Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет27/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   227
Туыстық атаулар


Бәйбіше. Қараның бәйбішесінен – Жанұзақ Байұзақ, Құлжан, Бертіс (М-Ж., ҚШ, 46); Бөгенбай батырдың бәйбішесінен аты Баяу (М-Ж., ҚШ, 47); Қалмақтың өзі барып олжалап алып келген тоқалынан Сарыпкел (М-Ж., ҚШ, 50); Қара Алтайдың тоқалынан – Айырбай (М-Ж., ҚШ, 43); Л.А. Покровская туыстық атаулар терминдері архаикалық тілдік қабатқа жататын лексика (Термины родства в тюркских языках, 1961, 11-81). Бәйбіше – бұл сөз бірнеше түркі тілдерінде ұшырасады: шағ. баібічä `бірінші әйелі, үлкен әйелі` қаз. баібішä 1) `үлкен, бірінші әйелі`, 2) `күйеуіне арнайы бет бұру кезіндегі, барлық әйеліне берілетін лауазымды атақ – даңқ (Рсл, 1431). Байбише (бәйбіше) – хозяйка дома, первая жена (Потанин, 359). Қаз. бәйбіше `үлкен әйелі, бірінші әйелі, күйеуінің ең басты қожайыны және екінші әйелі тоқалға қарағанда көп заңдылыққа ие болады, бәйбішенің балалары тоқалдың балаларына қарағанда өте көп мұраға ие болады` (БСл, с. 239). Қырғ. Байбиче ~ бийбиче 1) этн. `үлкен әйелі (басқа әйелдеріне қарағанда немесе әйеліне қарағанда), 2) `үйде қожайын, әйелі` 3) `қартаң әйелге сый құрмет көрсету`, 4) ирон. `бәйбіше` (ЮСл, с. 94, 95). Бәйбіше сөзінің этимологиясын түркологтар бірнеше мәрте зерттеді. Оның құрамы туралы көптеген ғалымдар айтты да. Будагов: чағ. биче, ұйғ., абеші (тоб. кузнецкі тат. биця дейді) `әйелі`, баш. баба `қарапайым әйел`, үйдәгі бай биче `үйдің қожайыны `, бишелкке алмақ `әйелдікке алу, үйлену` (БСл, с. 299). Өзбек. baybiсö, қаз. baybišä `үлкен әйелі` А.Н. Самойлович вау `бай, қожайын` және ` biçä немесе bikä `ханша, әйел` байланысты қарастырады (Абрамзон, с. 187). Осы композициямен қаз. eрš, шор. äрšі, койб., сойч, кач. ірt` і, карач. ерšе, койб. ерt` і, `үлкен әйелі` жалпы семантикалық мағынасы бір (Менгес, с.102). Салс. өзб. бош хотин, ката хотин (Исмаилов, С. 111). К.К. Юдахин бай ауыз. бай – биче мен салыстырады. Сол секілді ол – байке (< бай + аке) 1) `кіші немесе кіші немере қарындасының, үлкен немере ағасы `; 2) `үлкенге құрмет көрсету` (Юдахин, 94, 96). Өзінің алдындағы түркітанушылардың пікірін ескере отырып, А. Нұрмағамбетов бәйбіше сөзі бәй және біше екі компоненттен тұратынын: бәй ~ бай, бурят тіліндегі ба `үлкен`, ал бише ~ біше, бике сөзімен семантикалық параллель құрайды дейді (Сөз өнері, 73 бет).
Құрбанғали Халид: Жалпы жұрт бірінші әйелін «бәйбіше» дейді, яғни кіші бай, байдан соңғы би дегені. «Тоқал» мүйізі жоқ малға да айтылады, мұнда кіші әйел қайтсе де бәйбішеден сескенеді بيبي «бәйбі – бибі» -ше. Өзбекте өте қарт әжелерге немерелері «буә» дейді, асылы «бубә» болар (Тауарих хамса, 179 бет). К. Д. Дайканов қырғ. байбиче үш морфемадан: бай `бай` + би (бир)`бірінші, бір` + че тұрады дейді (Тюркология – 88: 1988 жыл, 105 бет). Біші ~ биче ~ бише ~ бике морфемалық құрамы туралы түрлі пікірлер бар. Иллюстрация ретінде түркі тілдеріндегі мәліметтен мысал келтіреміз: тар. бічä `әйел`, кар., леб. бічä `патшайым`, тоб. біцä = бічä `әйелі`, ÿідагі біцä `қожайын` (РСл, 1781); баш. бисә `әйел` (меншікті, `бекша, ханым`) < бий + сә – фонетикалық варианттағы сыпайыгершілік кішірейткіш аффикс -ча / -жа / -ша / -са, көбіне әйел жыныстыға қатысты айтылады. Л. Покровская тат. бичә (ауз) `әйелі, жұбайы` дегенмен бикә (ауз) `бикеш, ханым, бәйбіше` дегендегі ә- араптың әйел жынысын көрсететін форма бек – дейді (Терм. род. тюрк. язык. С. 59). А.М. Рясянен: bi + kä `ханша` bij + сä `ханша`т.б. (ЭСТЯ, С. 99). Бұл пікірді басқа да ғалымдар қолдайды. Салс.: кар-балк. бий + че / бий + це `ханым, ханша` бий- ден `кніяз, мырза`; бийче шығармадағы юй `там`, юй биийче демек `қожайын әйел, әйелі`, кумык. бий + ке `кіняз ханым` бий – ден `кніяз (Хабичев, 1971: 68, 101). Қарайым тілінде Бикеше деген әйелдің аты `ханым, ақылшым`, сол сияқты мынаған әкеледі: bi (j) `мырза, өктемдік` + ке + се – афф. әйел жынысты немесе диминуттар (Дубиньски, Сов. тюрк. 1979). Қаралып отырған компонент бәйбіше, біше ~ bіjсе 1) `әйелі, жұбайы`, 2) `ханым`, 3) `апайы, 4) `әйел`, 5) `өгей шеше` сияқты мағына береді. Э. В. Севортян бийке, бийче және бийкеш ~ бикеч туралы М. Рясяненнің -қа, -ча [и- (а)м] формасы әйел жынысын (женского пола) айыру үшін қолданылады дегені анағұрлым ықтимал дейді (ЭСТЯ, 178: с. 134-135). Бише / пише лексемасы `әйел, әйелі, кемпір` мағынасында ноғай тілінде де қолданылады (Баскаков, 1940: с.238). Салс.: ұйғ., алт., тел., леб. äрсі `әйел, әйелі` (Менгес, 102), шув. пичче `аға, жасы үлкен аға`, хак. пиж,е `апайы` (Ахметьянов. 142). Сонымен, біше ~ бише құрылымы мынадай мағынада болуы мүмкін: `ханым, ханша, әйелі, әйел, үй шаруасындағы әйел` ал бәйбіше (~байбише) композициясы бег > бей, биг > бий; > бей > бий; бий > би: > би» (ЭСТЯ-1978, с. 97)`кніяз, мырза` және -ше, (-че) -афф. әйел жынысты көрсететін жұрнақ екендігінде (женского пола) – ешқандай күмән болмаса керек (Жанпейісов Е. Н. 1989: 147-150. Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. 1975: 97-100).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет