Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз


сынып ІІ нұсқа «Жолың болсын, жолаушы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет17/21
Дата11.12.2023
өлшемі63,51 Kb.
#196303
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
5- 10 сынып сор
Документ макала (1)
9 сынып ІІ нұсқа «Жолың болсын, жолаушы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма 1. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз.
Ә мәтіні
Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
амданыңдар Болашақ деген елге,
Қандай біз сый-сияпат апарамыз?
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма
Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
ақсылықтан жаралған тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар,
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар! М. Мақатаев

А мәтіні
Жұмысқа қабылдайтын әр компания жолсеріктерге түрлі талап қояды, бірақ көбіне бұл қызметке 19-30 жас аралығындағы, бойы 160-180 см-ге дейінгі қыздарды алады. Сонымен қатар болашақ стюардессаның келбетті, сүйкімді, дене сымбаты 48-өлшемге дейін болуы шарт және сөйлеу мәнерінде мін болмауы тиіс. Мамандығына аса назар аударылмайды. Есесіне бірнеше тіл, әсіресе ең негізгі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі маңызды. Оған қоса неміс, француз, түрік және т.б. тілдерді білгені дұрыс. Жолсеріктің денсаулығы мықты болуы қажет, жүзе білуі керек және әрдайым спортпен шұғылданып тұрғаны абзал. Созылмалы аурулары бар және көз көруі -2,5-тен төмен қыздар жұмысқа қабылданбайды. 2000 сағат ұшқан соң, стюардесса екінші дәрежелі куәлікке емтихан тапсыра алады, ал 3000 сағат ұшудан кейін, ол бірінші дәрежелі маман болады. Мансабының өсуімен жалақысы да өседі. Бұдан өзге барлық жолсерік біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырып тұрады. Табысты қызметкер қосымша үстемақы алып, ал селқос қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы да мүмкін. Стюардессаның міндеті – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларға қызмет көрсету және салонды жинастыруға көмектесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет