Малта. Малманың шелегінде жатқан бізден (М-Ж., 133); Талай жорытқа бір торсықтан малта жесіп жүрген жолдас еді (М-Ж., ҚШ, 70). Жылқышылардың жақсы көретін тамағы езілген құрттың қалдығы – малта. Малтаны – жолаушылар жүргенде де қорек қылған. Разминать в воде оставшуюся галькообразную часть *курта (Ә. Қайдар, 244), Этнографияның негізінде малтаңды езбе фразеологизмі пайда болды. Малта ~ малма түбірлес сөздер болуы мүмкін. Абайдың «Күз» өлеңіндегі:
Біреу малма сапсиды салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім
– дегенде «малма» теріні илегенде салатын сұйық болуы мүмкін. Жүнді күбіде астық дәнінен ашытқан «малма» атты көже салу арқылы жидітеді. Оны күбі ішінде аударыстырып «сапсу» дейді (С.М., – Б. 121).
Достарыңызбен бөлісу: |