Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет113/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   227
    Бұл бет үшін навигация:
  • Қорек
Асадал. Ас + адал деп екіге бөліп қарастыруға негіз бар сияқты. Бірінші компоненті ас. Ас салып жейін деп ең қылып табақ? (М-Ж., 6); Бойына жесең інжір сіңеді асың (М-Ж., 74);
Асадалы: ыдыс-аяқ қоятын орын, шкаф тәрізді нәрсе (С. Аманжолов, 1959: 356). Бірінші компоненті «Ас» лексемасы жоғарыда біршама қаралды. Дегенмен, жиналған деректерге шолу жасайтын боламыз. Аш сөзін көне ирандық аš лексема дейді (ЭСТЯ. 210). Ас // аш көне түркі тілдерінде `суп (похлебка)`пысқан тамақ, пысқан еттен ғана дайындалған тамақ емес, өсімдіктерден де дайындалаған тағам атаулары. Сондықтан, ас көне мағынасы `тағам, ас`. Сол сияқты, `кісі өлгенде берілетін ас`. [7, б.73-75]. Арабша «дәм», «тағам» деген сөздің қазақша мағынасы – «ас», «тамақ». Дәмді жоғары тұтатын қазақ «дәм-тұзымды тат, расыңды айт» дейді (С.М., 112 б.). Павлодар облысында кісі қайтқаннан кейін «астың» орнына «жабдық» дейді. М-Ж. Көпеев ас сөзінің орнына ауқат, қорек диалектісін қолданады. Халықтың бәрін жинап ап, Түрлі ауқат беріп бөгеді (М-Ж., 227); Онда мен немен ауқат қылдым десем; Қорек ғып жаттың дейді қызыл қанды; Басында ауқат кешірген көп жан жатып (М-Ж., 87). Мәшһүр-Жүсіп: Қызбайтын көрінсе де жерік асы, шешендер – мәуелі ағаш, сөз – бір жеміс деген мысалда жерік ас тіркесін пайдаланған. С. Аманжолов: Ауқат в литературном языке оно означает состояние, а здесь: тамақ, ас (пища, еда) деп түсінік береді [24, б.358]; А. Жилкумбаева ас (тағам) атауларына тоқталған [9, б.310-314].
Жалпы зерттеу көрсеткендей, барлығының семантикалық өзегі `тамақ, тамақтану` болып табылады. Екінші компоненті адал. Адалбақан мен байланысы бар сияқты. Адал сөзінің негізі ада (ада деген сөз – мүлде, мүтте сөздерімен синонимдік қатарға енетін, арғы тегі арабтан тараған сөз – Ғ. Мұсабаев, 15). Ада – ада бар! Принеси жертву – деген сөздігінде (Радлов, 477); Адалчистый, святой (В.В. Радлов, 1 том. 1 часть. 1893: 482). Адал (а) (хәлал) Діни 1. Таза пайдалануға жарамды. 2. ауыс. Ақ ниет турашыл, әділ (Бекмұхаметов, 19). Адал – позволенный, не запрещаемый закономь, считать законнымь; адалбақансрзанная верхушка дерева, сучковатая (на ней вшають мясо – Л. З. Будагов, том -1. 1869: 20). Ыдыс-аяқ сақтау үшін ағаштан жасалатын бұйымның бірі асадал [58, б.44].

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет