Ықырам. Ықырам киіп қажылар ирида салды, Керек қылмас сол күні ешкім малды (М-Ж., 49); Намаз бенен рузасы дұрыс болмай, Қажылардың ықырамды байлайтұғын, Тақалғанда орнынан жаңа жетіп М-Ж., 49); Ықырам сөзі ық (пана) деген сөзден шыққан сияқты.
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шалма, сәлде, ықырам сөздерін пайдалануына қарай бір мағынада қолданған. Шалманы арабтар ляффа, еуропалықтар дюбанд (тюрбан) - деген. Сәлде ~ сәлі <> сал <> шәлі > шаль > шалма > сарағұш. Жаулық о баста жаңбырдан, желден қорғану мақсатында жау~жап тұлғасында қалыптасқан сияқты. Жау түбір тұлғасы туралы тиянақты пікір жоқ – қараңыз. Ал жау//май (майлық) – деген варианты да бар. Шалма мен шалбар түбірлес сөздер. Сал мен жап мағыналас екендігі байқалады .
Достарыңызбен бөлісу: |