Түйін. Біздің ойымызша, кебіс түркінің өз сөзі кеп түбірінен өрбіген аяқ киім атауы. Кебіс > кептірілген теріден жасалған аяқ киім. Боқмұрын білер кебімді (Манас, 288) кебімді ки тіркесіндегі кебім шығу тегі бір сөздер. Кебіс > кебін > кебеже >кеп > қап (қалып) сияқты жорамал жасауға болады. М.Қашқари оғиқ-оғұқ мәсінің сыртынан киілетін тері байбақ сияқты көне аяқ киімінің бір түрін атайды (МҚ., 96, 101). Сығзығ: мәсі не етік тіккенде екі тігіс арасына салынатын сақтиян, былғары. Тізілдірік етік, мәсі секілділердің тұмсығына сәндік, әсемдік үшін тағылатын теңгелер, бастырма қапсырма әшекейлер (МҚ, 96, 524, 539).
Әдеб: (Проблема этимологии тюркских языков. –Алма-Ата, Ғылым. 1990. – С. 224. Л.З.Будагов. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том. II. САНКТПЕТЕРБУРГЪ. 1871. –С. 112, 131. Ә.Нұрмағамбетов. Бес жүз бес сөз. –Алматы, Рауан. 1994. –Б. 130, 131. Ә.Нұрмағамбетов. Сөз сырына саяхат. –Алматы. Жалын, 1990. –Б. 24. В.В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том. I. Часть 2. САНКТПЕТЕРБУРГЪ. 1893. –С. 998. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. II том. –Алматы, 1961. – Б. 174. Абай тілі сөздігі. –Алматы, Ғылым. 1968. –Б. 471. Л.З.Рүстемов. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 134. Н.Д.Оңдасынов. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. 2 том. –Алматы, Мектеп. 1984. –Б. 145).
Достарыңызбен бөлісу: |