Қара металдардың химиялық желінуі. Қара металдардың химиялық
желінуіне көбінесе тұз және күкірт қышқылдарын қолданады. Солардың бірі
тотқақты химиялық еріту арқылы жояды. Желіну жылдамдығы күкірт
қышқылы ерітіндісінің температурасы мен концентрациясының өсуіне
байланысты жоғарылайды, ал тұз қышқылы үшін мұндай тәуелділік аса үлкен
орын алмайды. Практика жүзінде 40 - 60°С температурада 20 - 25% - Н
2
SO
4
ерітіндісі және 15 -30°С температурада 10 - 20% - HCl ерітіндісі қолданылады.
Темірге әсер ететін қышқылдың әртүрлі сипатын есепке ала отырып, қара
металдардың желінуіне 5 - 10% күкірт қышқылының және 10 - 15% тұз
қышқылының қоспасын қолдануға болады. Желінуге арналған ерітіндіні
тасымалдау кезінде, темірдің үш валентті тұзы желінуді жоғарылатса, екі
валенттісі төмендетеді. Жоғарыда айтылған қышқылдардан басқа, желінуге
фтор сутек және фосфор қышқылын қолдануға болады. Мұның біріншісі
силикаттарды ерітуге қабілеті бар, сондықтан оны қышқылды ерітінділерде
қосымша (добавка) ретінде қолданады. 1, 2 - кестелерде болаттарды химиялық
желіндіруге арналған ерітінділер құрамы (г/л) көрсетілген.
1,
3
-
ерітінділер көміртектілерді, 5 - орталегирленген, 4 -
жоғарылегирленген, 2 - ерітінді t=18 сағ., 40°С, i
а
=3 сағ., 6А/дм
2
тоқ
тығыздығында кремнийлі болаттарды желіндіру үшін қолданады. 3 - ерітінді
қалың тотқақты жою үшін өте тиімді, себебі темір сульфатының
деполяризациялық әсерінен өңделетін металдың пассивтенуі болмайды.
1– кесте