Тоқым. Ертоқымды ал – аунайын, жүгенімді ал – қунайын. Ат күміс ер тоқымды болды (М-Ж., 159). Алтынды ермен жүгенді, Тоқымымен салдырып (М-Ж., 172).
Тоқым (ер-тоқым) көне атауы йо:на ~ жота // жона // жон // уun (жүн) сөзінен шыққан болуы керек. Севортян: жона – ердің астына салынатын киіз тоқым, ердің үстіндегі жастық, жүннен жасалған жай ғана киіз, ыңыршақ ер сияқты мағыналарын көрсетеді (222 бет). Тоқым жабағыдан (киіз болып қалған жүн, қырқылатын мезгілінен асып кеткен жүн) жасалады. Мына дерек те маңызды саналады. Бір қабат жүнін «жабағы» – деп атайды. Бір түлеген жүнін қозының қарын жүні – дейді. Одан текемет басып, қызға жасау қылады. Үшінші түлегенін күзем жүні дейді (Мәшһүр-Жүсіп, 100). Ұлбикенің өзін жүн жеп жабағы тышқан бір байдың баласы қатындыққа алған екен (М-Ж., 70); Алтынды ермен, жүгені, Тоқымымен салды (М-Ж., 172). Қазақ тілінде *жауырды жаба тоқып; тоқым қағар деген фразеологизмдер бар. *Жауыр – тоб., йаұр // яуръ, қыр., жауұр//джаууръ, алт. Іууръ (= түрк. жауыр) ссадина на спин животныхъ, жауыр, жауыр болу имть ссадину (Будагов, 344).
Қырғыз, ұйғыр тілдерінде ат ертте дегенді ат тоқу дейді. Сонда, тоқы сөзі ертте-мен мағыналас түркі сөзі. Етістік тұлғадағы тоқы сөзінен зат есім тоқым деген тұлғаның пайда болуы сөзсіз, мұндағы -м етістігінен есім тудыратын жұрнақ (І.К.).
Достарыңызбен бөлісу: |