Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет156/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   227
Ноқта бұйда. Ноқталы басқа бір өлім (М-Ж., 158). Қолында ноқталаулы бір адам тұр (М-Ж., 179); Түйе ноқта қалай бұйрық болды (М-Ж., 43); Ноқтаны быт-шыт қылар бірақ тартып (М-Ж., 199); Жүген, ноқта, иұлар. Jular. Иұнд башын иұларлап кеңілді. Жылқының басын жүгендеп байла (М.Қ. 3 т. 1997: 18). М. Қашқари ӨRК: мал бас жібі, не аттың тұсамысы. Баспақ - дейді. Баспақ та мал ауруының бір түрі [10, б.71]. Сөз орайы келген соң зерттеушілер үшін қажетті болар Кир. сарыпъ – болзнь веблюдовъ, на подошв ногъ (отъ который вся подошва отваливается) (Будагов, 684). Тат. نوقته нокта نوخنه,نوقطا (съ монг. нокто) недоуздокъ, оброть, نوقتهلامق взнуздать, обуздать (Будагов, 295). Ноқта мен бұйда қолданылуы бірдей бұйымдар. Бұйда түйенің *мұрындығына тағылады. Мұрындық – («тоненькая палочка, продеваемая через хрящи под ноздрями верблюда, за которую привязывали поводок,») который служил для управления верблюдом при езде (Ә. Қайдар, 248). Буйдä – дерявянный гвоздь, колокъ (Будагов, 396). Мұрындық көбіне қатты ағаштан жасалады. Бұйда (бұйра) есілген жүн деген ұғымды беруі мүмкін. Бұйда-бұйда (Потанин, 323). Бұйым (зат) түбірлес сөздер сияқты. Жетелеп алып кетер бұйдасынан (М-Ж., 42); Бұйдасына түйенің біреу келіп (М-Ж., 69). М±рындыѓы сары жез, Б±йдасын ескен жібектен (М-Ж., 229); Жезден бұйда тақтырып, Қалыдан кілем жаптырып (Манас). Ноқта: тат нокта.; ноғта, ноқта (съ мог. нокто) недоуздокъ, оброть, ноқте алмқ – ноқталық взнуздать, обуздать (Будагов, 295). Жүген, ноқта, бұйда қолданылуы жағынан бірдей мал бұйымдары, оларды арнайы дайындап, теріні илеп, жүнді иіріп жасаған. Ат басына ауыздықсыз кигізілетін тұрман – ноқта. Оған «шылбыр» бау ғана (ноқта болмаса, жүгенге де) тағылады да, тоқтағанда атты сонымен байлайды. Қазақта «ноқта ағасы» – үлкен, басшы мағынасында қолданылады (С.М., – Б. 120). Сол сияқты: сиыр да түйе сияқты ноқталанады. Оған ырық бермесе мұның да танауын тесіп, бауына сүйектен не ағаштан жасалатын бір жағы тұйық тығырық өткізеді (С.М., – Б. 123).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет