырылады. Заттарды, игіліктерді, қызметтер мен көрсеткіштерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну арасындағы қатынастарды және байқалатын тұрақты байланыстарды, осы үрдістердің миро-, сондй-ақ макроэкономика масштабында мінезделуін көрсетеді.

Экономикалық институттар - 1) ғаламды негіздемелік экономикалық категориялардың жүйесі. Бұл түсініктегі экономикалық институттардың қатарына келесідей жалпыэкономикалық категорияларды жатқызуға болады: ақшалар, нарықтар, бағалар, кәсіпорын, жеке меншік, банктік іс, заңнама, сақтандыру, бәсеке, мемлекеттік реттеу және басқалары; 2) бір-бірімен өзара әрекет ететін және шаруашылық субъектілерінің экономикалық қызметін іске асыратын ережелер. Олардың қатарына жеке-дара кәсіпкерлік, фирмалар, соныменен қатар мемлекет жатады. Ресми ережелер конституция, кодекстер, заңдар және басқа да адамдар мен ұйымдардың экономикалық тәртібіне сәйкес келетін нормалар түрінде әрекет етеді. Ресми емес ережелер экономикалық агенттердің мүмкін болатын және қоолданатын әрекеттері салдарынан және адамдардың ойларында тамыр жайған дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, әдеттер. Ресми ережелерді және нормаларды тез арада, жылдам сәйкестендірілген саяси және заңды шешімдерді қабылдау арқылы өзгертуге болады. Толығымен ресми экономикалық институтар иерархиялық қағидада құрылады және жалпы және нақты шектеулер мен нормалардың 3 деңгейін енгізеді: саяси және заңды нормалар (конституция, Азаматтық кодекс және басқа да экономикалық кодекстер мен заңдар), экономикалық ерелер мен нормалар (заңды актілер, нақты экономикалық қызметтер бойынша нұсқаулар мен бекітілімдер), соныменен қатар жеке-дара статутстар мен келісімдер. Экономикалық институттар әралуан түрде құрылады. Оларға нақты анықтама берілмейді, өлшенбейді, нақты экономикалық параметр нысанында көрінбейді. Бірақ осыменен бірге әрбір экономикалық үлгінің өзіне жауап беретін өз институциялық шектеулерінің жинағына жауап береді. Түпкілікті, неғұрлым мәнді және жалпыға ортақ экономикалық институттардың құрамына адам құқығы, меншік құқығы және келісім-шарт жатады.

Экономикалық көрсеткіш - экономиканың, оның объектілерінің, оларда жүріп жатқан процестердің қазіргі және болашақ жағдайларын мінездйді. Экономикалық көрсеткіштер экономикалық процестерді басқару мен экономикалық ғылымдарда қолданылатын экономиканы суреттейтін кең тараған және тиімді құралдарының бірін көрсетеді. Неғұрлым жалпы түрде экономикалық көрсеткіш атын, сандық белгіні және бірлікті енгізеді. Экономикалық көрсеткіштердің құрамы мен құрылымы экономикалық ғылымды оқып-үйренудің мәнді объектілерінің бірін және бір мезгілде оның мазмұнды элементін көрсетеді.

Экономикалық көрсеткіштер жүйесі - экономиканы толығыменен, оның салалары, аймағы, экономикалық қызмет аясын, біртекті экономикалық үрдістердің тобын мінездейтін өзара байланысты, жүйлендірілген көрсеткіштердің жиынтығы.

Экономикалық күтім - қандай да бір экономикалық құбылыстар мен процестердің эволюциясы туралы шаруашылық қызмет субъектілерінің ойы. Адамдардың болашақ оқиғалар туралы өздерінің ойларын есепке алумен әртүрлі шаруашылық шешімдер қабалдауымен байланысты олардың күтімдері оқиғаның дамуына әсерін тигізетін күшті факторға айналады.

Экономикалық қауіпсіздік - жеке тұлғаның, елдің өмірлік маңызды мүдделерін қорғай жағдайы, сыртқы күштердің араласуынсыз экономикалық дамудың жолдары мен формаларын анықтау және оларды өткізуді жүзеге асыру мүмкіндігі. Экономикалық қауіпсіздік елдің түпкілікті экономикалық мүдделерін басқару құрылымдарын анық тануды көрсетеді, ол өз алдына елдің ішіндегі және сыртындағы қауіптерді жою немесе тоқтатуды қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың жағдайымен байланысты, жеке адам мен қоғамның экономикалық қызметінің дұрыс жағдайын жасау мен қолдау бойынша экономикалық қызметті қамтамасыз етеді.

Экономикалық өміршеңдік мерзімі – табыс әкелу мақсатында обьектінің ағымдағы пайдалану кезіндегі бір бөлік мерзімі. Объект өзінің экономикалық өмірінің соңында кәсіпорынның мүліктік комплексінің құнына оның салымы 0-ге тең болған кезде жетеді.

Экономикалық өсудің тұрақтылық коэффициенті – дивидент саясаттын, кәсіпорын табыстылығын, қор қайтарымын және де басқа да қалыптасқан қаржыландыру көздерінің қатынасын өзгертпей кәсіпорынның келешекте орташа даму қарқынын көрсетеді.

Экономикалық стратегия - бұл фирманың бәсекелестік басымдылығының жоғарғы деңгейін қалыптастыру және ұстау мақсатында біріккен дара, өзаранегізделген және өзарабайланысқан құрамдас элементтердің жиынтығы. Басқаша айтқанда, экономикалық стратегия - бұл фирманың бәсекелестігін қамтамасыз ететін жүйе. Экономикалық стратегия фирманың ішкі ортасында және сыртқы ортасында жүзеге асырылатын стратегиялардан құрастырылады.

Экономикалық тиімділік – нә­тиже мен осы нәтижеге қол жеткізу үшін өндірілген шы­ғының арақатынасы.

Экономикалық тосқауыл - елдің сыртқыэкономикалық жабылуы, онымен сыртқы саудалық, қаржылық, несиелік және басқа да байланыстардың тоқталуы. Осылай шектелген елге экономикалық зардап жасалады, ол шетелдік қаржылық, шикізаттық ресурстарынан, өткізу нарықтарынан және т.с.с. айырылады, елді ішкі немесе сыртқы саясаттарын өзгертуге итермелейді. Экономикалық тосқауыл, көбінесе саяси тосқауылмен бірге жүреді, жиі әскери тосқауылмен сәйкестендіріледі. Тосқауыл толық болуы мүмкін, яғни шектелген елдегі экономикалық байланыстардың барлық нысандарына бір уақытта жайылады, немесе жекелеген – яғни байланыстардың бір немесе бірнеше нысандарына жайылады.

Экономикалық ынтымақтастық пен дамуды ұйымдастыру - әлемдік сауданы кеңейтуге атсалысуда және мүше-елдердің экономикалық дамуын тұрақтандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатында 1960 жылы құрылған ұйым. Құрамына 29 мүше - елдер кіреді, ең бастысы дамыған елдер.

Экономикалық-экологиялық талдау – экологияға кеткен шығындар мен қоршаған ортаны жақсартуға және қорғауға байланысты экологиялық және экономикалық процестердің өзара әрекетін зерттеу.

Экономиканы ырықсыздандыру - экономикалық қызмет ету еркіндігінің кеңеюі, саяси, заңды және әкімшілдік шектеулердің толығымен немесе біртіндеп алынуы. Әкімшілдік нысандағы экономикаға, соныменен қатар тікелей мемлекеттік реттеу нысанындағы мемлекеттің араласуы төмендейді. Ішкі және сыртқы экономикалық ырықсыздандырудың өзара байланысты және өзара әрекет етуші процестері айрықшаланады. Ішкі экономикалық ырықсыздандыруға лттық экономика шегінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, бағалар мен табыстарды еркін белгілеу сферасының кеңеюі, несиелер мен пайыздық ставкаларды беру шарттары жатады. Сыртқы экономикалық ырықсыздандыруға елдің әлемдік ынтымақтастыққа енуімен, ашық нарықтық экономикаға көшумен үстемдік ететін процестер жатады.

Эксперттік кеңес - құрамына өндірістік компаниялардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және жоғарғы оқу орындарының және технопарктің өкілдері кіретін ұйым. Оның негізгі мақсаты технологиялық бизнесөинкубаторға түскен инновациялық идеяларды бағалау. Эксперттік кенңестің шешіміне байланысты инновациялық жобалар жүзеге асырылады.

Экспирациялау күні – келісім әрекеті мерзімінің яақталған уақыты. Еуропалық мәтінмен қарайтын болсақ, экспирациялау күні болып болашақтағы нақты бір күн табылады, сол күнге дейін ғана опционды сатып алушы оны қолдануға құқығы бар, ал келісімді сатушы, егер де сатып алушы талап етсе, оны орындауы қажет. Американдық стиль бойынша экспирациялау күні ретінде белгіленген күні немесе оған дейінгі кез-келген күні опционды саытп алушы контрактіні қолдануға құқығы бар, ал сатушы оны орындауға міндетті. Айырмашылықтары мәнді емес, өйткені құрылған келісімдердің аз ғана бөлігі нақты орындалуға дейін жетеді.

Эксплеренттік стратегия – пионер инновациялық компанияларға тән. Олардың мақсаты инновациялық өнімді рынокқа бірінші болып шығарып пайда түсіру. Олардың девизі «Жақсы және арзан, егер сәтті болса». Эксплерент компаниялар әдетте ірі болып келеді, олардың өз ғылыми-техникалық зеріттеу бөлімдері болады, және инновациялық процесстерге көп қаржы жұмсайды. Инновациялық өнімді әдетте массалық өндіске шығарып , масштаб эффектісінен пайда табады.

Экспорт - халықаралық келісім-шарт аясында орындалатын, шет мемлекеттерге сатылатын тауарлар мен қызметтердің сатылу операциясы.

Экспорттық маркетинг – тауарларды шетел нарығына экспортқа шығаратын компаниялардың маркетингтік қызметі.

Экстенсивтілік коэффициенті - әрекеттегі және әрекеттегі емес құрал-жабдықтарды сипаттайтын сандық көрсеткіш, ол 1-ге қарай ұмтылады.

Экстремизм – мәселені шешуде қатаң шаралар мен әдістерге жүгіну (зорлық, лаңкестік, шоктық терапия және т.б.).

Электронды дүкен - компания сайты, тұтынушыларға тауарларды жеткізу және тікелей сату арқылы тапсырысты орындау.

Электрондық бизнес – кәсіпкерлік қызметтерді жүргізуде ақпараттық телекоммуникациялық желіні қолданатын бизнес үрдістерінің бірігуі.

Электрондық пошта – қолданушылардың желі арқылы өзара хабар алмасуына мүмкіндік жасайтын желістік қызмет түрі.

Эмиссия проспектісі - жалпы сатылатын акциялар комиссиясына жататын барлық деректер мен сандар суреттелетін ресми құжат. Эмиссия проспектісі бағалы қағаздар нарығын реттейтін орталық мемлекеттік органда және биржада тіркелуі керек және бағалы қағаздарды сатып алу ұсынысымен брошюра деп аталады.

Энергетикалық шаруашылық - кәсіпорынды барлық энергия түрімен қамтамасыз етеді, оның ұтымды пайдаланылуын ұйымдастырады, электрлік құрал-жабдықтардың және қондырғылардың үнемі пайдалануға дайындығын үзбейді, жаңа энергетикалық құрал-жабдықтарды енгізеді, негізгі өндірістік цехтарда энергия қондырғыларының пайдалану ережелерінің орындалуын бақылайды.

Эталонды көрсеткіш – институционалды инвестор ең оптималды деп есептейтін қаржы нарығының сегментін анықтайтын көрсеткіш (яғни инвестор өз портфеліне қосу үшін бағалы қағаздарды таңдайтын нарық сегменті). Ол тәуекел бойынша шектеулерді сақтаумен талап етілетін табыстылық көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ұзақмерзімді перспективада институционалды инвестордың шектеулері мен мақсаттарын бейнелейді. Эталонды көрсеткіш ретінде келесілерді қарастыруға болады: күнібұрын белгіленген минималды пайыздық ставка, нарықтық пайыздық ставка (мысалы, LIBOR), нарықтық индекс немесе олардың құрамдастары (мысалы, FTSE 100), басқа институционалдық инвесторлардың тиімділігі).

СОДЕРЖАНИЕ
ЧАСТЬ 1. Русско-английский и казахский терминологический словарь менеджера……………………………………………………………………5

ЧАСТЬ 2. Казахский толковый словарь менеджера……………………….68




Рекомендовано

Ученым советом факультета экономики и бизнеса

РИСО КазНУ им. аль-Фараби

ОРЫСША-АҒЫЛШЫНША ЖӘНЕ ҚАЗАҚША

МЕНЕДЖЕР СӨЗДІГІ
Русско-англИЙСКИЙ и казахский

словарь менеджера




Каталог: content -> files -> scipublications -> annotations
annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет