Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы


Календарлық мейрамдардың тілдік көріністері



бет29/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88
Календарлық мейрамдардың тілдік көріністері


Календарлық мейрамдар көбіне жыл мезгілінің ауысуымен байланысты жасалып отырған. Қазақта туған күн деген болмаған, мүшелмен жасын есептеген. Қасқа сиырдың бұзаулаған күні туған күні болған. Қазақ тіл білімінде маусымдық мейрамдардың шығу тегі, пайда болу тарихы тілдік тұрғыдан әлі зерттеле қойған жоқ, сондықтан жас ғылым саласы болып саналады. Мешін жылы қазақтар үшін «есепшінің кісесі жанында» дегендей, жыл қайырудың бір түріне жатады. Бірақ, мешін не нәрсе екендігі ғылымда даулы мәселе. Наурыз көктемнің хабаршысы, жыл басы ұлттық мейрам екендігінде талас жоқ. Дегенмен, кейіннен ислам дінінің элементтері де араласып кеткендігі байқалды. Алас – тікелей наурызбен байланысты календарлық мейрам. Наурыз мерекесі уақытында маңайды тазалап, экологияға қатты мән берген. Керексіз заттарды отқа жаққан. Маңайды аластаған. Жастар жұмыстан соң, мереке жасаған, оттан секірген т.б. Сүзек, оба індеті кезінде күллі аймақты жағып жіберген. Аластың бір түрі өртең болған. От анамен үй ішін аластаған, жын-шайтанды қуған. Сөрел деген де мейрам болған, бірақ, оның бойында діни белгісі көп сақталған. Ереу, ерулік маусымдық мейрамның бірі. Оны күнде жасай бермеген. Бұл мейрамды үлкендер түгіл жастар асыға күткен. Қазақтар көктеу, жайлау, күзеу, қыстауға көшкенде қолданылған этномәдениеттің көзі. Ерулік ұлттық мейрамның, танысудың бірліктің кепілі болған. Еркіндік алған бөтен мал-жандар да ерулеп, тебісіп қалған. Көкпар – өте көнеден келе жатқан ұлттық ойынның бір түрі. Көкпарды қыста тартпаған. Наурыз мейрамында, я болмаса самалы ескен жайлауда, күзде тартқан. Сондықтан да, календарлық мейрамға жатады. Жады тікелей құрғақшылықпен байланысты болған. Жадының жаздың аптап шілдесінде, егін шықпай жатқанда магиялық тәсілмен аспан әлемін дұғалау, Тәңір мен Ұмайдан жәрдем сұрау сиқырлау сияқты белгілері басым болған. Жады да хормуздың көкке табыну, мінәжат ету сияқты белгісі басым болған. Жады, дуа, жаурыншы, балгер, аса таяқ, тасаттық магия мен хормуз дініне жатқан. Біз бұлардың кейбір белгілерін, мағыналарын, шығу тегін зерттеп келіп, олардың календарлық мейрамдармен тығыз байланысты екендігін анықтадық. Жалпы, жады мен тасаттық, жаурыншы мен балгер, құмалақшы, асатаяқ пен дуа бір-бірімен мағыналық жағынан байланысты екендігі дәлелденіп барып, оларды бір жүйемен зерттеу керек екендігіне көзіміз жетті. Мүшел. Осы айтылғандардың жиырма бес мүшелінде туған Мәшһүр-Жүсіп өзінен жиырма бес жыл бұрын өлген Шоңның қасында бірге жүргендей ме, қалай? (М-Ж., 91). Көшпелілерде «мүшелік» – деп аталатын күнтізбе ерекше рөл атқарған. Демек, «күнтізбе» көне түркілерде алғашқы қауымдық құрылыстан анимизмдік діни – наным кезеңінен пайда болған деген болжам жасауға болады. Мүшел есебі көне түріктерде ғұн тайпаларында 3000 жыл бұрын пайда болған. Аңшылық, малшылық, егіншілікпен айналысқан көшпенділер өздері тұтынған, көрген аңдар мен малдарды көшірген. Мүшел есебі п. [مجر мүджәр; (бұл сөз жазылуында қате бар, мүжжәр болуы мүмкін – А.Қ.) سالهاي حساب مجر салһаи һесабе муджәр: летоисчисление по муджару] 12 - летний животный цикл (Рүстемов, 205). Мÿчäl 1) двънадцатилътній животный циклъ (Радлов, 2224). Сол сияқты әр жыл аттары 12 халықтың тотемі болған сияқты. «Сонда «мүшел» дегеніміз «он ел», яғни он түрлі халық немесе ұлыс–тайпа болмақ» – деген сөздің жаны бар [235, б.88]. Тарихи зерттеулер бойынша алғашқы мүшелерде төрт-ақ хайуан болған: ұлу, бөдене, барыс және тасбақа болған, олар дүниенің тарабы мен жылдың төрт мезгілін бейнелеген. Кейін алты хайуаннан құралған мүшел шыққан: доңыз, ит, сиыр, тауық, қой, жылқы оған жылан, мешін, қоян, тышқан қосылып онға жеткен. Ұлу мен барысты қайта қосқанда 12 мүшел болған. Мешін мен ұлу кейін қосылғанын Қытай деректері дәлелдейді. Мүшел сөзін екіге бөліп қарастыруға болады. Мүш (алмүш – алты он, жетмүш – жеті он) деген сан есімнің құрамындағы - он. Ал «ел» халық, бүтін–дегенді, немесе мемлекет дегенді білдірген – ел. ЕL – туралы Қашқари мен Гумилевтің айтқанын қараңыз – автор. Олай болса, «мүшел» «он ел» – дегенді білдіреді екен. Р.Г. Ахметьянов: «Весь цикл в тюркских языках назывался монгольским словом бүлж, эл (тат. мочал, чув. мèçел), обозначающим первоначально `назначенный срок, назначенное место`. Пять бүлж,әлов, т.е. 60 лет, составляли один буат (боғат) `век`. В монгольском и китайском языках имелась система определителей, позволяющих точно назвать каждый из этих 60 лет» (Цикл в 60 лет, т.е. буат, употреблялся и у дунайских булгар, см.: И. Микола. Хронология дунайских болгар. Казань, 1915, стр. 6 б.) Так, первым годам каждого нового века (новый век у разных народов начинался с разных дат) всегда был год синей мыши мужского пола, вторым – год синей коровы (женского пола); теретьим – год красного тигра мужского пола. Цветов (мастей) всего было пять: 1) синий или зеленый (цвет дерева); 2) красный (цвет огня), 3) желтый (цвет почвы), 4) белый (цвет металла), 5) черный (цвет воды). Начало последнего цикла (год мыши) совпадает с 1973 г. В тюркских языках этих градаций не сохранилось – дейді [236, б.154]. Ахметьянов «мүшел» түркі сөзі екендігі, мүшелге бөлу көне түркі ескерткішінде жазылғаны тіпті, көне дәуірден түркілерде бар екендігі сөз болмайды. Сондықтан да Ахметьянов «мүшел» монғол сөзі дейді. Ал, қазақтарда мүше, мүшелеу, табаққа асты мүшелеп салу, адамның он екі мүшесі деген сөздің ертеден мал шаруашылығымен айналысқанын, адам өз дене мүшесін (құрылым) есебінде санағанын көрсетеді: Құрбысында Адам жоқ, Қоблакеңдей мүшелі (Қобыланды, 96) жыр жолы мысал бола алады. Бұған және Жиенбай Құдайбергеннің мына пікірі де: «...вес комплекс человеческого тела или же тела животного состоит всего из двенатцати «мүше», соответственно двенадцати основным опорным костям скелета. Среди казахов не случайно твердо бытует изречение «он екі мүшесі сау» в смысле «здоровый» /буквально: невредимы все двенадцать частей его тела/. Таким образом, самосочетание «мүше атаулары» /название частей тела/ перешло в смысловую кальку» – дәлел болады (Анотомические названия в казахском языке, Автореф. кан. диссерт. – Алматы: 1977, 10). «С двенадцатилетним животным циклом связан целый ряд народных поверий, житейских правил и легенд – рассказов. Годы собаки, свиньи, мыши, барса, дракона и лошади чаще считались счастливыми (особенно уражайными считались годы мыши и барса), а годы обезьяны, зайца, курицы, змеи, овцы и коровы – несчастливыми (См.: А.Н. Самойлович. К вопросу о двенадцатилетнем животном календаре у турецких народов. «Восточные записки», т. 1. Л., 1927 и.т.д.). Жизнь человека тюрки делили на пять циклов (бүлж,әл): 1-12 лет – детство, 13-24-отрочество, 25-36-джигитство, 37-48-возмужалость, 49-60-старость. Следующие циклы (шестой, седьмой и.т.д.) также имели свои названия (Түркмен дилинин сөзлүги, 1962: 863). С этими циклами было связано много предрассудков, например гадание о счастье в жизни (счастливый год рождения) или в браке (комбинации годов рождения брачующихся). Запрещались (или не одобрялись) браки между лицами, разница в возрасте которых превышала двенадцать лет. Двенадцатилетний цикл зафиксирован почти у всех тюркских народов, в том числе, судя по списку болгарских князей, и у древних булгар. Двенадцатилетний цикл был в употреблении (до ХХ в.) и у чувашей, татар и башкир. Татарскими названиями животных в этом цикле были: 1) сычкан, 2) сыгыр, 3) барсы, 4) куян (тывышкан, таушан), 5) аждаһа (ләу), 6) елан, 7) елки, 8) куй, 9) бичен (мәчен, маймыл, керпе), 10) тавык (әтеч), 11) эт, 12) дуңгыз (чучка). Эти названия имеют общекыпчакские и чувашские параллели. Характерно, что название незнакомого животного бичен (обезьяна) татары пытались заменить названием более типичного для лесостепной полосы животного – ежа (керпе). Это говорит о том, что двенадцатилетний цикл был известен широким народным массам – дейді Ахметьянов [236, б.154].
Сондай жылға қатысты аңыз әңгімелердің бірі: Аңдар жиналып, жылды қарсы алыпты, Түйе бойына сеніп жылдан құрғалыпты, Тышқан түйенің құлағына шығып алып жылды бұрын көріпті, содан жыл басы болыпты – деген қазақтарда сақталғаны көп жәйтты аңғартса керек. Дегенмен, аңыз болса да түйенің момындығы, тышқанның қулығы халық психологиясын көрсетеді, халық даналығының бір көрінісі суреттеледі. Момын адамды тышқан сияқты қу алдап кетуі мүмкін. Түйені алдаған, кемені тескен тышқан қулығының, еті тірлігінің арқасында жыл басы болды. Ал, шын мәнінде түйе неге мүшелге кірмей қалғаны, тышқанның қалай жыл басы болғаны белгісіз. Бұл орайда, А. Машановтың еңбектерінде кейбір деректер бар [237, б.102-103]. Мүшелдің шығу тарихын зерттеген Эдуард Шаванн (1865-1918), профессор Г.П. Сердюченко: мүшел есебін ежелгі түркі халқы шығарды деген қорытындыға келген. Мүшел Греция мен Римде болмаған, өйткені, олардың барлық ғылыми және мәдени мұраларын көшіріп және өз тіліне аударып алған арабтар 12 хайуанды Орта Азиядан ғана естіген. Оның бірі – арабтарды шошындыратын шошқа – доңыз [235, б.83]. Аңның суреттері ежелгі дәуірде табылған тастарда, жартастарда табылған. Мүшелдегі хайуандар туралы Искаков жазды [238, б.263-276]. Ең көне түрік күнтізбесі ХI ғ. М. Қашқари еңбегінде көрініс тапты. Мүшелдегі екі хайуанның аты тиянақсыз және түсініксіз, енді осы мәселеге тоқталайық – дейді Исқақов сөйтіп, ұлу және мешін жылдарына талдау жасайды. Жоғарыдағы еңбекте татарларда мешінді бичен, мәчен, маймыл, керпе (кірпікшешен – А.Қ.) деп түрліше атаған. Біздің ойымызша ұлу не екені белгілі. Ал, мешін белгісіз ол туралы әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Календэръ, названіе ордена дервишей, происшедшее отъ имени его основателя календера Юсуфа Андалузскаго (слово это значить чистое золото – намеканіе на чистоту сердца, требуовавшуюся отъ прозелитовъ), дервишъ, нищій, қандр жане мсто жительства этихъ дервишей [210, б.25]. Л. Будагов п. تَنْوَرَه кожа, накладываемая дервишами календери на бедры; длинный кафтанъ, надваемый ими (а. فستان, п. كمله) [212, б.382].

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет