Сауыр етік. Тақасы ерекше аяқ киім. Өкшесі етігінің мыжырайып (Мәшһүр-Жүсіп., 88); Аяғыма кигенім шоңқайма өкшелі етік (Мәшһүр-Жүсіп., 125); Қара етігің қолпылдап, Тоғай кезбе келіншек (Мәшһүр-Жүсіп., 22); Сары етігің салпылдап Сазды кешпе келіншек (22); Көн етігің көлпілдеп, Ауыл кезбе келіншек – Мәшһүр-Жүсіптің ауыз әдебиетінің үлгісінен алынған мысалдар (Мәшһүр-Жүсіп., 22); Тон `жабу` сияқты эдик~этÿк `аяқ киім` деген мағынаны білдіреді ол көбірек `етік` деген ұғымда `башмақ, бәтеңке` т.б. қолданылады дейді Э.В.Севортиян негізінен `жабық аяқ киім, ерте заманда қысқа қонышты немесе етік` болған (ЭСТЯ, I7 320.). Етік лексемасының шығу тегін анықтау негізінен Г.Рамстедке тиеселі. Ол - еtük-ті маньжур тіліндегі еtи- `киіну, киімді киіп жүру` деп көне түркілік етістік түбірді еtü- қалпына келтірді, содан кейін барып оны *ät- (сол семантикада қарастыруы да мүмкін) түзеді. Сол сияқты тунгус-маньжур тілі эвен тілінде `сыртқы киім, киім` деген белгілі болды. Тунгус – маньжур тіліндегі `киіну` етістігі *тэту- платформасы маньжур және оған жуық чжурчжен тіліндегі эту- екінші формасының қаншалықты қашықтағынын байқаймыз. В.И.Цинциус осыдан келеді де түркілік анлауыт к- (тіл ортасы) манчж. Ø (дыбыс нөлге), түркі. кэт- ~ кэд- `үстіне киіу, киіну` - дейді. Жалпы мына түбір тұлғасы: уйғ., әт- `жабу, қамау, қадау`, лоб. ет- `қадау, жабу (кепке)`, тоф. эт-` жабу (есікті) кездеседі. Сайып келгенде, зерттеушілер маньжурлық эту- және түркілік әт- ~ эт- ‘фонетикалық-семантикалық ұқсастық бар екендігін, бірақ ол-гомогендік емес дейді. Көне түркі тілі киім (kejm) kedim `киім, киіну`(< көне түркі. ked- `киіну`. М. Қашқари сөздігінде кет-`киіну` мағынасын берген. Көне түркі тілінде киім мағынасын жоғарыдағы «тон» сөзі ұғындырған. Хакас тілінде өтік `аяқ киім` деген мағына берген. Демек, кейбір зерттеушілердің кет- түбір тұлғасын тунгус-маньжур тілінен іздестіргені, монғол тілінен шығарғаны дұрыс емес. Кет> кэд >киім > этик >етік >кэта. Түркі тілінде етіктің бірнеше түрі болған: былғары етік, қысқа қонышты етік, шоңқайма етік, саптама етік, сауыр етік. Сауыр етік – етіктің бір түрі. Сауыр – малдың жаясының үстіңгі жағы (АТС, 530). В.Радлов: сауыры – 1) крупъ лощади; 2) шероховатая зеленая кожа (вставляемая главнымъ образомъ выше пятки ичига) – деп түсіндіреді. Сауыр етік – көгерген өңделген жұқа теріден тігіледі. Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев темір кебіс, кебіс мәсі, шоңқайма өкшелі етік, қара етік, көн етік, сары етік аяқ киімдерін қолданады
Әдеб:(Проблема этимология тюркских языков. –Алма –Ата, Ғылым. 1990. –С. 150-151, 221-222. Абай тілі сөздігі. –Алматы, Ғылым. 1968. - Б. 530. В.Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том IV. Часть 1. С. –ПЕТЕРБУРГЪ. 1911. -С. 235. Ә.Нұрмағамбетов. Бес жүз бес сөз. –Алматы, Рауан. 1994. -Б. 95-96. Ә.Нұрмағамбетов. Сөз сырына саяхат. –Алматы, Жалын. 1990. –Б. 23-24. А.Қ.Тұрышев. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. – Б. 238).
Достарыңызбен бөлісу: |