Меншік және экономикалық ЖҮЙЕ



бет16/73
Дата07.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#83430
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
Лекции

3. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: этаптары, формалары, әдістері. Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет иелігіне алу, жекешелендіру процестерімен байланысты.
Мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шарралар жиынтығы.
Жекешелендіру - мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарды жеке меншік компанияларға айналдыру.
Жекешелендіру формалары:
А) мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу;
б) мемлекеттік меншік объетілерін концессияға беру;
в) мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру;
г) еңбек ұжымының мүшелеріне сату;
д) адамдарға аукциондық және конкурстық әдіс арқылы сату.
Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесін 4 кезеңге бөліп қарауға болады:
І-ші кезең 1991-1992 жылдар арлығын қамтиды. Бұл кезеңде мемлекеттік орталықтандырылған –жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату.
ІІ-ші кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Жекешелендірудің 2-ші кезеңінің негізгі мақсаты- мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объетілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емс активтерді өтеусіз және өтеуімн өткізіп беру жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып табылады.
ІІІ-ші кезеңі 1996-1998 аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы 246 Қаулысымен бекітілген ―Қазақстан Республикасындағы 1996- 1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына‖ сәйкес жүзеге асырылады.
3-ші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекшелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып табылады.
ІҮ-ші кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы 683 қаулысымен бекітілген ―1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына‖ сәйкес жүзеге асырылды.
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты- жекелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет