Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөйлеу дағдысын қалыптастыру Сарбаева Гульбаршын Абуқызы



Дата18.04.2018
өлшемі116,56 Kb.
#40195
Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Сарбаева Гульбаршын Абуқызы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Сондықтан да орыс тілді оқу орындарында жүйелі оқыту үдерісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас ммемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын, тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын құдыретті күш – білімге тән.

Орыс дәрісханаларындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүгінгідей басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты – оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрете болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу – тәрбие негізгі сабақ. Ол –осымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайды.

Орыс ғалымы Л.В. Зенков жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы – деп атап көрсеткендей, күн сайынғы тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік, ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу, бүгінгі күннің мұғаліммен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр.

Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы – окушының білім жетістіктерін жақсаруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бап, 7-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған.

Сабақта оқытудың жаңа технологиясы ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізеді.

Қазақ тілі сабағында ақпарттық технологияны еңгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, датыта оқытуды идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапщан жүргізуге, студенттің өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады. Педагогикалық технология жалпы компьютерлендіру үдерісінен тысқары қалған жоқ.

Сондықтан сабаққа ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын, ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызықты болатыны анық.


Сабақ барысында компьютерлерді қолданудың жақсы жақтары:

  1. Түрлі-түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтауу процесі үшін тиімді.

  2. Әр түрлі сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.

  3. Әр сабақ төменгілерді қамтиды:

А компьютерлермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас;

Ә бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалдарды қайталаудың арқасында дағыларды машықтанырғанға дейін меңгертіледі.



  1. Компьютерлер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.

  2. Оқушымен жекелей жұмысты іске қалыптастырады.

  3. Компьютер оқытудың аудио мен бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

Ақпараттық технологияны оқыту үдерісінде екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «интерактивті тақта» болып табылады.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу – ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзпен көріп, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

Ұлы Абай : «Адам баласы...көзбен көріп, құлақпен естіп, тілімен татып, мұрнымен іскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог классиктердің пікірлерімен ұштастырады.

Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негңзгң тапсырмаларын білуді жетілдіреді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыпппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.

Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі,оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға , нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Интерактивті тақтадан өткен тақырып бойынша слайд арқылы қазақтың ұлттық киімдеріннің суреттерін көрсету.

Меңгерген сөздерді қайталау: Мұғалім бір рет өзі оқып береді. Екінші рет оқушылар мұғаліммен бірге қайталап оқиды. Үшінші рет оқушылар өздері тізбектеп оқиды.


  1. СӘУКЕЛЕ

  2. КИМЕШЕК

  3. ҮКІЛІ ТАҚИЯ

  4. БӨРІК, ТЫМАҚ

  5. КӨЙЛЕК

  6. ҚАМЗОЛ

  7. ШАПАН

  8. ТОҢ

  9. ӘШЕКЕЙ, БҰЙЫМ

  10. МӘСІ

Топты екіге бөліп, сайыс ретінде жүргізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін көтеру

  1. Тобы *алғырлар*

  2. Тобы *тапқырлар*

Оқушыларды 1 кезеңнің тапсырмаларымен таныстыру.

Интерактивті тақтадан тапсырманы көрсету. (Дәптерге жазбаша орындау).



  1. Сөйлемді толықтырыңдар және аяқтаңдар.

  1. Қазақ халқына _демі б_йымдар ... .

К_мешекті ... киген.

Мәс аяқ... .



  1. Б_рік және үк_лі тақия... .

Шапанды ою- _рнекпен... .

С_укеле өте... .



  1. Сөзге фонетикалық талдау жаса, қанша буыннан тұратынын көрсет

А. Шапан, кимешек, бөрік.

Б. Сәукеле, қамзол, үкілі тақия.



  1. Сөздерді тәуелде.

А. Мәсі, әшекей.

Б. Тон, бұйым.

2 кезең тапсырмаласы

Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар. Кім көп сұрақ қояды және жауап береді. (Интерактивті тақтада мәтін көрсетіледі. )

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған.

Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіреп тігілген. Қамзол, шапандары ою-өрнекпен безендірілген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, тымақ, бөрік. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.


  • Ал жақсы балалар сұраққа бәріміз жақсы жауап бердік. Мәтінмен бәріміз жұмыс істедік. Енді суретпен жұмыс істей аламыз ба?

  • Олай болса топбасы ортаға шықсын.

(Интерактивті тақтада сурет бейнеленеді.)

Топбасы сайысының тапсырмасы

А. Мына суреттерге қарап әңгіме құрандар.

Интерактивті тақтада қазақтың ұлттық киімін киген ер жігіттің киімі және қыз бала бейнеленген.



  • Өте тамаша, сендердің суретпен де жақсы жұмыс істей алатыңдарыңа көзіміз жетті. Олай болса, жаңа сөздермен де солай жақсы жұмыс істей алатындарыңды байқайық.

Сабақты бекіту: сөздерді меңгергенін пысықтау.

«Сыңарын тап!» Ойынын ойнау. Ойыннның шарты: берілген сөздерге қажетті аудармасын тауып жазу:

1. СӘУКЕЛЕ

2. КИМЕШЕК

3. ҮКІЛІ ТАҚИЯ

4. БӨРІК, ТЫМАҚ

5. КӨЙЛЕК

6. ҚАМЗОЛ

7. ШАПАН

8. ТОҢ


9. ӘШЕКЕЙ, БҰЙЫМ

10. МӘСІ


А. Платья

Ә. Жакет

Б. Чапан

Сабақты ғаламтор желісіне қосылған компьютерлер арқылы басқару- қазақша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, студенттің ойлау қызметін белсендіреді.

Тіл үйрену қабілеті төмен студенттердің өзі де компьютерден берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады.

Қазақ тілін үйретуде ғаламтордың мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытуда ғаламтор жүйесін қолданудың тамаша үдерісі деп Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменованың интернетке қосылған қазақ тілін үйрету бағдарламасын айтуға болады. Сонымен бірге Л. Құрышжанованың еңбегі де осы мақсатқа лайықталған үлкен жетістіктердің бірі болып табылады.

Сабақтағы жұмыс. Сабақ мәтінмен танысудан басталады. Әр сабақтың мәзірі келесі режимде болады.

Сабақтың мазмұны. Бұл бөлім сабақтың мазмұнымен, орындалатын тапсырмалармен таныстырады.

Тапсырмалар жиынтығы:

Мәтінмен жұмыс. Мәтіннің мазмұны дауыстап, мәңерлі түрде жазылған, яғни мәтін компьютерде мультимедиялық жүйе арқылы берілген. Бұл бөлімде компьютердің дыбыстық, көру мүмкіншіліктері іске қосылып, оқушының көру, есту, тыңдау әрекеттері арқылы мәтіннің мазмұнымен танысуы басталады. Одан соң оқушылар компьютердегі мәтіннің оқылуына еліктеп, өздері солай оқуға дағдыланады. Мұғалім өзінің шеберлігіне сай бұл бөлім бойынша сабақта түрлі әдістер қолдана алады.

Лексикалық тапсырмалар. Бұл бөлімде бағарламада көрсетілген грамматикалық тақырыптары бойынша мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Жаттығулар мен тапсырмалардың мазмұны грамматикадан өтілетін ережелерді қамтиды. Оның өзі іштей 3 деңгейлі болып ұйымдастырылды:

Грамматика – 1. Бұл бөлімде оқушыларға арналған мәтін бойынша тапсырма бар. Тапсырма мәтіннен белгілі сөздерді табуға нұсқайды және дұрыс табылған сөздер жасыл түсті болып жанады.

Грамматика 2.1 – сөздерге берілген жұрнақтарды көрсетіп, сөзге сай келетін жұрнақтарды табу керек.

Грамматика 2.2 – сөйлемдердің ішінен сөз түсіп қалған, берілген сөдерді аңықтап, сөйлем мазмұнына сай келетін сөзді табу керек.

Сөздік. Әр сабақтың соңғы бөлімі сөздіктен тұрады, бұл сөздікте сабаққа қажет 10 сөз қамтылған.

Шығу. Программамен жұмыс барысын тоқтату үшін қызмет етеді.

Қазақ тілі сабағында өзге ұлтты балаларға сабақ қызықты да тартымды өту үшін ойынның рөлі өте жоғары. Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үрдісіне үздіксіз дамытып отыру және сабақ барасында жаттығу орындауда қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.

Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.

Өзімнің іс тәжірибемде ұстанған білім беру жүйесінің мақсаты: оқушылардың грамматикалық сауаттылығын арттыру, ойлану, ойлау үрдісі арқылы өз ойын жеткізе білу. Осы мақсаттардан мынадай міндеттер туындау отыр: оқытудың жаңа технологияларының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, сабақты мазмұнды, қызықты өткізуге мән беру. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда оқу үрдісіне жаңа технологияны пайдаланудың басты белгілері анықталып отыр,

Бүгінгі күннің талабына сай Мұғалім – сабақта тек бағыт беруші қызметін атқарғандықтан, көрсетіліп отырған жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы арқылы іске асырылатын және оқушының сауаттылығын арттыру және дамытуға тікелей бағытталған нақты, нәтежесін берер жүйе деп санаймын.

Диагностика құрылымы оқушылардың жеке тақырыптары боынша меңгеру деңгейін , қабылдау сатысы анықтауда тестлеу, әңгімелесу, бақылау срезі арқылы жүзеге асса, түзету оқушылардың білім деңгейлерін толықтыруға мүмкіндік берудегі сабақ, жеке жұмыс, кеңес сабақтары арқылы, ал бақылау тақырыпты, тапсырманы меңгеру деңгейлеріне бақылау жасау қорытынды бақылау, сынамалық тестілеу арқылы жүзеге асады.

Жүйе мазмұны оқушының грамматикалық сауаттылығын арттыруды, шығармашылық қабілетін тудыру, дамытуды, танымдылықты байытуды, зиякерлік қабілетін арттыруды көздейді.

Әр мұғалім білім беру үрдісінде өзіндік жүйемен мақсатқа жету жолын таңдайды. Оқыту мәселесінде жүйелі жоспар мен іс әрекет болған жағдайда ғана нәтеже көрінері аңық. Берілген жұмыс жүйесі өзімнің тәжірибемде оң нәтеже бергендіктен, әдістемелік ой бөліскім келді. Бүгінгі күннің талабына сай жұмыс жасау, өзіндік жұмыс жүйесін көрсету – әр мұғалімнің таңдауы.
Қорытынды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы ассамблеясының 14-сессиясында сөйлеген сөзінде былай деді: «Жазуды ауыстыру (латынға) мақсат емес, қазіргі басты мақсат талай құнды мәдени-рухани байлығымыз жасалған жазуымызды жетілдіру, өңдеуболуы керек»,- деп айтқан болатын. Осы сөздердің салмағы лингвист-ғалымдарымыз бен тіл мамандарына ой салуы тиіс. Қазіргі қазақ әліпбиіндегі басы артық әріптерді алып тастау мен әріптердің айтылуын ретке айтылуын ретке келтіру күн тәртібіндегі ең бірінші мәселе болуы керек. Айталық ъ,ь,щ,ч,ю,ц,һ,я, э тоғыз әріптен қазақ тіліне келіп кетер дәнеңе жоқ. Қазақ балассы ю, я әрпімен жазылуға тисті ою, қою, сою, тою, жою т.б. осы масалдардың йа, йу әріптерімен жазылады. Мысалы: ою-ойу, қою-қойу, сою-сойу, тою-тоуй, жаю-жауй т.б осы мысалдардың өзі-ақ, я әріптерінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкессіздігін, жаттығын көрсетіп тұр. Ал енді ъ,ь айыру және жіңішкелік белгісі және щ әрпі қазақ сөзінде мүлдем кездеспейтініне, жазылмайтынына қарамастан, әліпбиден ойып тұрып орын алып, көзге шыққан сүйелдей болып тұр. Орыс тіліндегі сөздерді түпнұсқасын сақтап айтып, жазу керек деген қатып қалған қағиданың жемісі.

Дыбыс тану тарауын әліпбиге реформа жасаудан басталған ләзім. Қорыта келе айтпағымыз, қазақ тілінің пән сөздерін қазақ тілінің өзінен алу керектігіне назар аударту болды. Бұл арада, Ахмет Байтұрсынов принципіне иек артсақ, 1. Ана тілінен. 2. Туыстас түркі тілдерінен. 3. Басқа тілдерден аламыз.

Ахмет Байтұрсынов принципі қазақша пән сөздерін басшылыққа алатын ең басты құралымыз болуға тиісті. Сонымен төменгі қазақ тілінің пән сөздерін талқыларыңызға саламыз.



Сөз тану-лексика.

Бейіп сөздер –дисфемизм

Тыйым сөздер – табу

Сыпайы сөздер – эвфимизм

Дыбысты тану – фонетика

Аттас сөздер – омоном

Мәндес сөздер – синоним.

Қарсы мәндес сөздер- антоним

Алғашында бұл сөздер құлаққа тосаң естілуі мүмкін. Орыс сыншысы Б.Г.Белинскийдің «Әрбір жаңа сөз алғашында құлаққа тосаң естілмегенімен, айтыла келесол тілдің өз сөзіндей қалыптасып кетеді.» ,- деген пікірге сүйінсек, бұл сөздердің қазақ тіліне, қазақы ұғым-түйсікке еш жаттығы жоқ. Қазақтың төл сөздері болғандықтан құлағымызға сіңісті болып, тез қалыптасып кететіні шүбәсіз. Сөзіміздің соңына Абай атамыздың «Сөз түзелді, сөйлеуші сен де түзел» деген аталы сөзімен түйіндегенді жөн санадым.



Әдебиеттер:

  1. Халперн Дайана Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. – Санкт – Петербург,2002ж.

  2. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжіребелері. –Алма – Ата, 1985ж.

  3. Жұмабаев М. Педагогика.-Алма – Ата , 1992ж.

  4. Қадашева Қ. Қазақ тілі : Оқытудың тиімді әдістері Алматы , 2002ж., 32 бет

  5. Білім заңы. Алматы ,2007ж.

  6. С. Т. Мұхамеджанова , Ж.Ә. Жартынова, интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдері. Алматы , 2008ж.

  7. Т. Жұманова, С. Дуйсебаев, А. Мамырова, З. Көпбаева Қазақ әдебиетінің әдістесі. Алматы Білім,2003ж.

  8. А. Иманбаева Оқу тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2,2000ж.

  9. Педогогика журналы №2-2009ж.

  10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030 Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы Алматы. Білім баспасы, 1998, 96 бет

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет