Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет179/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   227
Бұғау. Темір бұғау шынжыр шоқ бастарында, Жүзі қара көздері шағыр емес (М-Ж., 371). Буыршыл атқа – бұғау бар, Бұғауды кесер егеу бар (Мәшһүр-Жүсіп., 58); Желбауды бұғалықтап қояды жайлап (Шәкәрім, 326);
Бұғау мен бұғалық сөздерінің шығу тегі бір сияқты. Бұғау – М. Қашқари ВИҚАҒИ, Бұқғұ: (бұғау) ұрыларға салынатын бұғау - деп жазған (1997: 505). Кандалы (бұғау) В. И. Даль: 308 бет; М. Фасмер: 1967, 178; Цепь – деп берілген – С. И. Ожегов, 777; Бұғауын бұзды (үзді) (І. Кеңесбаев, 127). Қылмысты адамның екі қолына, мойнына, аяғына салынатын шынжыр, металл, шеңбер – ҚТС, 1999: 113. Фасмер бұғау сөзі орыс тіліне түркі тілі арқылы, ал түркі тіліне араб тілінен енген дейді. Бұғау (бұ+ғау) түбір және қосымшадан тұрады. Бұ түбір тұлға болатын себебі қорғау (қор+ғау) -ғау қосымша екендігі салыстыру барысында айқындалады. Бұғ (бұқ)// -бұл салыстырсақ, қырғыз -бұл, башқұрт -был, өзбек түркімен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, якут, азербайжан, алтай тілдерінде -бу, тува тілінде -бо, хакас -пу, шор -по. Бұған қарағанда, түркі тілдерінің басым көпшілігінде соңғы -л-сіз айтылады, яғни қазақ тіліндегі осындай құбылыс әсте оқшау емес, жалпы түркілік негізде пайда болған. Көне ескерткіштер тілінде де бу түрінде ұшырасады. Бұл факт о баста байырғы түбір құрамында -л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі (Томанов, 255).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет