Түйін. Мүш (алмүш – алты он, жетмүш – жеті он) деген сан есімнің құрамындағы – он. Ал, «ел» халық, бүтін – дегенді, немесе мемлекет дегенді білдірген – ел деп ойлаймыз. Мүшел мен жылдық маусымдық сияқты мағыналық жағынан мешін жылы байланысты. Мәшһүр-Жүсіп мүшелмен туған жылын анықтаған.
Мешін.Мешін жылы, октябрь, қыс басында, Ұзармаған өмірдің қысқасында (М-Ж., 62); Күлтегні қоң йылқа, йіті йігірмеке учды. Токузынч ай йіті отузқа йоқ ер т:түртіміз. Барқын, бедізің, бітіг таш (ын) бічін йылқа, йітінч Ай йіті отузқа қой алқады (м) ыз. Қоң йылқа (қой жылы), бічін йылқы (Күлтегін); Түркі тілдес халықтарда мешін, мәчін, мечіні, бөчін, пічін, биджән т.с.с. болып айтыла береді. Зерттеушілердің көпшілігі мешінді әртүрлі маймұн (араб), раковина (Шимкевич), божья корова (Смайлович), (бір кічік аламәджек) ставрополь түркімендері түсіндірген, многоножка (Седельников), слизняк (кілегей) не бицин–злой дух (жын) (Радлов) т.б. түсініктеме берілген. Телеуіттердің ұғымында мешін мағына жағынан қазақтың «мешеліне» жақын. Кир. мэшинъ, алт., мсчінъ (сродно съ монг.) обезьяна. Тур. мешинъ, барания кожа (выдъланная) (Будагов, 235). Қазақтар да адамға қатысты мешел – дейді. Мешін мен мешіл мағынасы жуық мәндес сөздер ме дейміз. Мешіл – mäšүl: bü bünja iši gIldI mäšүl дела мира сего занимают меня (Құтадғұ біліг) (ДТС, 339) (Жанпейісов, 86). «Мешелдің» арғы түбі «мәсіл» (масыл) болу керек – дейді Искаков. Индонезияда өмір сүрген адамдарды азып кеткендер «орман адамдары» деген. Ә. Қабаев соңғы кезде «қар адамдары» дейтін айтылып жүргенін жазады [239]. Кейбіреулері тау араларында киімсіз, үйсіз, аң сияқты жүреді. Бұларды «уахыш халық», «кісікиік»– дейді (М-Ж., 9 т. – Б. 223).
Түйін. Мешін мен мешел сөздерінің байланысы бар сияқты. Бірақ, мешін не екендігі әлі анықталмады. Мұның ішіндегі Будаговтың іреп алынған қой терісі деген болжам сәл де болса, жуық келеді. Мүмкін мумия (өлген адамның сақталуы) болуы, бірақ, бұл тек қана жорамал. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев мешінді жыл ауысуының бірі деп есептейді. Мешінжыл атының бірі болса, наурыз күн мен түннің теңелген айы жылға жатпайды.