МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет85/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105
АРАБ –ел. 1945 жылы 22 наурызда Каирде құрылған. Құрамына алғаш рет 5 ел Египет, Ирак, Сирия, Ливан, Иордания болған, кейін Йемен мен Сауд Арабиясы қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазіргі кезде 22 мемлекетті біріктіріп отыр. Олар жоғарыда аты аталғандардан басқа Мавритания, Марокко, Алжир, Ливия, Судан, Джибутта, Эритрия, Сомали, Оман, Біріккен Араб Әмірлігі, Қатар, Бахрейн, Кувейт, Палестина. 199 млн. тұрғындары бар. Араб жазуын қолданады. Діні-мұсылман, суниттер. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев: Араб жұрты: мінгені-түйе, көбі жаяу-жалпы, қарулары-бір-бір шолақ қылыш; мылтық, найзаны ұстап көрмеген.
Он адамға бірлерден даярланды,
Ләміннен жеті жүз ер және барды.
Арабтан бірнеше мың адам болып,
Абыраһаның әскерінің жолын алды.
Әдеб:. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002. 405 бет. 1 том. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 8 том. Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2006. –Б. 65. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, -2003. –Б. 37.
(Каирдегі әл-Азһар мешіті)

(Қазан қаласындағы Кремль)


Қазан - Ресей Федерациясындағы қала, Татарстан Республикасының астанасы. Едiл өзенінің сол жағалауында Қазан өзенінің сағасында орналасқан. Ауданы 287,8 км 7 әкiмшілік ауданнан тұрады. Тұрғыны 1,1 млн. адам (2000). Қазан 10-11 ғасырларда Едiл Булгариясының солтүстік аймағында сауда орталығы және корғаныс шебi ретiнде пайда болған. 1399 жылы Мәскеу князьдiгiнiң әскерi қаланы қиратты. 15 ғасырдың 30-40 - жылдарынан бастап Қазан хандығы құрылып, кала қайта бой көтердi. 1438 жылдан Қазан хандығының астанасына айналды. Ол кезде тұрғын халықтың негiзiн татарлар, удмурттар, мордвалар, башқұрттар құраған. 1552 ж. орыс патшасы Иван Грозный Қазанды жаулап алып, Ресей мемлекетiнiң құрамына қосты. 1708 — 1920 ж. Қазан губерния орт. болды. Кеңес өкiметi жылдары Татар автон. республикасының астанасына айналды. 1992 ж. 7 ақпаннан Татарстан республикасының астанасы. Көне және ортағасырлық тарихи және сәулет ескерткiштері көп. Қазанда Кремль (16 ғ.), Сүйiмбике мұнарасы (17 ғасырдың аяғы, 18 ғасырдың басы), Благовещенск (1556 - 62), Петропавл соборлары (1723 - 26), губернатор сарайы (1845-48) Марджани (18 г.), Борнай мешiттерi (1872), Қазан университетінің кешенi (1820 — 30), мемлекеттік банк ғимараты (1912 - 15), т.б. архит. ескерткiштер сақталған. Қалада 11 жоғары оқу орны, театр, 8 мұражай, т.б. мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелерi бар. Қазанда машина жасау, металл өңдеу, мұнай-химия, жеңіл және тамақ өнеркәсiптерi дамыған. Құрылыс материалдарын өндiруге арналған iрi кәсiпорындар бар. 1997 жылдан метрополитен құрлысы жүргізіле бастады.
Бастапқы қатынынан бір ұл қалды,
Бала қып нағашысы қолына алды
Қыз алдым деп алданбай, сырт айналмай,
Тағы да университет Қазан барды.
Болып тұр мұсылманға Қазан басшы,
Сен де соған жейтұғын асыңды асшы.
Дін исламның бір болып ынтымағы,
Патшаның қол астында бір жарасшы.
Әдеб:. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002. 451 бет. 5 том. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 64. Көпеев М. Ж. Таңдамалы. Екі томдық. 1-т. –Алматы: Ғылым, 1990. –Б. 63.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет