Таңбаларды тегістеу – таңбаларды компьютерлік өңдеуде қолданылатын амал, оған көбінесе мәтіндегі таңбаларды бір жиекпен тегістеу жатады
Таңбасыз тауарлар - ынталандыруды (жарнама, жылжыту) қажет етпейтін таңбаланбаған тауарлар. Мысалы, жеміс-жидек, тұз, желім және тағы басқалар.
Тарату логистикасы – жарнама, сату, өнімді тасымалдау және тұтынушыға қызмет көрсететін құрылған бөлімі. Ең маңызды тарату логистика жүйесінің мақсаты – қажетті орнына, қажетті уақытта минималды шығындармен тауарды жеткізу. Физикалық тарату - өнімді сатушыдан тұтынушыға жеткізудің логистика жүйесінің бөлімі. Физикалық қамтамасыз ету – жабдықтаушыдан немесе шикізат қайнардан шикізатты мен материалдарды қозғалуы орындалатын логистика жүйесінің бөлімі. Өнімді сату делдардар арқылы (тарату арнасы) іске асырылады.
Таратылу – акционерлік қоғам қызметінің мұраға қалдыру тәртібінде құқықтары мен міндеттерін өзге тұлғаларға берместен тоқтатылуы. Заңды тұлғаларды Бірыңғай мемлекеттік тіркеуге осы туралы енгізгеннен кейін таратылу ісі аяқталды деп есептелінеді. Қоғамды таратуға негіз мыналар болып табылуы мүмкін:
Өз еркімен таратылған жағдайда – акционерлердің жалпы жиналысының шешімі;
Лицензиясыз қызметті немесе заңда тыйым салынған қызметті жүзеге асырған жағдайдағы сот шешімі;
Сот қоғамның жағдайы жоқ деп тапқанда.
Тарифтік емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар.
Тарифтік реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар.
Тармақ шыңы, тармақтың жоғарғы ұшы – жоғарғы деңгейде орналаса отырып, төменгі деңгейдегі бірнеше элементтер жиынымен бір мәнді түрде, өз ара байланыс немесе қатынас арқылы байланысатын бір элемент. Ақпараттық технология ұғымында тармақ шыңына құжаттар жинағының беті, ал тармақтарына (доғаларына) беттер арасындағы сілтемелер жатады.
Тартымды акциялар - жеке және институционалды акциялардың үлкен сұранысына ие акциялар, өйткені олардың бағасы тұрақты түрде өседі және ұзақ уақыт аралығында тыбыс әкеледі.
Тасталатын, немесе «қоқыс» облигациясы - ВВ типіндегі спекулятивті сыныптың облигациясы және «Стэндард энд Пур» рейтингінде төмен болады. Тасталатын облигацияларды ұзақ қаржылық тарихы жоқ корпорациялар шығарады, міне сондықтан инвесторлардың көзқарасы тұрғысынан сенімсіз болып табылады; сондай-ақ оларды компанияларды артықшылығы бар заем қаражаттарының есебінен сатып алғанда және атағы жоғары емесе немесе бекітілмеген компаниялардың бақылауын сатып алудың өзге типтерінде пайдаланады.
Тасымалдау логистикасы – жүктерді және адамдарды тасымалдау материалдық өндіріс саласы. Тасымалдаудың түрлері: көлік, әуе, құбыр, темір жол, су және теңіз.
Тасымалдаушы (экспедитор) – теңіз тасымалдауының келісім – шартындағы бір жақ, ол жүкті тиеу портына жеткізіп, шартты төлем алатын міндеттемесі. Тасымалдаушы - өз көлікпен жүк тасымалдайтын қоғамның құқылы мүшесі және заң мүшесі, немесе өзіне жуапкершілік алатын басқа мүшесі. Экспедиторлық қызметке келесі функциялар кіреді: жүкті біріктіру, тасу, өндеу, сақтау, тарату және орау, қаржылық және кедендік сұрақтарға байланысты қызметі, жүкке қатысты іс – қағаздарды жинау, қосымша және кеңес беру қызметі және т.б.
Тауар ассортименті - әрбір фирманың ерекшелігіне байланысты өндіретін және тұтынушыларды қанағаттандыратын және бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлар тобы.
Тауар белгісінің жарнама қабілеттілігі – пайдаланушының көнілін белгіленген тауарларға және қызметтерге сауда белгісінің қатыстыру қабілеттілігі. Тауар белгісінің жарнама қабілеттілігі жаңа оймен, эстетикамен, жұмсақтылығымен, бірлестікпен, қолайлы айтуға және басқа талаптармен сипатталады.
Тауар биржасы – бұл жалпылама, стандартандырылған тауарларды алып-сату мақсатымен ұйымдастырылған арнайы сауда орны. Биржада тауарлар алдын-ала көрсетілмейді, ал сатып алушылар тауарларды сатып алғаны туралы құжат бойынша оны биржаның қоймасынан алып кетеді. Биржалық саудаға көбіне түсетін тауарлар бұл өнеркәсіптік шикізаттар мен ауыл шаруашылық өнімдер. Биржалық сауда тауарлардың нарықтық бағасын анықтайды және биржадан тыс сатылатын тауарлардың баға деңгейіне әсер етеді. Тауар биржасында екі түрлі мәміле жасалады: нақтылай тауарларға мәмілелер (СПОТ) және мерзімді мәмілелер (фьючерс).
Тауар саясаты - кәсіпорындардың маркетинг қызметінің бір бөлігі, яғни тауардың жаңа түрлерін жасау, олардың өмірлік циклін ұзарту,бәсеке қабілеттілігін жоғарлату.
Тауар стратегиясы - фирманың миссиясына жауап беретін тауардың және қызметтің әлеуетті нарығын зерттеу және қалыптастыру ережелері мен әдістерін дайындайды. Тауар стратегиясының басты тапсырмалары: фирманың келешектегі тапсырмаларын нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерімен және фирманың ресурстарымен байланыстыру; тауар сұранысының өмір сүру циклін талдау; бәсекелестік басымдылық беретін тауар ассортименттерін қалыптастыру ережелерін жасау.
Тауарды шығарған ел – тауардың шығарылған елі тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуді және тауарды бұл аумақтан әкетуді тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатымен анықталады. Тауар толық өндірілген немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген ел тауардың шығарылған елі болып есептеледі. Тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаты үшін егер оларды бөліп көрсету қажет болса: елдер тобы, елдердің кеден одақтары, елдің аймағы немесе бөлігі тауардың шығарылған елі деп есептелуі мүмкін. Мыналар белгілі бір елде толық өндірілген тауарлар болып есептеледі: 1) елдің жер қойнауынан, оның аумақтық суларында (теңіздерінде) немесе оның құрлықтық қайраңында өндірілген пайдалы қазбалар; 2) белгілі бір елде өсірілген немесе жиналған өсімдік тектес өнім; 3) белгілі бір елде туған және (немесе) өсірілген тірі жануарлар; 4) белгілі бір елде өсірілген жануарлардан алынған өнім; 5) белгілі бір елде аңшылық немесе балық аулау кәсіпшілігінің нәтижесінде алынған өнім; 6) белгілі бір елдің кемесімен не ол жалға алған (кіреге алған) кемемен алынған теңіз балық аулау кәсіпшілігі өнімі мен теңіз кәсіпшілігінің басқа да өнімі; 7) белгілі бір елдің қайта өңдеуші кемесінің бортында алынған өнім; 8) белгілі бір елдің, сол теңіз түбін немесе сол теңіздің қойнауын өңдеуге арналған ерекше құқықтары болған жағдайда, осы елдің аумақтық суларынан (теңізінен) тыс жерлердегі теңіз түбінен немесе теңіз қойнауынан алынған өнім; 9) өндірістік немесе қайта өңдеу жөніндегі өзге де операциялар нәтижесінде алынған қалдықтар мен металл сынықтары (қайталама шикізат), сондай-ақ сол елде жиналған және тек шикізат күйінде қайта өңдеу үшін ғана жарамды, пайдалануда болған бұйымдар; 10) белгілі бір елге тиесілі не ол жалға алған (кіреге алған) ғарыш кемелерінде ашық ғарышта алынған жоғары технологиялар өнімі; 11) белгілі бір елдің аумағында өндірілген электр энергиясы.
Тауардың маркасын құрудың инструменттері – сауда маркасының имиджін жобалау мен күшейту үшін құралдар. Мықты тауар маркасы бар тауарлардың әдетте басты сөзі, жарнама слоганы, түсі, эмблемасы және өз тарихі болады.
Тауардың кедендік құны - тауардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізілетін, осы тарауға сәйкес айқындалатын, мынадай мақсаттарда: 1) тауарға кедендік төлемдерді және салықтарды салу; 2) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеудің өзге шараларын қолдану мақсатында пайдаланылатын құны. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендік құны Тарифтер мен сауда туралы бас келiсiм кедендiк бағалауының жалпы принциптеріне негiзделедi. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдiстерi: 1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша; 2) бірдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша; 3) бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша; 4) құнды шегеру; 5) құнды қосу; 6) резервтік әдiстердi қолдану жолымен жүргізіледі. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.
Тауардың өмірлік кезеңі - нарықты, белгілі бір өнім түрін зерттеп, тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыратын өнім өндіріп, айналысқа жіберіп, тұтынуды тоқтатқанға дейінгі үрдістердің жиынтығы. Белгілі бір тауардың нарықтағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары. Тауардың өмірлік циклының бес кезеңі болады: 1)енгізу-жаңа тауардың нарыққа шығарылуы және байқау үшін сатылуы; 2)өсу-сату ауқымының тез артуы; 3)толысу-сату өсімінің баяулауы; 4) байытылуы-сатудың тұрақталуы; 5) төмендеу-таратудың тұрақты қысқарылуы және өндірістен шығарылуы.
Тауардың шығарылуы туралы сертификат - тауар шығарылған елді куәландыратын және сол мемлекеттің немесе, егер әкетілетін мемлекетте сертификат тауар шығарылған елден алынған мәліметтер негізінде берілсе, әкетілетін мемлекеттің уәкілетті органы берген құжат. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде тауардың шығарылуы туралы сертификатты, егер аталған сертификат келісім-шарттың талаптары бойынша, тауар әкелінген елдің ұлттық ережелері бойынша қажет болса немесе аталған сертификаттың болуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, тиісті уәкілетті мемлекеттік орган береді. Осы сертификатты берген тиісті уәкілетті мемлекеттік орган оның көшірмесін және соның негізінде тауарлардың шығарылуы куәландырылған өзге де құжаттарды олар берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтауға міндетті.
Тауарлар - тар мағынада, бұл сату және сатып алу объектілері, яғни өзінің шығарылуынан кейін сатылу керек немесе сату үшін бағытталған экономикалық өнім. Осылай, тауар деп өндірілгеннен кейін нарыққа түсетін кез-келген экономикалық өнімді есептейміз. Кең мағынада «тауар» сөзі, түсінігіне кез-келген өндірілген бұйым мен затты, сонымен қатар адамдардың қолданатын барлық заттарын жиі жатқызады, сол кезде ол бұйымдардың сатып алынғанын немесе ақшаға сатылатынын анықтамай жатып.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендікшекарасы арқылы өткізу - тауарлар мен көлік құралдарын халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, құбыр тасымалы мен электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген әдіспен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету жөнінде іс-әрекеттер жасау.
Тауарларға ілеспе құжаттар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына арналған коммерциялық және көлік құжаттары.
Тауарларды алушы - кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге тасымалдаушы міндетті болатын тауардың ілеспе құжаттарында аталған тұлға.
Тауарларды еркін айналыс үшін шығару - Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды тұрақты пайдалану мен тұтынуға арналған кедендік режим. Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне тауарларды орналастырудың шарттары: 1) кедендік баждар және салықтар төленген; 2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған; 3) Кедендік Кодекс және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптар орындалған; 4) кедендік ресімдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тауарларды өткізуші тұлға - өз атынан не басқа тұлғаның тапсырмасы бойынша сыртқы экономикалық мәміле жасаушы тұлға; егер тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу қазақстандық тұлғаның сыртқы экономикалық мәмілелер жасауынсыз жүзеге асырылатын болса, Қазақстан Республикасының аумағында кедендік бақылаудағы тауарларды пайдалану мен оларға иелік ету құқығы бар тұлға.
Тауарлардың кері импорты - бұрын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкетілген тауарлар белгіленген мерзімдерде, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендік баждардан және салықтардан босатыла отырып, кері әкелінетін кездегі кедендік режим. Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастырудың шарттары: 1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде қазақстандық тауарлар мәртебесі болуы; 2) әкету сәтінен бастап үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының кедендік режиміне мәлімделуі; 3) тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан өзгеруді қоспағанда, олар өзгеріссіз жағдайда болуы тиіс. Тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкетілген, тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар жағдайының тұрақтылығы, олардың әкетілу фактісі, әкетілген күні құжаттамамен расталуы тиіс.
Тауарлардың кері экспорты - бұрын Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеместен немесе төленген сомаларды қайтара отырып, экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан осы аумақтан әкетілетін кедендік режим. 1. Тауарлардың кері экспорты: 1) уақытша сақтау орындарындағы тауарлар белгілі бір кедендік режимге орналастырғанға дейін әкетілген; 2) бұрын кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің және еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимдеріне орналастырылған, қайта өңдеу жөніндегі операцияларда болмаған шетелдік тауарлар әкетілген; 3) бұрын кеден қоймасының, еркін қойманың, еркін кеден аймағының кедендік режимдеріне орналастырылған шетелдік тауарлар әкетілген жағдайда жүзеге асырылады.
Тәжірбиелік маркетинг- өнімді дайындау, өндіру және өткізудің негізгі шаруашылық қызметтерін біріктіретін, басқарудың ерекше саласы. Оның негізгі мақсаты өндірістік-коммерциялық қатерді барынша азайту, кәсіпорынның көп пайда алуын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның барлық қызметін және шығарылатын өнімі мен жоспарланған тауарды тұтынушылардың барлық талаптарын ескере отырып бейімделу шараларының кешені. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметкерлерінің жоғарғы кәсіпқойлық даярлығын да талап ететін шығармашылық үрдіс.
Тәуекел – мүмкін болатын қатерлер мен кездейсоқтық және шығындардың себебі болып табылады; жай уақытта тәуекелдердің әртүрлі түрлерін сақтандыру жүзеге асырылады. Қандай да бір жоғалымның пайда болу ықтималдылығымен, жиілігімен өлшенеді. Күтімді пайда дәрежесінен асып кететін жоғалым деңгейінің игерілу ықтималдылығымен тәуекелдер неғұрлым қатерлі болып табылады. Тәуекелдердің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: банктік, оған коммерциялық банктер жиі ұшырайды; валюталық шетел валютасы бағамының күтілмеген өзгерісімен байланысты; несиелік несиелік қаражаттардың қайтарылмауы, толығымен немесе өз уақытында қайтарылмау қатерлерімен байланысты; саяси - саяси тұрақсыздықпен, экономикалық үрдістерге әскери қайшылықтардың әсер етуімен қалыптасқан; жұқтыру тәуекелі – туынды және ассоциаланған компаниялардың мәселелерінің бас компанияға өтіп кету ықтималдылығы.
Тәуекел аймағы – тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы.
Тәуекел жоспар – тәуекелдер үйлесімсіздіктері пайда болуы кезінде бір баламадан екіншісіне өтудің мүмкін болатын варианттары мен мақсатқа жету жолындағы баламалар жинағы қарастырылған құжат.
Тәуекел жүйесі бойынша сақтандыру – бұл кәсіпорынға келген зиян шартта көрсетілген сақтандыру сомасының шегінде ғана өтелінеді. Егер зиян сақтандыру сомасынан асса, онда қалған шығынды сақтандырылушы өзі өтейді. Бұл әдістің кемшілігі кәсіпорын үшін ауыр салдарлар алып келетін ірі тәуекелдер сақтандырылушының өз жауапкершілігінде қалады.
Тәуекелге сыйақы төлеу спектрі – рационалды нарықта барлық неғұрлым жоғары күтімді сыйақы әрдайым тәуекелдің қосымша жоғарылауымен жүргізілетінін иллюстрациялау үшін қолданылатын конструкция. Спектрдің оң жағы міндеттеменің ең төменгі тәуекелділігін көрсетеді, олардың типтік өкілдері қысқамерзімді үкіметтік міндеттемелер болып табылады. Спектрдің оң жақ шетіне қозғалу кезінде – жай акцияларға көптеген инвестиция арқылы – кез-келген күтілген папйданың қосымша жоғарылауы тәуекелдің қосымша жоғарылауымен бірге жүреді.
Тәуекелдерді сәйкестендіру – тәуекелді басқарудың сапалылығын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және оперативті іс-шаралар жүргізу үшін жеткілікті, қажетті уақыттық, сандық ж.т.б. сипаттамаларды табу және бекіту процесі.
Тәуекелді анықтаудың статистикалық әдісі – инвестициялық шешім қабылдау барысында болған ұқсас жоғалтулар мен табыстардың статистикасы қарастырылады, содан кейін ықтималды талдау жүргізіліп болашақ инвестициялық жобаның болжамы жасалады.
Тәуекелді басқару - 1) кез келген қызмет түріне байланысты туындайтын тәуекелді төмендеруге бағытталған әдіс-тәсілдердің жиынтығы; 2) белгілі бір шектеудегі тәуекел шамасына жетудегі жүйелі ұйымдастырылған тәртіптер жиынтығы. Сондай-ақ фирма теориясы, сақтандыру ісі, кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау, болжау әдістері, экономикалық мүмкіндіктерді оптималдаудың математикалық әдістері жайлы білімді талап ететін менеджменттің арнаулы саласы.
Тәуекелді сандық талдау - тәуекелді сандық талдау – бұл жалпы қаржылық тәуеелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау.
Тәуекелді сапалық талдау – тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді: ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін.
Тәуекелді төмендету техникасы (қауіпсіздік техникасы) – Тәуекелдерді қолайлы аймаққа көшіруге жағдай жасайтын техникалық құралдар мен ұйымдастырушылық шаралар жүйесі.
Тәуекелді тудырушы инженерлік-конструкторлық себеп – конструкторлық-технологиялық пысықтаудың деңгейі және өнімнің техникалық шарттарын өткізудің мерзімін сақтау.
Тәуекелді тудырушы қаржылық жүйе жағдайының себептері – банктер арасында қаржылық айналымның бәсеңдеуі тұтынушылардың бір банк, банк-корреспондент немесе клиенттер арасында сенім тудыратын санаулы банктер арқылы жұмыс істеу принципі таңдау мүмкіншілігіні төмендеуіне әкеліп соғады.
Тәуекелді тудырушы салымдарға пайыздық мөлшердің көбею себебі – ұзақ мерзімді қолданылатын қымбатырақ өнімдерді сатып алу үшін қаржы жинауы өнімге деген сұранстың азаюын тудырады.
Тәуекелді тудырушы транспорттық себеп – транспорттық желі жұмысының тұрақсыздығы немесе белгілі бір транспорт түрлерінің жетіспеушілігі өнімді ұттынушылар ортасының өзгеруіне және өнімге деген сұраныстың азаюына әкеліп соғады.
Тәуекелдікке артықшылық беру - тәуекелдікке артықшылық беру ретіндегі бастапқы анықталған болжамның мәнділігін сондай-ақ математикалық нәтижесін күту.
Тәуекелсіз аймақ – пайданың жоғарылауы немесе шығынның аз мөлшеріне сәйкес жоғалтулар күтілмейтін аймақ. Мұны кәсіпкердің ұтыс аймағы деп атауға да болады.
Тәуекелсіз табыстылық – салынғын капиталдың тәуекелділігі 0-ге тең болғандағы бағалы қағаздардың табыстылығының деңгейі. Бірақта, теорияда және тәжірибеде бұл түсінік абстрактылы болып табылады. Бастыста тәуекелсіз табыстылықты негізінен мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылықты санау қабылданған, өйткені бұл жерде мемлекет өз міндеттемелері бойынша төлем жасауға негізделген. Соныменен қатар тәуекелсіз табыстылық ретінде бір жылға дейінгі мерзімдегі қысқа мерзімді қаржылық құралдардың табыстылығы түсіндіріледі.
Тәуелсіз директор - корпорация басқармасынан тәуелсіз директор, ол корпорацияның қызметкері болып табылмайды (кей жағдайда акционері).
Тәуелсіз тіркеуші – деп, тиісінше келісім шарт негізінде акционерлік қоғам акционерлерінің реестрін жүргізетін заңды тұлғаны (реестр ұстаушысы) түсінеміз. Бұл жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мыналар акционерлік қоғамның реестр ұстаушылары болуы мүмкін емес:
акционерлік қоғамның өзі(егер акционерлер саны >1000 болғанда);
осы қоғам акционерлері;
осы қоғамның акциясын номиналды ұстаушы.
Тіркеушінің қызметі міндетті түрде тәртіппен линцензиялануы тиіс. Тіркеуші реестр ұстаушының функцияларын немесе оның бір бөлігін басқа тұлғаға беруге құқылы емес.
Тезаурус – өзара байланысына сәйкес жүйелендіріліп, іріктелген сөздер тізбегін қамтитын сөздік.
Тейлор Фредерик Уинслоу (1856-1915жж.) – менеджмент теориясының негізін қалаушылардың бірі, ғылыми басқару мектебінің өкілі, орындаушылардың функционалдық мүмкіндіктерін зертеудің ғылыми негізін салушы; төменгі және орта деңгейдегі басқару сұрақтарымен айналысқан.
Телекс - арнайы абоненттік торап арқылы жіберілетін әр түрлі мәтінді құжаттардың жинақталған түрі. Абоненттік байланыс түрі болғандықтан телеграммадағыдай құжаттандыру тәртібі болмаса дағы, ресімдеу тәртібі бірдей. Құжат келесі деректемелер арқылы жіберіледі: қабылдаушының дерсі, мәтін, қолтаңба, нөірі, жіберіші ұйымның тауы, адресі. Телеграфтық байланысқа қарағанда телекспен алынатын құжаттар шұғыл түрде жетеді
Телефакс - факсимилдік байланыс жүйесімен алынатын қағаз негізінде түпнұсқадан жіберілетін сан-алуан құжаттар (қолжазба, басфылымдық, графикалық, бейнелі т.с.с). Бұл құжаттардың заңдылық күшіне қатысты мәселе толық қарастырылмаған.
Телефонограмма - әр түрлі мәтіндегі жинақталған, телефон байланысы арқылы ауызша қабылданып жазылатын құжат. Телефонограмманы шұғыл ақпартты тарату үшін, мысалы мәжілістің, жиналыстың болатынын хабарлау және осы қабылданған ақпарат арқылы құжаттандыру жүргізіледі. Телефонограмма арнайы бланкіде толтырылады және стандарттық А4 қағазы бетіне де құжаттанлдырылады. Телефонорамма деректемесі: мекеменің атауы-құжаттың авторы, телефонограмманы жіберуші тұлғаның лауазымы, телефонының нөмірі, қабылдаушы ұйымның атауы, қабылдаушы тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні, телефонограмманың датасымен нөмірі, құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның жұмыс бабы, қол таңбасымен толық көрсетіледі.
Теріс сұраныс - тұтынушылардың көп бөлігінің тауарды немесе қызметті жақтырмауы.
Техникалық деңгейін талдау - негізгі құралдардың құрылымын зерттеу, оларды белсенді бөлігінің үлесін, еңбек пен өндірістің қормен қарулануын анықтау.
Техникалық жабдықтар жиынтығы – компьютерді толық қамтамасыз етуші жабдықтар: дисплей, процессор, тышқан, баспа құрылғысы.
Техникалық талдау – қаржылық нарық жағдайын оқып-үйрену үшін және бағалы қағаздар құнының өзгеру динамикасын болжауда қолданылады. Әдіснамасы қор биржасында акцияның нарықтық құнының деңгейі және сату көлемі сияқты негізгі параметрлер динамикасын анықтайтын тарихи қалыптасқан заңдылықтар бар екенін көрсетеді. Оны стратегияның екі тобы үшін қолданады. Инерциялы және қарама-қарсы бағытталған стратегияны енгізетін стратегияның бірінші тобы жай тәсілді қолданады, яғни сату мен сатып алудың мүмкін болатын нұсқаларын анықтау үшін тек аяқталған кезеңдегі акцияның табыстылығын талдайды. Нарықтың үзілу сызықтары мен сырғымалы орташа стратегияларын енгізетін стратегиялардың екінші тобы уақыттың аяқталған кезеңіндегі бағалы қағаздардың бағамы мен оның салыстырмалы ұзақ уақыттағы бағамы арасындағы тәуелділігі негізінде акция құнының мүмкін болатын нұсқаларын анықтайды.