Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет184/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   227
Құрсақ белбеу. Құрсақ екінші мағынасы бел (бала белде, қатын жолда). Құр сөзі бірталай түркі тілдерінде (түрік, тува) бау, белбеу мағынасында қолданылады. Құр сөзі басқа да сөздердің құрамында кездеседі. Мысалы, құрық, құрсау, басқұр, ышқыр (қара), құ (р) шақ т.б. Құршағ – лексемасы «бау, белбеу» мағынасында қолданылатыны Махмут Қашғаридың сөздігінде көрсетілген. Хұршағ – белбеу, бау, орамал; құршаді – байлады, ол кафтан құршаді – ол тон бауын байлады (МҚ. I т. 301, 432). Тіліміздегі құшақ, құшақтау сөздері осы құршақ сөзінен р дыбысының түсіп қалуы нәтижесінде туған. Қазіргі түркі тілінде бұл сөз құр формасында да, kuçak (кушак) түрінде де айтылады. Кушак формасында бұл сөз орыс тіліне де ауысқан (Н.К. Дмитрев. Тюркск. Элементы русского словаря. Лексикограф. cб. III, V7 1958 ) (ҚТҚЭС, 133).
Күдері белбеу белімде Азалы болдым елімде (М-Ж., 32); Белбеуді бел қыл енді шешерінде (105); Ат үстінде қол салып, белбеуіне (204); Ышқыр (іш+құр) сөзінің де қатысы бар. Құр «бау, белбеу» деген мағынада. П. Кемеръ كمر поясь, кушакъ; талія, чресла (Будагов, 2 том: 137); Ічқұр (МҚ, 314); Ыцкыр (Код. Кум.) кездеседі. ҚYR. Құр: белбеу; қамар белбеу. Іш қш*; Іш құр – ішбау; ыштан бауы (Түрік сөздігі: 383). Құр (gur) II зат Gali horozи yaваn horozи (Кенан Коч Аябек Байниязов. Векби Башнапан Қазақша-түрікше сөздік. Тұран басп. 2003. 58 ). Басқұр сөзінің де құрамындағы құр `белбеу` деген мағынаны береді. Басқұр – длинный красочный пояс, узорная лента, которой стягивают решетки кереге (А. Сеидмбеков. Поющие купала. 1995: 218). Белдікъ – превосходство, твою знаменитость (Будагов, 395). А. Джунсбеков (орысша жазылған күйінде беріп отырмыз – А.Қ.) белуар (бел + буар) лексемасына қатысты: Слова аналогичной структуры белбеу `поясной ремень (веревка)` также поределяется как сочетание двух слов: бел `поясница` и бау `веревка - завязка`.Одноко здесь, по мнению этимологов, происходит влияние сингармонического тембра начального компонента на сингармонического тембра начального компонента на сингармонический тембр второго компонента, т.е. беу произошло от бау деп одан әрі ышқыр сөзіне де тоқталады: В этимологии слова ышқыр `талия`, которое якобы происходит от сочетания іш `живот` и құр `вид веревки`, сингармоническое созвучие идет от конца к началу, что, безусловно, противоречит общепринятым представлениям о сингармонизме (Проб. этим. тюрк. яз., 1990: – С. 182-183).
Белбеу ерекше биліктің белгісі болса керек. Құрсақ // белбеу // басқұр о баста синоним параллельдер болған сияқты. Құрсақ > бел. Ал, жоғарыдағы құрық сөзінің құрсақ (құр) түбірлес екендігі (құрық бөлімінде) дәлелденді. (Қараңыз: күрен бөлімін – А.Қ.) Тіпті, мағыналық жағынан алыстап кеткен құдық (құй) (төбеңе құй қаздым ба) мен құйрық (құйысқан) құйысқанға қыстырылған б...қ .сияқты о бастағы шығу тегі бір болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет