Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет97/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   227
Түйін. Дегенмен, шаңырақ пен түндік семантикасы өте тығыз байланысты сияқты. Шаң (күн) > түн.
Түндік: Түн қараңғы, түндік жабулы болса, төрдің алдына құбылаға қарап отырады екен де қояды екен (М-Ж., 48). Түндік қоймай ашпаған тегіс еніп (М-Ж., 77); Жарық жансын шам десең, түндікті жап (М-Ж., 56); Түндіктің өзенінен асып барады екен (М-Ж., 68);
Махмут Қашқари: Tünlük `жарық, тесік (түтін шығатын, сәуле түсетін)`, Тундик – квадратный кусок кошмы, прикрывающий дымовое отверстие в вреху юрты (Потанин, 359). Алтайдың түндік дегені терезе (Қ. Жұбанов, 123). ЛОК tиnlиk `окно (?)`:tиnlиglarï tagï kümüstün `окно его из серебра` (ДТС, с. 586, 597), замахш. Тÿнглÿк, ойр., тув. Тÿндÿк, алт., хак. Тÿннÿк, тÿндÿк `күрке мен киіз үйдің жоғарғы жағындағы түтін шығатын тесігі` (Егоров В.Г. ЭСЧЯ, 1971: 246), тар тÿңлік`терезе, түтіннің шығатын тесігі`, чаг., чулум, тÿңлÿ 1) = тÿңнік, 2) `түтін шығатын тесікті жабатын жабынды`, 3) уйг. `окно`, шор., каз. Тÿндÿк 1) `түтіндік тесік`, 2) каз. `түтіндік жабынды` (РСл, III, с. 1544 – 1555), алт. тÿнöк (түтүнлүк орнына) айтқан `сол түтін шығатынды айтқан, терезенің орнындағы күркенің жоғарғы жағындағы тесік, ауа райының қолайсыздығынан жабатын жабынды`, қазан. `ағаш үйдегі, моншадағы ауа кіріп тұратын тесік` (БСл, I, с. 409), як., нег. Туннук `терезе`, эвенк. Туннук 1) `терезе` 2) ою - өрнектің аты `төртбұрыштар` (ССТМЯ, II, с. 214), кирг. түндүк `жоғарғы уықтардың ұшы кіріп, ұстап тұратын шаңырақ` (ЮСл, с. 781), уйг. Түңлік // түнлүк // диал. Түннүк `түтін шыққыш` (жоғарғы терезе, киіз үйдің түтін шығатын жоғарғы ашық бөлігі) (УйгРС, с. 338). Тат. төнлек`түтіндік, түтін шыққыш, түтін шығатын тесік` (ТатРС, с. 256), башк. Төнлөк `күркенің, тауық қораның, ағаш үйдің таза ауа кіретін тесігі, (БРС, с. 539), кр.-тат. түндүк, түнлүк `бұрыштап қалған екі өлшемдік заң (заң – егіндік жердің өлшемі: 800 саж ұзындығы., 12 ½ көлемі), қазан `меже` (БСл, 1, с. 380, 603), түйнек `терезе` (БСл, 1, с. 409), өзб. Туйнук 1) `тесік (мыс. Қабырғадағы); люк; тепа ~ шатырдағы тесік (жергілікті жердегі үйлерді жарық қылатын, түтін үшін)`; 2) әскер `кетпен, соғыс оры` (УзРС, с. 451), түйнүк 1) `шатырдың жоғарғы бөлігі`; 2) разг. `шатыр, үй, күрке` (Түркм РС, с. 649). Жоғарғы келтірілгеннен: қаз. түндүк түркі тілдерінде былай көрініс тапқан: tünlük, tиnlиk, тÿнглÿк, тÿндÿк, тÿннÿк, тÿндÿк, тÿңлік, тÿңлÿ, тÿңнік, тÿндÿк, тÿнöк, туннук, туннук, түндүк, түңлік, түннүк н в ң, ң в й, н в й (Срав. Истор. Грамм. Тюрк. Язык. 1984, с. 330, 332, 342). Бұлар үш жағдайда көрінеді: 1) шаңырақ; 2) тесік, жарық, терезе; 3) жапқыш. Түндік – түңлік / тÿндÿк туралы Радлов (III, c. 15456 1555), Будагов (I, с. 409); Ал тÿнöк сөзін тÿтÿн + liк, тÿдÿн + lук, түтүн + lүк.
В. Егоров осы лексема `түтін, түтіндеу` деген мағыналы сөзден шықты дейді (Егоров, Эс, с. 246). Г.И. Рамстед түндік `киіз үйдің жоғарғы жағындағы тесік` tütün`түтін` +`lük (< tütünlük / tütünnük), дыбыстардың өзгерісі негізінде түндүк болды (Орузбаева с. 90). К. Дыйканов түндік дериватын түн деп: Түндүк `киіз үйдің жоғарғы бөлігі` < түн` + дук (-лык мучө) қарастырады (1980: 91). Біздің жорамалымыз бойынша түндік сөзін монғолдың тооно `киіз үйдегі түтін шығатын тесік, шаңырақ` бур. Тооно `киіз үйдің түтін шығатын жерін жабатын қақпақ`, манжур. Доно ~ тоно ( < мо) `киіз үйдің түтін шығатын тесігі`(Констанинова, 1972: 237), монғ. Тооно – тон`киіз үйдің жоғарғы жағындағы дөңгелек`, тоонч `киіз үйдің шаңырағын жасайтын шебер`, тоонын даага `радиальные спицы тона` (МРС, с. 409). Жоғарыда келтірілген түндік кестесімен тооно – тоно – доно салыстырсақ оларды үш мағынаға бөлеміз: `жоғарғы ағаш шеңбер, жоғарғы ағаш торкөз киіз үйдің төбесі` > `киіз үйдің жоғарғы түтін шығатын жері` > `киіз үйдің тесігін жабатын жапқыш`. Бұдан шығатын қорытынды: түңдік `түтін` және `түн` емес, түркілік түндік / түңлік монғолдың тооно – тон `шеңбер, киіз үйдің түтін шығатын торкөзі`, тоонч ` киіз үйдің жоғарғы жағындағы шеңберді жасайтын шебер` деген сөздерімен дәл келеді. Сонымен, түннүк / түндүк / түңлік `киіз үйдің шаңырағын жабатын төрт бұрышты киіз`, мүмкін монғолдың `тооно / тоно ` киіз үйдің жоғарғы жағындағы ағаш шеңбер` дегенмен бір болуы мүмкін [7, б.28-32].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет