«Менің Отаным – Қазақстан!»



Дата02.05.2018
өлшемі60,98 Kb.
#40384
Бастауыш сынып мұғалімі Жолдыбаева Раушан

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұматтар бере отырып, сөздік қорын, тіл байлығын толықтыру, ауызекі тілде еркін сөйлеуін қалыптастыру, туған елін сүюге, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, слайдтар

Барысы: I Ұйымдастыру

Оқушыларды екі топқа бөлу

I топ: «Атамекен» II топ: «Жерұйық»

Ұрандары:

1-топ. Асау тұлпар арынды,

Оқуға сал барыңды.

2-топ. Біз жүректі қайраттымыз,

Жігерлі де айбаттымыз.

I Кіріспе:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін «Менің Отаным- Қазақстан!» атты (интеллектуалды) ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Хор: «Әнұран»

II Негізгі бөлім: Балалар, өздеріңе белгілі, біздің еліміз Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз егемендігін жариялады. Тәуелсіздігімізді жариялап, содан бергі өткен 21 жыл еліміз үшін егемен мемлекет ретінде орнығу, әлемдегі өз орнын иелену, бүкіл әлем таныған ел болу мақсатын жүзеге асыруға арналды.

Зымыраған уақыт толқынында біздің жас мемлекетіміз көптеген қиындықтарды артқа тастап, бүгінгі таңда дамушы елдер қатарына қосылды. Ал егеменді еліміздің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенбек.

Қазақстан Республикасының жері кең-байтақ, қазба байлығы мол, шаруашылығы сан алуан, халқы бірлігі жарысқан көптеген ұлт өкілдерінен құралған. Сондай-ақ , еліміздің бас қаласы-Астана әлемдегі ең жас қала.

Астана- Қазақстан Республикасының Елордасы, бас қаласы. Астанада «Бәйтерек», «Ақорда», «Ханшатыр», «Бейбітшілік пен келісім сарайы» т.б ғимараттар бар.

Қазақстан мемлекеті осы уақытқа дейін 4 рет астанасын ауыстырған: Орынбор – Қызылорда – Алматы – Астана. Бүгінде жас қала – Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Астана қаласында тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, денсаулық нысандары, мектеп пен балабақшалар, спорт сарайлары, саябақтар ел игілігіне жарауда.

Сабақтың эпиграфы:

Елімнің атын айтсам – Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан!

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткіземіз. Екі топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.

I айналым: «Көкпар»

Шарты: Әр түрлі тақырыптар бойынша екі топқа сұрақтар кезегімен оқылады. Жауап дайын болғанда жалаушаны көтеріп, дайын екенін айтады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай.

«Атамекен» тобына:



  1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Қазақстан Республикасы-егемен, тәуелсіз мемлекет)

  2. Қазақстан байрағында не бейнеленген, түсі қандай? (Онда алтын күн мен дала қыраны бейнеленген)

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата. (Елтаңба, Ту, Әнұран)

«Жерұйық» тобына:

  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

  2. Тұңғыш ғарышқа ұшқан қазақ және қашан ұшты? (1991 жылы 2 қазанда, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ұшты)

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қабылданған күн? (1993 жылы 15 қараша)

II айналым: «Бәйге»

Шарты: Ұяшықтарда бірнеше тақырыпта тапсырмалар берілген, дұрыс шешпеген жағдайда келесі топ жауап береді.

«Атамекен» тобына:

Ғажайып математика 10 20 30

Туған жерім-тірегім 10 20 30

Ғажайып математика:

10 ұпай – ұзындық бірліктерін ата: (мм, см, м, дм)

20 ұпай – х-5=15 белгісіз санды тап.

30 ұпай – Бір үйдің 4 ұлы бар. 4 ұлдың әрқайсысының 1 әпкесі, 1 қарындасы бар. Бұл үйдің баласы нешеу болған? (Бұл үйде 6 бала болған)

Туған жерім – тірегім:

10 ұпай – Сен қай елдің азаматысың? (Тәуелсіз Қазақстанның)

20 ұпай – Астана қандай қала? (Астана – Қазақстан Республикасының Елордасы, бас қаласы)

30 ұпай – Қазақстан Республикасының Елбасысы кім? (Н. Ә. Назарбаев)

«Жерұйық» тобына:

Өнер алды - қызыл тіл 10 20 30

Жақсы адам елдің ырысы 10 20 30

Өнер алды - қызыл тіл:

10 ұпай – Сөйлем неден құралады? (сөзден)

20 ұпай – Заттың атын білдіретін сөзді тап: (келді, ата, доп, қалам, ана, оқыды)

30 ұпай – «Беймаза» сөзіне жуық сөздерді ата: (мазасыз, шыдамсыз, тынымсыз)
Жақсы адам елдің ырысы:

10 ұпай- «Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

20 ұпай- «Менің атым Қожаны» жазған өздеріңнің сүйікті жазушыларың Бердібек Соқпақбаевтың туғанына неше жыл толды? (90 жыл)

30 ұпай- Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күнін ата (1 желтоқсан)

III айналым «Жеті жұрттың тілін біл.»

Шарты: Берілген сұрақтарға қазақша және орысша жауап беру.

«Атамекен» тобына:

1.Жүз теңгең болғанша,

Жүз .... болсын. (дос- друг)

2.Футбол алаңындағы ойын заты. (доп- мячь)

«Жерұйық» тобына:

1.Қабат-қабат қаттама;

Ақылың болса аттама. (кітап- книга)

2.Жеті қазынаның бірі, үйді қорып жүреді. (ит- собака)

IV айналым. «Ойлан тап»

Шарты: Әр дұрыс жауапқа бір ұпай. «иә», «жоқ» деп жауап береді.Екі топтан бір оқушы шығады.

Атамекен тобына:

1. Біз Қазақстанда тұрамыз. (иә)

2.Н.Ә.Назарбаев елбасы ма? (иә)

3.Қазақстанда тек қазақтар өмір сүреді? (жоқ)

4. Н.Ә.Назарбаев әнұран авторы? (иә)

5. Бәйтерек Қарағандыда орналасқан? (жоқ)

6. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі (иә)

7.Мектеп директоры – Ж. Избасаров. (иә)

8.Жер, су аттары кіші әріппен жазылады. (жоқ)

9.Суретші, ұшқыш – мамандықтар. (иә)

10.Желтоқсан, /аңтар,Ақпан күз айлары. (жоқ)

Жерұйық тобына:

1.Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. (иә)

2. Ақорда Алматыда орналасқан. (жоқ)

3.Қабанбай, Наурызбай батырлар. (иә)

4.Қазақстан Республикасын президент басқармайды. (жоқ)

5.15 Қараша –теңге күні (иә)

6. «аквариум» сөзінде в әрпі жоқ. (жоқ)

7.Көгершін- бибітшілік құсы. (иә)

8.Зығыр Қазақстанда бар. (иә)

9. Бұлбұл, тырна, қарлығаш- аңдар. (жоқ)

10. Бес жыл мезгілі бар. (жоқ)

V айналым. «Жорға»

Шарты:Берілген сұрақтарғатоп басшылары жауап береді.Кім көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

Атамекен тобына:

1. Киіз үйдің төбесі. (шаңырақ)

2.Ас атасы (нан)

3.Қазақстан Республикасының астанасы туралы не білесің?

4.Сөзге мақал-мәтел құрастыр. Отан, жер, батыр.

Жерұйық тобына:

1.Алғаш мектеп ашқан. (Ы.Алтынсарин)

2.Мақалды жалғастыр. Отан үшін отқа түс....... (күймейсің)

3. Астана қаласы туралы не білесіңдер?

4.Сөзге мақал-мәтел құрастыр.Өнер, білім, әке.

Vi айналым. «Менің қосар үлесім»

Мәнерлеп өлең оқу.

Атамекен тобынан: 1- оқушы Гүлданай 2-оқушы Азамат.

Жерұйық тобынан: 1- оқушы Нұрдана 2- оқушы Есімхан.

VII айналым.Қорытынды.

1). Екі топқа тапсырмалар беру.

Шығармашылық жұмыс.Өлеңнің жалғасын табу.

Тұлпар тобына:

Отан- мөлдір....... (аспаның)

Отан- асқар......... (тауларың)

Алуан гүлдер....... (жайнаған)

Жасыл желек......... (бауларың)

Жалын тобына:

Қыран құстай........ (самғаймын)

Туған жер қамын.......... (ойлаймын)

Өскенде ер........ (жетіп)

Отанымды......... (қорғаймын)

2). Топтық жұмыс.

Атамекен тобына:

Қазақстан Республикасының картасы әр аймақтарға бөлінген, соны құрастыру керек.

1.Батыс Қазақстан.

2.Солтүстік Қазақстан.

3.Шығыс Қазақстан.

4.Орталық Қазақстан.



5.Оңтүстік Қазақстан.Жерұйық тобына:Топтастыру стратегиясы:

Жарыстың қорытындысын шығару.Хор: «Менің Қазақстаным»
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет