Түйін. Демек, тарамыс, тұсамыс, дегендегі -мыс; жазымыш, озымыш, бітіміш дегендегі етістіктен сын есім тудыратын көне жұрнақпен тең емес, жекелеген сөздердің құрамында ғана сақталған архаикалық жұрнақ. Тұсамыс <> шідер.
Шідер. Есенаман, Жарқынның моласы Шідертінің бойында, Қараайғыр шатында... (М-Ж., 61); Сөзді сөз түртіп айдап шығарады, Шідердей ағытылса сөз тиегі (М-Ж., 100); Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек, Шідерімнің бағасы қырық қысырақ (Б.Қожағұлұлы, Өлеңдері, 1967: 169-175).
Шідäр теножникъ (путы для лошадей) (Радлов, 1081). Шідер - треножник возник первоначально в лексиконе животноводов и охотников для характеристики некоторых диких, хищных птиц и строптивых лошадей, которые разоряют гнезда др. птиц и не могут долго ходить в треножниках (*шідер) и силой своей рвет их, чтобы освободиться от них (Ұя бұзар, шідер үзер) (Ә. Қайдар, 2003: 322). Ерте уақытта билер шідер ұрлаған кісіге айып төлету үшін үш аттың аяғына шідер тағып үш жаққа айдаған. Сонымен, шідердің құнын айырып төлеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |