Көп қабатты қорғаныс – декоративті қаптамаларды қондырғанда жоғарыдағы
операцияларды біртіндеп немесе толық қайталайды. Әсіресе операция арасында
бөлшектерді сумен жууға ерекше көңіл бөледі. Жуудың негізгі схемасы
бойынша бір- екі- үш- сатылы болып келеді. Екі және үш сатылы схемамен жуу
қарсы ағынды немесе тіке ағынды болу мүмкін. Қарсы ағынды схема бойынша
су
соңғы сатыға жіберіледі, сонан кейін біртіндеп қалған барлық сатыға өтіп,
жоғарыдан төмен қарай лақтырылып, ағып түседі. Жууға суық, жылы, ыстық
су қолданады, соңында кептіреді.
Достарыңызбен бөлісу: