Туырлық: Кигіз туырлыќты ќазаќтыњ кигіз ‰йініњ тµрінде отыр едік, есік ашыќ т±р еді (М-Ж., 60). Кµрмек керек дегенін естіп Шоњ би: «ќ±дай раќмет ќылсын, тамам ер-тоќымды бір жерге ‰йдіріп ќойып, сабаны соныњ ‰стіне орнатып, туырлыќты тестіріп, піспектіњ басын сонан шыѓартып, далада ат ‰стінде т±рып пісет±ѓын ќылып ќойыпты (М-Ж., 86);
Туырлықтың еркін сипатын В. В. Радлов пен Л. Будагов, Ильминсий айтып өтті. Туырлық – кошмы, которыми покрывают остов юрты (Потанин, 325). Туырлық: тел. Туурға `киіз үйдің керегесінде (кäрäгä)`жабылатын киіз`, чаг. Тоғур `кеңдігіне қарағанда күрке анағұрлым ұзын`, тоғурlук ( < тоғур ~ lук) `күркені жабатын жоғарғы киіз`, қаз. туурлýк` күркенің төменгі бөлігін жабатын киіз` (РСл, III, с. 1457, 1163, 1164, 1460), қаз. (БСл) тубур `шалаш, жаппа (аралдағы)`, чаг. Тувурлуғ `киіз үйдің киізі` (РСл, III, с. 1515, 1516), дж. Туғур `палатканың түрі, кеңдігіне қарағанда күрке анағұрлым ұзын `. Туғурлуқ = дж. Торлуғ `күркені жабатын киіз` (РСл, III, с. 1432; БСл, I , с. 399). Б. О. Орузбаева былай деп жазды: «Слова типа туурдук `үйдің керегесін жабу үшін кететін киіз` (кейде туш туурдук < туш – бок, боковая сторона), желдик `потник` и.др. являются образованиями, первоначальная семантика которых состояла в указании назначения предмета, а затем уже конкретно – предметного значения»` (Словообразование в киргизском языке, с. 87 К. Дыйкановтың пікірі бойынша: қыр. Туур (туур + дук > туурдук), туркм. Дур (дур + лук > дурлук ). Капшыт (орыс тілінде `жан, сырт жаны деген мағына береді`) деген ұғымға әкеледі (Кыргыз тилинин тарихынан. 94 – бет). Аталған дериват түркі және монғол басқа фонетикалық сипатымен көрінеді: кейбірін көрсетеміз: монг. «туурга 1) турга `киіз үйдің киіз қабырғасы`, 2) `қабырға, құрылыстың қабырғасы`» (МРС, с. 427), п.-монг. Тугура `киіз үйдің киіз жапсырмасы, үйдің қабырғасы; киіз, туырлық, киіз үйдің төменгі жағының бел жапқышы`, қалм. `киіз үйдің киіз қабырғасы`, ст. Қалм. Туурга `қабырға` халх. Туурга, турга `киіз үйдің киіз қабырғасы` (Номинханов Ц.Д. с. 144), дж. Торлуғ `кішкене күркені жабатын шымылдық`, чаг. Тувағ `вуаль, күрке, шатырдың жанын жабатын киіз жапқыш` (РСл, III, с. 1187, 1516); ср. Дж. Туркурка`қабырға, вал`, дж., тар. Тоғра `көлденең, көлбеу`; алт., тел. Туура `көлденең, көлбең, енінен`, саг., койб. Тоғра `көлденең, көлбең`, тел., куман. Тооро `жаны, маңайы` (РСл, III, с. 1161, 1181, 1447, 1457), кирг. тура `енінен, көлденеңінен, жандары` (ЮСл, с. 773), каз. (диал.) тұрық (тұрық + ы > тұрқы): аяғының тұрқы `бір табан (аяқ)`; монғ. Туурай `бір жағына қарай қисаю` (МРС, с. 233), тел. Тууралан (<туурала+н)`жан-жаққа жүгіру`(РСл, III, с. 1449).
Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып: туырлық / туурдуқ / тоғурлук / туғурлуғ / тугурга / торлуғ / дурлук /туурһ / туурга / туурға формаларының `киіз, жанын жапқыш, киіз үйдің керегесі` деген мағынасы тора / тура `жаны, жан-жағы, бүйір жаны, көлденеңі, жазығы` және туурала, тууралан `жанымен жүру, жан-жаққа жүгіру` генетикалық жалпы лексикалық мағынасы бір болуы мүмкін (Жанпейісов, 35-36). Туырлық жөніндегі мәліметті Будагов сөздігінен де таба аласыз (1871: 364-365 беттер). Киіз үйдің жабдықтары туралы жазылған жоғарғы бөлімді қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |