47
есептейді. Нұсқаулық осы қызметкерге жүктелетін барлық міндеттер шеңберін
толық ескеру керек, оны директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары мен инклюзивті білім беру үйлестірушісі әзірлеуі және директор
бекітуі тиіс. Педагог-ассистент лауазымында жұмыс істеуге жоғары немесе
техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі бар, педагогикалық
мамандықтар бойынша білім алатын, ЖОО-ры мен колледждердің жоғары курс
студенттерін жіберу ұсынылады.
Жұмысты ұйымдастырудың негізгі сәттерін сипаттау кезінде, кез келген
жергілікті актіні ресімдеуде педагог-ассистент:
-
білім беру ұйымының басшысы бұйрық шығару, еңбек келісімшартын
жасау арқылы лауазымға тағайындайтыны және лауазымнан босататыны;
-
педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес ол
жеке білім алушыларға, білім алушылар тобына немесе сыныпқа (сыныптарға)
бекітілетіні;
-
біліктілік сипаттамаларының талаптарына жауап беруге тиіс екені;
-
құжаттаманы: білім алушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың
бірлескен бағдарламасын, тьюторлық топпен жұмыс істеу кестесін, балалардың
сабаққа қатысу табелін, білім беру жетістіктеріне монитринг жүргізу және білім
алушылардың жеке білім беру бағытын іске асыру материалдарын және т.б.
әзірлеу және ресімдеу үшін жауап беретіні;
-
лауазымдық міндеттеріне сәйкес жұмысты атқарғаны үшін еңбек
келісімшарты бойынша еңбекақы төлеу шарттарына сәйкес ай сайын жалақы
алатыны көрсетіледі.
Көп жылғы педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып, жұмыс тобының
мүшелері педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігі өмірлік тәжірибені, алған
біліктілігін, жалпыға танымал құндылықтарды пайдаланып, нақты
педагогикалық қызмет жағдайларында туындайтын кәсіби проблемалар мен
әдеттегі міндеттерді тиімді шешу; заманауи әдістемелік тәсілдер мен әдістерді,
диагностикалау технологияларын (сұрау, жеке және топтық сұхбат) меңгеру,
психологиялық-педагогикалық түзеу және оларды ұдайы жетілдіру негізіндегі
қызметтің сапасымен қамтамасыз етіледі деп атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: