Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет30/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   227
    Бұл бет үшін навигация:
  • Қатын
Қатын. «Қатын екенін, қыз екенін емшегінен танимыз!» деп, жаулықты әйел көрінсе, емшегін ұстап, байқап өткізетұғын болған (М-Ж. 8 т. – Б. 229 ). Қатын сөзі түркі тілдерінің көбінде қолданылып келе жатқан сөз. Ол М. Қашғари сөздігінде «ақ сүйек (хан, төре, бек қызы)» деген мағынада жұмсалған, кейін «ерге шыққан әйел» дегенді білдіретін болған (Ысқақов. Қаз. тілі. этим. сөздігін жасау мәс., 84). Сол сияқты ескі түркі жазу нұсқаларында да қатун /хатун сөзі екі мағынада қолданылған көрінеді (Малов. Пам, др. письм.; 422, 442). Батманов и др. Совр. и. др. Енис., 98, 101). Қазіргі түркі тілдерінде бұл сөз екі фонетикалық варианта кездеседі. Біреулерінде к/қ дыбысынан басталса (қазақша қатын, башқұртша катын, қырғыз қатын, алтайша қадын, т.б.), басқаларында х дыбысынан басталады (татарша хатын, өзбекше хотин, якутша хотун, ұйғырша хотун т.б.). Қатын/хатын сөзінің бастапқы мағынасы – ханым, бәйбіше, әйел, кейін – күйеуге шыққан әйел, зайып. Бұл сөз кейбір түркі тілдерінде жоғарыда көрсетілген мағыналардан басқа қосымша ұғымға ие болған. Мыс, қырғыз, алтай, хакас, қазақ тілдерінде – әйелді кеміту мақсатымен айтылатын өрескел сөз ретінде қолданылады. Якут тілінде бұл сөз «қайын ене», түрікше және монғолша, керісінше, тек қана «ханым, үлкен кісінің әйелі» деген мағынада қолданылады. Қазақ тілінде қатын сөзі көбінесе сөйлеу орнына әйел, зайып, жамағат, жұбай сөздері жұмсалады. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, қатын сөзі дербес қат/хат сөзі мен -ын жұрнағынан құралған. Дәлел ретінде Тува тілінде кездесетін кадак – апа, кадай – зайып, кат ие – қайын ене және шор, хакас тілдеріндегі кат – әйел деген сөздер келтіріледі (Покровская. Термины родства..., 59). Бірақ, бұл пікір, біздің ойымызша, әлі де болса анықтауды керек етеді. Бұдан басқа қатын сөзі солтүстік корей тіліндегі ка – үй және тын – жан деген сөздерден шыққан, сонда қатын «үйдің жаны яки әйел» дегенді білдіреді деген пікір бар. Бұл сөз финн тіліндегі vaimo – әйел (түбірі vaim – жан) деген сөзбен байланысты деген күмәнді топшылау да бар (Рясянен. Мат-лы по ист. фон. тюрк. яз., 125). (Н. Қ.). (ҚТҚЭС, 1966: 123-124). Қатын. Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен, Гүл жүзлі, шырын сөзді жақсы қатын (М-Ж. 1 том. 2003: 159). Тур. Қатын – кадынъ алт., кадынъ и кадытъ., конд., хаты, монг. хатынъ) – жена, госпожа, бас қатын главная жена въ гарем, въ особенности же султанша (он носятъ назавніе первой, второй, тертьей и.т.п. Султаншею называется та, которая сдлается матерью и въ такомъ случа получаетъ еще прозваніе губернантка, барышня, двица. У киргизовъ катынъ, жена – называется тогда, когда послъ рожденія первого ребенка повяжутъ ей на голову платокъ. Уйг. Кадынъ большая посуда для вина (Будагов, 8).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет