Менеджер сөздігі русско-английский и


Операцялық цикл - өндіріс барысында қолданылатын материалдарды сатып алу және дайын тауарлар мен қызметтерді ақшалай қаржылар мен оларға оңай айналатын (ауысатын) құралдардың орнына сатудың арасындағы



бет25/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Операцялық цикл - өндіріс барысында қолданылатын материалдарды сатып алу және дайын тауарлар мен қызметтерді ақшалай қаржылар мен оларға оңай айналатын (ауысатын) құралдардың орнына сатудың арасындағы уақыт.


Опрециялық бюджет - бұл кәсіпорынның бүкіл табыстары мен шығындаының баптарын көрсететін көмекші сметалар арқылы жіктелетін (бөлшектенетін) табыстар мен шығындардың жоспары.

Опцион “Колл” – келісілген мерзім біткенге дейін тіркелген бағам бойынша 100 жай акцияны сатып алуға тағайындалған опцион. Инвесторлар бұл опционды жоғарылау күтілген кезде сатып алуды талғайды. «Колл» опциондарының көбісі бір айдан тоғыз айға дейін есептелген, кейібір жағдайларда бір жылға дейін. Оларды инвестордың қаржылық жағдайын жоғалымнан қорғау үшін де қолдануға болады. «Колл» опционы бойынша орындау бағалары опционды шығару күніне жай акциялардың ағымдағы нарықтық бағамдарына жақын белгіленеді.

Опцион «Пут» - белгіленген мерзімі өткенге дейін тіркелген бағамы бойынша 100 жай акцияны сатуға берілетін опцион. Инвесторлар «пут» опциондарын сатып алуға талғамдылық береді, егер де бағам төмендеуі күтілетін болса. «Пут» опциондарының көбісі бір айдан тоғыз айға дейін есептелген, кейібір жағдайларда бір жылға дейін. Оларды инвестордың қаржылық жағдайын жоғалымнан қорғау үшін де қолдануға болады. «Пут» опционы бойынша орындау бағасы опционды шығару күніне жай акциялардың ағымдағы нарықтық бағамдарына жақын белгіленеді.

Опциондар – қарыздық міндеттемелер де, үлестік бағалы қағаздар да болып табылмайды. Бұл келісілген уақыт аралығында белгіленген бағам бойынша басқа бағалы қағаздарды немесе басқа да активтерді сатып алуға инвесторға мүмкіндік беретін бағалы қағаздар. Опциондар күтілімді өсу болады деген жағдайда немесе жай акциялардың бағамдық құны төмендеуі мүмкін болған жағдайда сатып алынады. Опциондар тек қана алып-сатарлық мақсатта ғана сатып алынбайды, соныменен қатар салынған салымдарын жоғалымнан қорғау үшін де сатып алынады.

Опционның нақты бағасы – опционда есептелетін strike бағасы мен базистік активтің ағымдағы бағасы арасындағы айырмашылық. Колл опционын сатып алушы үшін активтің ағымдағы бағасы strike бағасынан жоғары болған тиімді, өйткені ол болашақта осы активті арзан бағамен сатып алу құқығына ие болады. Колл опционын сатушы үшін кері жағдай туады. Осылай, опцион нақты құнына ие болады, егер ол ақшада болатын болса. Басқа жағдайларда опционның нақты бағасы нөлге тең.

Опционның уақытша бағасы – сатып алушы төлейтін, ал сатушы экспирациялау күніне дейін келісімді өзінің орындау құқығына билік жүргізу мүмкіндігіне ішкі бағасына қосымша алатын сыйақысы. Оны соныменен қатар күтім бағасы немесе мүмкіндік бағасы деп те атайды. Опционды орындау күніне дейінгі уақыт аралығы неғұрлым көп болса, соғұрлым оның бағасы жоғары болады.

Орам дизайны - орамның сыртын түрлендіру үш сатылы: орамды құрастыру, үлгілеу және үрдісті өңдеу жұмыстарын қамтиды. Сәйкесінше, жұмысты тәжірибелі дизайнерлер, суретшілер, өнер және ғылым саласындағы мамандар орындайды.

Орам - тауарлы ыдыс және маркетинг коммуникациясында көрсетілетін хабарлы құрал элементі. Орам тұтынушылардың тауарға деген көңілін аудару үшін әртүрлі безендіріледі.

Ордер – компанияның қосымша акцияларын, облигация, алтын және басқа құндылықтарды сатып алуға мүмкіндік беретін құнды қағаз. Құнды қағаздар нарығында басқа артықшылығы бар гарантияларға қарағанда ғұмыры ұзақ – 1 жылдан бірнеше жылға дейін.

Орталық тиімділігі - бұл өндірістік ресурстарды барынша аз жұмсай отырып, берілген көлемді орындау, не болмаса , ресурстардың берілген көлемін жұмсай отырып, жұмыстарды барынша жоғары көлемде орындау.

Орталықсыздандыру – Мемлекет немесе кәсіпорын деңгейінде орталыққа бағынудың бұзылуы. Мысалы, ұйымда шешім орталықтан қабылданбай, әр бір бөлім өз бетінше қабылдайды.

Орталықтандыру - бір жерге, бір қолға, бір орталыққа шоғырландыру, бірнеше капиталды біріктіру жолымен капитал көлемін өсіру немесе бір капиталдың ұтынылуы.

Орташаландырылған көрсеткіштер averages – бағалы қағаздарға баға тенденцияларын өлшеудің әртүрлі тәсілдері; орташа көрсеткіштердің неғұрлым әйгілісінің бірі Нью-Йорктің қор биржасында тіркелген 30 өнеркісптік компаниялар акциялары бойынша Доу-Джонстың орташаландырылған көрсеткіші болып табылады. Орташаландырылған көрсеткіштерді калькуляциялау үшін арнай формулалар құрылған, олар акциялар мен акциялардан алынатын дивидендтерді бөлшектеуді есепке алуға мүмкіндік береді және осылай индекстің үздіксіздігі мен біртінділігін сақтайды.

Отын – энергетикалық кешен - энергетикалық кешен – отынды өндіру және қайта өңдеу жұмыстарының барлығын қамтитын (өнеркәсіптің отын саласы), электроэнергетика, сонымен қатар электр энергиясы мен отынның таратылуы мен тасымалдануын орындайтын қазіргі әлемдік экономиканың базалық құрамдас бөлігі.)

Оффшор - жеке даму үшін шектеулі қорларымен сипатталатын, орталықтардың орналасқан елдерінде тіркелген, шетелдік компанялардың табыстарынан салық салымын толық жоюға немесе азайтуға мүдделі бизнес орталықтары.
Ө
Өзге де міндетті төлемдер – белгілі бір мөлшерде бюджетке міндетті түрде аударылатын ақшалар (алым, салық және төлемдер мен төлемақылар).

Өзгермелі шығындар - өнім өндірісі көлеміне байланысты шығындар. Олар өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей пропорционалды өзгереді. Өзгермелі шығындар өндірістік және өндірістік емес сипат иеленеді. Өндірістік сипаттағы өзгермелі шығындарға шикізат пен материалдар, технологиялық отын және қуат сатып алуға жұмсалған шығындар жатады. Өндірістік емес өзгермелі шығындарға көлік шығындары, саудамен байланысты шығындар жатады.

Өзі таралатын қор - венчурлы қаржыландыру саласында арнайы осы бизнестің өзіне ғана тән көптеген терминдер бар. Солардың бірі өзі таралатын қор. Бұл қорды белгілі бір жоба үшін қалыптастырады. Инвестрлер алдын ала жобаның да қордың жа қызмет атқару мерзімі мен аяқталу кезеңін анықтап қояды. Әдетте бұндай қорлар 10 жылдан артық тұрмайды. Инновациялық жоба аяқталып, венчурлы компания акциялары сатылып, пайда түсірілгеннен кейін қор жойыылп кетеді.

Өзіндік құн - кәсіпорынның өндіріске және өнімді өткізуге жұмсаған шығынның ақшалай көрінісі. Кәсіпорын немесе сала белгілі бір кезеңде шығарған бүкіл тауар өнімінің өзіндік құны және бұйым бірлігінің өзіндік құны болып бөлінеді.

Өзіндік құнды басқару - бұл өз өзіндік құнын жоспарлау және бақылау, маркетингпен, бизнес жоспарлаумен, өндірісті ұйымдастырудың жаңа нұсқаларын жасаумен, персоналды басқарумен байланысты қажетті әрекеттерді қабылдау. Өзіндік құнды басқару есептеу ережелерін қалыптастырумен, өзіндік құнды және басқа да экономикалық көрсеткіштерді есептеу процесімен, реттеумен байланысты және нормативті реттеу нұсқасында жүзеге асырылады.

Өзін-өзі басқару - еңбек коллективінің өндірістік және әлеуметтік даму, шаруашылық қызметтерді жоспарлау, материалдық, еңбек және қаржы қорларын пайдалану мәселелеріне қатынасуы. Өзін-өзі басқару еңбеккерлердің күші бар заңдар негізінде шаруашылық және басқа да мәселелер бойынша маңызды шешімдер қабылдап, оның жүзеге асуын бақылауға қатынасуларымен анықталады.

Өзін-өзі сақтандыру – бұл әдіс бойынша кәсіпкер сақтандыруды сақтандыру компаниясынан сатып алғаннан гөрі өзін-өзі сақтандырған дұрыс деп санайды. Бұл жерде шаруашылық субъектісі өз қызметіне қатысты шығындарды үнемдей алады. Өзін -өзі сақтандырудың негізгі мақсаты қаржылық коммерциялық қызметтегі уақытша қиыншылықтарды жедел түрде игере білу.

Өкiлеттiлiктер – ұйым ресурстарын пайдаланудағы және қызметкерлер әрекетін тапсырмаларды орындауға бағыттаудағы шектеулі құқық. Сызықтық өкiлеттiлiктер - басшыдан қоластындағы қызметкерге берілетін өкiлеттiлiктер. Аппараттық (штабтық) өкiлеттiлiктер - әкімшілік функциялары басшыларға берілетін өкiлеттiлiктер түрі. Өз кезегінде соңғылар ұсыныстық өкілеттіліктер, міндетті келісімдер, қосалқы (паралелльді) және функционалды өкілеттіліктер болып бөлінеді.

Өкілеттікті табыстау ол қол астындағыларға билікті беру жәнебелгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруда шешім қабылдау. Өкілеттікті табыстау түрлері: толық, шектеулі, нөлдік, керісінше аудару.

Өкім құжаттары - шешім, өкім, қаулы, бұйрық, нұсқау. Бұл құжаттар тобы басқару еркшелігіне сәйкес құрастырылады және жоғарғы басқарушы билік мекемелерінің заңы, қаулысы, шешіміні негізінде шығарылады.

Өмір сүру сапасы - адамның, топтың немесе адамдар қоғамдастығының табиғи, ділдік, әлеуметті-экономикалық дамуын анықтайтын халықтың өмірінің субъективті және объективті жағдайлары, деңгейлерінің кешенді мінездемесі. Белгілі бір территориядағы немесе мемлекеттегі халықтың өмір сүру сапасы бірқатар экономикалық, әлеуметтік, техногендік, демонрафиялық, экологиялық, географиялық, саяси және моралдық факторлармен анықталады. Объективті факторлардың ішінде – азық-түлік өнімдерін тұтыну, үй-жайлық жағдайы, жұмыспен қамтылу деңгейі, қызмет сферасының , білім бері, әлеуметтік қамтамасыз етудің дамуы; субъективті факторлардың ішінде – жұмыспен және өмірлік жағдайларымен, жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, жанұяның қаржылық жағдайы мен жанұялық қатынастарымен қанағаттануы. Осылай, өмір сүру сапасының тұжырымы адам мен қоршаған ортаның өзара әрекет етуінің барлық аспектілерін енгізеді.өмір сүру сапасының әртүрлі құрамдастарына сандық баға беретін барлық көрсеткіштерді шартты түрде жағымды және жағымсыз деп екіге бөлуге болады. 1-ші тобына келесідей көпөлшемді көрсеткіштерді жатқызуға болады: адам басына шаққандағы ЖІӨ, күтілген өмір сүру ұзақтылығы, аналық өлім коэффициенті, денсаулық сақтауға мемлекеттік шығындардың үлесі, мүгедектердің саны, соныменен қатар жеке көрсеткіштер, газеттер мен басқа да жалпылама ақпарат құралдарының 100 адамға шаққандағы саны, жан басына шаққандағы тұтынылатын килокалорий саны және т.с.с. көрсеткіштердің 2-ші тобы өмір сүрудің төмен сапасын бейнелейді, бірақ әлемдегі халқының саны бойынша көп елдерде оның динамикасын талдау үшін үлкен мәнге ие болады. Бұл көрсеткіштерге келесілер жатады: 5 жасқа дейінгі балалар үшін есептелген тойымсыздық жағдайларының саны,; ауылдық жерлерде тұратын халықтың ішіндегі қауіпсіз суға қолдары жетпей отырған жанұялардың үлесі; 40 жасқа жетпеген халықтың саны мен үлесі; денсаулық сақтау ауданындағы және басқа да бастапқы әлеуметтік қызметтерді алу мүмкіндігі жоқ халықтың үлесі.

Өміршеңдік мерзім әдісі – обьектінің экономикалық және тиімділік өміршеңдігі мерзіміне есеп жүргізіліп, тозу деңгейін анықтайды. Объектінің қалған экономикалық өміршеңдіктік мерзімі – обьектінің бағалау мерзімінен бастап, экономикалық өміршеңдіктің соңына дейінгі уақыты. Талдау кезінде бағалаушы объектінің физикалық ескіруі оның физикалық және функционалдық тозуына пропорционалды деген ұйғарымдармен шықпауы қажет. Экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруі объектінің қалған экономикалық өмір мерзіміне әсер етеді.

Өндіріс – бұл адамдардың табиғатпен әрекеттесе отырып, пайдалы игіліктерді өндіру процесі не болмаса тауар немесе қызмет қалыптастыру үшін өндірістік ресурстарды біріктіру процесі. Материалдық өндіріс материалдық игілік өндірісі мен материалдық қызмет өндірісінен тұрады. Материалдық емес өндіріс материалдық емес игілік өндірісі мен материалдық емес қызмет өндірісінен тұрады. Материалдық қызмет өндірісі мен материалдық емес қызмет өндірісінің жиынтығы қызмет көрсету саласы деп аталады.

Өндіріс бюджеті - бұл натуралды көрсеткіште берілген өнім шығару жоспары. Ол сауда бюджетіне негізделіп жасалады және өндірістік қуаттылықты, өндірістік қор бюджетін, сондай-ақ сырттан сатып алу көлемін ескереді. өнім шығарудың қажетті көлемі белгілі бір кезең аяғындағы дайын өнімнің болжанған қоры мен осы кезеңдегі сауда көлемінің қосындысынан кезең басындағы дайын өнім қорын алып тастау арқылы анықталады.

Өндіріс құрал-жабдықтары - бұл адам қызметінің өнімі, олардың көмегімен, олармен, олардан жаңа өнімдер өндіріледі, жасалады. Айта кетейік, осы кезде, өндіріс құрал-жабдықтары ретінде өндірістік үрдіске тартылған тек «екінші» емес, соныменен «бірінші» табиғи көріністегі объектілер, бәрінен бұрын шикізаттар мен бірінші ретті табиғи энергия да болуы мүмкін және болады. Өндіріс құрал-жабдықтары жай кезде негізгі құралдар деп аталатын еңбек құралдарына, және айнымалы құралдар деп аталытын еңбек заттарына бөлінеді. Негізгі құралдарға көп өндірістік циклдерде қызмет ететін, өндірісте біртіндеп және бірнеше рет қолданылатын жерді, өнімді малды, өндірістік үйлер мен ғимараттарды, машиналарды, жабдықтарды, құралдарды жатқызамыз. Айнымалы құралдар – бұл өндірістік айналымда жүретін, бір ғана өндірістік циклде толығымен қолданылатын шикізат, материалдар, энергия.

Өндіріс нәтижесі - бұл еңбекті және ресурстарды пайдалану арқылы дайын өнім, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер түріндегі алынған нәтиже.

Өндіріс ресурстары - бұл еңбек заттары мен құралдары, сондай-ақ еңбек пен өндіріс қаржының өзі.

Өндіріс тиімділігі - қол жеткен қоғамдық экономикалық жетістіктердің және оларға жұмсалған шығындардың ара қатынасын, өндірістегі адамдық және заттық факторлардың экономикалық өткізілу дәрежесін сипаттайтын маңызды экономикалық көрсеткіш.

Өндіріс шығындарының есебі - басқару есебінің және өзіндік құнды бақылау құралы. Шығарылатын өнім түріне байланысты есеп әдісін таңдаудың және сәйкес шығындарды бақылаудың әртүрлі жолдары бар.

Өндірістен тыс шығындар - өндірілген өнімді өткізумен байланысты шығындар, оған өнімнің жалпы өзіндік құнына қоса өндірістік өзіндік құн кіреді.

Өндірісті басқарудағы жүйелі тәсіл - өндіріс саласында қызмет ететін кәсіпорынды бір-бірімен өзара тәуелді байланысқан элементтердің жиынтығы ретінде қарастырады. Өндірістік кәсіпорындарда ол элементтер ұйымның ішкі жағдайлық факторларымен сипатталады яғни ұйымның мақсаты, міндеті, құрылымы, технологиясы және еңбек ресурстары.

Өндірісті жоспарлау – кәсіпорынды басқару жүйесінің әртүрлі салаларында болашақ өндірістік қызметтердің жобасын жасау барысы. Өндірісті жоспарлау кез-келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігі (болжау, жедел басқару, бақылаумен қатар).

Өндірісті қамту - кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін қажет материалды-техникалық ресурстардың барлық түрімен талап етілген уақытта және көлемде қамтамасыз ету процесі. Кәсіпорын жұмысының тәжірибесінде қамтудың екі түрін бөледі: транзиттік және қоймалық. Қамтудың транзиттік нысанында кәсіпорын шикізаттар мен материалдарды оларды шығаратын және өндіретін кәсіпорындардан тікелей сатып алады. Қоймалық қамту нысанында кәсіпорын қажетті ресурстарды қамту-өткізу ұйымдарының базалары мен қоймаларынан алады.

Өндірісті технологиялық дайындау – бұл өндірістің технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Өндірісті технологиялық дайындау бұйымды жобалау жұмыстарының жалғасы болып табылады. Мұнда белгілі бір өнім дайындалуға тиіс өндірісті ұйымдастырудың техникалық әдістері мен құралдары белгіленеді, оның өзіндік құны мен өндіріс тиімділігі соңғы рет анықталады.

Өндірісті ұйымдастыру - бұл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтеріндегі объективті экономикалық заңдардың әрекеті мен көрінісін зерттейтін ғылым. өндірісті ұйымдастыру - өндіріс тиімділігін көтеру және пайданы көбейту мақсатында өндірістің еңбек және заттық элементтерін біріктіру нысаны мен тәртібін қамтамасыз ететін ережелердің, процестердің және әрекеттердің жиынтығы.

Өндірісті ұйымдастыру қағидалары -басшы қызметкерлердің өндірісті ұйымдастыру барысында ұстанатын, негіз болатын идеялары, заңдылықтары.

Өндірістік ағындар - жұмыс орындарындағы өнім қозғалысының жоғары дәрежелі үзіліссіздікте және тікелей нақтылықта өтуі. Цехаралық еңбек заттарының қозғалысы өндірістік ағындарды құрайды. Олар өндірістің типіне, ерекшеліктеріне, көлеміне сәйкес ұйымдастырылады.

Өндірістік аудандарды пайдалану коэффициенті - өндірілген өнім көлемінің өндірістік аудандардың көлеміне қатынасы анықтауды білдіреді.

Өндірістік бағдарлама – бұл кәсіпорынды дамытудағы келешек және жылдық бизнес жоспардың негізгі бөлігі. Мұндағы өнім өндіру мен оның көлемі номенклатура, ассортимент және сапа бойынша натуралды және құндық көріністе анықталады. Кәсіпорын үшін өндірістік бағдарламаның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады: жалпы өнім өндіру бойынша жоспар, экспортқа өнім шығару жоспары, өнім сапасын арттыру бойынша жоспар және өнімді өткізу жоспары.

Өндірістік жүйе – жұмыс істеу процесінде өнім немесе қызмет қалыптасатын, оның жұмыс істеуі қажет жұмысшылардан, құралдардан, еңбек заттарынан тұратын ерекше класс. Өндірістік жүйе алғашқы деңгейде механизмдер тобы, қызмет көрсетуші жұмысшылардың тобы ретінде қарастырылады. Өндірістік жүйенің элементтері адамдар және материалдық объектілер - еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары, технология, өндірісті ұйымдастыру болып табылады.

Өндірістік жүйе құрылымы - бұл жүйенің тұтастығын және оның өз-өзіне ұқсастығын, яғни әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістерде жүйенің негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін элементтері мен олардың тұрақты байланыстарының жиынтығы. Өндірістік жүйенің құрылымы оның элементтері мен қосалқы жүйелерінің құрамымен өзара байланыстарымен, сонымен қатар сыртқы ортамен байланысымен анықталады.

Өндірістік инфрақұрылым - негізгі өндірістік процесті шикізатпен, материалдармен, отынмен, қуатпен, құралмен, жабдықтармен қамтамасыз ететін, сондай-ақ технологиялық және энергетикалық құрал-жабдықтарды жұмысқа қабілетті күйде ұстайтын қызмет көрсетуші қосымша өндірістер кешені. Осы жұмыстардың кешені өндіріске техникалық қызмет көрсету мазмұнын анықтайды. Техникалық қызмет көрсету бөлімшелерінің құрамы кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын құрайды.

Өндірістік кооператив – мүшелерінің меншіктік пайлық жарнасы бірігуі және жеке еңбек немесе басқа қатысу деңгейіне негізделген біріккен өнеркәсіптік немесе басқа шаруашылық іс-әрекет ету мақсатындағы мүшелікке негізделген азаматтардың ерікті бірігуі.

Өндірістік қуаттылық - бұл өндірістік құрал-жабдықтар мен алаңдарды толық пайдалану, алдыңғы қатарлы технологияларды ескеру, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету жағдайында уақыт бірлігінде натуралды түрде жоспармен белгіленген номенклатура және ассортиментке сәйкес өнімнің ең жоғарғы мүмкін шығарылымы.

Өндірістік құрылым - кәсіпорынның учаскелерін, цехтарын және қызметтерін қалыптастыратын құрамы, өнімді өндіру процесінде олардың өзарабайланысының нысандары. Өндірістік құрылым кәсіпорынның бөлімшелерінің арсындағы еңбек бөлінісін және олардың бірігуін сипаттайды.

Өндірістік менеджмент – кәсіпорынның өндірістік менеджментін қаржылай-экономикалық басқару ретінде қарастырады. Ол ассортименттерді, өзіндік құнды және қаржыларды басқаруға негізделген. Өндірістік менеджменттің негізгі зерттеу объектісі - негізгі және көмекші өндірістің негізгі өндірістік бірліктері ретіндегі өндірістік бөлімшелер, сондай-ақ өнім дайындаудың және өндіріске техникалық қызмет көрсетудің тізбектеліп орындалатын жекелеген процестердің жиынтығы ретіндегі өндірістік процестер.

Өндірістік процесс – бұл өндіріс факторларын (шығындарды) белгілі бір өнімге (нәтижеге) айналдыру процесі. Сонымен қатар - бұл белгілі бір қажетті бұйым өндірудегі табиғи процестер мен еңбек процестерінің жиынтығы. Өндірістік процесс технологиялық, ақпараттық, көлік, көмекші, сервистік және т.б. процестерді енгізеді.

Өндірістік процесс типтері - машина жасау өндірісінің техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасы. Өндірістік процестер негізгі және көмекші операциялардан тұрады. Негізгі операциялар - өңделетін заттардың түрінің, көлемінің және ішкі құрылымының өзгеруімен тікелей байланысты операциялар және жинақтау операциялары. Көмекші операциялар - сапа мен санды бақылау бойынша, өңделген заттарды ауыстыру бойынша өндірістік процесс операциялары.

Өндірістік стратегия - жүйенің дамуының негізгі мақсаттарына жетуге көмектесетін ережелер мен амалдардың жинағы. Өндірістік стратегия элементтері: мақсаттар жүйесі, ресурстарды бөлудегі басым бағыттар, басқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру ережесі.

Өндірістік тауарлар- жеке тұлға немесе ұйымдардың кейін қайта өңдеуге немесе үй шаруашылық қызметінде қолдану мақсатында сатып алған тауарлары. Олар үш топқа бөлінеді: 1) шикізат, жинақтаушы материалдар; 2) капиталды мүлік; 3) қосымша материалдар, құрал-жабдық, қызметтер.

Өндірістік тәртіптің пирамидалы құрылымы - негізгі өндірушінің дайындаушы елде және шетелде дайын өнімнің айналасындағы мердігерлік кәсіпорындардың құрамындағылардың дайындаушылары топталатындай өндірістің ұйымдастырылуы, олар өз кезегіндегі бұдан да кіші қосалқы мердігерлер әзірлеген жартылай фабрикаттар және шикізаттармен жабдықталады.

Өндірістік тәуекел - әртүрлі факторлардың ықпалының, ең бірінші негізгі және айналым қорларының бұзылуы салдарынан өндірістің тоқтап қалуымен, сондай-ақ өндіріске жаңа техника мен технологияны енгізумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу.

Өндірістік учаске - негізгі және көмекші жұмысшылардан, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардан тұратын күрделі жүйе. Өндірістік учаске - өзара байланыстардың, өзара қарым-қатынастардың күрделі кешені.

Өндірістік функция – бұл өндірілген өнім көлемі мен өндіріс факторлары арасындағы техникалық сәйкестік. Бұл функция жалпы алғанда мына түрде көрінуі мүмкін: Х=F(a1,a2…an) мұндағы Х өнім көлемі, a1,a2…an қолданылған өндіріс факторлары, F функция көрінісі.

Өндірістік цикл – бұл еңбек затының өндірістік процесті ң барлық сатыларында өтіп шығу уақытын көрсететін күнтізбелік кезең. Бұл екі бөліктен тұрады: жұмыс кезеңі және үзілістер уақыты. Өндірістік цикл өндірісті ұйымдастыру, техника деңгейі, технологиялық процес және өндірілетін өнім сипатымен анықталады.

Өндірістік шығындарды төмендету стратегиясы - шығындарды төмендету есебінен бәсекелестік басымдылықты қамтамасыз ету. Стратегия өнімнің төмен өзіндік құнына жету және осы негізде бәсекелестік күрестегі жетекшілікті басып алу әдістерін жасайды.

Өндірістің салалық құрылымы - экономиканың бір бөлігін, технологиялық процестерде қолданылатын, шығарылатын өнімнің түрлері мен бағытталуы, атқаратын қызметтерінің тұтастығына ие болатын объектілер кіретін өндірістік-экономикалық қызметтің ауданы. әртүрлі үш белгілердің саны (мақсатты қызметі, өнім түрі, технология) салаларды және оған кіретін кәсіпорындарды бірмәнді бейнеде бөліп көрсетуге мүмкіндік бермейді, сондықтанда белгілі бір салаға кіретін қызмет түрлері мен объектілердің құрамы жеткілікті шартты және өзгеруі мүмкін.

Өндірістің территориялық (аймақтық) құрылымы - территориялық белгілері бойынша ел экономикасының бөлінісінде қолданылады. Сондықтанда территориялық экономика – бұл белгілі бір территорияда орналасқан экономикалық объектілер. Бірақ экономиканың территориямен және территориялық, ең алдымен табиғи ресурстармен байланысы (жерді қоса алғанда) қазіргі кезеңде елдегі әкімшілік-территориялық бөлінісінің қызмет етуімен территориялық экономиканы заңсыз толығымен теңестіру мүмкіндігі бар, тікелей мінезге ие. Мұндай бөлініс өзгермелі, тез ауысуға ие. Бірақ экономиканың өзі одан өзгермейді. Тіптен объектілердің орналасуы да сол қалпында қалады, бірақ ауысу нәтижесінде олар аты мен шекарасы бойынша басқа әкімшілік-территориялық құрылымдарға, аймақтарға жатуы мүмкін.

Өнеркәсіптік маркетинг - фирманың өндіру, пайдалану, немесе басқа тұтынушыларға қайта сату үшін тұтынушы ұйымдармен өзара іс-әрекеті.

Каталог: content -> files -> scipublications -> annotations
annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет