Іркіт. Құрт қайнату үшін жиналған айран. Бұл түбірі ірк – «арттыру, көбейту, жиналу» деген мағынаны білдіретін түркі сөзі. Аяғындағы -т етістіктен есім тудыратын жұрнақ (салыстыр: сарқыт). Іркілу сөзінің «жиналу, көбею» деген мағынасы Махмут Қашқаридың сөздігінде кездеседі. Мысалы: «Sü telim irkildi – көп әсер жиналды» (МҚ. I 249). Irkmek сөзі түркі тілінде де «көбею, жиналу, жиналып тұрып қалу» деген мағыналарда қолданылады. Бұл сөздің «жиналу, көбеюмен» байланысты «көп жиналып шіріп, саси бастаған зат» деген де мағынасы бар. Өзбек тілінде иркит – «кір, таза емес» деген мағынада қолданылады. Иркит бала – кір бала; иркит овқат – жағымсыз тамақ. Түрік тілінде де «көп тұрып, саси, шіри бастау» деген мағынасы бар. Бұдан бұл сөздің іріп-шіру, сүт іріді, іріген ауыздан шіріген сөз шығады (мақал) деген мысалдарда кездесетін іру етістігімен де түбірлес екендігі байқалады (Б.С.) (ҚТҚЭС, 1966: 230). Іркіт > ірің.
Академик Ә. Т. Қайдар былай дейді: Все оставшиеся от повседневного употребления молочные продукты (молоко, айран и др.), как правило, сливались в специальный мешок, подвешенный на перекладину, чтобы они перебродив, образовали полужидкую молочную смесь – иркит, из которого затем готовили сушеный сыр – курт (Қайдар, 2003: 168). Іркіт пен ірімшік түбірлес лексемалар. Отызына майды бейпіл салып, ірімшік қойыпты (М-Ж. 9 т. – Б. 73 ).
Достарыңызбен бөлісу: |