Кіріс құжаты - мекемеге әр түрлі байланыс жолымен келіп түскен құжат. Қандай да болмасын байланыспен (пошта, телеграф, арнайы байланыс факс, т.с.с.) мекемеге келген құжаттар кіріс құжаты ретінде іс жүргізу (басқаруды құжатпен қамту) қызметінде тіркеледі. Кіріс құжаты тіркелер алдында арнайы түрде сұрыпталып, қарастырылады. Кіріс құжатының мазмұнының маңыздылығы, қарастырлатын мәселенің күрделілігі, құжат түрі, авторлығы есепке алынады. Кіріс құжатымен жұмысты ұйымдастыру келесі кезеңнен тұрады: пошталық бьайланыстағы жүкті арнайы қызметпен жеткізу, алғашқы өңдеу (қорапты ашу, есепке алу, сұрыптау), тіркеу, мекеме жетекшісіне баяндауға дайындау, қарастыру, карар қою, орындалуын тіркеу, бақылауға алу, орындауға жіберу, орындалуын бақылау және орындау, орындалған құжатты қабылдау, орындалған құжатты іске (құжатнамаға)тіркеу, қажетсізін жою, аса маңыздысын құндылығы бойынша мұрағатқа сақтауға алу.
Кіріс хаттың нөмірі - хатты қабылдаушы жақтың қоятын тіркеу нөмірі. Кіріс хаттардың барлығына арнайы тіркеу штампы арқылы реттік нөмір бойынша тіркеледі.
Кіші топ – ортақ мақсаттары мен міндеттері арқылы біріккен, бір-бірімен тікелей қарым-қатынаста болатын тұлғалардың шағын тобы. Кіші топтың пайда болу себептері әртүрлі: индивидтің топқа кіруіне деген объективті қажеттілігі, оның қарым-қатынаста болуға деген қажеттілігі; топ мүшелерінен моральды көмек алу; т.б.
Қазына эмиссиясы – айналымға қазыналық билеттер мен мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, оны бюджет тапшылығының орнын толтыру мақсатында қаржы мекемелері немесе басқа мемлекеттік қаржы органдары жүзеге асырады.
Қ
Қажеттілік - тұтынушының ерекшеліне байланысты және қаржы әлеуметтік жағдайына негізделген шектеулі мұқтаждық.
Қажеттілік кестесі - өндірістік бағдарламаның және өнім бірлігіне жұмсалатын материал мөлшерінің, сондай-ақ кезеңнің басындағы және соңындағы материал қалдығының негізінде есептеп шығарылады.
Қажеттіліктер иерархиясы - американдық ғалым А.Маслоу бойынша қажеттіліктердің бес түрі бар, олар төменнен жоғары қарай пирамида түрінде орналасқан. Төменде орналасқан қажеттілікті қанағаттандырмай келесі жоғары деңгейде тұрған қажеттілікті қанағаттандыру мүмкін емес.Олар мынадай:1) физиологиялық қажеті; 2) сақтану; 3) әлеуметтік; 4) құрмет алуға бағытталған қажеттілік; 5) өзін-өзі таныту қажеттілігі.
Қайратты (жемісті) бренд – тұтынушының ой-санасында басқа тауар маркасына қарағанда тауар маркасы жақсы болып саналатын жағдай. Брендтің ең негізгі міндеті – қайратты брендті құру. Берілген тауар дәреженің 60% астам пайдаланушылары негізгі элементтерден басқа маркалардан айыратын және білетін осындай қуатты бренд болып саналады. Егерде брендті 30% 60% пайызға дейін пайдаланушылар білетін және айырамын болса, ондай брендті даму бренд деп атауға болады. Егерде 30 % дан төмен пайдаланушылар білетін және бәсекелестер арасында айырымын болса, бұл әлсіз бренд. Онда брендингтің негізгі мақсаты шешілмеген деп саналады.
Қайта қамсыздандыру - қамсыздандырушы мен қайта қамсыздандырушы арасындағы қамсыздандыру тәуекелін бөліп көрсету, оның мүмкіншілігіне сәйкес келмейтін ірі төлемдерден бірінші қамсыздандырушыны қорғау және тәуекелді қайта орналастыру.
Қайта құру - құқықтық тұлғаның (құқықтық тұлғалардың) қайта құрылуы, құқықтық тұлғаның (тұлғалардың) істі және ары қарай жаңа құқықтық тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өтпестен мүлкін таратпастан өзінің жұмысын тоқтатуы болып табылады. Қайта құрудың мақсаты - капитал құрылымының өзгеруінен, қайталанбалы жұмыстарды жоюдан, өндірістің көлемін ұлғайту кезіндегі шығындарды төмендетуден эмерджентті тиімділікті алу. Бұл жерде ұйымдық-басқару қырлары басым болады.
Қайта құрылымдану - кәсіпорынның жұмыс істеу жүйесін сыртқы қоршаған ортаның және оның даму стратегиясының талаптарына сәйкес кешенді түрде үйлестіру. Бұл басқаруды, өндірістің тиімділігін және бәсекелестікке төзімділігін жоғарылатуға және басқаруға деген қазіргі тәсілдердің негізінде шығарылатын өнімнің тиімділігін көтеруге, соның ішінде сапаны басқарудың, бизнес-үрдістерді қайта инжинирингтеудің, ақпараттық технологиялардың және жүйелердің методологиясына жағдай жасайды.
Қайта өндіру құны – қазіргі нарыққа сай сатып алу немесе қайта өндіру құнын бағалау мүліктің тура сол сияқты объектінің құны барабар шама. Қайта өндіру құнын анықтау көбінесе технологиялар, материалдар, шикізаттар, стандарттар және тағы басқа өзгерулерінен мүмкін болмайды. Сондықтан тәжірибеде орнын басу құны қолданады.
Қайта ұйымдастыру – кәсіпорынды қайта ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар жүргізу: тозған құрал-жабдықтарды жаңарту, жаңа технологиялық процестерді енгізу, қосымша қызметтер мен өндірістерді ұйымдастыру.
Қайшылық - (лат. Conflictus – тоғысу), күреске алып келетін қатаң қарама-қайшылық, ащы тартылыс; қарама-қарсы көзқарастар мен мүдделердің тоғысуы. Қарсылықтың негізі жинақталған қайшылық, бір-біріне қарама-қарсы, өзара келісімге келмейтін мақсаттары бар адамдардың талпыныстары. Басқару туралы қазіргі ғылым қайшылықты өндірістік қызметтің қажетті элементі, адамдар арасындағы қатынастардың нормасы ретінде қарастырылады. Қайшылық дегеніміз – екі немесе оданда көп жақтардың арасындағы келіспеушілік. Көптеген адамдар қайшылықтар мен шиеленістерді үстемдік ету дау-жанжал түсініктерімен салыстырады. Қайшылықтар әрқашан жеке адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда немесе ұйымдардың мақсаттарына жетуге кедергісін тигізеді. Қайшылықтың негізгі ролі тиімді басқаруға байланысты. Шиеленісті немесе қайшылықты шешу үшін оның пайда болу себептерін қарастыру қажет. Қайшылықтардың негізгі төрт түрі бар: 1) ішкі жеке қайшылық; 2) жеке тұлғалар арасындағы қайшылықтар; 3) жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылықтар; 4) топ аралық қайшылықтар.Барлық қайшылықтардың пайда болуының бірнеше себептері бар: бөлуге қажетті қорлардың шектеулігі; тапсырмалардың өзара тәуелділігі; мақсаттардағы айырмашылықтар; құндылықтар мен ұсыныстар арасындағы айырмашылықтар; мінез-құлық үлгісіндегі өзгешеліктер; білім деңгейіндегі өзгешелік; нашар байланыс. Қайшылықтардың өзара байланысты екі негізгі түрі бар: эмоциялық қайшылық, оның көзі болып адамдардың жеке мүмкіндіктері, олардың психологиялық сәйкес келмеуі болып табылады; іскерлік қайшылық, нақты жағдаймен байланысты, мысалы, билікті, ресурстарды бөлу.
Қайшылықтар үрдісі – уақыт пен кеңістікте қайшылықтың қатысушылары қарым-қатынасы мен уақиғаларының дамуы. Қайшылықтар үрдісі төрт кезеңнен тұрады: қайшылықтар ахуалының (ситуациясының) пайда болуы; инциденттің пайда болуы; қарым-қатынастағы дағдарыс; қайшылықтың даму үрдісінің аяқталуы.
Қайшылықты шешу стратегиясы – қарсыластардың тайталастығын тоқтатуға және мәселенің тиімді шешімін табуға бағытталған іс-әрекеттер жиыны. Стратегияны жүзеге асыру және нақты қайшылықтарды талдау мен оларды шешу әдістерін анықтауды қамтиды.
Қайықты тиеуге дайындығы - жүктік операциялар жүргізуге қайықтың физикалық және заңдылық дайындығын білдіретін термин. Кемеге және оның ішіндегі бөлімдеріне мүмкіндіктің бар болуы, сондай-ақ жүктік операциялар жүргізуге кемелік жабдықтардың дайындығын қайықтың физикалық дайындығын түсіндіріледі. Фрахтовательдің кемеге және онда жүктік жұмыстарды жүргізуі үшін, ережелер немесе заңмен бекітілген кедергілердің болмауы қайықтың заңдылық дайындығын білдіреді.
Қайырымдылық көмек – әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жеке тұлғаларға, сондай-ақ, жарғылық қызметіне қолдау көрсету мақсатында коммерциялық емес ұйымдар мен әлеуметтік салада қызмет ететін ұйымдарға өтеусіз негізде берілетін мүлік.
Қалдық құн - егер баланстық құннан, эксплуатация кезеңінде жинақталған тозу сомасын алып тастасақ, онда қалдық құнды аламыз, ал қалдық құнның бағалануын екінші реттегі нарығының бағасы бойынша жүргіссе, онда ол нарықтық сипаттама алады.
Қалдық өнімділіктің қағидасы - жердің құнын бағалау негізінде оның қалдық өнімділігі жатыр. Экономикалық қызметтің кез келген түрі келесідей факторлардың болуын қажет етеді: менеджмент, еңбек, капитал және жер.
Қалпына келтіру – борышқор мүлігінің меншік иесі (уәкілетті органмен бекітілген) несие берушілер немесе басқа да тұлғалармен дәрменсіз борышқорға қаржылық көмек көрсету негізіндегі сауықтыру шарасы; сондай-ақ борышқордың қаржылық – шаруашылық жағдайын жақсарту және оның резервтерін жұмылдыру бағытында өзге де кешенді шараларды өткізу жатады.
Қалпына келтіру құны – бұрын анықталған негізгі қаржыларды қазіргі талаптарға сай қайта өндіру құны. Бағалаушы қор элементі құнының толық қалпына келуін салыстыру арқылы қазіргі заманға сәйкес нарықтық құнын есептейді.
Қамтамасыз ету тәуекелі - материалдық ресурстар мен құрал-жабдықтарды жеткізушілердің кінәсынан мезгілінің, көлемінің, түрінің, бағасының және сапасының орындалмауынан пайда болса, онда ол сыртқы болып есептеледі.
Қаржы директоры – фирманың мүліктік және қаржылық жағдайын жалпы талдау мен жоспарлауға, оны қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуге және активтерді тиімді басқаруға жауап беретін қызмет басшысы. Қаржы директоры мамандары қаржылық есеп беруге жауап беретін, ішкі аудитті жүргізетін, салықтық оңтайландыруды жүзеге асыратын және көптеген қаржылық операциялар мен жұмыстарды орындайтын қаржылық департаментті (бөлімді) басқарады.
Қаржы есептілігі - 1) экономикалық субъектінің қаржылық жағдайын және оның шаруашылық қызметнің нәтижесін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі; 2) бухгалтерлік баланс, пайда мен зиягн туралы есеп, қаржы жағдайының өзгерісі туралы (әдетте ақша қаражаттарының қозғалысы немесе қаражат көздері және оларды пайдалану туралы есептерде көрсетіледі), есептер, сондай-ақ қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі болып табылатын басқа да анықтамалық материалдар.
Қаржы инвестициялары – 1) халықаралық несие – қаржы қызметі, сондай –ақ бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар; 2) субъект табыс, инвестицияланған капиталдың өсімін алу немесе басқадай пайда алу амқсатында иеленетін активтер. Қаржы инвестицияларына пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар да жатады.
Қаржы интеграциясы – аймақтық топтарға кіретін мемелекетердің ішкі және сыртқы экономикалық саясатын барынша үйлестіру мақсатымен салық жүйелерін, бюджеттік сыныптауды, бюджеттік процесті, мемлекеттік шығыстарды, несие институттарының қызметін орталық эмиссиялық банктер тарапынан бақылау жүйесін үйлесімді ету және бірегейлендіру процесі.
Қаржы капиталы - банк капиталы және банктік емес қаржы-несие институттарының экономиканың басқа салалары немесе өнеркәсіп капиталымен шоғырланған капитал.
Қаржы кеңесші – инвестициялардың тиімді қоржынын құру, сыртқы орта тәуекелі мен жеке салымдар табыстылығын есептеу мәселелері бойынша, сондай-ақ фирма немесе бөлек үй шаруашылықтардың табыстары мен шығыстарын басқару туралы бизнесмендерге және басқа тұлғаларға тиімді кеңес беруді жүзеге асырады.
Қаржы көрсеткіштері - шаруашылық жүргізушы субъектілердің және экономиканы тұтастай алғанда, ақша қорларын құру және пайдаланумен байланысты қызметтерінің әр қилы жағын сипаттайтын жоспар, есеп және есеп айырысу мәліметтері.
Қаржы құралдары – қаржы нарығында сатуға немесе сатып алуға арналған және олардың есебінен қалыптасқан қаржылық капиталының бөлінуі мен қайта бөлінуі жүзеге асатын қаржылық активтер мен пассивтер. Қаржы құралдары басқа тұлғаға сату немесе аударуға арналған. Қаржы құралдарына төлем құжаттары, құйма алтын және шетел валютасы, депозит және депозиттік сертификат, бағалы қағаздар жатады. Қаржылық құралдарымен қаржы нарығында кассалық және мерзімді мәмілелер жасалады.
Қаржы қызметі – заңды тұлға қызметі, меншікті капитал мен қарыз қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс осы қызметтің нәтижесі болып табылады.
Қаржы қызметін басқару- өзінің тактикалық және стратегиялық мақсаттарына жету барысныда қаржы қатынастарын қолданатын және қаржы басқаратын экономикалық субъектінің атқарушы органы.
Қаржы менеджері - фирманың қаржылық ресурстарын басқарушы. Қаржы менеджерінің міндетіне фирманың қаржылық құрылымы, және оның қаржылық ресурстарға қажеттілігін анықтау, баламалы қаржылық көздерді анықтау және оны бағалау, таңдалған көздерден қаржылық ресурстарды алу және алынған ақша қаражаттарын пайдалануды бақылау кіреді.
Қаржы міндеттемесі - ақша қаражатттарын, қаржы активтерін беру немесе қаржы тұтқаларын айырбастау бойынша заңның немесе келісім-шарттың міндеті болып табылатын кез келген міндеттеме.
Қаржы нарығы – ақша, несие, валюта және бағалы қағаздар нарықтарынының қаржылық активтерімен сауда-саттықты ұйымдастыру жүйесі. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрылымына ақша, несие, валюта, депозит, сақтандыру, бағалы қағаздар және зейнетақы нарықтары кіреді. Қаржы нарығының қатысушыларына инвесторлар, қарыз алушылар және делдалдар немесе қаржы-несие инситуттары жатады.
Қаржы нормалары мен нормативтері – қаржылық жоспарлауды қаржы ресурстарының құралуын, бөлінуін, қайта бөлінуін реттейтінең аз, орташа немесе ең көп шекті шамаларды көрсететін көрсеткіш.
Қаржы ресурстары - жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу барысында мемлекеттің, кәсіпорындардың, мекемелердің ұйымдардың құратын ақшалай жинақтары мен ақша қорлары.
Қаржы ресурстарының балансы - Қазақстан Республикасының барлық табыстары мен шығыстарының балансы, бюджеттен тыс қорлар және Қазақстан Республикасының субъектілері мен муниципалды білім беру, осы аумақтардағы шаруашылық субъектілерінің табыстары мен шығыстары. Тұрғындардың табыстары мен шығыстары қаржы ресурстарының балансына кірмейді.
Қаржы талдаушысы – қаржылық әлемдегі фирма дамуының тенденциялары мен заңдылықтарын іздеумен және осы тенденциялар дамуына әсер ететін факторларды талдаумен айналысатын маман.
Қаржы тұтқалары - қарыздық куәлігі болып табылатын құжат, яғни вексель, облигация, депозиттік сертификат және т.б. сату барсында сатушы қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Қаржы тұтқасының дифференциалы - қаржы-қаражаттары бойынша пайыздың орташа есеп айырысу қойылымы мен активтер пайдалылығының (түсімге салынатын салық пен несиенің пайызын төлеуге дейінгі пайданың активтер соммасына қатысы) арасындағы айырма.
Қаржыландыру - ұлттық шаруашылықты дамытуға, әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа және басқа қажеттерге жұмсалатын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; кәсіпорындардың, бірлестіктердің меншікті қаражаты, мемлекеттік бюджеттен және басқа көздерден бөлінетін қаржы есебін жүзеге асырылады.
Қаржылық бағдарламалау – мемлекетік бюджетті және қаржы жүйесінің басқа буындарының кірістері мен шығыстарының сметаларын жасау кезінде бағдарламалық мақсаттық әдісті қолдану.
Қаржылық диагностика - кәсіпорынның қаржылық жағдайының жалпы бейнесін, оның пайдасы мен шығынын, активтер мен пассивтер құрылымындағы өзгерістерді, қолда бар бухгалтерлік құжаттар негізінде дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысудағы өзгерістерді сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді анықтау.
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы –шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.
Қаржылық жағдай – кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігін ақшалай формада сипаттайтын шаруашылық есептік маңызды көрсеткіш.
Қаржылық жалгерлігі – жалгерлік туралы шарт, бұл шартқа сәйкес активті иемденуге байланысты барлық қауіп –қатер мен артықшылық, бұл орйда меншік иесінің ауысатын - ауыспайтынына қарамастан алушыға көшеді.
Қаржылық инвестициялар - мемлекеттің басқа кәсіпорындардың инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алуға салымдары немесе әртүрлі қаржылық акивтерге салымдар: құнды қағаздар, жарналық және үлестік қатысулар, банкттік депозиттер.
Қаржылық компаниялар - бағалы қағаздарды шығаруды ұйымдастыратын, қор операцияларды және де басқа да қаржылық мәмлелерді жүзеге асыратын компания. Мысалы: заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру.
Қаржылық көрсеткіштер - кәсіпорын операцияларының тәуекел деңгейін өлшеу және компания іс-әрекетінің тиімділігін зерттеу үшін пайданылатын көрсеткіштер (коэффициенттер) жиынтығы. Көрсеткіштердің 4 тобы көрсетіледі: пайдалылық, айналымдылық, өтімділік және капитал құрылымы коэффициенттері.
Қаржылық қатынастары - өндірістік қатынастарының табиғи құрамдас бөлігі, мемлекет пен шаруашылықты жүргізудің жеке субъектілері арасындағы ақшалай нысандағы экономикалық байланыстарды көрсетеді.
Қаржылық құралдар - қаржылық нарықта саудада қолданылатын қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың әр-түрлі формалары.
Қаржылық қызмет - бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражатының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады.
Қаржылық леверидж – ұзақ мерзімді пассивтердің құрылымы мен көлемін өзгерту арқылы кәсіпорынның табысына потенциалды ықпал ету мүмкіншілігі.
Қаржылық лизинг – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан аспайтын мерзімге жасалған келісім бойынша мүлікті беру қаржылық лизинг болып табылады.
Қаржылық менеджмент – 1) кәсіпорынның, үйымның қаржылық ресурстарының құрылуын қолдануының, ақша айналымын басқару үрдісі; 2) кәсіпорындар мен үйымдардың өз мақсаттырына жету жолындағы қаржыны басқару, қаржылық қатынастарды құру туралы ғылым. Қаржылық менеджмент жалпы менеджменттің бөлігі ретінде басқару әдісінің әр түрлі бағыттарын қамтитын іскерліктің синтетикалық сферасын сипаттайды. Ол қаржы, несие, статистика аясындағы экономикалық және қаржылық талдау арқылы ғылыми және тәжірибелік тұрғыда қаржылық менеджмент алдындағы мәселелерге байланысты шешімдер қабылдау базасы немесе құралы болып табылады. Қаржылық менеджмент басқару үрдісі ретінде басқарудың объектісі (ақша айналысын, капитал құнның айналысын, мемлекеттік қаржылық шүруашылық субъектілер арасында қаржы қатынастарды жүзеге асыру), және субъектісі кәсіпорынылер мен ұйымдарды басқаратын арнайы кәсіби басқарушы тұлғалар тобынан тұрады. Қаржылық менеджмент қызметтеріне мыналар жатады: ағымдағы және болашақтағы қаржыны жоспарлау; ақша қаржыларын құру және қолдану; ақша айналымын үйымдастыру; материалды және қаржылық ресурстардың теңгерімділігі, капиталдың тиімді құрамын сақтап тұру, ақша қаражаттардың түсуі мен қолданылуын бақылау, кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуінің және жумысшылардың белсенділігін қаржы көмегімен уәждемелеу. Қаржылық менеджменттің негізгі әдісі қаржылық талдау болып табылады, оған кәсіпорынның, үйымның қаржылық тұрақтылығы, төлем қабілеттілігі; кәсіпорынның несиелік қабілеті мен оның балансының өтімділігі қаржылық нәтижелері; айналым активтерінің айналымдылығы, банкроттықты бағалау жатады. Қаржылық талдау құралы ретінде қаржы коэффициенттер қолданылады.
Қаржылық нәтиже – коммерциялық қызметтен, тауарлар, негізгі құрал жабдықты, кәсіпорынның өзгеде мүмкін өткізуден, тысқары операциялардан осы операцияларға жұмсалған шығынға азайтылған мөлшерде алынатын табыс. Тұтас кәсіпорын және оның бөлімшелері ретінде шаруашылық іс-әрекеттің экономикалық қорытындысының қаржылық нысаны. Қаржылық нәтижелерге кәсіпорынның пайдасы немесе зияны жатады.
Қаржылық нәтижелер туралы есеп құрылымы - компанияның табыстары мен шығындары туралы мәліметтерді бөлшекке бөлу арқылы белгілі бір кезеңде компания қызметінің нәтижесін бағалау үшін негіз болып табылады. Компанияның кезең бойындағы жалпы табыстары туралы, және нақты өнім түрімен байланыссыз барлық кезеңдік шығындар мен табыстар туралы мәліметтерді қамтиды. Барлық шығындар мен табыстардың әртүрлілігі (немесе айырмашылығы) кезең бойындағы таза пайда немесе шығын болып табылады.
Қаржылық резервтер - кездейсоқ пайда болған жағдайлардың теріс салдарын жоюына қарастырылған жоспарланбаған шығындар мен ерекше қажеттіліктен пайда болу жағдайларға сәйкес мемлекеттік орғандар, және шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының ерекше түрі. Олар ағымдағы және күрделі қаржылық жоспарда қаралмаған немесе аз мөлшерде қарастырылған немесе жоспарланған табыстың түспеуінен пайда болған шығындарды жабуға арналған. Қаржылық резервтердің қалыптасуы қайта өндіру қоғамдық қажеттілігімен объективті түрде анықталған, яғни оларға күтілмеген жағдайларда да тоқталмайтын қаржыландарудың қажеттілігінен туындайды. Бұл қор ерекше арналған жағдайлар орын алғанда ғана жұмсалып оның жағымсыз салдарларын жоюға немесе азайтуға байланысты мақсатарға пайдаланылады.
Қаржылық ресурстар – мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы; қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады.
Қаржылық талдау -- өткен кезеңдегі шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай-ақ ұзақ мерзімдегі мүмкіндіктерін анықтайды. Қаржылық талдау келесідей сұрақтарға жауап береді: кәсіпорынның іскерлігі қалай және қандай көздерден қаржыландырылады, іскерлік тиімділігінің алдағы кезеңдегі деңгейін болжау. Қаржылық талдаудың әрбір элементі кәсіпорынның қаржы және мүліктік бағалауда өзіндік ерекшеліктері бар. Табыстылықты талдау әр түрлі әдістер негізінде белгілі бір уақыт мерзіміндегі және болашақтағы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар табыстылықты талдау өзіндік процедураларға бөлінеді, оларға ақша ағымдарының, табыстар мен шығындар т.б. талдаулар кіреді. Оның көмегімен кәсіпорынның жеке құрылымдарының бөлімдерінің немесе жалпы кез-келген қаржы жобаның тиімділігін бағалауға болады. Қаржылық талдаудың негізгі құрамының бөлігі – қаржылық талдау мен қаржыны жоспарлау арасындағы байланысты көрсететін қаржылық жоспарлау және оның орындалуын бақылау болып табылады.
Қаржылық тәртіп – барлық кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар, мекемелер мен лауазымды адамдар үшін міндетті қаржы қызметін жүзеге асыру тәртібі.
Қаржылық тәуекел – шығындардың пайда болуы мен жоспарланған табыстар мен пайданың толық түспеуінің ықтималдығын көрсетеді. Қаржылық тәуекелдің себептері – инфляциялық факторлар, банктік курс бағамдарының өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі т.б. Өндіріспен, коммерциялық іскерлікпен айналысатын кәсіпорындар қаржылық тәуекелдер салдарларының келесідей түрлерімен кездеседі: несиелік – кәсіпорынның негізгі қарыз сомасы мен пайыздық қойылымның төлей алмау қаупі; пайыздық - несиенің құнының өсіп кетуіне байланысты болатын зиян; валюталық-биржалық келісімдер мен әртүрлі сыртқы банктік операциялар жасағанда туындайтын валюта бағамының өзгеруіне байланысты жоғалту.
Қаржылық тұрақтылықты талдау – бұл көрсеткіштер арқылы қаржыландыру көздерінің құрамы және олардың қатынастар динамикасы бағаланады. Талдау, қаржы көздерінің сенімділігі мен тәуелділік дәрежесінің айырмашылығына негізделеді.
Қаржылық фьючерс – нақты бастапқы активті болашақта тұрақтанған бағамен сатып алу немесе сату келісімі. Қаржылық фьючерс опцион сияқты құқық емес, міндеттеме: опционды сатып алу немесе сатуда бас тартуға болады, келісімді бұзуға болмайды. Шын мәнінде несиені сату болып табылатын биржалық келісім-шарт. Бағаны қоспағанда, сатып алу-сату келісімшартының бүкіл сипаттамасы қатаң тіркелген. Баға сауда-саттық барысындағы сұранымға қарай айқындалады және несие пайызының мөлшерлемесі болып табылады, сатушы бұл мөлшерлемені оның ақшалай қаражатын пайдалану құқығы үшін алғысы келеді, ал сатып алушы оларды пайдаланғаны үшін төлеуге әзір. Сатып алушы, сонымен қатар, фьючерсті кейіннен қайта сату құқығын алады.
Қаржылық шығындар – басқа қызмет көрсету түрлеріне жұмсалған шығындардан айырмашылығы, шаруашылық бірлікті қаржыландыруға жіберілген шығын.
Қаржы - өнеркәсіптік топ – қаржылық, өндірістік, сауда, транспорттық және басқа да компаниялардың капиталдарын шоғырландыру мен бірлескен қызмет нәтижесіндегі мүдделілігі негізінде қалыптасқан интеграциялық бірлестігі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекелестігін және өткізу нарығын кеңейтуге, өндіріс тиімділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін технологиялық немесе экономикалық интеграциялану мақсатында қаржы-өнеркәсіптік топты құру келісімшарты негізінде өздерінің материалдық және материалдық емес активтерін толық немесе жартылай қоса отырып, негізгі және еншілес қоғам ретінде қызмет ететін заңды тұлғалардың жиынтығы. Қаржы - өнеркәсіптік топты басқарушы ретінде банк, өндірістік холдинг немесе қаржылық ұйым, қор түрінде арнайы құрылған орган қызмет ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |