Түйін. Мәшһүр - Жүсіп олжа лексемасын тұтқынға түскен құл сияқты мағынада қолданған. Олжа > жесір <> құл (күң).
Әдеб.: Тұрышев. А.Қ. Мәшһүр – Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. – Б. 172.
КӨР - адам денесі жерленетін жер. [гробница, могила] – могила. Көрді тағы «мақбар», «қабір» деп те атайды. Ол жер ең ауыр әрі қорқынышты орын. Адам дүниеден қайтқаннан кейін мекен-жайлардың алғашқысы. Бұл жайында Ахмад ибн Мәжәһ Пайғамбарымыз (с.а.с.) – ның бір хадисін риуаят еткен. «Хазіретті Осман ибн Аффан қабір басына барған кезде көзінен жас парлап жылайтын еді. Бірде одан: «Жәннәт пен тозақ жайлы айтқан кезіңде жыламайсың да, қабір басына келген кезде неге жылайсың?» - деп сұрайды. Сонда Осман (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әлбетте қабір ахиреттегі мекен жайлардың алғашқысы. Егер иесі оның азабынан құтылса, кейінгі сынақтардан жеңілірек болады. Ал құтылмаса одан да қиын болады.»-дейді.»
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларында көр сөзі кездеседі.
Мысалы:
Иншалла, жазған сөзім бір де қалмас.
Бұл өнер тірім түгіл, көрде қалмас.
Болат мәтін қанжармен – тесілген тас,-
«Тесік тас, - деген сөз бар, - жерде қалмас.
Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 142.
Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б.
ӘУЛИЕ– Аллаһтың жақын достары. «Әулие» араб тілінде «уәли» сөзінің көпше түрі. Құранның сөзімен хадистің ісімен жүріп, күнә атаулыдан бойын қашық ұстайтын тақуа адамдарды айтады. а. [әулийа: 1. близкий, родной; 2. покравитель, опекун; святой, угодник] – 1. рел. Святой, угодник, чудотворец.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларында да әулие сөзі кездеседі:
- Алатау – басы толған қар, - деп айтты,
- Пішкәмнің жолы қиын, тар – деп айтты.
- Сахабауыл Ғабдолла ансары мен
Әулие «Күміс кептер» бар – деп айтты
- дейді.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 108. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 52. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 54.
ӘНБИЕ пайғамбарлар. «Әнбие» - араб тілінде «нәби» - пайғамбар сөзінің көпше түрі. Пайғамбарлар деген сөз парсы тілінен келген. Қазақша да, түрікше де елші деген мағына береді. Ал араб тілінде «Расул» және «нәби» деп атайды.
Алғашқы пайғамбар хазіретті Адам атадан бастап, ең соңғы пайғамбар хазіретті Мұхаммед (с.а.с.)-ға дейінгі пайғамбарлардың бір бөліміне, ешкімге тәуелсіз кітап, шариғат заңы жіберілген. Басқаларына да өздерінен бұрын жіберілген пайғамбарлардың кітабына және шариғатына мойынұсынулары әмір етілген. Міне осы жөнінен пайғамбарлар екіге бөлінеді.
1 Расул. Алла Тағаладан тәуелсіз жаңа кітаппен, шариғатпен адамзатты дінге уағыздау үшін жіберілген пайғамбарларды «Расул» деп атайды. Расул сөзінің көпше атауы «Русул».
2 Нәби. Аллаһ Тағаладан өзіне тәуелсіз жаңа бір кітап немесе шариғат жіберілмеген, бірақ өзінен бұрынғы пайғамбарлардың шариғатымен үкім еткендерді «Нәби» дейміз. Нәби атауының көпше түрі «Әнбие». Осыған байланысты әр Расул нәби бола алады, бірақ әр Нәби Расул бола алмайды.
Әулие- әнбие. Әнбие кейде әмбие н//м үнді дыбысына ауысып келе береді.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеевтің діни жырларында да әнбие сөзі ұшырасады.
Мысалы:
Әнбие айтып өткен мұрсал нәби,
«Жарайды, болсаң бол-деп, пәлі, пәлі!»
Көктен түскен сақаба – жүз жиырма,
Мақтауменен сөйлеген бәрі де, әні
- дейді.
Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 46. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 115. Х. Жанарыс. «Имандылықтың ғылыми негіздері» Павлодар. 2006ж. – Б. -78-79.
Достарыңызбен бөлісу: |