Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Уық. Іске қарап жалғанда жалғыз уық



бет99/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   227
Уық. Іске қарап жалғанда жалғыз уық (М-Ж., 126); Алты ±л тауып ж‰рген иттіњ бес ќанат ‰йдіњ ауыѓын (уыѓын – А.Ќ.) байлауѓа бойы жетпей, уыќ байлаѓанда Жидебайды аяѓыныњ астына жатќызып, неше уыќ бар, сµйтіп байлайды екен. ‡й тігіліп, уыќ бауы байланатын болса, аяќ астына тµсеп, «бой µсіруге» Жидебай дап – даяр (М-Ж., 36); Салдырған сап алтыннан босағасын, Бауы бар уығының меруерт, маржан (М-Ж., 108); Отаудың Ораз атаң басқұрындай, Тоқталмас тұлпар басы тасқа ұрылмай (М-Ж., 106);
Уk – шест, образующіе крышу юрты (Радлов, 1606). Уық. Мұны у -ық түрінде мүшелеуге болатын сияқты. Өйткені, туырлық, үзік дегендермен құрамдас келеді. М. Қашқари ОҚ // ОҒ уық. Әу оқы: ЕВ оқы – үйдің уығы; ИҒ ҰҒ: уық, киіз үйдің уығы, тіреу ағаш [10, б.66, 76]. Уйки – кривые палочки, на которых поднимаются и держится верхний круг юрты-шанырак (Потанин, 359). Уыќ бау уыќ-унина, кривые палочки, на которых держится верхний круг юрты – шанрак и вместе с которым они составляют опору для купола юрты. Уик бау – веревка, вдеваемая в нижнюю часть унины для привязывания ее к решетке – остову войлочных стен юрты (ЌЖ, 283);
Кир. اُوُقْ (уу), дж .اوغ, اوغو к. сл. اووق выгнутыя палки въ отверстіи кибитокъ, составлющія родъ стропилъ, по казачьи унины (к. Сл. خركاه يوشين جوبين т.е. деревянная покрышка палатки). (Будагов, Том. I. 1869: 143). Ж. Манкеева: Уық. Ууқ (қырғ) ~ уық (ққалп, қаз) М.Қ. иу көгу үйдің сүйегін ұстайтын иілген ағаш таяқшалар (М.Қ. I. 48). Сондықтан, сол кездің өзінде-ақ бұл тұлға түбір емес, морфологиялық даму арқылы құрылымы қалыптасып, атау мәніне ие болған. Бірақ, жорамал арқылы ажыратылатын ерін дауысты (у) Э.В. Севортян түбір деп алуға дәлел жеткіліксіз деп санайды. Сонымен бірге, А фон. Габеннің уық сөзіне қатысты тізген гомогендік қатарын да екі түрлі негізден деп қарайды (й ) – «оқ», «уық» - иg (монг.) «семья» // о ~ о иs «тегі» (род) сияқты түзілісін жазды (ЭСТЯ, 583-584) [46, б.32].
Түйін. Уық пен уыз сөздері түбірлес деп ойлаймыз. У -ық түрінде мүшелеуге болатын сияқты. Өйткені, бұл туырлық, үзік дегендермен құрамдас келеді. У > (көк) -ық (қас +ық, қаз +ық, қу +ық) -ық қосымша. Уық пен уыз (уыс), у (удай ащы) түбірлес сөздер сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет