Бала : Қазақстан туған өлкем.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
(Ата мен немересі шығып кетеді.)
Ойын:
«Туған жерді гүлдендір»
(Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)
-Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
«Туған жер –алтын бесік» - демекші, балалар, бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік – деп сабақты аяқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |