Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы



бет81/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   88
А Қосымша
(Нақты)


Терминдер мен түсініктер

Этнос – тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық – тайпа, халық, ұлт.


Этно – күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік, этномінез - құлық айқындалады. Этнонимдер – ру-тайпа аттарының о бастағы шығу негізі, белгілі бір сөздің шығуы туралы тілдік единицалар.
Этногенез – халықтардың пайда болуы. Этногенетикалық.
Будун – орданың жұрты. Түркі бектері мен халық, қара халық.
Демос – этнос мағынасында емес – будун. «Аl» мемлекетке дейінгі ұсақ құрылым болар. Л. Гумилевті – қараңыз.
Этнолингвистика – халықтың тілінде сақталған (заттық, рухани, метрологиялық) айғақтары арқылы оның мәдениетін зерттеп тану.
Этимология – Тіл білімінің бір саласы. Сөздің шығуын зерттейді. Грек тілінің etymologia > etymon – «шындық», «сөздің негізгі мағынасы» logos – «сөз», «ілім» деген сөздерінен жасалған термин.
Этномәдениет – халықтың заттық, рухани, метрология саласын тілдік материалдар негізінде зерттейтін ғылым, этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады.
Этнография – белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым (латынның graрho – жазамын) екі түбірдің қосындысынан жасалған термин.
Мәдениет – сөзі «культура» – латын тілінде «жерді өңдеу», «табыну» деген ұғымды берген.
Культ – табиғаттың құпия тылсым сырларына, ерекше күш иелеріне табыну. Ол – тұрмыс-салт, әдет-ғұрып сияқты халық дәстүрімен де астасып жатады.
Мәдениет – араб тіліндегі «мудун» сөзі біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын берсе, «медэни» – «қала тұрғыны» деген ұғымды береді.
Семасиология – грек тілінің semasia «белгі» logos «ілім» деген сөздерінен құралған.
Ономосиология – грек тілінің «ат, есім, атау» деген мағынада onoma деген сөзі мен «сөз, білім» деген мағынадағы logos деген сөздерден құралған.
Ономатика – грек тілінің onoma – «ат, атау» деген сөзінен алынған. Ономастика // ономотология терминдері синонимдер.
Антропоним – грек тілінің anthroрos – «кісі, адам» деген сөзінен алынған.
Топонимика – географиялық атауларды зерттейді.
Ойконимдер, эргонимдер – саяси – саяси-әлеуметтік және мәдени нысандар, қалалар, селолар, поселкелер.
Гидронимдер – өзен, көлдер, бұлақтар, құдықтар, көлшік, батпақтар.
Некронимдер – молалар, бейіттер, ескерткіштер, тарихи құндылықтар.
Дрогонимдер – жол, шоссе, темір жол.
Космонимика – аспан әлемі, жұлдыз планеталар.
Зоонимия – мал – аң, балық нуменативі.
Фитономия – өсімдіктер әлемі.
Диссертация – ғылыми жұмыс, ғылыми дәреже алу үшін автордың Ғылыми кеңестерде қорғалатын зерттеу еңбегі (кандидаттық, докторлық).
Қоѓамдыќ формация – қоғамның белгілі бір даму дәрежесі, қоғамдық құрылым.
Сигнификация – атаулардыњ маѓынасын осылайша айыруды айтады (Қ. Жұбанов).
Номинация – тілдіњ б±дан басќа таѓы да ат ќою м‰мкіншілігін айтады. Сөздер заттар мен құбылыстарды, сапа мен белгіні іс-әрекет пен қимылды және т.б. атайды, солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бұл қызметі-номинативті (атау болу) қызметі дейді.
Уәж – Затты тануға себеп болған ішкі және сыртқы факторлар заттың айрықша қызметін өзгелерден ерекшелендіреді. Зат содан кейін ғана атауға ие болады. Затты тануға себеп болған осындай белгілері – деп, танылып жүр.
Номенативтер – атау, ат.
Нумерация затты санмен белгілеу, рет саны, ретімен. Қазақ тіл білімінде нумеративтер халықтық өлшем ретінде термин болып қалыптасты. Е. Жанпейісов көбіне метрологияны (нумеративы) – деп жазған. Бұл – термин, өлшем бірлігінің аты, атау орнына жүрген. Нуменатив пен номинативтер екі түрлі термин (Ожегов пен Щведованы қараңыз. 421, 423 беттер. 1999 жылғы басылым).
Дискурс – тілдік коммуникация түрі. «Дискурс» – қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиеселі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл.
Полисте (қала) өмір сүру қағидасымен тәрбиелеген адамдардың бір бөлігі.
Пайдейя – гректердің (рais бала) деген. Демек, «пайдейя» тәрбие, оқу, үйрену, кең ұғымда білім алу, білімді, мәдениетті дегенді білдірген.
Полистің толық қанды мүшесі «техне» «саяси техне» дегенде мәні ашыла түскен.
Палеолит көне заман тас дәуірі: (грек тілінде рalaios – көне және litos – тас). Мезолит (орта тас дәуірі).
Неолит (жаңа тас дәуірі). Тас дәуірінің хронологиялық шекарасы шамамен 2 миллионнан – 6 мың жыл бұрын қамтиды. Палеолит үш кезеңге бөлінеді: төменгі (ертелі), орта және жоғарғы (кеш дамыған кезең).
Homo Sahiens – қабілеті жетілген адам.
Қазақ - көнетүркілердің саяси және мәдени нәтижеге жеткен бірден – бір мұрагері болып табылатын – өзінің атымен аталатын тарихи Отанында өмір сүріп жатқан этнос.
Материалды мәдениет – өзіне әр түрлі типтегі артефактіні қабылдайды, оның табиғи нысаны трансформаланғаны соншалықты нысан затқа айналып кетті. Демек, зат, оның қасиеті және берілген мінездемесі адамның шығармашылық қабілетімен өңделген. Сондықтан, ол өте нақты, толықтай «homo saрiens» ретінде адам қажетін қанағаттанарлықтай болуы керек. Академик М.С. Каган бұл арада адамның «хомо сапиенстан» (қабілетті адам), «хомо фабер» (жетілдіруші) және т.б. – ал «хомо агенс» (әркет етуші адам) деп алмастыруды ұсынды.
Қоғамның көптеген мүшелері мәдениеттің құндылығын, сенімді, салт-дәстүрді басшылыққа алады. Сондықтан, ол – «доминантты мәдениет» – деп, аталады. Бірақ, қоғам бірнеше топқа (ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби т.б.) бөліне бастағандықтан әрқайсысында ақырындап өзіндік мәдениет қалыптасады, дәлірек айтқанда құндылық жүйесі және өзін-өзі ұстау ережесі қалыптасады. Осындай кіші мәдениет әлемі – «субмәдениет» – деп аталады. Мораль – адамдармен қарым-қатынас жасаудың, әдет-дәстүрінің нормалары, адамгершілік.
Эстетика– (грек - ощущение) – Көркемдік шығармашылықтың негізі және формалары туралы, табиғатта және тіршілікте қоғамдық саясаттың ең маңызды түрі өнер туралы философиялық оқу.
Этика – (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез нормасы) адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, жоғарғы мәдениеттілік келбеті.
Нормалар – әдет-ғұрып нормаларына (шама, өлшем, ереже) іс-әрекетті аяғына дейін түгел емес, тек қана бір принципті, іс-әрекеттің параметірін қамтиды. Ол мінез-құлықты белгілі өлшемнің варианттарынан және күрделенуінен тұрады.
Құндылықтар – құндылықтар нормалардан кейін жүрсе де, олардан бір айырмашылығы жоғары деңгейде нысандардың хал-жағдайын, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтарды шартты түрде: Витальдық құндылықтар; Әлеуметтік құндылықтар; Саяси құндылықтар; Моральдық құндылықтар; Діни құндылықтар; Эстетикалық құндылықтар болып бөлінеді.
Қола дәуіріндегі тұрақтар мен петроглифтер (грек. рetros – тас және giрһе ойып салу) тасқа салынған алғашқы жазулар, суреттер, таңбалар ерекше орын алады.
Тас қамал, тұрақтар, мегалиттар – (грек – megas (үлкен) lithos (тас).
Дольмендар – (Бретон. dol – стол, men – тас ) «Ор мәдениеті» кейін «орда» болды (энолит заманы III – басы 2 – жартысы мен б.д.д. II мың ) көне ғасырдың мәдениетінің жемісі.
Суреттер – идеографиялық (грек. idea – идея, grafho – бітікші) – ребустарға айналды.
Клинопись – Тасқа, сазға, ағашқа жазылғандықтан, бұл – «клинопись жазуы» – деп аталды.
Семиотика – Белгі, таңба системасы туралы ғылым.
Этнолингвизм – халықтың тілі (тіл білімінің терминіне айналды).
Шығармашылық – жаңаны ойлап табу, ол сондай жаңа болуы керек ескіні ұмытпайтын және жоймайтын, ол туралы әрқашан еске алатын, оны өзінде сақтай білетін, оны әр сәтте өзінің тарихы сияқты іске қосатын, өзінің болашағы сияқты сезінетін адамның ойлау әрекеті.
Синкрет – (грек. synkretismos – біріктіру) – әртүрлі көзқарастардың тоғысы. Бұл терминді ғылыми айналымға ағылшындық этнолог Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) енгізген. Ерте қоғамдағы адамның жеке өзіндік құнның сенімі, сыртқы дүние әсерінің тылсым сырларымен астасып жатты. Алғашқы мифологиялық көзқарастармен тығыз байланысты болды.
Анемизм (лат. anima – аруақ, жан) адамдардың табиғи сипаттарымен, сапасымен айқындалады.
Магия – діннің неғұрлым көне түрі. Магия (грек. megeia – волшебство) кейбір символикалық іс-әрекеттер мен дәстүрлер, сиқырлау және салт-дәстүрлер жатады.
Фетешизм – (франц. fetihe – тұмар, амулет, идол) ерекше күш иесі сипатты жансыз заттарға табыну. Фетешизмнің табыну нысаны: тас, ағаш, т.б. заттар болуы мүмкін.
Амулет – (араб. гамала – алып жүру) алғашқы кезеңдегі фетешизм мен магияға апарады.
Тотемизм – (солтүс. Үнді ототем – оның табы) дегенді білдіреді. Тотемизм – ру мен өсімдіктер және жан-жануарлар (көбіне табиғат құбылысына байланысты) қандық байланысын, сенімді жатқызады.
Фратриалдық (грек. фратрия-ағайындар), топтық, жыныстық және жеке тотемизм.
Календарь – латынның «калео» яғни әйгілеу және «календариум» сөзінен шыққан. Қазақ тілінде «халықтық күнтізбе» – делініп жүр.
Метрология (грек «метрон» – «өлшем» және «логос» - «сөз», «ой», «түсінік») деген сөздерінен алынған. Халықтық метрология (нуменативтер) – деп, аталып жүр.
Номадизм – кеңістіктегі адамдар тобының көшіп-қонуы.
Конформизм – (көне латынның Соformis – сол сияқты, соған ұқсайды) – тілін таба қояды, өмір сүріп жатқан тәртіпті пассивті қабылдау, үстем пікірде болуы, өзінің тиянақты позициясының болмауы.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет