Менеджер сөздігі русско-английский и


Қызметтік (қызмет барысындағы) ақпарат



бет24/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Қызметтік (қызмет барысындағы) ақпарат – жалпыға ортақ емес, тек қызмет барысындағы өз иемденушісіне ғана белгілі болатын ақпарат.

Қызметтік құжат - ұйымның күнделікті жұмысында пайдаланатын ресми құжаттар. Қызметтік құжаттар іскерлік жазба ретінде қолданыста болады. Олар қандайда болмасын қызмет бабына қатысты сұрақтарды шешуге ықпал ететін құжаттар қатарына жатады. Қызметтіқ құжаттар түрлері: баяндаушы, аналитикалық, шолушы, ақпараттық -статистикалық, мерзім аралығында қызметтік жағдайды баяндаушы т.с.с.

Қызығушылық - (латынның Interes – мәні бар, маңызды) социология мен экономикада, субъектінің (индивид, ұжым, класс, мемлекет, қоғам) қажеттіліктерінің негізінде жатқан және оның тәртібін анықтайтын әлеуметтік іс-әрекеттердің нақты себептері. Мүдделердің мінезі, олардың ерекшеліктері қоғамдағы субъектінің әлеуметті-экономикалық алатын орнына байланысты. Әлеуметті-экономикалық қатынастар (еңьек бөлінісі, меншік, жұмысшы типі, табыс деңгейлері, кластық құрылымы және басқалары) мүдделердің қалыптасуының объективті алғышарты болып табылады; басқа жағынан, мүдделер жеке тұлғалардың санасы арқылы қалыптасалы, соның салдарынан олар субъективті. Сондықтанда мүдделердің маңызды мінездемпесі – оларды субъектілердің сезінуі, сананың субъектілердің тікелей тәртібіне, әлеуметтік әрекетіне тигізетін әсері.

Қыр әсері - сөренің ортасындағы тауарға қарағанда басында және аяғында орналасқан тауарлар тез есте сақталынады және көзге тез түседі (мерчандайзердің шешімдері ескеріледі).

Қысқа мерзімді жоспарлар - ағымдық шығынның құрамдас бөлігі. Жоспардың бұл түрін фирма немесе жекелеген бөлімшелер бір жылға дейінгі кезеңге күнтізбелік жоспар түрінде жасайды. Олар ғылыми зерттеулер, маркетинг, материалды-техникалық қамту, өткізу, өндіріс секілді қызмет сфераларын қамтиды, түсетін тапсырыстарды,материалдық және қаржы ресурстарының барлығын ескерумен құрастырылады.

Қысқа мерзімді қолданыстағы тауарлар - тұтынушының бір мезетте тұтынатын немесе бірнеше рет қолданылытын тауарлары. Мысалы, сыра, сабын, тамақ өнімі тағы басқа.

Қысқартылған қаржылық есеп беру – қаржылық көріністі толығымен, жылдам ұсыну мақсаты маңыздылығы төмендеу мәліметтерді бірегей түрде көрсететін қаржылық есеп беру.
Л
Лаг - ( англ. lag – артта қалу, кешігу), себеп-салдар байланысында болатын екі құбылыс немесе процесс арасындағы, шығынның жұмсалуы мен пайда алынуы арасындағы уақыт алшақтығы. Лаг экономикалық қызметтердің әралуан түрлерін іске асыру кезінде, қандай да бір техникалық шешімдерді қабылдау кезінде есепке алынады.

Лауазым айлығы - қызметкердің іскерлік қасиеттері, орындалатын жұмыстың мазмұнымен анықталатын біліктілікке қойылатын талаптар, лауазымға тәуелді қызметкердің еңбекақысының айлық мөлшері. Лауазым айлығының мөлшері қызметкерлерді мерзімді аттестациялаудың нәтижелері бойынша өзгеріп тұруы мүмкін. Лауазым айлығы премиялар, қосымша төлемдер үшін негіз болып саналады.

Лауазымға енгізу - басшылықпен немесе оның нұсқауы бойынша жаңа қызметкерді ұйыммен, әлеуметтік әл-ауқат пен қауіпсіздік сұрақтарымен, еңбектің жалпы жағдайлары мен оған жұмыс істеуге тура келетін бөлімше қызметімен таныстыру мақсатында жүргізілетін шаралар.

Лауазымды тұлға – заңды тұлға – дәрменсіз борышқордың басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаны басқару қызметін атқаратын, заңды тұлғаның ұжымдық атқарушы органына кіретін басқа да тұлға.

Лизинг (өндірістік активтерді жалға алуды айтамыз) бастапқы төлемді және жыл сайынғы жалгерлік төлемді қажет етеді, яғни лизингтік төлемдерді. Бірақта бұл активтер жалгер фирманың емес, жалға берушінің баланстық есебінде көрініс алған. Сондықтан да лизинг мәні бойынша баланстық емес қаржыландыруды көрсетеді. бұл аспект фирманың қарыздық және акционерлік капиталының белгілі бір қатынасын талғаған жағдайында немесе өзінің қарыздық міндеттемелерін әрі қарай көтере алмаған жағдайында маңызды болуы мүмкін.

Лимит (шектеу) - әр бір қосалқы түрін нормативтерге немесе арнайы өндірістік бағдарламаларға сәйкестіріп пайдалануға жіберу шегін жасауды білдіреді.

Листинг - (англ. list – тізім), осы биржада айналымда жүрген акциялардың тізіміне акцияны енгізу; биржада акцияны бірінші рет котировкілеу; белгілібір уақытта және белгілібір нарықта сатып алушының жоғарғы бағасы мен сатушының төменгі бағасын белгілеу. Листинг биржалық сатылымдарға эксперттік тексеруден өткен акцияларды жіберу үшін қажет.

Лицензия– 1) экспортты, импортты бақылау мақсатымен экспорт- импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат; 2) қызметтің лицензиялауға тиіс алуан түрлерін жүзеге асыруға рұқсат.

Лицензия бағасы – лицензиялық келісім-шарт бойынша төленетін лицензиялық сыйақының жалпы бағасы.

Лоббизм - осы қызметтің субъектілерін (лоббистер) көрсететіндер жағына олардың шешімдеріне әсер ету мақсатында заң шығарушы және атқарушы органдармен өзара қатынастары мен өзара әрекеттерінің әртүрлі арналарын қолдануда көрінетін қызметтің айрықша түрі. Лоббизм басқарудың әртүрлі деңгейлерінде әрекет етеді және әртүрлі нысандарға ие болады. Лоббизм ресми және ресми емес мінезге ие болады.

Логистика – бірінші қайнар көзден соңғы тұтынушыға дейінгі материалдық және ақпараттық ағымдардың қозғалысынын реттеу, бақылау, жоспарлау, басқару туралы ғылым. Логистикаға келесі функционалды салалары кіреді: тасымалдау, сатып алу, қорлар, ақпарат, өндірістік және тарату.

Лондондық клуб - ірі жеке коммерциялық банктер өкілдерінің халықаралық бірлестігі. 1980 жылы сыртқы қарыздары бойынша дамушы елдердің төлемдерін уақытында өтеу мүмкіндігінің болмауымен байланысты пайда болған мәселелерді шешу мақсатымен құрылды. Лондондық клуб қандай да бір ұйымдық құрылымға ие емес және қарыз-елге неғұрлым ірі талаптары бар банктердің құрамында жиналады.1990 жылдың басында Лондондық клубқа әлемдегі дамыған елдердің 600-ге жуық өкілдері кірді. Лондондық клубтың банк-мүшелері қарыз-елдің үкіметімен жыл сайын немесе бірқатар жылға есептелген қарыздарын қайта құру туралы келісімді құрады. Келісімді құрудың шарты қарыз-елдің ХВҚ-ның экономиканы құрылымдық қайта құру мен экономикалық реформаларды жүргізу туралы бағдарламасын қабылдау. Реструктуризациялауға негізгі қарыздары бойынша төлемдер ғана жатады. 1990 жылыЛондондық клубтың реструктуризациялау механизмі арқылы Аргентина, Боливия, Бразилия, Болгария, Мексика, Нигерия, Филиппины, Польша және басқа да елдер өтті.
М

Маклертауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында жүрген тауарлардың айналысына ықпал ететін адам, фирма, ұйым. Олар сатушылар мен сатып алушылардың өзара шарт жасасуына және оны орындауына жәрдемдеседі.

Макрологистика – жеткізушілер мен тұтынушылар нарығын талдаумен, тарату орталықтарын орналастырумен, таратудың жалпы тұжырымдамаларын дайындаумен, ең тиімді көлік түрін таңдаумен байланысты мәселелерді зерттейді. Ал микрологистика логистиканың жекелеген үзбелерінің шегіндегі мәселелерді шешеді.

Макроэкономикалық көрсеткіштер - экономиканы толығымен және оның үлкен бөліктерін, сфераларын мінездейтін көрсеткіштер.

Мақсаттарды құрылымдау әдісі – сандық және сапалық жағын қоса алғанда ұйымдардың мақсаттар жүйесін дайындау және ұйымдық құрылымдардың сол мақсаттар жүйесіне сәйкес келуін талдау.

Мақсатты маркетинг - нарықтың бірнеше түрлерін таңдау және осы нарықтардың әрқайысына тауарлар мен маркетинг кешендерін әзірлеу.

Мақсатты тәсіл - ұйым мүшелерінің әрбір қызмет мақсатын анықтау мен оларға жетуді координациялаудың бірлескен процесі. Мақсат - дегеніміз ұйымның немесе жеке адамның қажетті және жеткілікті нәтижесі. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жоспар жасалады.

Мақұлдамау- өнімді өндірушінің, жеткізушінің, қызмет көрсетуші делдалдардың кінәсінен болған ақауларға байланысты сатып алушының оларға қоятын кінарат-талабы. Мақұлдамау келісім-шартта көрсетілген уақыт ішінде арнаулы актілермен рәсімделіп сарапшы маманның шешімі мен толтырылған күні көрсетіледі. Ақау сатып алушының дұрыс пайдаланбауымен байланысты болса, қабылданбайды.

Мамандандыру – әрбір цехқа, өндірістік аумаққа және жұмыс орнына технологиялық біртекті жұмыс тобының немесе өнімнің нақты анықталған номенклатурасының бекітілуі. Өндірісті мамандандыру қоғамдық еңбекті бөлудің және өндірісті ұйымдастырудың бір нысанын білдіреді. Өнеркәсіпте мамандандырудың технологиялық, заттық, бөлшектер бойынша, қосымша өндірісті мамандандыру түрлерін бөледі.

Мамандандырылған кеден мекемелері - кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының үкіметі құратын мемлекеттік мекемелер

Мансапты жоспарлау - персонал өсуін, оның кезектілігі мен сәйкес шараларды жоспарлау; нақты қызметкерлердің өсу, орын ауыстыру, жұмыстан шығару тізбегін жасауды қажет етеді. Оның негізі болып басқарушылық лауазымдардың толыққанды есебі және әрбір лауазым бойынша үміткерлер тізімін жасау табылады. Көлденең мансап - қызметтің басқа функционалдық саласына ауысуды немесе ұйымдастырушылық құрылымның ресми түрде бекітілмеген сатысында белгілі бір қызмет ролін орындауды білдіретін мансап түрі. Көлденең мансапқа бұрыңғы сатыда міндеттердің күрделенуі мен ұлғаюын жатқызуға болады. Тігінен мансап - іскерлік мансап ұғымымен жиі байланыстырылатын мансап түрі. Тігінен мансап құрылымдық иерархияның неғұрлым жоғары сатысына көтерілуді білдіреді.

Марапаттау – қызметкерлерді еңбек нәтижесін ескеру негізінде мотивациялау құралы. Материалдық марапаттау – белгілі бір қызметкерді еңбек нәтижелері бойынша ақшалай немесе заттай марапаттау нысаны. Моральдық марапаттау - еңбек нәтижелері бойынша қызметкерді мақтау, үлгі тұту, аса жауапты жұмыс сеніп тапсыру және т.б. Сыртқы сыйақы - мотивация негізінде қызметкерлердің жұмысын материалдық және моральдық марапаттау факторлары (жалақы, әлеуметтік игіліктер, жақсы жұмыс орны, жауапты жұмыс сеніп тапсыру және т.б.). Ішкі марапаттау - тұлғаның жұмысты орындау нәтижесінде белгілі бір құндылықтармен байланысты ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруы.

Маржа - бұл “Директ костинг” жүйесі арқылы айнымалы шығындар бойынша өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсім мен өзіндік құн арасындағы айырмашылық.

Маржиналды құн – тікелей шығындарды калькуляциялау әдісін қолданған жағдайда қызметтің деңгейі өзгергенде тауар немесе өнім құны осы шамаға өзгереді

Маржиналды пайда – егер тікелей шығындар бойынша калькуляциялау әдісін қолданғанда кәсіпорынның қызмет деңгейі өзгерсе табыстың өзгерісін осы шама көрсетеді.

Маржиналды табыс – сатудан түскен пайда мен ауыспалы шығындар арасындағы айырмасы. Зиянсыздық нүктеге жету үшін маржиналды табыс көлемі тұрақты шығындарды жабу керек.

Маржиналды талдау - шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу, өзіндік құн, пайда және себеп-салдарлы байланыс негізінде сату көлемін бизнестегі басқарушылық шешімдерінің тиімділігін бағалайды. Нәтижелік көрсекіштер деңгейімен өсу қарқынына факторлар әсерінің шамасын анықтауға бағытталған.

Маркалық белгі (эмблема) - таңуға болатын, бірақ айтуға мүмкін емес марканың бөлігі. Мысалы, белгі, бейне, айрықша түс немесе спецификалық шрифттік рәсімдеуі. Маркалық белгілі талаптары: қарапайымдылық, жекешілік, күзет қабілеттілігі, жергіліктік және дауыстылық.

Марканың капиталы – сауда маркасының сатылымынан алынған қосымша бағасы. Марканың капиталының үш негізгі белгілері: 1) брендтің бағасы анықтайтын және компанияның балансқа кіретін, жеке актив сияқты, брендтің қаржы құндылығының анықтауы; 2) брендке жұмсақтылығы және брендке пайдаланушының құштарлықтың дәрежесі; 3) тұтынушыдан бренд туралы ассоциацияларды және үміттерді көрсетуі (брендтің сипаттамалары).

Маркетинг - ағылшынның « market», нарық деген мағына беретін сөзінен шыққан. Маркетинг айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыру мақсатындағы шаруашылық қызметтің бір түрі. Маркетинг теориясы экономикалық ғылым жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Тұтынушылардың қажеттілігін бәсекелестерге қарағанда тез және сапалы қанағаттандыру арқылы пайда табуға негізделген кәсіпорын қызметі.

Маркетинг бюджеті - 1) фирмада маркетинг қызметін жүргізуге немесе жүргізуден түскен түскен табыс пен пайда; 2) маркетингтік шараларға кеткен шығын көлемінің бөлшектеп көрсетілген кәсіпорынның маркетингтік жоспарының бөлімі, көрсеткіштер жүйесі, маркетингтің қаржылық жоспары.

Маркетинг жоспарын талдау – белгіленген уақыт кезеңінде жағдайының іс- жүзіндегі дамуын жоспарланған немесе күтіліп отырған көрсеткіштерімен салыстыра талдау.

Маркетинг кешені - төрт бөлшектің элементерінің үйлесуі көмегімен кәсіпорын қызметіне тауар/қызмет, баға, тарату (сату орны) мен ынталандыру (жарнама) әсер ете алатын немесе маркетингтің Тауар→Баға→Тарату→Ынталандыру элементтерінің кешенді жұмысы.

Маркетинг маманы - 1) маркетинг мәселелерімен кәсіби түрде айналысатын маман; 2) маркетинг саласында жоғары білімді білікті маман; 3) маркетинг мәселелерін зерттеуші.

Маркетинг стратегиясы - кәсіпорынның өндірістік-өткізу қызметінің әлеуетті мақсаттарын, бәсеке нысанын, маркетинг кешенін талдау; бос нарық пен түпкі тұтынушыны іздеп табу, мақсатты нарық сегментінде кәсіпорын қызметінің өмірлік кезеңін бақылау; тауардың/қызметтің түрлерін, сапасын, көлемін, өзіндік құнын ескеретін бәсекелесу мен пайдалылық факторды анықтауды, жарнаманы қамтиды.

Маркетинг тактикасы - маркетинг стратегиясында көзделген маркетингтік шараларды ағымдағы нарық жағдайына байланысты тиісті міндеттерді алға қоя отырып қысқа мерзімді маркетинг мақсаттарын іске асыру.

Маркетинг тұжырымдамасы - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру негізінде фирманың өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуді көздеуі.

Маркетинг шығындарын талдау – қандай шығындардың неғұрлым тиімді екенін, қандай өзгерістер енгізу қажет екенін анықтауға мүмкіндік беретін түрлі маркетинг факторларының құндық пайдалылығын талдау.

Маркетинг-микс (маркетинг кешені)- 1) маркетингті құрастыратын үрдіс, маркетинг жүйесінің элементі, маркетингтің құрылымы; 2) маркетинг шығындарының құрылымы; 3) өндірушіден түпкі тұтынушыға дейін тауарлар мен қызметтерге жасалынатын маркетингтік іс-шараларының бағдарламалық кешені.

Маркетингпен басқару – кәсіпорынның пайда алу, өткізу көлемін ұлғайту, нарықтағы үлесін молайту, тағы басқа көздеген мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді сұранысты қалыптастыру мен талдау, жоспарлау, жүсеге асыру үрдісін бақылау арқылы ықпал жасау. Оған нарықты, тұтынушыны, тауар ассортименті мен сапасын, қызмет түрлерін, кәсіпорын ортасын, тауардың өткізілуі мен қозғалысын, бағаны, жарнаманы, маркетингтік зерттеулерді басқару жатады.

Маркетингті жоспарлау – фирманың стратегиясын құруға, ресурстарды тиімді пайдалануға, компанияға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға, болашақ үшін қажетті болжамдар алуға мүмкіндік береді. Маркетингтік жоспарлар корпорация және оның бөлімшелері, стратегиялық шаруашылық бөлімшелер, компания, өнім түрлері және жеке өнім, маркетинг кешенінің әрібір элементі бойынша жасалынады.

Маркетингтік талдау – кәсіпорындарды дайын өнім өткізу және шикізат нарықтарын қалыптастырудың сыртқы ортасын, оның бәсекелестік қабілетін, сұраныс пен ұсынысты, коммерциялық тәуекелділікті баға саясатының құрылуын, маркетингтік қызметтің стратегиясы мен тактикасын өңдеуді зерттеу үшін қолданылады.

Маркетингтік бақылау - маркетинг жоспарының іске асырылуын тексеру мақсатымен нәтижелерді бақылау, талдау.

Маркетингтік дағдарысқа қарсы бағдарлама – ұйымның нарықта тұрақтылық жағдайына жетуі мен төлемқабілетсіздігімен байланысты дағдарыстан шығуы үшін орындалуы тиіс кешенді шаралар.

Маркетингтік зерттеу - басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен компанияның маркетингтік міндеттеріне сәйкес ақпарат жинап, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылау.

Маркетингтік қызмет – 1) кәсіпкерлік саласындағы қызмет, әртүрлі жұмыс түрі; 2) сұранысты қалыптастыру мен кәсіпорынды пайдамен қамтамасыз ету мақсатында орындалатын маркетингтік шаралардың (маркетингтік зерттеулер, маркетингті ұйымдастыру, өткізу, баға тағайындау, тауар саясаты, маркетингтік жоспар мен стратегияны әзірлеу, тауарды жылжыту, маркетингтік барлау, бенчмаркинг және тағы басқалардың) орындалуымен байланысты қызмет;

Маркетингтік қызмет көрсететін агенттік - маркетингтік жоспар, басқару, зерттеу жұмыстарын жүргізетін, жарнама құралдарын іріктейтін, маркетинг жөнінде кеңес беру жұмыстарымен айналысатын мекеме.

Маркетингтік орта - нарықтың бірнеше түрлерін таңдау және осы нарықтардың әрқайысына тауарлар мен маркетинг кешендерін әзірлеу.

Маркілеу – жүктің ерекшеліктерін есепке ала отырып, тасымалдау кезінде жүктің сақтамдылық жағдайын құру үшін, жүктік орындардың қорабына белгіленетін шарттық белгілер мен мәліметтер. Маркілеуінің түрлері: тауарлы, жіберу, арнайы және көлікті. Сатып – алу келісім – шартының мемлекеттік стандарт талаптардан байланысты маркілеунің мағынасына келесі негізгі мәліметтері кіреді: 1) тауарлы – тауардың ассортименті, зауыттың маркасы, тапсырыстың нөмері, сорт және шығару уақыты; 2) жіберу - жіберу және жағайындау пунктері, жіберушілердің және алушылардың аттары, жалпы орындардың саны, брутто және нетто салмақтары; 3) арнайы – сақтау және тасымалдау тауарды әдістерді түсіндірілетін жазуы және белгілері; 4) көлікті – орындардың саны партияда, жүк орнының нөмері партияда. Жіберу, тауарлы және арнайы маркілеулерді жүк жіберушімен қойылады, көлікті маркілеуні – тасымалдаушымен немесе оның агенттігімен.

Материал сыйымдылығы - материалдардың пайдалануын сипаттайды, материалдық шығындардың өнім көлеміне қатынасын білдіреді.

Материалды емес активтер - 1) жылдық жиынтық табысты алу барысында ұзақ уақыт бойы (әдетте, бір жылдан астам уақыт) қолданылатын материалдық емес активтер; 2) физикалық формасы жоқ, өндірісте немесе тауарлар мен қызметтерді ұсыну кезінде, басқа тараптарға жалға беру немесе басқа әкімшілік мақсаттарда қолданылатын актив, мысалы, сақтандыру, патент және сауда маркаларын қамтамасыз ететін қорғаныштар. Мұндай актив бақыланады және ол іскерлік беделмен ерекшеленеді.

Машина-техникалық өнімдерге әлемдік бағалар – бұл жетекші өндіруші-фирмалардың немесе осы өнімді жеткізушілердің экспорттық бағалары. Компьютерлік техниканы, автотехниканы, ауыл шаруашылық машиналарды есептемегенде, халықаралық машиналар мен жабдықтарды сату бағалары туралы ақпарат өте сирек жарияланады.

Мәліметтер базасы, мәліметтер қоймасы – қолданбалы бағдарламалардын тыс, тiкелей мәлiмет алуға болатын жадыда, сақтағыш құрылғыларда сақталып, өзара байланысқан ақпарат массивтерiнiң бiрiгуiн бейнелейтін және ақпарат жүйесінің басқару функциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін, нақты ережелер бойынша ұйымдастырылған әрі жүйелендірілген мәліметтердің бірігуі. Мәліметтер қоймасы пәндік саланың ақпараттық үлгісін бейнелейді

Мәліметтер банксы – бірнеше мәліметтер қоймасын қамтитын және оларды басқару жүйесін, яғни қолданушылардың қолданбалы есептерден мәлiметтерге енуiн қамтамасыз ететiн, ақпарат массивтерiне ену-шығу, оны тиеу, жөндеу үшiн қажеттi жалпы жүйелiк бағдарламалар жиынтығын қамтитын ұйымдастырушы-техникалық жүйе

Мәліметтер қоймасын басқару жүйесі – бұл ақпарат жүйесін қолданушылардың қолданбалы есептерден мәлiметтерге енуiн қамтамасыз ететiн, мәліметтер қоймасына ену-шығу, оны тиеу, жөндеу үшiн қажеттi жалпы жүйелiк программалар жиынтығы

Мәліметтерді өткізу арнасы – байланыс желісінен, мәліметтерді қабылдау мен өткізіп берудегі техникалық жабдықтардан және бағдарламалық жабдықтаулардан тұратын байланыстық желінің бөлігі.

Мәліметтерді іріктеу – мәліметті әріптік немесе сандақ (өспелі немесе кемімелі) тәртіппен реттеу үрдісі.

Мәліметтердің айғақтығы – мәліметтердің объектінің жай-күйін немесе болған құбылыстың барысын еш бұрмалаусыз, сол қалпында сипаттау қасиеті.

Мәліметтердің қауіпсіздігі – мәліметті өңдеуде, сақтауда және жеткізіп беруде оның құпиялылығын, бүтінділігін, жойылып кетпеуін, мағынасының рұқсатсыз бұрмаланбауы мен өзгермеуін сақтау.

Мәміле туралы ақпаратты тексеру - салыстырмалы сату обьектісінің ақпраратының дұрыстылығын сатып алушы мен сатушының немесе брокер арасындағы, мәмілені анықтайды.

Мәнгі жасыл қор - венчурлы қаржыландырудағы арнайы маманданған қордың бір түрі. Қор негізінде жүзеге асырылғын инновациялық жоба аяқталғаннан кейін түскен пайда жаңа жобаларды қарыжыландыруға жұмсалады. Бұл жаңа жобаларды игерудегі бюркратиалық жұмыстарды азайтамды. Сондайақ кез келген уақытта инвесртлер өз қалауларымен өз үлестерін алып сатуға мүмкіндіктері бар.

Мегапроект – бұл өзара байланысқан жобалардан құралған жалпы мақсатпен, бөлінген ресурстармен, оны орындауға жіберілетін уақытпен байланысқан мақсатты бағдарлама. Мұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық, салалық болады.

Межелі кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау аяқталатын Қазақстан Республикасының кеден органы.

Мезгілдік жеңілдіктер - мезгілсіз уақытта сатып алушыларға берілетін 50-70 %-ға дейінгі жеңілдіктер.

Мекеменің ақпараттық порталы – мекеме қызметкерлері мен тапсырыс берушілері үшін ақпараттың қайнар көзі болатын портал.

Мемлекеттік аппарат – мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жиынтығы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты – мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар үшін қойылатын біліктілік талаптары – әкімшілік мемлекеттік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға кәсіби даярлығының деңгейін, құзыреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар.

Мемлекеттік бақылау – арнайы уәкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен өзге де уәкілетті субъектілердің объектінің жұмыс істеу процесінде берілген бағыттардан ауытқуын жою мақсатында байқау мен тексеру жүргізу жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік басқару – мемлекеттік мүдделерді және мемлекет жүргізетін саясатты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық даму заңдарын іс жүзіне асыру, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің қызметі.

Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдері – атқарушы билік аясында заңдылық пен тәртіпті қолдау мен нығайту жөніндегі мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың қызметінің құқықтық-ұйымдастыру әдістерінің, нақтылы тәсілдерінің жиынтығы.

Мемлекеттік басқарудағы заңдылық – басқару қатынастарының барлық субъектілерінің мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерді дәл, қатаң және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы.

Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру – басқару функцияларын орталықтан жергілікті билік органдарына беру, жоғары тұрған органдарындың есебінен төменгі билік органдарының өкілеттіліктерін кеңейту, яғни жергілікті әкімшілік органдар мен қоғамдық өзін-өзі басқару мекемелерінің биліктік өкілеттіктерін кеңейту.

Мемлекеттік басқарудың әдістері – басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі, амалы, ол басқарудың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін, басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік басқарудың нысандары – атқарушы билік органының (лауазымды адамның) өзінің құзыретінің шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі.

Мемлекеттік билік – әлеуметтік биліктің түрі, әр түрлі әдістерді, оның ішінде мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану арқылы қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге міндетті мемлекеттік органдар мен мекемелерде жүзеге асқан мемлекеттің еркі мен күшінің шоғырландырылған көрінісі.

Мемлекеттік билік органының өкілеттілігі – құқықтық актілерді қабылдауға, сонымен қатар басқа да мемлекеттік-биліктік әрекеттерді жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері.

Мемлекеттік борыш – алынған және белгілі бір мерзімде өтелмеген, олар бойынша төленбеген пайыздарды қоса алғандағы мемлекеттік қарыздардың жалпы сомасы.

Мемлекеттік инновациялық саясат - мемлекеттiк инновациялық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың инновациялық қызметтi дамыту мен ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлiгi . Мемлекеттiк инновациялық саясат: 1) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындау және негiзiнен ғылым мен техника жетiстiктерiне сүйенiп әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау; 2) инновациялық қызметтi дамыту мен инновациялық қызмет субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру; 3) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру; 4) экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын қалыптастыру, экспортқа бағдарланған өндipicтi жаңғырту және құру; 5) инновациялық қызметке шағын және орта бизнес субъектiлерiн тарту; 6) ғылымның, бiлiмнiң, өндiрiстiң және қаржы-кредит саласының өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету; 7) инновациялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық мүдделердi және интеллектуалдық меншiктi қорғау мiндеттерiн шешуге бағытталған

Мемлекеттік кәсіпкерлік - мемлекеттік құрылым мен кәсіпорындардың пайда алуға көзделген ынталы іс- әрекеті, ол тікелей меншік иесі немесе меншік иесінің келісімі негізінде шаруашылық жүргізу құқығы берілген басқарушы арқылы іске асады.Мемлекеттік кәсіпкерліктің басқа кәсіпкерлік формаларынан айырмашылығы қоғамның, халықтың мүддесін көздейтінінде.

Мемлекеттік кәсіпорын - мемлекеттің меншігінде болатын өнім өндіріп, оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижесін сата алатын заңды тұлға құқығындағы дербес шаруашылық. Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындар жедел басқару құқығында және шаруашылық жүргізу құқығында болады.

Мемлекеттік келісім-шарт – мемлекеттік тапсырыс беруші мен оны орындаушының арасында жасалатын, мемлекеттік тапсырыстың орындалуына тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктерін қарастыратын келісім.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі міндеті.

Мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығының, құқықтық мәдениетінің, азаматтармен жұмыс істеу қабілетінің деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін шаралар.

Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулерінің жиынтығы. Олар мемлекеттік билік органына жүктелген міндеттер мен функциялардан туындайды.

Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі – мемлекеттік қызметкердің құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке, мүліктік және ұйымдық сипаттағы міндеттері.

Мемлекеттік қызметті өткеру – мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда болуын, өзгертілуін және тоқтатылуын тудыратын өзара байланысты, өзара біріне-бірі себепші заңдық айғақтардың жүйесі.

Мемлекеттік қызметті тоқтату – қызметші мен мемлекеттік органның арасындағы қызметтік қатынастарды тоқтатуға келтіретін заңдық айғақтардың жиынтығы.

Мемлекеттік қызметтің қағидалары – мемлекеттік қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеяалар, басшылыққа алынатын бастамалар.

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын азамат.

Мемлекеттік лауазым – нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бөлігі.

Мемлекеттік мақсатты бағдарламалар - ұзақ мерзімде елдің немесе аумақтық масштаб көлемінде аймақ, сала топтарын қамтитын даму бағдарламасы, кешенді сипатта болады, өндірістік және өндірістік емес сфералардың, демографиялық , әлеуметтік, экономикалық бағыттағы іс- шаралардың пропорционалды және жан- жақты дамуын қарастырады.

Мемлекеттік орган – мемлекеттік биліктің белгілі бір тармағының функцияларын жүзеге асыру үшін қажет мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктер берілген мемлекеттік биліктің дербес құрылымдық бірлігі.

Мемлекеттік орган құрылымы – мемлекеттік орган бөлімшелерінің жиынтығы, олардың қызметтері, органға қатысты функциялар мен өкілеттіктерді бөлу үлгісі, осы бөлімшелер мен қызметтердің өзара байланысты қатынастар жүйесі.

Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік тапсырыс – жалпымемлекеттік міндеттерді шешудің, экономиканың дамуына ықпал етудің, қоғамның маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру кепілдігінің құралы.

Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының белгілеген тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар өздеріне жүктелген міндеттерді мезгілінде және дәл орындауы тиіс.

Менеджер – 1) жалдамалы кәсіби басқарушы; 2) өндірісті басқару, тауар айналымын ұйымдастыру жөніндегі маман; менеджерлер басқарған мекемесінің негізгі қызметін жоспарлап, ұйымдастырып, басқарып және бақылап отырады.

Менеджмент – нарықтық экономикалық елдерде өндірістің тиімділігін раттыры және пайдасын көбейту үшін шығарылған және қолданылып жүрген қағидалардың, көзқарастардың, әдістердің, тәсілдердің, кәсіпорын басқару түрлерінің жиынтығы.

Меншік - бір жағынанан адамдар, топтар немесе адамдардың қауымдастығымен (субъектімен), және басқа жағынан, кез-келген материалдық әлем субстанциялары (объект,) арасындағы қатынастар, субъектінің объектіні тұрақты немесе уақытша, бөлшектеп немесе толығымен иеленуі, біріктіруі, билік етуімен қортындыланатын қатынастар. Осылай, меншік объектінің белгілі бір субъектіге тиесілі екендігін мінездейді. Қоғамның материалдық немесе материалдық емес байлықтарының жағдайларының, көздерінің, түрлерінің, қызмет ету нәтижелерін басқару бойынша субъектінің құқықтар жиынтығы.

Меншік қаражаттары үшін капитализация ставкасы - ақша қаражат ағымдарының (салық салынғанға дейінгі), сатып алынған мүлікке салынған меншік қаражаттарына қатысты қатынасы ретінде анықталады.

Меншік қаражаттарына пайда нормасы - (инвестицияның пайда нормасы). Бұл көрсеткіш ішкі пайда нормасы көрсеткіштеріне ұқсас болып келеді. Оны есептеу кезінде несиені өтеу бойынша объектіні сатудан түскен табыс пен несиені төлегеннен соң қалған табысты, объектіні сатып алуға жұмсалатын меншік қаражаттары қолданылған.

Меншік нысаны - меншік субъектісінің белгісі бойынша мінезделетін түрі. Меншік нысаны бірдей табиғаттағы субъектіге меншіктің әралуан меншіктің тиесілі екендігін анықтайды.

Меншікті капитал - құрылтайшылардың қандай да бір қоғам, шаруашылық серіктестік, кәсіпорындардың салымдары арқылы, сондай-ақ осы ұйымдардың қызмет ету процесіндегі жасалған немесе алынған мүлік.

Меншікті айналым қаражаттары - ол компанияның ағымдағы активтері мен ағымдағы міндеттемелері арасындағы айырмашылығын көрсетеді.

Меншікті және тартылған қаражаттарының қатынасының коэффициенті - кәсіпорындардың қаржыландыру сыртқы көздеріне тәуелділік деңгейімен қаржылық тұрақтылығын сипатайтын қаржылық коэффициентінің бір түрі. Бухгалтелік баланс мәліметтеріне сәйкес, қарыздың жалпы сомаларының меншікті капитал шамасына қатынасымен анықталады.

Меншікті капиталды концентрациялау коэффициенті – кәсіпорын қызметіне авнсталған қаражаттардың жалпы көлемінде кәсіпорын иелерінің үлесін көрсетеді.

Меншікті капиталды талдау – меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды – көпті еркін жасауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады.

Меншікті капиталдың таза рентабелділігі (пайдалылығы) - кәсіпорынның таза пайдасының меншікті капиталдың орташа мөлшеріне қатынасы.

Меншікті қаражаттардың оңтайлы коэффициенті - меншікті айналым қаражаттардың компанияның жалпы меншікті қаражаттарына қатынасын білдіреді.

Меншікті қаражаттың пайдалылығы - компанияның белгілі мерзімі ішінде алынған пайданың меншік қаражаттың орта деңгейіне қатынасы.

Меншікті ұсталым - қайта сақтанушының өз жауапкершілігінде қалдырған тәуекелінің мөлшері. Осы мөлшерден асатын тәуекел немесе келесі қайта сақтандыруға беріледі.

Меншіктік қаржылық ресурстар - кәсіпорынның меншіктік қаржылық ресурстарына қатысушылардың бастапқы жарнасы мен жиындар жатады. Олар шаруашылық қызмет нәтижесінде капиталды салымдарды қаржыландыруға бағытталады. Ақшалай салымдар ең бірінші негізгі қорларды сатып алуға жұмсалады.

Мерекелік жеңілдіктер - мерекелік кезеңдерде сатылатын тауарлар мен қызметтерге бағаның төмендетілуі.

«Мерфи» заңы – «жеткіліксіз жарнамалық шығындар ақшаның орынсыз жұмсалуына әкеліп соғады» деген жарнама заңы, байқағанымыздай жарнамаға ақшаны үнемдеу мағынасыз.

Мерчендайзинг - бөлшек саудадағы тұтынушылардың тауарды сатып алудағы мінез-құлқын басқарудағы маркетингтік іс-әрекет.

Микроэкономикалық көрсеткіштер - компанияның, корпорация, фирмалардың экономикасына негізінен жатқызылатын көрсеткіштер.

Министрлік – тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сонымен қатар заңдарда көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Миссия (мақсаткерлік, жауапты тапсырма) – жүзеге асу себептерін анық ұйымдастырған кәсіпорының негізгі мақсаттарының қысқа көрінісі.

Моделі «4Р» - ағылшынның «Р» әріпінен басталатын, маркетингтің құралдарын көрсететін ұғым. Ол-өнім(product), баға(price), орын(place), жылжыту(promotion).

Монетарлық емес сыйақы - әр қызметкер мен персоналдың еңбегін бағалау жүйесі, моралды қолдаудың және еңбектік үлесін енгізуді қоғамдық қолдаудың түрлері. Ұйымда монетарлық емес сыйақыны ұйымдастыру кезінде материалдық емес ынталандыру актуалды болып табылады, оның құрамына моральды ынталандыру кіреді, мысалы, бос уақыт арқылы ынталандыру және ұйымдық ынталандыру.

Мониторинг – белгілі бір қызмет ету саласының жағдайын бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг бақылау және болжам жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Персонал жұмысының мониторингі – қызметкерлердің оларға тапсырылған жұмысты қалай орындағаны жөнінде ақпаратты жинау және талдау.

Мотивация – адамның өз басын және басқаларды жеке мақсаттарға немесе ұйым мақсаттарына қол жеткізетін қызметке белсенділігін мотиваторлар арқылы тудыратын процесс. Мотиваторлар – іс-әрекет тудыратын факторлар, адамға қатысты қоздырғыштар, егер де олар қажеттіліктерге сәйкес келсе, онда адамды белгілі бір іс-әрекетке жетелейді. “Мақсаттар бойынша” басқару ақшасыз ынталандырудың тиімді әдісі болып табылады. Э.Люке бойынша, зерттелген ұйымның 94 пайызында мотивация еңбектің нәтижелілігінің ұлғаюына алып келген.

Мөлшер маркасы – фирмалық стилінің элементі, мөлшерліктің орындауында тауар белгісі (бренд) . Мысалы, кока – кола бутылкасы, иіс судын «Daou» флаконы және т.б.

Мөр басу - қаржылық қаражатқа байланысты және құжаттың заңдылық күшін растау үшін лауазымдық тұлғаның қолтаңбасының шынайылығын, дәлелдеуші тұлғаның құқығын нормативтік актілермен қарастырылуы бойынша дәлелдеуші құжатқа қойылатын белгі.

Мультипликативті модель – нәтижелілік көрсеткіштері факторлардың көбейтіндісі түрінде көрінетін модель. Мультипликативті модель көлемділік көрсеткіштерін (кейбір жиынтықты бейнелейтін: өнім көлемі, персоналдар саны) және сандық (бір белгінің бірлігіне шағумен анықталатын бір адам сағаттағы өнім өндіру; өнім бірлігінің өз құны) көрсеткіштерден тұрады.

Мультипликатор - (лат. Multipliсator – көбейткіш, үлкейтетін), экономикадағы қаржылық ағымдардың екі параметрінің арасындағы байланысты мінездейтін көрсеткіш, мысалы, мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі мен жиынтық ішкі өнім көлемдері арасындағы, экономиканың бір секторындағы табыстардың өсуі мен ЖІӨ арасындағы, депозиттердің көлемі мен айналымдағы жүрген ақша массасы арасындағы. Акселератормен бірге қолданылады. «Мультипликатор» түсінігін экономикалық толықтыруға қосқан ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс. Мультипликаторлардың әралуан түрлері бар – шығындардың, табыстардың, инвестициялар мен басқа да қаржылық ағымдардың сыныбына байланысты.осылай, мемлекеттік бюджет шығындары әртүрлі кәсіпорындардың, мекемелердің және жай азаматтардың табыстарын құрады. өз алдына, бұл ұйымдардың, кәсіпорындардың және азаматтаврдың шығындары технологиялық тізбек бойынша солармен байланысты кәсіпорындардың табысын құрайды; бірлігіне бюджет көлемінің жоғарлауы нәтижесінде ЖІӨ көлемін 2,3 бірлікке өсіруі мүмкін. Осыған сәйкес мемлекеттік шығындар масштабының төмендеуі ЖІӨ көлемі төмендеуінің мультипликаторын қарастырады. Осы мультликаторды мемлекеттік шығындар мультипликаторы деп атайды. Осы жерде мемлекеттік сатып алу мультипликаторын қарастырып кетуге болады (мемлекеттік сатып алу көлемінің өсіміне келетін ЖІӨ өсімін мінездейтін). Салықтық мультипликатор салықтық түсімдердің көлемінің жоғарлауы кезінде ЖІӨ көлемінің төмендеу (жоғарлау) масщтабын көрсетеді. ақшалық мультипликатор ақша базасының өсімінің салдарынан пайда болатын ақша массасының өсімен мінездейді.

Мультиұлттық маркетингтік – дүниежүзінің көптеген елдерінде өз тауарлары мен көрсететін қызметтерінің кең ауқымды таралуы мен маркетингтік істердің бір мезгілде жүргізілуі. Әр елдердегі еншілес фирмалары үшін сол нарыққа бейімделген маркетингтік кешенін әзірлейді.

Мұнай доллары - мұнай өндіруші еддер мұнай бағасының есуіне байланысты алган және несие капиталдарының халықаралық рыногінде пайдаланылатын каражат.

Мүдделер қайшылығы - компания мүддесінің бір тұлға не топтың мүддесімен сәйкес келмеуі, мысалы, өз міндеттерін орындауға байланысты пайда болатын қызметкер немесе компания директорының мүддесі. Немесе, өзінің жеке фирмасы бар адам корпорацияның лауазымды тұлғасы болса, онда оның жеке фирмасы корпорациямен келісім шартқа отырған жағдайда, мүдделер қақтығысына алып келуі мүмкін.

Мүлікті бағалаудың шығындық тәсілі - бұл әдістің негізгі идеясы объект өзіне ұқсас мүлікке жұмсалған шығындардан артық сомаға бағаланбайды, яғни өзіне ұқсас объектіден қымбатқа түспеуі тиіс. Бұл әдіс объектінің тозу дәрежесін ескере отырып, қалпына келтіру (орнын толтыру) шығындарын есептеуге негізделген.

Мүліктік кешен - жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстарды, машина мен құрал-жабдықтарды, шикізат пен өнімдерді, материалдық емес активтерді және мүліктік міндеттемелерді құрайды. Мәміле жасағаннан кейін табыс әкелетін және қызмет жасай алатын объектінің құны.

Мүмкін болатын жоғалым индексі NPV – NPV жоғалымының абсолютті деңгейіне сәйкес жобадағы инвестицияның сомасына бөлу жолымен анықталады. Жоғалым индексі неғұрлым жоғары болатын болса, соғұрлым инвестициялық бағдарламаның бірінші жылында жобаны өткізу мақсатты болып есептеледі. Индекс салыстырмалы талдау жасауға және өткізу мерзімін инвестициялық бағдарламаның келесі жылына немесе белгілі бір кезеңіне ауыстыруға болатын ең төменгі шығынды жобаны анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезде NPV (таза ағымдағы келтірілген құн) – бұл эквивалентті шарттарға келтірілген болашақ түсімдер мен инвестициялық шығындар арасындағы айырмашылық (сальдо), яғни түсімдердің келтірілген құндары мен ақшалай қаражаттар аударымы арасындағы айырмашылық. Оңды NPV ақшалай түсімдер салынған қаражаттар сомасынан жоғары екендігін көрсетеді, міндетті алыну керек табыстылықтың деңгейінен жоғары пайданы алуды қамтамасыз етеді, ал теріс NPV – жоба күтілінген табыстылық деңгейін алуды қамтамасыз ете алмайтындығын көрсетеді.

Міндеттеме - бұл тұлғаның белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның пайдасына жасайтын міндеті – мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.
Н
Нақты жобаларды бағалаудың опциондық әдісі – жобалардың приоритеттілігін талдау кезінде қолданады және дисконттау қағидасында құрылады, бірақ стандарттарға қарама-қарсы, опциондық әдіс басқарушылық икемділікті есепке алады, өйткені инвестициялық жобаны басқарушы болашақта қолдануы мүмкін немесе қолданбауы мүмкін опциондар жүйесі ретінде инвестициялық жобаны қарастырады. Бұл әдісті қолдану баламалы жобалар болған кезде өзін-өзі ақтай алады.

Нақты инвестициялар - қаражаттарды нақты экономикалық активтерге жиынтық ұзақмерзімді салым ретінде болады: материалды активтерге, материалдық емес активтерге. Жаңа кәсіпорындар құруға немесе бар кәсіпорындардың қайта ұйымдастырылуына және техникалық қайта құрылуына салымдар. Нақты инвестициялары капитал құрушы инвестициялар деп те атайды. Нақты инвестициялар, негізінен капитал (капиталдық салым) салалық, ұдайы өндірістік және технологиялық құрылымдарымен мінезделеді, олардың пропорциясы көбінесе жинақталу тиімділігін анықтайды. Күшейтілген өндірісті интерұлттандыру жағдайында капитал экспортын мәнді кеңейтеді, жеке алғанда сыртқы инвестицияның көлемі өседі.

Нарық - бұл шаруашылық қызметті ұйымдастыру тәсілі, әрбір қайсысының нарықтың бір бөлігін жоғалтып алуға немесе оған ие болуға мүмкіндігі бар тауар өндірушілердің бәсекесі.

Нарық сегменті - маркетингтің ынталандыру шаралары мен белгілеріне салыстырмалы түрде бірдей көзқараста болатын тұтынушылар тобы.

Нарық сыйымдылығы - бір жылдың ішінде сатылатын тауарлардың көлемімен анықталатын зерттеу объектілерінің бірі.

Нарықтық жағдайлар (уақыттық фактор) - бағалау күнін салыстыратын телімді сату күнімен салыстыру процесінде нарықтық жағдайлар мезгіл- мезгілінде өзгеретінін ескеру қажет. Бағалаушы міндеті салыстырылатын сату бірдей немесе өзгеше нарықтық жағдайларда дұрыстылығын анықтау болып табылады. Нарық жағдайы туралы деректер: нарықты әрекет ететін экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және экологиялық факторлар туралы деректер тек қана нарықтың ағымдағы жағдайын ғана бейнелеуі емес, сондай-ақ осы факторлардың болашақ жағдайын сипаттауы тиіс.

Нарықтық инфрақұрылым - ұйымның, мекеменің сұраныс пен ұсыныс балансы ұстанымының әрекеті жағдайларында сатып алу – сату операцияларын жүзеге асыру барысында нарықта тауар мен қызмет көрсетулердің еркін қозғалысымен қамтамасыз ететін ұйымдасқан жүйесі болып табылады.

Нарықтық капитализация – қор бижасында белгіленген бағамен анықталған бағалы қағаздың құны; биржада белгілі бір уақыт аралығында бағалы қағаздарды сатып алу үшін ұсынылуы қажет капитал. Бір акция капитализациясы – биржалық бағам бойынша акцияның құны. Акционерлік қоғам капитализациясы –оның акционерлік капиталын құратын акциялар санына компания акцияларының бағамдық құнының туындысы.

Нарықтық талдау – нарықтық талдау теориясының мәні - бағалы қағаздардың нақты құндылығын тек қана нарықтық конъюктурамен анықтайды, яғни бағалар динамикасын трендтік талдау нәтиже лері бойынша болжануы мүмкін.

Нарықтың бәсекелес картасы - 1)нарықтағы бәсекелестердің алатын орнына қарай жіктеу; 2) бәсекелестерді нарық үлесіне қарай бөліп, бәсекелестердің немесе өз фирмасының нарықтағы орнын аутсайдер арқылы бақылау. Белгілі бір тауар нарығында бәсекелестің нарықтық нысанын талдау негізінде анықталады.

Нау-шот - жинақ ақша мен ағымдағы шотгар арасындағы аралық жағдайда болатын банк шотының бір түрі.

Нәтижелік - бұл жауапкершілік орталығының алдына қойған мақсатына жету дәрежесі. Ол бөлімшенің өз мақсатына жетуін қалауы (тілегі)сияқты сапалық көрсеткіштермен сипатталады.

Негізгі қорларды енгізу коэффициенті - негізгі қорлардың ұдайы өндірісін сипаттайтын көрсеткіш. Жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың жыл басындағы санына қатынасы арқылы анықталады.

Негізгі қорларды шығару коэффициенті - негізгі қорлардың ұдайы өндірісін сипаттайтын көрсеткіш. Жыл ішінде шығарылған негізгі қорлардың жыл басындағы санына қатынасы арқылы анықталады, түрлері бойынша, топтары бойынша, партиялар, салалары, аймақтары бойынша есептеледі.

Неғұрлым тиімді пайдалану қағидасы – барлық қағиданың синтезі мүмкін болатын варианттардың ішінен жеткілікті негізделген мүліктік кешеннің функционалды мүмкіндіктерін неғұрлым толығымен орындайтын және объектінің ең жоғарғы құнына алып келетін, мүліктік кешен неғұрлым тиімді пайдалану варианты таңдалады.

Нейтралды спред – бағалы қағаздың бағасы төмендеген кезде, комиссиялық шығындар сомасынан жоғары жоғалтпауға шартталған инвестициялық стратегия. Бұл белгілі бір уақыт аралығында акцияға опцион колды сатып алуды және сол уақыт аралығында опционды қолданудың неғұрлым жоғары бағасы бойынша екі опцион коллды ұқсас акцияларға сатуды тудырады. Тікелей шығындар мәміле бойынша комиссиялық төлем болып табылады.

Нормалар - жоспарлауда натуралды, құндық, уақыт нормалары қолданылады. Натуралды нормалар өнім бірлігін өндіру үшін қажет материалдық ресурстардың шығындарына қатысты. Құндық нормалар не әртүрлі ресурстардың талданып қорытылған шығындарын не тікелей ақша шығындарын бейнелейді. Уақыт нормалары оның жұмысты және оның жекелеген элементтерін орындауға жұмсалатын шығындарын бейнелейді.

Нормативті база - өндірісті оперативті жоспарлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің міндетті жағдайы. Оның құрамы күнтізбелік-жоспарлау нормативтерінен, материал сиымдылығы нормаларынан, өндірістік қуаттылықты пайдалану нормаларынан, өндірісті материалдық қамтамасыздандыру нормаларынан тұрады.

Нормативті есептелетін құн – нормативтер мен әдістер басқару органдарын бекіту негізінде есептелетін мүліктік кешеннің құны. Мүліктік кешеннің түрлері үшін нормативтердің (ставкалардың, коэффициенттердің) бірлік шкалалары қолданылады.

Ноу-хау (ағ. Know how- қалай екенін білемін) - ғылыми мәліметтер, техникалық, өндірістік-техникалық, басқарушылық білімдерің жиынтығы. Қаржы-экономикалық, коммерцияның сипатқа ие және де жаңалықтарды ұсынатын әлі жалпыға ортақ пән бола қоймаған әдістердің тәжірибеде қолданылуы. Әдетте ноу-хауды жаңалықтардың иесі мен лицензия алуға ниеттілердің арасында лицензиялы келісім жасау арқылы ақыға, коммерциялық негізінде беру қалыптасқан, ол ноу-хаудың өзін бір уақытта берумен қатар оларды пайдалануға құқық береді. Ол өндірістік тәжербие, дағды, теориялар мен моделдерден тұратын болғандықтан патенттелмейді. Бірақ ноу-хау патент, тауарлы белгі және авторлық құқ сияқты кәсіпорынның меншігіне жатады. Ноу-хау әдетте техникалық құжаттар, персоналды үйрету және мамандардың келіп өндіріске қатысу арқылы беріледі.

Нұсқау - ұйымның жетекшісі, не болмаса оның орынбасары атынан шығаратын ақпараттық - нұсқаулық тәсілдік сипаттағы, сонымен қатар, бұйрықтың, ережелердің және ұйымның, не болмаса жоғарғы басқару мекемелердің құқықтық актілерінің орындалуын ұйымдастыруға байланысты құқықтық негіздегі акті.

Нұсқаулық карта – негізінен жалпы өндірістегі күрделі және еңбек сиымдылығы операциясында қолданылады және тікелей жұмысшылардың қолдануына арналады. Нұсқаулық картада тек берілген операцияның мазмұны ғана емес, сонымен қатар тәртіптеме, құрал-жабдықтары, негізгі жұмыс тәсілі де беріледі.

Нышан – брендтің ерекшеліктерін сипаттамасын қалыптастыратын графикалық элемент. Apple Computing брендті және тағы басқа автомобиль маркаларын мысал ретінде келтіруге болады.

О
Облигация индекстері – белгілі бір ұқсас мінездемелерге ие облигациялар қоржынының орташа бағасы, не орташа жалпы табыстылықты бейнелейді. Жалпы табыстылық индексі LB (Lehman Brothers) 10 жылдан 30 жылға дейінгі аралықтағы өтеу мерзімі бар облигациялар үшін бағасындағы күнделікті өзгертулер мен пайыздық табысты бейнелейді. әрбір облигацияның пайыздық табысы және бағасының өзгеруі осы облигацияның шығарылу көлемінің индекстегі барлық бағалы қағаздардың жалпы құнына қатынасы көмегімен өлшенеді. Индекс DJ (Dow Jones) 20 облигация бойынша анықталады және осы облигациялар бағасының сомасын 20-ға бөлуді көрсетеді, ал индекс табыстылығы 20 облигацияның орташа табыстылығы болып табылады. Индекс ML (Merrill Lynch) әртүрлі өтеу мерзімімен өнеркәсіптік, қызмет сферасының, қаржылар мен көліктік компаниялардың облигацияларын қосады. Соныменен қатар Salomon Brothers және Bond Buer индекстері қолданылады.

Облигациялар - бағалы қағаздар. Облигация шығару кезінде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигация шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүліктік балама түрдегі нақты құнын алу құқығын күәландыратын бағалы қағаз. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, жергілікті атқарушы органдар, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялардың түрлері және оларды шығару тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Облигациялар бойынша пайыздарды бөлу – ағымдағы бағалар қосу пайыздар бойынша нарықта сатылатын облигациялар бойынша пайыздар, төлеу мерзімі орнаған кезде қайта есептеуді қажет етеді, сондықтан да сатып алушы сатушыға облигацияның бағасына қоса соңғы төленнен кейінгі уақыттағы пайыздарды қоса төлейді, және сатып алушы осылай оларды келесі сатқандағы пайыздардың барлық сомасын алу құқығына ие болады. Алынатын пайыз ставкаға және мерзіміне облигация номиналын көбейту жолымен есептеледі.

Овердрафт - (англ. overdraft – жоспардан тыс), банкке клиенттің ағымдағы шотына ақшаны автоматты ауыстыруға мүмкінгдік беретін несиенің түрі, егер де шоттағы қалдық келісілген деңгейден төмен түскен болса. Бұл банктік ссуда клиенттің қолма-қол ақшамен қысқамерзімді қиындықтарын жоюға көмектеседі. Овердрафты қолдану құқығы келісім бойынша банктің сенімді клиентіне беріледі.

Оқыту бағдарламалары - әр түрлі формадағы (лекциялар, тренингтер, компьютерлік бағдарламалар, кеңес беру, т.б.) кәсіби, коммуникативті және тұлғалық қабілеттіліктерді жоғарылату мақсатындағы ұйымның персоналмен жұмыс істеу нысаны.

Оперативті жоспар - кәсіпорындағы барлық жоспарлау жүйесінің қорытындылаушы үзбесі және оперативті басқару жүйесіндегі бірінші кезең болып табылады. Оперативті жоспарлаудың негізгі мақсаты - өнім шығарудың жоспарлы тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау үшін қажет кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жөнге салынған, жалғаспалы, анық жұмыстарын қамтамасыз ету.

Операция – бір немесе бірнеше жұмыс орындарында, бір немесе бірнеше жұмысшылар орындайтын және белгілі бір еңбек заттарында тізбекті әрекет ету кешенімен сипатталатын өндірістік процесс бөлігі. Өндірістік процестің негізгі параметрлері - операция қарқыны және ырғағы болып табылады. Операция қарқыны - бұл уақыт бірлігінде операцияға жіберілетін заттардың саны. Операция ырғағы - бұл операциядан еңбек заттары немесе партия шығарылатын уақыт.

Операцияларды басқару – өндірістегі жалпы стратегияны тарату мен жасау және операциялық қызмет бағытындағы іс-әрекет; операциялық жүйедегі жасау және енгізу; функционалды жүйедегі жоспарлау және бақылау.

Операциялық карта – жасалған технологиялық процесс бойынша барлық қажетті мәліметтерден тұратын карта. Бұл карталар сериялық өндірісте қолданылады және операциялардың орындалуы үшін құрал-жабдықтарды, жұмыс разрядын, әр құрастырушы бойынша және жалпы операция бойынша уақыт нормаларын көрсетумен операциядан операцияға “көшу” тізімінен тұрады.

Операциялық қызмет – субъектінің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ. Басқа да бір қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет