Кемпір. Кемпір бұ қызды тысқа шығарды (М-Ж. 2 т. 91). Кемпір (кем + пір) екі сөзден тұрады. Бірінші компоненті туралы Будагов п. км кемъ 1) кішкенелеу, жетпейді, аздаған, аз, төмендету, кемсіту, берілген құл, жынды, ашулы т.б. мағынасы бар – деп түсіндіреді (Будагов, 136). Екінші компоненті туралы: Пір – пир: п. кәрі (адам мен малға қатысты айтылады) қарт, кәрі шал, пір – діни ұйымның басшысы; діни ие (КРТСАИЗС, 237 ); Пир – глава религиозной общины (Рүстемов, 137) деген түсініктемесі бар.
Кемпір – кир. тоб. кімпіръ (изъ п. км и пир) (кем + пір – А.Қ) старая баба, старуха, кәрі кемпір старая женщина, кир. кмпр ауады (кемпір өледі – А.Қ.) старуха умерла (когда обвнчанные женихъ и невста должна ложиться спать, то одно изъ сатарухъ извщаетъ ихъ, что вс ушли, говоря «старуха умерла» и за это получаетъ подарокъ) (Будагов, 137). Транслитерация жасаған – А.Қ.
Бұдан біз кемпір лексемасының бірден осы күйінде қалыптаспағандығын байқаймыз. О бастағы екі түбірлі сөз әр қайсысы дербес мағынаға ие болып, жылдар өте алғашқы екі мағыналы түбір бірігіп, бір мағыналы кемпір лексемасы қалыптасып (емшілерді, дәуріш, бақсылардың) қылықтарын ақылы аздау адам сияқты көрініп кемпір деген болуы керек. Кейіннен сөздің мағынасы кәрі әйелге қарай ауысып, басқа мағына, басқа бітім болмыс алған сияқты. Қазақ тілінде кемпір сөзінен басқа мағыналы сөздер туындады. Айталық, аспандағы жаңбырдан кейінгі пайда болатын жолақты «кемпірқосақ» дейді т.б. Мысалы, Г. Н. Потанин: ...по киргизски «кэмпирнын кусагы» («кэмпир» – старуха, «кусак» – веревка, на которую привязывают овец на ночь) Кемпір ауыз – тістеуік (шеге суыратын аспап) – деген мағынасы кеңіген сөздерді келтіреді; Денеде қалған найзаның ұңғы темірін кемпірауыз тістеуікпен тартып суырып алып, уыс-уыс мақтамен тығындап, тірілей Қоқандағы ханға жіберді (М-Ж. 9 т. – Б. 218).
Достарыңызбен бөлісу: |