Менің Отаным-Қазақстан!


Балалар- Рахмет сізге Саяхатшы аға, сау болыңыз! (



бет3/4
Дата12.10.2023
өлшемі20 Kb.
#184903
1   2   3   4
Байланысты:
республика күні сценарий
Т рбиелеу білім беру процесіні циклограммасы азан айы 023 жыл , 11. Күрделі функцияның шегі. Екінші тамаша шек-emirsaba.org
Балалар- Рахмет сізге Саяхатшы аға, сау болыңыз!
(Саяхатшы балалармен қоштасып шығып кетеді.)
Жүргізуші:-  Балалар мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Айтыңдаршы балалар біздің қазақтың киелі үйі қалай аталады?
Балалар- Киіз үй деп айтамыз. (кереге, уық, шаңырақ, ою басқан киіздер т.б.)
Жүргізуші:-  -(киіз үйді көрсету) Жарайсыңдар балалар, осы киіз үйіміздің керегелері, шаңырағы, ұлттық ою-өрнектері біздің рәміздерімізде бейнеленген, өте жақсы жауап бердіңдер. Олай болса, балалар киіз үйіміздің шаңырағы биік болу үшін, мен сендерге «Киіз үй» ойнын ұсынамын.
Ойын: «Киіз үй»
Жүргізуші:- Сән — салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға бөбекжай бақшамыздың биші қыздарын шақырамыз.
Би: "Қазақша"
Жүргізуші: - Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?
Балалар: - Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.

Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.

Отан – атам, Отан - әкем
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.


Жүргізуші: - Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек. Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы мақалдар білеміз бе?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет