50
жүргізілген талдау, ерекше білім беруге қажеттілігі бар 31 мектеп бітірушіден
29 адам колледждер мен жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырғанын
көрсетті, бұл ретте оқуға түскен оқушылардың 100% мемлекет гранты бойынша
оқиды.
ЕБҚ бар білім алушылар үшін ҰБТ тапсыру щарттары дайындалуға
берілетін уақыттың ұзақтығымен ғана және қажет болған жағайда, психологтың
немесе білім алушылар тапсырып жатқан пәндер бойынша білімі жоқ
маманның қолдау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Әдетте, білім алушылар қолдау
көрсету үшін олармен жұмыс істеп жүрген тьюторды таңдайды.
№ 13 ОМ тәжірибесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен
жұмыс істеу кезінде қажетті кәсіби дайындықтың жоқтығына қатысты үлкен
проблема бар екенін растайды. Штатты жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз
ету ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді оқытуда
және әлеуметтік интеграциялауда туындайтын қажеттіліктерді толық
қанағаттандыруға, жеке қолдау бағдарламаларын оңтайлы іске асыруға ықпал
ететін болады деп есептейді мектеп педагогтары. Проблеманы шешу жолы
ретінде педагогтер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен
нормативтік негізде жұмыс істеу кезінде жаңа, мысалы, педагог-ассистент жаңа
лауазымын енгізуді ұсынады.
Осымен қоса, мектеп педагогтері білім беру ұйымдарының ЕБҚ бар
балаларды оқытуға материалдық-техникалық дайын еместігімен байланысты
проблемаларды да атап көрсетеді. Мұндай балалар үшін, олардың пікірі
бойынша, толықтырылуы жағынан шағын сыныптар (6-12 адам), олардың
психофизикалық мүмкіндіктеріне бейімделген оқу бағдарламалары, арнайы
дидактикалық, түзеу-дамыту жабдығы, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендер,
цифрлық білім беру ресурстары қажет.
Достарыңызбен бөлісу: