Менеджер сөздігі русско-английский и



бет28/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Технология - материалды, ақпаратты және адамдарды түрлендіруді (жаңартуды) іске асыруға қажетті квалификациялық дағдыларды, жабдықтарды, инфрақұрылымды, аспаптарды және оған сәйкес білімдерді үйлестіру.

Технологиялар трансферті. – құқық иесінен инновациялық субъектілеріне және шет елдерде паттенттелген инновацияларды пайдалану құқықтарын беру процесі. Әдетте бұл процесс мемлекет ішінде және халықаралық технология алмасу рыноктарында жүзеге асырылады. Ол көбінше лицензия және ноу-хау сату-сатып алу арқылы жүргізледі.

Технологиялық инкубатор - инновациялық қызмет субъектiлерiне ғылыми, өндiрiстiк, кадр жөнiнде, заңдық, маркетингтiк, лизингтік және өзге де қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететiн заңды тұлға. Бизнес инкубатор бір немесе бірнеше ғимаратта орналасады. Негізінде шет ел тәжербиесі бойынша бизнес инкубаторлар жаңа басталған шағын бизнесті қолдауға арналған құрылым. Оның бірнеше түрі болады: жалпы типтес бизнес инкубаторлар – жаңадан басталған шағын кәсіпкерлікті қолдауға арналған құрылым; мамандандырылғын бизнес инкубаторлар – белгілі бір саланы дамытуға арналған құрылым; технологиялық бизнес инкубатор – инновациялық шағын кәсіпорындарды қолдаушы құрылым.

Технологиялық процестер – еңбек затының физикалық жағдайының құрылымы тірі еңбек әсерінен өзгеру процесі. Өндірістің негізгі процестерін технологиялық процесс деп атайды. Технологиялық процестің сипаты өндірістің ұйымдастырушылық жағдайларын - өндірістік бөлімшелердің құрылуын, қоймалар мен қазыналардың сипатын, олардың орналасуын, көлік бағыттарын және ұзақтығын анықтайды.

Технопарк – бұл заңды тұлға, оның арнайы материалды-техникалық комплекс базасында инновациялық қызметті дамытуға арналған қолайлы жағдай жасалған. Бұл жерде ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту мақсатында, инновациялық идеяларды тез арада өндіріске енгізе алатын кәсіпкерлерді тауып инновациялық процесстің тиімді жүзеге асырылуына көмек көрсетіледі. Технопарктің негізгі қызметі – инфрақұрылымның, яғни бизнес инкубатордың, лабораторлыөтәжербиелік кешеннің, оқу-үйрену орталығының және эксперттік кеңестің дұрыс жұмыс атқаруын қамтамасыз ету. Технопарктің көрсететін қызметтеріне мыналар жатады: клиенттерге ғимараттар мен құрал саймандар ұсыну; техникалық қызмет көрсету, яғни компьютерлік және байланыс техникасын, библиотека, ғылыми және лабораториялық құралдар ұсыну; құқтық және қаржы- аналитикалық көмек беру; ақпараттық крмелер ұйымдастыру; инновациялық проектке сервистік комапнияларды тарту және т.б.

Тиімді шешім - өндірістік процестерден, жобалардан , басқа да операциялардан алынған нәтиженің оған жұмсалған шығысына қарағанда пайдалылығы басым шешім.

Тиімділік – нақты факт бойынша өндірілген көлемнің жоспарланған көлемге қатынасын білдіретін өлшем. Ұйымның белгілі бір кезеңдегі жұмысының экономикалық тиімділігінің қорытындылаушы көрсеткіші, бұл көрсеткіш олардың табыстылығы мен пайдалылығын сипаттайды.

Тиімділік индексі - әйгілі нарықтық индекстерден айрықшаланады, әйгілі көрсеткіштер дивидендтерден алынған табыстарды, акция иелеріне төленетін басқа төлемдерді қоспайды. Капиталдың, дивидендтің, пайыздар мен жекеленген салықтық факторлар құнының өсуін есепке алғандағы инвестициядан табыс ағымдағы құнмен түзетіледі және жылдық есептеуде көрсетіледі. Облигациялар үшін өтеу мерзіміне дейінгі алынған табыстар үшін қолданылатын есеп айырысу салықтық факторларды есепке алумен түзетіледі. Акциялар үшін капиталдың болашақ құнының жоғарылауы ағымдағы нарықтық бағалардың компанияның таза пайдасына қатынасы негізінде жоспарланады.

Тиімсіз сұраныс - денсаулыққа зиянды, міндетті түрде қарсы әсер етуді талап ететін тауарларға сұраныс.

Тиянақты сауда маркасы - өзгермейтін құндылықтармен сауда маркасы. Тиянақты марканың құрылуы үшін оның кейінгі зерттеме кезеңдердің дұрыс таңдауынан тура байланысты. Тиянақты сауда маркасыны құруы шарттары: нарыққа шығу кезінде және өз құруынын мезгілінен жаңа марка құндылықтарды ұстау керек; маркетингтік терең зерттеулердің нәтижелері және тауардың немесе компанияның мұқият зерттеулері марканың бейнесі құруы негізінен жатады; компания өз брендтерін басқару және марканың дамуы стратегиясына және оның қатынасы жүйесіне қажеті болса өзгерістерді қосу керек.

Тозу - бұл физикалық бұзылулардан, функциялары ескіруден және әр түрлі сыртқы факторлардан (экономикалық жағдайлардан, қоршаған ортаның жағдайларынан т.б) болатын кәсіпорын мүлкі құнының төмендеуі.

Тоқтаулар - кезекті демалыстардың сырқаттанудың, сондай-ақ жұмысқа келмеудің және басқа да шықпаулардың есебінен жұмыс уақытының өзгеруін білдіреді.

Толық серіктестік – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызметін жузеге асырып екі немесе одан да көп тұлғалардың бірігуі. Оның қатысушылары серіктестіктің жүмыстарына жеке араласады және салынған капитал бойынша ғана емес, бүкіл мұлік бойынша серіктестің міндеттемелеріне толық жауапкершілік артады.

Толымды сұраныс - фирма шығаратын тауарларға деген тұтынушылардың сұранысы және фирманың өзінің тауар айналымына қанағаттылығы.

Топтасып тасымалдау - бір көлік құралымен бір мезгілде бірнеше жөнелтушінің немесе алушының жүктері өткізілетін кездегі тасымал.

Төлем қабілеттілігінің коэффициенті – міндеттелемелердің акционерлік капиталға қатынсын білдіретін коэффициен, жиі жалпы міндеттемелердің сомасын міндеттемелер мен акционерлік капитал сомасына бөлу арқылы есептелінеді.

Төлем қабілеттілігі – тез арада төлемді қажет ететін кредиторлық қарыздар бойынша есептесуге жеткілікті кәсіпорындағы ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттері.

Төленген капитал - төленген акциялардың жиынтық құнын білдіретін акционерлік капиталдың бөлігі, яғни үлестірілмеген пайда есебіне құрылған капиталдан ерекшелігі инвесторлардан акцияға айырбастап алынған капитал. Төленген капиталдың құрамына номиналды төленген капитал мен корпорация акцияларының номиналды құнынан жоғары үлес қосқан акционерлер сомасы жатады.

Төленбеген дивиденд - компанияның директорлар кеңесі жариялаған төленбеген дивиденд. Бұндай жағдайда компания уәдесін орындағанша қарыз болып қала береді.

Төменгі буын басшысы – негізінен өз қол астында басқа басқарушылар болмайтын, тек қызмет атқаратын тұлғалар ғана болатын басшы. Парсонс жіктемесі бойынша төменгі буын басшысы техникалық деңгей басшысына сәйкес келеді.

Төменгі тәуекел аймағы – таза пайда мөлшерінен жоғарыламайтын мүмкін болатын жоғалтулар деңгейі сипатталынады.

Төрелік басқарушы - (уақытша, сыртқы, конкурстық) банкротқа ұшырау тәртібін немесе заңмен бекітілген басқа да өкілеттерді жүзеге асыру міндетімен сот тағайындайтын тұлға.

Транспорттық тәуекел – егер кәсіпорын сыртқы транспорттық ұйымдардың қызметін пайдаланса, онда ол сыртқы болып табылады.

Трансұлтандырудың индексі - компанияның шет елдік активтерінің жалпы активтер көлеміне қатысының, шетелдік сатылымдардың жалпы сатылым көлеміне және шетелдерде жұмыс істейтін жұмысшылардың жалпы жұмыстағылардың санына қатынасының орташа маңызы.

Трансұлттық корпорация – шетелдік бөлімшелер мен еншілес қоғамдар құру арқылы ұлттық шекарадан тысқары қызмет ететін корпорацияның ерекше түрі. Бұл шетел активтері бар ұлттық компания, яғни капитал мен бақылау бойынша ұлттық деп саналса, өзінің қызмет саласы бойынша халықаралық деп танылады.

Трансферттік төлемдер – орталық басқару органдарынан жергілікті басқару органдарына ақшалай қаражаттарды немесе оларды пайдалануға рұқсатты табыстау; бір мемлекеттен екінші мемлекетке ақшалай қаражаттарды аудару.

Трафареттік мәтін - тұрақты мәліметі бар және ауыспалы ақпаратты жазуға қарастырылып орны көрсетілген құжаттың бірізділенген (унификацияланған) құжаттың мәтіні. Трафареттік мәтін қысқа, тыянақты ақпараттар арқылы құрастырылып, ауыспалы ақпаратты толтыруға арнайы орын көрсетіледі. Трафареттік мәтінді құжат, әрдайым қайталанып отыратын қызметтік іс-әрекеттерді құжаттандыруда, жұмыс бағытында қайталанатын сөйлемдерді құжаттандыруда уақытты үнемдеуде стандарттық қағаз бетіне алдын - ала шаблон ретінде, не болмаса бланкі негізінде дайындаулы түрде қолданыста болады.

Трейдинг- белгілі бір акцияның бағамдық құнының өзгеруі есебінен пайда алу мақсатында акцияларды сату және қайта сатуды білдіретін банктік ұғым. Трейдер – бағалы қағаздарды сату-сатып алуға тапсырысты орындайтын, биржалық саудаға тікелей қатысатын брокерлік фирма жұмышысы, биржада мәміле құру құқығына ие кез-келген жеке немесе заңды тұлға.

Трендік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын өткен кезеңдермен салыстыруды және жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады.

Трест - бірлестік, бұған кірген кәсіпорын өзінің өндірістік және коммерциялық дербестігін жоғалтады, ал олардың қызметінің басшылығы бір орталықтан басқарылады. Меншік иелерінің табыстарын ұлғайту және кіріс көлемінің болуы ықтимал тербелісіне кепілдік береді. Трестің жалпы кірісі жекелеген кәсіпорындардың үлкестік қатысуына сәйкес үлестіріледі.

Тура маркетинг - нақты тауарды сату кезіндегі сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынас.

Туынды бағалы қағаз – осы туынды бағалы қағаздың базалық активіне қатысты құқықты айғақтайтын бағалы қағаз. Туынды бағалы қағазға мыналар жатады: опцион, своп, форвард, фьючерс, депозиттік қолхат, варрант және Қазақстан Республикасы заңына сәйкес туынды бағалы қағаз ретінде танылған өзге де бағалы қағаздар.

Тұрақсыздық айыппұлы - занда немесе шартта белгіленген ақша мелшері, борыш-кор міңдетгемені толык орыңдамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда оны несиегерге төлеуге міндетті; міңдеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілерінің бірі. Тұрақты мелшерде, орындалмаған міндеттеме мөлшерінін пайызы есебімен немесе косымша ақы (кетеріңкі тариф) нысанында белгіленеді.

Тұрақты сұранымдағы тауарлар- бөлшек саудада тез сатып алынатын, қорды үнемі толықтыруға міндетті тұтыну тауарлары. Мысалы, бакалейлі-гастраномдық тауарлар, супермаркетттерде сатып алынатын басқа да тауарлар.

Тұрақты шығындар - белгілі уақыт кезеңінде өндіріс көлемінің өзгерісіне тәуелді емес шығындар. Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындары, амортизацияға аударылған сома, басқарушылық персоналдардың еңбекақысы, ғимаратты жылыту және жарықтандыру, арендалық төлем т.б. жатады.

Тұрақтылық коэффициенті - бұл жұмыскерлер санының есепті жылдағы жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасы.

Тұрғындар - азаматтық қоғамның басты материалдық құрамдасы; жер шарындағы немесе нақты бір территорияда, континентте, елде, аймақта, қалады және т.с.с. тұратын адамдардың жиынтығы. Халықты зерттеумен (ұдайы өндіру, орналасу және миграция) арнайы ғылым – демография айналысады. Халықты мінездейтін негізгі көрсеткіштер ұдайы өндірілу мағлұматтары (туу, некелесу, өлім-жітім, табиғи өсімі); орналасу, урбанизация, миграция (халық жағрафиясы), жынысты-жастық құрамы, жанұялық жағдайы, білім деңгейі; расалық, тілдік, этникалық, діндік құрамы (этнография). Халықтың әлеуметті-экономикалық құрылымын халықтың жұмыспен қамтылуы, экономикалық белсенді халық, олардың кәсіби және әлеуметтік құрамы.

Тұрпатты мәтін - бір үлгіде қалыптасқан (типтік) мәтін негізінде сәйкестендіріліп басқа мәтіндер құрастырылады. Типтік мәтін бақраушы жоғарғы мекемелерде құрастырылып, осы негізде құрастыратын үлгі ретінде қолданыста болаыды (типтік тізбе, типтік лауазымдық ереже, типтік жарғы т.с.с.).

Тұтыну қоры - қоғам мүшелерінің рухани және материалдық сұраныстарын қамтамасыз етудегі ұлттық табыстың бөлігі. Тұтыну қоры өзінің арнаулы белгіленуіне байланысты жұмысшылардың өндіріс материалдық еңбек ақысына, ақылы қызмет көрсету және қоғамдық тұтыну қорына бөлінеді.

Тұтыну құны - объектінің құнын немесе маңыздылығын сипаттайды. Пайдалылық кезіндегі құн тұтынушылардың экономикалық тауарлық құны ретінде анықталады және оны пайдалану тиімділігене негізделген (табыс, пайда, ыңғай түрінде).

Тұтынушылардың әлеуметтік-демографиялық мінездемесі – жынысы, жасы, ұлты, мекен-жайы, қай әлеуметтік топқа жататындығы, әлеуметтік статусы, отбасылық жағдайы, отбасылық ролі, табысы, білім деңгейі, өмір салты, жұмысы және тағы басқа тұтынушының әлеуметтік жағдайын көрсететін факторлар.

Тұтынушылық сұраныс пен өндірістің халықаралық ковертациясы - көптеген нарықтарда сұранысқа ие ( мысалы, «Кока- Кола» сусыны, «Макдональдс», мейрамханасы, джинсылар және т.б.) ұқсастығы немесе сол сияқты тұтынушылық сипаттағы қызметтер мен тауарлардың көлемін ұлғайту процесі.

Тұтынушылық тауарлар - тұтыну заттары, оларға адамдардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттар жатады. Олар азық-түлік өнімдері, киім, аяқ киім, үй, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық бағыттағы тауарлар, тұтынушылық қызметтердің кешені, рухани құндылықтар.

Тұтынушыны талдау – талғамды зерттеуге, қажеттіліктердің құрылымын тұтынушылардың топтары бойынша саралауға, қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді, тұтынушының белгілі бір тауарларды артық санау уәждерін анықтауға арналған талдау.

Түсініктеме жазбасы – 1) негізгі құжаттың орындалу реттері көрсетілген құжат (жоба, жоспар); 2) басқарушы лауазым иесіне түсініктеме берілетін (болған оқиғаға, жұмыс барысында орындалатын қандай да бір іс-әрекеттерге түсініктеме) лауазымды тұлғаның мәліметі көрсетілген жазбаша құжат.

Тігінен талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қортынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қортынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.

Тізімдеме – ақпараттандыру не болмаса тіркеу мақсатында тұлғаларды, затты нақты бір ретпен санақтау тізім құжаты. Құжатты мұрағатта тұрақты сақту тізімдемесі көпмерзімді және жеке құрам құжаттарына жасалады. Тізімдеме бекітілген түрде құрастырылады.

Тік еңбек бөлінісі - басқарудың тік құрылымының деңгейлері иерархиялық түрде құрылған. Жоғары деңгейдің басқарушысы орта және төменгі деңгей басқарушыларының қызметін басқарады, жалпы айтқанда үлкен билік пен дәрежеге ие.

Тік интеграция - өзінде біркелкі, ретті технологиялық тізбекке енетін компанияларды біріктіреді (мысалы: руда өндіру, болат пен шойын балқыту, прокат өндірісі, металл өңдеу, автокөліктер, вагондар және т.б.өндірісі немесе мұнай өндіру, мұнайды қайта өңдеу және тұтынушыларға дейін мұнай өнімдерін жеткізу). Ондай интеграцияның мақсаты бірінші кезекте шикізаттарды, материалдарды т.б. жеткізуде үзілістің болмауын қамтамасыз ету және де бір мезгілде шикізаттардың тапшы көздерінен бәсекелестердің «жолын бөгеу» болып табылады. Оның үстіне трансакциондық шығындармен айналым қаржыларына нақты экономия, сондай-ақ технологиялық тізбектің барлық буындарының үйлесімдеріне бақылай жасау. Тік интеграция өзінің сипаттамасы бойынша – бұл, бәрінен бұрын белгілі өнімнің өндірісі бойынша салараалық интеграция.

Тікелей инвестициялар – Қазақстан Республикасының егемен кепілдіктеріне байланысты және Қазақстан республикасына берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін. Инвестицияларды қоспағанда, инвестицияның барлық түрі. Инвестицияланыру және ақша құралдарын салу обьектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет

Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.

Тікелей шығындар - өзіндік құнға тікелей енгізілетін, өнімнің жекелеген түрлерін өндірумен байланысты шығындар. Бұл - шикізатқа, негізгі материалдарға, жартылай фабрикаттарға, өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысына жұмсалатын шығындар.

У
Уақыт нормасы – белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайлар кезінде бірнеше жұмысшылардың (бригада) жұмыс бірлігін орындауы үшін қажетті уақыт. Уақыт нормасы жекелеген уақыт пен дайындау-аяқтау уақыттарынан тұрады.

Уақытша басқарушы – борышқор мүлкінің сақталуын қамтамасыз ететін шараларды іске асыру, сондай-ақ заңмен бекітілген уақытқа сай банкртотқа ұшырау процедурасының орындалу тәртібін қадағалау мақсатында төрелік сот тарапынан тағайындалатын тұлға.

Уақытша сақтау - әкелінген тауарлар белгілі бір кедендік режимге сәйкес межелі кеден органына табыс етілген кезден бастап олар шығарылғанға дейін кедендік бақылауда сақталатын кедендік рәсім. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау орындары мыналар болып табылады: 1) топтастырылған жүктерді жеткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар жеткізілген көлік құралдары; 2) ашық алаңдар - тауар иелерінің: әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының, темір жол станцияларының, өнеркәсіп орындарының осы тұлғалардың тауарларын уақытша сақтауға арналған күзетілетін аумақтарында; осы тұлғалардың өз тауарларын уақытша сақтау үшін арнайы бөлінген және күзетілтін аумақтарында орналасқан алаңдары. Көлік құралдарындағы тауарларды ашық алаңда сақтауға жол беріледі; 3) арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлар - тауарлар иесінің өз тауарларын уақытша сақтауға арналған үй-жайлары немесе үй-жайдың арнайы бөлінген және жайластырылған бөлігі; 4) уақытша сақтау қоймалары - тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға арнайы арналған, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жұмыс істейтін қоймалар; 5) кеден қоймалары мен еркін қоймалар - бір бөлігі уақытша сақтау үшін пайдаланылатын, кеден қоймасының және еркін қойманың кедендік режимдеріне сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға арнайы арналған, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін кеден қоймасын немесе еркін қойма құруға арналған лицензия негізінде жұмыс істейтін қоймалар.

Уәждеме - тұтынушыларды немесе кәсіпорын жүмысшыларын ұйымның алға қойған жоспарын жүзеге асыру және өтімді ұлғайту мақсатында қол жеткізуге бағытталған ынталандыру қызметтерінің жиынтығы.

Уәждемелік талдау – маркетингілік зерттеулердің біршама жаңа, перспективалы бағыты. Уәждемелік талдау немесе уәждемелерді зерттеу – тұтынушының нарықтағы мінез –құлқын айқындайтын себептер мен жағдайды, ең алдымен әлеуметтік психология аясындағы себептер мен жағдайды іздеп табу. Сатып алушының белгілі бір тауар пайдасына таңдау жасауына қарай себептер кешенін білу. Кәсіпорынға өткізу мен жарнама қызметінде болатын ықтимал қателерден құтылу мүмкіндігін береді.

Уәкілетті мемлекеттік орган – өзге мемлекеттің алдында салық міндеттемесінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

Уәкілетті орган – бюджетке міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттілі­гіне ие салық органдарын есептемегенде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары.

Унитарлы кәсіпорын – бекіткен мүлкін иелену құқығы болмайтын коммерциялық ұйым. Унитарлы кәсіпорын мүлкі бөлінбейді және салымдар бойынша, соның ішінде кәсіпорын жұмысшылары арасында бөліне алмайды.

Утилизациялық құн - өзінің бастапқы пайдалылығынан айырылған және төтенше жағдайда немесе толық тозудың жағдайына жеткен утилизациялық материалдық активтердің құны. Утилизациялық құн – бұл салмақты материалдардан тұратын бағаланатын объектілердің қайталама құны.

Учаске - өнімді дайындаудың жалпы өндірістік процестерінің бөлігін жүзеге асыратын, белгілі бір белгілері бойынша топтастырылған жұмыс орындарын біріктіретін өндірістік бөлімше. Өндірістік учаскелер бөлшектер және технологиялық түрде мамандандырылады.
Ұ

Ұжымдық (көптұлғалық) меншік - меншік субъектісі көптұлғалық форма шегінде индивидуум ретінде персонифицияланбаған, ол меншік иелерінің ұжымын, ынтымақтастығын, жиынтығын көрсетеді. Меншік субъектісі барлық серіктестіктердің мүліктік мүдделерін бейнелейтін құзырлы тұлға немесе тұлғалар тобы түрінде әрекет етеді, бірақ көбінесе біртұтас заңды тұлға (шаруашылық қоғам, кәсіпорын, компания) не мемлекеттік орган, қоғамдық ұйым ретінде құқықтық бейнеде ресми безендіріледі және шығады.

Ұжымдық еңбек дауы – еңбек жағдайын орнату мен өзгерту (жалақыны қоса алғанда), әлеуметтік еңбек қатынастары мәселесі бойынша келісімдердің, ұжымдық шарттардың қорытындылануы, өзгеруі немесе орындалуы жөнінде жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушілікті реттей алмау.

Ұжымдық келісім – кәсіпорын жұмысшылары мен жұмыс беруші арасында жасалатын, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеуші құқықтық акті.

Ұжымдық шарт - еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін бір немесе бірнеше жұмыс беруші (олардың өкілдері) мен қызметкерлердің бір немесе бірнеше өкілдері арасында жазбаша шарт нысанында жасалған құқықтық акт.

Ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарлар- тұтынушыға ұзақ уақыт қызмет ететін тауарлар. Мысалы, жиһаз, тұрмыстық техника және тағы басқалар.

Ұзақ мерзімді салымдар құрылымының коэффициенті – бұл көрсеткішті есептеу жолы мына тұжырымға негізделеді, яғни ұзақ мерзімді ссудалар мен займдер негізгі қорлар мен басқа да капиталды салымдар үшін қаржыландырылады.

Ұйым - белгілі бір мақсатқа жету үшін басшы еркімен құрылған, қызметтері саналы түрде үйлестірілген адамдар тобы.

Ұйымға әлеуметтік бейімделу - жаңадан келген қызметкерлердің ресми дайындық пен бейресми қарым-қатынас кезінде ұйымның ережелері,тәжірибесі мен мәдениетімен танысу.

Ұйымдағы жаңашылдықты мотивациялық қамтамасыз ету - адамның экономикалық, әлеуметтік, моральдық-психологиялық және т.б. қызығушылықтарын пайдаланып, қызметкерлерді ұйымның жаңартуына итермелейтін әдістер мен нысандар жиынтығы.

Ұйымдағы кадрлық жоспарлау - мақсаты адамдарды жұмыс орнымен қажетті уақытта, қажетті көлемде және олардың қабілеттеріне, өндірістің талаптарына сай қамтамасыз ету болып табылатын персоналды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі.

Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде - ұйымдастыру басқару функциясы ретінде екі аспектіде қарастырылады: 1) нақты ұйымды, оның құрылымын құру; 2) ұйымда өкілеттіліктерді, жауапкершілікті бөліп беру.

Ұйымдастыру деңгейін талдау - өндірістік бөлімшелердің ауданы, жұмыскерлерінің саны бойынша ара қатынасымен сипатталатын өндірістік құрылымды талдау.

Ұйымдастырушылық құрылымдар - ұйымдардың мақсаттарына ең тиімді жолмен жетуге жағдай жасайтын басқару дәрежелері мен функционалдық облыстардың арасындағы логикалық арақатынас.

Ұйымдастыршы-өкімдік құжат - әкімшілік және ұйымдастырушылық сұрақтардың шешімдері қарастырылған, сонымен қатар, билік мекемелерінің, мекемелердің, өндіріс мекемелерінің ұйымдардың, олардың құрылымдарының және лауазымдық тұлғалардың басқару мәселелерін қамту және реттеу үшін арналған жазбаша құжаттың түрі.

Ұйымдық жобалау – құрылымын жобалау методикасымен кағидаларын жасау кезінде тәжірибе, аналогия схемалар және интуицияға ғана емес үйымдық жобалаудың ғылыми әдісіне сүйену керек. Сонымен қатар бүл үйымдық жүйенің қалыптасуының меодологиясын білетін мамандарға да жіктелу керек.

Ұйымдық мәдениет - мықты ұйымдастырушылау мәдениеті бар ұйымда жұмыс істейтін адамдардың ғана жеттіліктерін ескеру сипаты тән. Мұндай ұйымдар өзінің фирмалық философиясын анықтауға, өзінін құндылықтарын насихаттауға, тәртіп формаларының және т.б. бар екендігіне үлкен мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет