Ғылыми мақала талдау
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІ ХАБАРШЫСЫ, №4, 2018 ж.
Авторы: Қ.А.Сарбасова, Ж.Е.Алшынбаева.
Тақырыбы:«Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау үдерісіне дуальды оқыту жүйесін ендіру».
Мақала құрылымы:
• Мақаланың мән-мазмұнын ашатын, мағынасы,мәнерлі, 9 сөзден тұратын тақырып атауы берілген;
• 10 сөйлемнен тұратын «Аңдатпа» берілген;
• Кейіннен, «Кілт сөздер» деп жазылып, 12 кілт сөз көрсетілген;
• Кіріспе бөлімде, мен, дуальды оқыту жүйесінің маңыздылығын, ерекшеліктерін, шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім беру жүйесінің маңызды тұстарын анық көрсетіп, мақалаға кіріспе, бастама қылып өткенін байқадым. Кіріспе бөлім 1абзацты қамтыған;
• Келесі, мақаланың мақсаты мен міндеттері тоқталған. Яғни тақырып бойынша шолу жасалынып, ғылыми мәселенің қойылысынан келіп шыққан. Бұл 7 қатарды қамтыған;
• Негізгі бөлім. Бұл бөлімде автор өзіндік статистика жүргізген, мақаланың мазмұны баяндалған, осы зерттеудің жеке идеялары, пікірлері, ғылыми деректер және эксперименттермен қамтыған;
• Қорытынды бөлім. Мақаланың қорытындысы, жүргізіп өткен теория мен практиканың маңыздылықтарын, қоғамдық маңызы мен болашағын көрсеткен;
• Әдебиеттер тізімі – 7 .
Қорытындылай келе айтарым, бұл мақала – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған. Құрылымдық бөлімдері атап өткендей, барлығы нормаға сай. Мақала, жаңа білім бағытын еңгізу үшін, педагогтарға арналған. Мақаланың «ғылыми-теориялық» деген түріне жатады. Себебі, теориялық ізденістер мен зерттеліп отырған мәселенің заңдылығын түсіндіруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |