Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Түйін. Мәшһүр-Жүсіп текемет



бет105/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   227
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп текемет сөзін қыздың жасауына қосатын зат ретінде қолданған. Теке + мет түбір мен қосымшадан тұрады, -е көне түркі жұрнағы -мет (құрмет, керемет, ғанимет, сәлемет) сияқты сөздердің құрамындағы -мет. Текше метр тіркесінің де жұмысқа қатысы барлығы байқалады. Текмет < тек ~ тық ~ тік (тігу) түбір тұлғасынан шығуы мүмкін. Текемет > тік (шек) (тыкать, ткань) болуы мүмкін. Текемет > тікен. Шекпен бөлімін – қараңыз. Текемет пен сырмақ түбірлес және мағыналық жағынан ұқсастығы бар лексемалар.
Сырмақ. Үй сыртынан сырмақ жайып, күрке тігіпті (М-Ж., 1907); Шатырларды тіктіріп даярлаған, Төселіп көрпе, сырмақ гүл жайнаған (Мәшһүр-Жүсіп., 312);
Сырмақ – (сыр + мақ) сөзі киізді қабаттап сыру, тігу немесе төсеніш ретінде жерге сыра салу, сырғыта салу, сырып салу, сусыта салу мазмұнынан пайда болған демекпіз. Жасалуына байланысты үлкен сырмақ, кіші сырмақ, төрткүл сырмақ, Сары ала сырмақ, көкала сырмақ, атаулары бар. Моңғолия қазақтарының тілінде бір кісі отыратындай етіп жасалатын сырмақ түрі бар. Мұны «майауза» деп атайды. «Майауза» моңғол тілінде ер үстіне салынатын көпшік деген мағына береді (Б.Қ. Тлепин, 1997: 12).
Сырмақ сөзінің негізгі шығу тегі әлі анықталмағанға ұқсайды. Л. Будагов: тур. سرمه сырма 1) золотая нитка, سرمه كش шитое золотомъ (работа), سرمه كش золотошвей. 2) к. Сл. Шитое иголкой, родъ разноцвтнаго коврика سوزني 3) сÿрме = سورمه (Том I. 1869: 627). Каз. صرمق, صيرمق сырмақ – стегать, перематать, прицпить, привязать, кир.. Шить въ сторчку, صرشمق вцпиться, Кир. قوراب صراو съ наставами. 2) тур. = صرغامق сырғамық (Том. I. 1869: 699); Дж. Сырмакъ (= каз. صرمق сырмақ) стегать, шить سيريغ шовъ, рубецъ, سيريتمق пон. سيريلمق стр (Том. II. 1871 :405); Сыръ صر- краска (монг. ширъ) (Том. I. 1869: 698). Сыр мен сыз сөздерінің шығу гнезисі бір сияқты. Сыз – чертать, графить, чиркнуть спичку (Радлов, 4 т. 1 ч. 663).
Сырмақ – зат. Е. Түрлі түсті киізден матадан сырып, оюлап жасаған әшекейлі ұлттық үй жиһазы (ҚТТС, 1985: 591; ҚТС, 2002: 504; Шаңырақ, 1989: 97). Sыrlығ ajaқ: – сырлы аяқ, сырлы тостаған ; Sыrmақ – сырмақ: есіктің тоқымы (М. Қашқари, 1997. I том. 382, 531; Дж. Сызгырмакъ, выръзывать ножомъ (Том. II. 1871: 405). Сырдық: сырмақ (стеганная кошма – С. Аманжолов, 1977, 522). Сырмақ туралы қараңыз: Қасиманов (47); Қазақ өнері энциклопедиясы (637); Ислам Жеменей (169);
Сыз сөзі – түркі – монғолға ортақ сөз. Якут тілінде суруй – «жазу» деген сөз, чуваша «жазу, сызу» дегенді сыр дейді. Моңғол тілінде «сызу, сурет салу» деген мағынада зура (х) сөзі бар. Осы күнгі сурет (монғолша зурат) деген есім сөздің де түбірі – осы сур (сыр). Ал, сыр (сур) сөзінің өзге түркі тілдеріндегі фонетикалық варианты сыз (сыр). Түркі тілдерінің көпшілігінде з дыбысымен келетін кейбір сөздер чуваш тілінде (және монғол тілдерінде) р-мен айтылатындығы – тіл ғылымында белгілі құбылыс. Демек, сыз сөзінің о бастағы бір мағынасы «жазу» болған [99]. Ә. Қайдар сыз «черта», «линия» и кирг. Чий «проводить черту», «записывать» и мн. Др (Қазақ тілінің өзекті мәселелері. 1998: 81 б.). Олай болса, сырмақ // сырық // сырлы аяқ //сыр // сүрме // сырға сөздері түбірлес пе деп ойлаймыз. Сыр + мақ деп екіге бөліп қарастыруға болатын сияқты. Б. Тлепин (сыр + мақ) деп дұрыс бөлген. -Мақ (піспек, оймақ, шақпақ, құймақ) зат есім жасайтын жұрнақ (Ысқақов, 1991: 156).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет